70
•
«Өзін-өзі тану» пәні арқылы басқа пәндердің ықпалдасуы
МАҚСАТЫ:
Мектеп жасына дейінгі баланың жалпы адамгершілік құндылықтарды
танып біліп, меңгеру нәтижесінде баланың жеке тұлғасын, ішкі жан дүниесін
қалыптастырып, өзін-өзі тану арқылы айнала қоршаған
ортаға деген көзқарасын
дамыту.
МІНДЕТТЕРІ:
Рухани – адамгершілік тәрбие мазмұнын құрайтын сұйіспеншілік, жан
тыныштығы, ақиқат, қиянат жасамау, дұрыс-іс әрекет, достық, бақыт, денсаулық
сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарға баулу.
Балаға өзінің қайталанбайтын жеке ерекшелегін, өзіндік орны бар,адам
еркіндігін сезіндіру өзгежанның жағдайын сезіне және түсіне білуге үйрету.
Қоғамдағы әлеуметтік нормалар мен ережелер туралы нақты түсініктерін
қалыптастыру баланың өз бойындағы жақсы қасиеттері негізінде жаман
әдеттерден ойын аулақ ұстауға көмектесу.
Күнделікті бірлесе атқаратын іс-әрекеттер барысында баланың бойында
өзінің құбылыстарымен адамгершілік
қарым-қатынас жасау, яғни олардың
талап тілегімен санасу, жанашырлық сезімін дамыту.
Қоғам өмірінің барлық сфераларында терең өзгертулер жүруде, әсіресе
келешек ұрпақтың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру сұрағы ӨЗЕКТІ
болып тұр. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер
ететін рухани адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының,
өзін-өзі жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады.
Өзін-өзі тану пәнін оқытуда оқыту үдерісіндегі
ұтымдылық көрсететін
оңтайлы әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасының қажетті деңгейіне жетуге
негіз болады. Ол өзін-өзі тану пәні мен өзге оқу пәндерінің инновациялық әдіс-
тәсілдер арқылы өзара сабақтасып, ықпалдасуын қажет етеді. Оқу пәндерінің
өзара ықпалдасуы пәнаралық байланысты дамытуды ғана емес, ол сонымен
қатар әр пәннің өзіндік мақсаты
мен міндетінің айқындала, толыға түсуін де
қамтамасыз етеді.
Пәнаралық ықпалдасу: ТОЛЫҚ, ЖАРТЫЛАЙ, БЛОКТІК
• ТОЛЫҚ ЫҚПАЛДАСУ : Салалас пәндер мазмұнындағы оқу
материалдарының бір курс төңірегінде топтасуы
толық ықпалдасу деп
аталады.
• ЖАРТЫЛАЙ ЫҚПАЛДАСУ: Оқу
материалдарының бір тақырып
аясындағы ең өзекті мәселеге топтасуы
жартылай ықпалдасуды білдіреді.
• БЛОКТІК ЫҚПАЛДАСУ: Ал
блоктік ықпалдасу дегеніміз жалпы білім
беру бағдарламаларының жеке пәндік бағдарламалармен ұштастырылуы.
71
• Қай пән болмасын кіріктірілген сипатта қызмет ете алатындықтан «Өзін-
өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын өзге пәндермен
ықпалдастыруда
пәнаралық, пәнішілік байланыстар мен оқушының іс-әрекеттік
қызметін арттыруға баса назар аударады.
•
Әдебиет - Өзін-өзі тану
• Біртектес гуманитарлық білім аяларын құруға негіз болатын дидактикалық
құрылым ретінде бұл пәндердің адамгершілік қағидалары негізге алынады.
• Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының мазмұндық құрылымы
Достарыңызбен бөлісу: