Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» акционерлік қОҒамының филиалы атырау облысы бойынша педагогикалық



Pdf көрінісі
бет11/70
Дата11.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#483011
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70
«Өзін-өзі-тану»-пәні-бойынша-көмекші

Қоғамдық дағдарысы: экономикалық дағдарысы,саясат дағдарысы, 
мәдениет дағдарысы, отбасы дағдарысы, білім беру дағдарысы. 

Мәдениет дағдарысы 
Өнер туындылары мазмұнынан ғасырлар бойы адамзат жадысында 
сақталып келе жатқан мәңгілік құндылықтар кетіп, арзан тұтынушылық 
пәлсапасы кеңінен насихатталуда.
Қоғам (мемлекет) болашағын білгің келсе, оның өнер мен мәдениет 
туындыларына қара. Ендеше көрермен назарына теледидар қандай фильмдер 
мен хабарлар ұсынуда? Эстрада ше? Олардың құндылық мәні бар ма? Олар 
балаларымызға қандай өсиет бере алады? 

Отбасы дағдарысы 
Жеке адам және қоғам дағдарыстары отбасы дағдарысына әкеледі.Отбасы 
мүшелері бір-бірі мен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінбейді. Отбасылық 
бірлік, құндылықтар мен дәстүрлер жойылуда. Толық емес отбасында өскен 
балада сүйіспеншілік пен мейірім болады ма? Ата-ана жан саулығы– перзентінің 
тән саулығы мен болашағының кепілі. Құт-береке тату-тәтті өмір сүрген 
отбасында болады. Отбасындағы тәрбие қоғам болашағын қалыптастырады. 
Тұлғаның басты руханилық қасиеттері бала кезінен қалыптасады. Өзін тұлға 
ретінде сезіну, адамгершілік нысаналарын іздеу, өмір мәнін және өмірдегі өз 
орнын таба алу-әрбір адам үшін бақытты болудың негізгі шарттары. Бала 
кезінде үлкендерден қолдау көрмеген бала есейгенде өзін жаһандық және 
адамгершілік мәселелерімен жекпе-жек қалғандай болып сезінеді. 
Бұл–алдағы өміріндегі барлық мәселелердің басты себепшісі болады. 
Барлық жағдайларда сүйіспеншілік пен жанашырлық таныта білу; айырылып, 
жанына батқан жағдайдың өзінде сүйіспеншілікпен қоштасу; кешіру, өзгенің 
кемшілігіне аямпаздықпен қарау–бұл дағдылардың барлығы отбасында 
қалыптасады.Қандай да бір себептермен отбасылар ыдырай бастаса, мемлекеттің 
де берекесі кетеді. Егер отбасында татулық, бірлік пен үйлесімділік болса, халық 
өз үкіметіне өшпенділік танытпаса, онда мемлекет те дамып, гүлдене береді.


18 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет