Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» акционерлік қОҒамының филиалы атырау облысы бойынша педагогикалық



Pdf көрінісі
бет30/70
Дата11.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#483011
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70
«Өзін-өзі-тану»-пәні-бойынша-көмекші

Абай Құнанбаев(1858-19040) 
Ұлы ағартушы Абай өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр 
тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамын ғана ойлайтын, 
яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді 


38 
алдып, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдына 
жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы 
болды. Оқудағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты: 
Пайда ойлама, ар ойла 
Талап қыл артық білуге. 
Артық білім кітапта 
Ерінбей оқып көруге –деп жастарды білім– ғылымды меңгеруге шақырды. 
Абайдың сыны әр тарапты, әрі ауқымды: адамның мінез–құлқын ғана 
сынамайды,қоғамдық, әлеуметтік, әдеби де өнерлік, ғылыми, ұстаздық болып 
келеді. Ақынның сыншылдығын, негізінен, үш салаға даралаймыз:
1.Әлеумет өміріне, замана көзқарасы. 
2.Өнер мен әдебиетке, ғылымға көзқарасы. 
3.Жеке адамның мінез – құлқын адамшылық, имандылық, ұстаздық тұрғысынан 
бағалауы...
Абайды қайғыға салған өз басының қамы емес, айналадағы өмірдің ащы 
шындығы, кем-кетігі, қайшылықтары. 
Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі 
дегені-батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. 
Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, сезіне 
ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар-жүрек ісі. Асықтық та- жүректің 
ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, 
жүрек ұмыт қалады. 
ОН ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ 
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, 
дүниедегі жақсы жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған 
адам білімді болады. Естілердің сөздерін естіп, ескеріп жүрген кісі өзі де есті, 
болады. Әрбір естелік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген 
жақсы нәрселерін ескере, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны 
адам десе болады». 
Адамның басшысы-ақыл, шолушысы-ой, жетекшісі-талап, қорғаушысы-
сабыр, сынаушысы-халық, таусылмайтыны-арман, ең қымбаттысы-ар сақтау, 
бәрінен ардақтысы-өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі-сыйластық. 
«Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан болады. 
Адамда негізі екі қасиет болуы тиіс Адалдық пен Махаббат... 
Махаббат пен құштарлық екі басқа
Махаббатпен жаратқан адамзатты 
Адамның жақсысы- адамға сүйіспеншілікпен қарағандар. 
Ақыл–ой мен білім сақтайтын қоржын–ол адам мінезі. Ондай сенімді 
қоржынсыз адамның оқуынан ешқандай пайда болмайды.»
Қазақ Рухының иновациясы мен технологиясын жасайтын да, оны 
айқындайтын да- Ұлттық Тәрбие мен Білім.


39 
Руханилық-адам жанының ізгілігі.Руханилықтың негізінде адам мінез-
құлқы қалыптасады. Ар-ұят өзін-өзі адамгершілік бақылау мен бағалау жүзеге 
асырылады.Адам игілікті дүние құбылыстарын өзара сабақтастырып жатқан ең 
басты тұлға ретінде көрінеді. Руханилыққа апаратын жолдың бірі-білім алу және 
сол білімді пайдаға асыру. Руханилыққа жеткізер екінші сатыда-адам алған 
білімінің құндылығына сүйене отырып,өз ортасын өзгертуге әрекет жасайды. 
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым,ар,мінез деген 
нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де 
ақмақшылық 
Өмір 
Өмір–адам үшін Жаратқанның тамаша сыйы мен таңқаларлық сыны. 
Тірліктің тәттісіне тойымсыз пенде жалғанның жалтырағына масаттанып, оның 
шырмауығына қалай шырмалып, шырғалаңға түскенін де білмей қалады. Атақ-
абырой, шен-шекпен, бақыр-байлық, дүние-думанда да қанағат қадір екенін 
ұмытып, у ішеді де, естен танады. Орынсыз өкпелеп, текке тіл безеп, жанын 
шырылдата жанталасып, даңғой дарақыланып, беймаза күй кешеді. Басқа қонған 
бақ пен қолда бардың бағасын білмей, тағы да у ішеді де, сары уайымға 
салынады. Шіркін, осы ушыққан дертке шипа боларлық ем-дәрі бар ма екен?! 
Тірліктің «алқындысынан» 
тым 
құрыса 
қас-қағым 
сәтке 
ес 
жиып, 
жүрегіміздің соғысына құлақ қойып, оның айтар сырын тыңдап көрелікші. 
Жүректі мазалаған бұл ойлар ескінің естелігі немесе болашақтың болжамы 
емес, заманға өзіндік, өзгеше заманауи көзқарас. Сағыныш та емес, қиял да емес, 
заман мен замандас туралы ой, оларды жаңаша танып, жете түсінуге талпынған 
жүректің сыры. Кезінде ақын Мұқағали Мақатаев: 
«Мен іздеген нұр-бақыт, 
Ұстатпаса, зуласын. 
Тек жүрегім бір уақыт, 
Жүксіз қарап тұрмасын. 
Жүрек болып туғасын…»,-деп қазақ жырының жүрекке жүгінгенін өзінің 
өлең жолдарында көркем өре отырып, «Соғады жүрек» атты туындысын 
дүниеге әкеліп еді. 
Иә, жүрек болып туғасын… жанады, өмірді жан-тәнімен сүйеді, сағынады, 
еске алса, жабығады да жұбанады. Ал, өмір маусымдарын зерделесек, «Көктем-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет