Клиникалық жалпы әдіс-тәсілдер. Клиникалық жалпы әдіс-тәсілдерге қарау әдісі (көру), пальпация (сипау), перкуссия (соғу, нүқу), аускультация (тыңдау) және термометрия (дене кызуын өлшеу) тәсілдері жатады.
Қарау - inspectio - ең қарапайым тәсіл. Қарауды жарық жерде жүргізеді. Малды қарап зерттеген кезде басынан аяғына дейін үстінен, артынан, жан-жақтан байқайды.
Пальпация - palpatio - қолдың сезімі арқылы жүргізілетін тәсіл. Пальпация сыртқы және ішкі түрлерге бөлінеді. Сыртқы пальпация өз алдына беткейлік және терең болады. Беткейлік сыртқы пальпация кезінде алақанды тексерілетін жерге сипап, басып, дененің қызуын, ылғалдылығын, сезімталдығын және ауырсынуын анықтайды. Терең сыртқы пальпацияны бірге қосылған саусақтармен тексерілетін жерге перпендикулярлы қатты басып, ағзалардың көлемін, пішінін, консистенциясын, үстіңгі беткі қасиетін, ауырсынуын т.б. зерттеуге болады
Перкуссия - percussio - малдың денесін соққылау кезіндегі пайда болатын дыбыстардың өзгеруін анықтайтын тәсіл. Перкуссия тәсілі екі түрге бөлінеді: тікелей және жанама. Тікелей перкуссияны саусақтың ушымен тікелей малдың үстінен соққылап жасайды.
Жанама перкуссия дигиталды және инструменталды болады. Дигиталды перкуссия - бір қолдың саусағын малдың тексерілетін жеріне басып, екінші қолдың саусағымен оның үстінен соққылайды. Инструменталды перкуссияны жасаған кезде плессиметр аспабын малдың денесіне басып, үстінен перкуссиялық балғашықпен соққылайды.
А ускультация - auscultatio -дене мүшелерінің қозғалысынан пайда болатын дыбыстарды тыңдау. Тыңдау үшін арнайы күралдар пайдаланылады, яғни стетоскоп, фонендоскоп, стетофонендоскоп немесе малдың үстіне сүлгі жауып тікелей қулақпен естиді.
Термометрия - (грек сөзінен therme - жылу, metreo - өлшеу) - ауру малды зерттеген кездегі қажетті әдіс.
Кейбір ішкі ауруларында дене қызуының жоғарылауы немесе
төмендеуі клиникалық белгілерінен бүрын байқалады. Жүқпалы ауруларда жаппай (бірін қалдырмай)
термометрияны ауырып қалған малдарды айқындап табу әдіс ретінде қолданады (3-ші сурет). Сурет 3 - Дене қызуын өлшеу барысы
Арнайы зерттеу әдістері
Бул әдістерге арнайы қүрал-жабдықтар мен аспаптарды қолдану, зертханалық зерттеулер жатады. Мысалы: рентгенография,
электрокардиография, риноскопия, қан қысымын өлшеу, катетер, зонд енгізу, қан қүрамын, зәрдің физикалық-химиялық қасиеттерін анықтау.
Әрбір ағзалар мен улпаларды тексеріп зерттеуге арналған арнайы тәсілдер көп. Мәселен, солардың бірқатарына тоқталар болсақ:
Ректоскопия (тік ішек арқылы қарап зерттеу). Бул әдіспен зерттеудің маңызы зор, өйткені осы әдіспен тексеру арқылы тік ішектің қабынуын, жарылуын, жарасын, әртүрлі ісіктерін, сонымен қатар бөгде өзгерістерін анықтауға болады.
Сондықтан бул әдісті клиникалық тәжірибеде пайдалану ерекше болып есептелінеді. Бул әдіс негізінен арнайы аспап - ректоскоп арқылы жүргізіледі. Ректоскопияны пайдаланбас бурын, тік ішекті нәжістен тазартады, сонан соң тексеру жүргізіледі.
Ринография - бул дем алу, дем шығару кезіндегі ауа қозғалысының ағынымен тыныстануды жазу. Осы мақсатпен екі танау тесігінің біреуіне шыны воронканы жақындатады. Ол резина түтікше арқылы Мареев капсуласына жалғанған, жазу қуралы бар. Ауа ағыны жазу құралында толқын тудырады, сол кезде кимограф лентасында қисық сызықтар ринограмма пайда болады. Осы лентаға ринограммамен бірге уақыт белгілері жазылады.
Ринографияны қолдану малда тыныс алу өзгешеліктерін толық анықтауға мәлімет береді (саны, ырғағы, күші, тыныс алу мен шығарудың узақтығы) және ауру кезінде диагноз қоюға көмегі зор.
Бақылау сұрақтары:
Клиникалык диагностикада колданылатын зерттеулермен әдістердің жіктелуін ата?
Малдарды қарағанда неге назар аудару керек?
Пальпация (сипау) түрлерін атаңыз. Зерттеудің бул әдісімен нені анықтаймыз?
Зерттеу әдісінде, перкуссияның (нуқу) маңызы қандай?
Перкуссияның дыбыстық үні неге байланысты? Дыбыстық диагностиканың маңызы қандай?
Зерттеу әдісінде аускультацияның (тыңдау) түрлері және мақсаты қандай?
Арнайы зерттеу әдістерінің ерекшеліктері?
№ 3 сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |