Тақырыбы: Жоғары тыныс алу жолдарын зерттеу
Сабақ мақсаты: Жоғары тыныс алу жолдарын зерттеу
ерекшеліктерін оқып-үйрету
Материалдар мен жабдықтар: сиыр, жылқы, қой, шошқа, ит, мысық, бекемдеуге арналған қүралдар (жіптер, дәке, түмылдырық, Соловьев, Г армс қысқышы, бүраулар), қолғаптар, халат, алжапқыш,
дезинфекциялауға арналған спирт, жануарларды жығуға арналған жабдықтар, термометрлер, фонендоскоптар, перкуторлық балғашық пен плессиметр, вазелин, ағаш бүраулар, ауыз кергіштер, риноскоп, микроскоп т.с.с.
Сабақтың өтетін орны: кафедра аудиториясы немесе ветеринарлық клиника.
Тапсырмалар:
Мүрын қуысын зерттеу
Көмекей мен кеңірдекті зерттеу
Қалқанша бездерін зерттеу
Әдістемелік нұсқау
Мұрын қуысын зерттеу
Тыныс алу жүйесін зерттеуді жоғарғы тыныс алу жолдарынан бастап өкпені тыңдаумен аяқтайды. Қажет болса қосымша зерттеулер жасайды (плегафония, рентгенография, торакоцентез).
Шыгарылган ауаны зерттеу. Шығарылған ауаны зерттеген кезде, ауа ағысының күшін, температурасын, иісін, бөгде шуларын және дауысының өзгеруін анықтайды. Анықтаған кезде екі алақанды жайып малдың мурыннан шыққан деміне тосып жүргізеді. Зерттеуді мына үлгі арқылы сипаттайды: шығарылған ауаның симметриялығын (екі жағынан бірдей немесе бір кеңсіріктен), қалыптылығын (бір қалыпты немесе ауық-ауық), шығарылған ауаның температурасын (жылы, ыстық, суық), шығарылған ауаның иісін (тән, тән емес, шірік иіс, ихорозды, ацетон иісі, қышқыл иіс, аммиак иісі): шығарылған ауаның шуылдарын (қалыпты жағдайда естілмейді, немесе бөтен зат кірген кезде фыр-р деген және пырылдау дыбыстар байқалады) анықтайды.
Патологиялық шуылдарға пырылдау, пысылдау және стридор дыбыстары жатады (стридор - кеңсірік, өңеш, кеңірдек, бронхылар тарылғанда пайда болатын ыскырық, ысыл тәрізді, стенозды дыбыстар).
Мұрын қуысынан бөлінген сұйықты зерттеу. Ең бірінші танауды зерттеп, онын улғаюына немесе тарылғанына назар аударады. Мурын қуысынан бөлінген сораны (суйықтық) қарау, иіскеу және қажет болса микроскопия аркылы зерттейді. Сау малдарда мурын қуысынан суйық бөлінбейді немесе өте аз серозды және серозды-кілегейлі суйық ақса, малдың өзі жалап алады немесе пысқырып кетіреді.
Мурын қуысынан бөлінген суйықты зерттеу кезінде сораның бар- жоғын, мөлшерін, симметриялығын, жиілігін және қасиеттерін тексереді (түсі, консистенциясы, иісі, бөгде құрамы).
Мурын қуысынан бөлінген суйықтың мөлшері көп емес (созылмалы ринит, бронхит, пневмония) немесе өте көп (жіті ринит, диффузды бронхит, өкпенің ісінуі, фарингит, көмейдің параличі) болады. Мурынның суйығы үнемі (мурын қуысының қабынуында) немесе анда-санда бөлінетін болады (қосалқы куыстарының қабынуында).
Экссудат, ісінуі суйықтар, қан өкпеден немесе көмейден шықса, көбінесе мурыннан жөтел кезінде бөлінеді. Ал қосалқы қуыстарының экссудаты мал басын төмен түсіргенде пайда болады. Қабыну процесіне байланысты мурынның суйықтарын уйыма (серозды), уйыма-кілегейлі, кілегейлі, кілегейлі-іріңді, іріңді, қанды және шірікті (ихорозды) деп ажыратады. Консистенцияға байланысты мурынның ағыны суйық, сулы, қою, созылмалы, жабысқақ, кілегейлі болады.
Мүрын қуысы сүйықтарының қоспаларының ішінде ауа көбікшелері (өкпенің ісінуінде), сілекей (фарингитте, өңештің бітеліп қалуында), азықтың бөлшектері (фарингитте), фибрин қабыршақтары (фибринозды ларингит пен трахеитте) жиі болып түрады.
Достарыңызбен бөлісу: |