Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ОҢТҮстік қазақстан облысының білім басқармасы



бет1/5
Дата15.02.2022
өлшемі1.97 Mb.
#455396
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Ашық сабақ жоспары Абубакиров


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ білім және ғылым министрлігі
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ИНДУСТРИЯЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

«К Е Л І С І Л Г Е Н» «Б Е К І Т Е М І Н»

Колледж әдіскері Директордың оқу ісі

__________ Б.Ж. Нәрікбай жөніндегі орынбасары «____»_____2017 жыл. ________С.Л. Көпбаева

«____»______2017 жыл.


АШЫҚ САБАҚ


Мамандығы: 1201000- «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

Тобы: АТҚ 9-15/к
Пәні: «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету»

Пән оқытушысы: Абубакиров Мұрат Қанатұлы
«Көлік жөндеу» пәндік циклдік комиссияның мәжілісінде қаралып, талқыланды.

Хаттама № ___ «____» _______ 2017 ж.

КЖ ПЦК төрағасы ___________ Н.Т.Сейдалиев

А қсукент 2017


  1. ТҮСІНІКТЕМЕ

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11-бабының      9-тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған. 

Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабақты тартымды, тиімді, түсінікті етіп өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – заман талабына сай ақпаратты технологияларды қолдану

Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі –«интерактивті оқыту әдісі» Бұл әдістің негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. 

Интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.

Интерактивті оқытудың мәнісі – кластағы барлық оқушы таным үрдісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным үрдісінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр оқушы өзіне тән еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерімен алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл үрдіс мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады. 

Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:

-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;

-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;

-педагогикалық қолдау көрсету.

Интерактивті әдістерге мыналар жатады: проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, пікірталастар, топпен жұмыс, «миға шабуыл» әдісі, сын тұрғысынан ойлау әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, «инсерт» әдісі, сахналау, тест сынағы әдісі, дебат, т.б.

Интерактивті әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды: тақта, кітаптар, бейне материалдар, слайдтар, флипчарттар, постерлер, компьютерлер және т.б. пайдалана отырып,таныстырулар жатады. 

«Тест сынағы» әдісі барлық Тест сынағы әдісінің көмегімен оқушылардың ақпараттандырылу деңгейін немесе олардың талқыланатын тақырыпқа қатынасын анықтайды. Тест сынағы сұрақтарының мазмұны дұрыс құрылуы тиіс: сауатты, анық, ұғынықты тілде жасалуы қажет және оқушылардың сезімін қорғауы керек.

Интерактивті оқыту технологиясының мүмкіндіктері өте көп. Әр ұстаз өз бетінше класпен жұмыстың жаңа тәсілдерін ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданамын. Сонымен бірге, мен өз тәжірибемде үй тапсырмасы ретінде оқушыларға жаңа тақырып бойынша бірнеше (3-5) тест сұрақтарын (жауаптарымен) құрастыруды тапсырамын. Оқушылар келесі сабақтарда өздері құрастырған тестерімен алмасады, жауап береді. Бірін-бірі тексереді. Оқушылар құрастырған сұрақтар мен олардың жауаптарын алдын ала қараймын, тест құраудың талаптарының орындалуын (оқушылар үшін бастысы – өткен тақырыптар бойынша құрастырылуы және жауаптар нұсқасының дұрыс болуы) қадағалап, бағалауды ұйымдастырамын. Бұл әдіс оқушылардың тіл үйренуге деген ынтасын арттырады деген қорытындыға келдім. 

Өз тәжірибемде жиі қолданатын әдістердің бірі – жобалау әдісі. Жобалау әдісі – оқушыларға әрекеттерін өз бетінше жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс оқушыларға тақырып таңдауда, мәліметтердің дереккөздерін жинауда және презентация жасауда өз бетінше жұмыс істеуге жағдай жасайды. Зерттеу барысында оқушы бойында төмендегідей біліктер қалыптасады:

- тақырыпты өзінің қабілетіне және қызығушылығына қарай еркін таңдай алады;

- алдына қойған міндетіне қарай жұмыс мазмұнына өз бетінше талдау жасай алады; 

- алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолдарын өз бетінше іздестіреді; 

- мәліметтерді жинақтап, жүйелеп және сараптауға және сыни ойлауға үйренеді;

- әдістерді талдау, салыстыру арқылы жұмысына тиімді әдісті таңдай алады; 

- көпшілік алдында сөйлеуге, өз ойын дәлелді және логикалық түрде жүйелі жеткізе білуге дағдыланады. 

Интерактивті оқыту тәсілдерін қолдану оқушыларды мәселені бірігіп шешуге үйретеді. Ал бірігіп жұмыс істеу – әрі жеңіл, әрі тиімді. Оқушылар бірлесіп үйренуде шағын топтармен, жұппен жұмыс жасауға қалыптасады, ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарауға төселеді, жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып, кесте арқылы көрсетеді. Ойларын дәл, дұрыс қорғап шығуға күш салады. Бірлесіп жұмыс жасауды ұйымдастырғанда мына жайларды: басқаны тыңдай білу, қажет жерінде ғана кірісіп сөйлеп кету, сыйластық, жауапкершілік сияқты дағдыларды қалыптастыру керектігін еске ұстау керек.  Оқытудың бұл әдісінің берері: оқушы белсенді болады, пәнге деген қызығушылығы оянады, топ мүшелерімен қарым-қатынасы жақсарады. 

Интерактивті оқыту тәсілдерін қолдану оқушылар шығармашылығын арттыруда ең қуатты ынталандыру құралы болып табылады. Ол үшін сабақ құрылымы әр түрлі оқу әдістері мен ұстаздың дайындығы, ізденісі жоғары болуы керек. 

-уақыт үнемделеді;

-сабақтың сапасы көтеріледі;

-оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік туады;

-оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы арттады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі.

Оқыту барысында оның әр түрлі жақтарын қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше технология қолдану керектігіне мұғалім назар аударуы тиіс. Бұл оқыту тәсілі әр түрлі технологиямен жан-жақты қамтылуды талап етеді, сонда ғана технология педагогикалық тұрғыда әсерлі болмақ. 

Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің білгірі болуы емес, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық та талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет