42
Жарық
сәуледен
Басқаның бәрі бекер ғой.
Бекер ғой, бәрі, бөтен ғой,
Өмір дегенің бір күндік сәуле екен ғой.» –деп Мұқағали жырлағандай,
өмірде, әлбетте қателескен, жақынның көңілін қалдырып, ренішке себеп болған
кезіміз де жоқ емес шығар.Ет пен сүйектен жаралған пендеміз ғой.Соның
бәрінен сабақ алсақ, шіркін!.. сол қателіктерді жібермеуге де болар еді...
Неміс кемеңгерінің абсолютті идеясы–тірліктің бастауы да, бағыт-бағдары
да сана екенін көрсететін Темірқазық іспетті. Ақыл-ой жол көрсетер нұр-сәуле.
«Сыналар, ей,
жігіттер, келді жерің,
Сәулең болса, бермен кел талапты ерің.
Жан құмары дүниеде немене екен –
Соны білсең әрнені білгендерің, –деп, былай өріледі: білмекке құмарлықты
мадақтайды, – ұлы Абай. Бірақ, соның бәрінің де фәнилік санаулы «ғұмыры».
«Өмір, дүние дегенің-
Ағып жатқан су екен.
Жақсы-жаман көргенің.
Ойлай берсең, у екен»,-
Ұлы ұстаз
ұлағатын бойына сіңірген Шәкәрім, тірліктің басты ақиқаты
және қайнар көзі – сананы ұлықтайды:
«Баяғы
Канттың
сөзі еді,
Жаңаны көрсе жүгірген,
Ақылдан әбден түңілген,
Осыдан дұрыс жол жоқ деп,
Бұл Уды судай сімірген,
Дененің соқыр көзі еді.
… Жан ісі онан бір бөлек.
Еркімен ойлап түрлемек.
Жан қожа тәнге, тән құлы,
Еркін айдап жүр демек…».
Олай болса, күйбең тірліктің илеуіне көнбей, аз
ғана ғұмырда ағайынмен
сыйластықты ардақ тұтып, жүрегіңді суытып алмағанға не жетсін.
Пендешілік әбден басыңа шығып, ақыл көзін тұмшалап,әңгіртаяқ ойнатса
ше?!Бәрібір кештік етпейді, Жүректі тыңдасаң солай.Күзің
мен қысыңда
ағайынның алдынан өт, жақсылыққа қуанып, ақ батаңмен айналып, қиындық
түссе басына ағайынға жанашыр болып, ұлағаттылық ақ тілегіңді арнасаң,
жүрек ісі осы емес пе?!
Алайда, жүрек ағайындықты сезіну үшін ғана жаралған ба? «Жақсыда –
жаттық жоқ» демей ме, қазағым: адамға тірі пенденің ешқайсысы бөтен емес.
Қазақтың қанында бар ұлы қасиетті
қайтадан қалпына келтіріп, жас ұрпақ
бойына дарытып тәрбие бағытында үлгі –өнегені өзімізден көрсете алсақ ұрпақ
алдындағы парызымыздың өтелгені.
43
Бірақ, жүрек–жалқы, оның тіршілік атаулыға риясыз сүйіспеншелігі еш
бөлінбес бірегей емес пе?! Ата-анасын, бауырларын, жан жары мен бала-
шағасын, атамекенін сүйе білген жүректің қызуы да баршаға бірдей, тек
жақындарыңа ол
көбірек сезілсе, алыстағыларға азырақ жетеді. Сырттай
қарағанға солай. Ал, жүрек жылуын әділеттілік тұрғысынан таразыласақ, ол
адамгершілік деп соғады, адамды, ақиқатты ерекше ардақ тұтады.
«Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет сезім. Бұлардың керек емес жері
жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол – жаратқан тәңірінің ісі…» (Абай, 45-ші
сөзден). Адамзаттың жіктелуі адам рухының әлі де болса кемелдікке жете алмай
жатуының салдары. Олай болуы заңды да, адамзат өз көктемінен жазына енді
ғана қоныс аударды. Жүрегіңді суытып алма,адамзат баласы !
...Уағдаға тұрғыш, бойын
жаманшылықтан тез жиып алғыш, әділетті ақыл
мойындаған нәрсеге, қиын да болса мойындау–ерлік, батырлық...
“...Жүректі мақтаншақтық, пайдакүнемдік, жеңілдік, салғырттық – бұл төрт
нәрсені кірлетпей таза сақтаса, сонда сырттан ішке барған әр нәрсенің суреті
жүректің айналасына анық раушан болып түседі.Ондай нәрсе тұла бойыңа
жайылады, тез ұмыттырмайды”.
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен
бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақты жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма
. Абай
Туған ауыл. Бәрі – бәрі таныс маған,
Жүрегімде сағыныш жаныштаған.
Іңкәр жүрек соғады, дүрс-дүрс етіп,
Бал күндерді аңсаумен алыс қалған...
Г.Сүндетқызы
Дариға сол күндерде күнім қараң,
Қазақ елім, бір ауыз сөзім саған.
Болғайсың сыншы болсаң,
әділ сыншы,
Күнәні жүрекке қой, қойма маған
. М.Жұмабаев
Жүректен шыққан жылы сөз,
Жүрекке барып жетеді.
Жылы сөзден дос жүрегі,
Мейірімге толып кетеді.
Махаббатқа толы жүректер,
Орындала берсін тілектер.
Махаббат оты жалынды,
Жылытсын бәрін, бәріңді
.
Достарыңызбен бөлісу: