Лимфа бездердің өзгерістеріне жіті және созылмалы бөрту және олардың гиперплазиясы жатады.
Лимфа бездерін зерттеу үлгісі
Көлемі - улғаймаған, улғайған (орташа, қатты, екі есе, т.б.).
Пішіні - дөңгелек, жалпайған, үршық тәріздес.
Беткейі
- жылжымалы, аз жылжитын, жылжымайтын.
Консистенциясы - тығыз, қатты, жүмсақ, борпылдақ.
Ауырсынуы - ауырсынатын, ауырсынбайтын.
Температурасы - жергілікті қызуы жоғарыламаған, ыстық, төмендеген (суық).
Дене қызуын өлшеу-термометрия
Малды жалпы зерттеу кезіндегі дене кызуын өлшеуі міндетті әдістерге жатады. Малдарда дене қызуын тік ішектен, ал қүстарда клоакадан өлшейді. ¥рғашы малда температурасын қынаптан өлшеуге болады. Дене температурасын мал дәрігерлік термометр немесе электртермометр арқылы зерттейді (тез және анық тәсіл). Өлшейтін термометр залалсыздандыратын сүйық қүйылған ыдыста салулы түруы керек (лизолдың немесе карбол қышқылының 1-2 пайыздық ерітіндісі). Дене қызуын өлшер алдында термометрді сілкіп, сынап бағанасын төмен түсіріп, содан соң вазелинмен майлап тік ішекке енгізіп, онда 5-10 минутқа қалдырады. Термометр жерге түсіп сынбас үшін оны қүйрыктың түбіне жіппен байлап немесе Нагорький қысқышы аркылы бекітеді. Термометрде көрсетілген сан жүмыс қүжатына жазылады. Әрбір мал түрінде дене қызуының мөлшерінде шекті мәліметтері бар (1-кесте).
Гипертермия дегеніміз дене қызуының
шамадан тыс жоғары кеткені, ал
гипотермия шамадан тыс төмен түсіп кетуі. Гипертермия - қызбаның бір белгісі болып саналады.
Зерттеу кезіндегі дене қызуы:
Қалыпты, жоғарылаған, төмендеген деп бөлінеді.
Температура жоғарылауы (гипертермия, кызба) қалыпты шамадан 1°С дейін - субфибрильді, 2°С дейін - фибрильді, 3°С
дейін - пиретикалық, 3°С-тан астам - гиперпиретикалық.
Ағым үзақтығына байланысты қызбаның келесі түрлерін ажыратады: эфемерлі - бірнеше сағаттардан 1-2 күнге дейін, жіті 1-1,5 айға дейінгі, созылмалы - бірнеше айлардан жылдарға дейін.
Тәуліктік ауытқу сипатына байланысты қызба былай бөлінеді:
тұрақты - тәуліктік ауытқуы 1°С-тан астам емес,
әлсіз (ремитерленетін) 1- 2°С ауытқығанда және қалыпты шамаға жетпейтін (қалыпты шамадан түсіп, тәуліктік ауытқуы күрт 4-5°С-қа дейін кері жоғарылағанды гексикалык делінеді),
ауыспалы (интермитирленетін) - қысқа қызба үстамалары (параксизмдер) қызбасыз кезеңмен ауысып отырады (апорексиямен),
қайтымды - бірнеше күнге созылатын жоғары қызба және қызбасыз кезеңдердің дүрыс ауысып отыруы;
тәртіпсіз - үзақтылығы
біркелкі емес, әр түрлі тәуліктік ауытқулар.
Шамалы қызбаны (дене қызуының 1°С дейін жоғарылауы) катаралды плеврит, микробронхит, фарингит, энтерит және т.б.
ауруларда, орташа қызбаны (дене қызуының 2°С дейін жоғарылауы) крупозды пневмония, маңқа ауруларында, ал жоғары және өте жоғары қызбаны (3°С дейін) жіті індетті ауруларда және септикалық жағдайларда байқалады.
Температура түсуі қауіпті (жылдам) және литикалық (бірте-бірте) болуы мүмкін.
Температура төмендеуі (гипотермия) - 1°С төмендеуі -субқалыпты, 2°С
-қа - орта дәрежедегі коллапс, 3-4°С-қа төмендеуі - альгидті коллапс делінеді. Коллапс кезінде малдың терісі суық, ылғалды болып, жабысқақ терімен жабылады,
кілегей қабықтары көкшіл, пульс жиі, аяқтары дірілдеп қалады. Коллапс ішек, асқазан, жатырдың жарылуында, азықтан улану кезінде немесе агоналды жағдайларда пайда болады.