смерила его презрительным взглядом.
Осы сөйлемнің субъектілері бірдей аударылғанмен, келесі сөздері
басқаша аударылған. Бірақ осыған қарамастан, бұл мысалдың аудармасы дұрыс
болып саналады.
А rolling stone gathers no moss- деген ағылшын мақалы орысша жеңіл
аударылады: Катящийся камень мха не собирает немесе мхом не обрастает. Орыс аудармасында бұл мақалдың негізгі коммуникациялық
мақсаты түсініксіз, яғни біз білмейміз мүктің болмағаны жақсы ма? Жаман ба?
Мүк байлық пен жақсылықты білдіретіндігі ағылшын рецепторына белгілі.
Ағылшын мақалының негізгі ойы көп серуендемей, үйде отырып байлық пен
дәулетті жинау болып тойылады. Осы мақалдың орысша эквиваленті: следует не бродить по свету, а следить дома и копить добро.Бірақ біз солай
айтпаймыз.
Ағылшын мақалының орыс тіліндегі нағыз аудармасы: «Кому на месте не
сидится, тот добро не наживает» - болып саналады. «Тыным тапсаң - байлық
жоқ». 2. Аударма эквивалентінің екінші түрі немесе деңгейі Бұл деңгейіндегі негізгі мәтін мен аударманың жалпы мазмұндық бөлігі
бірдей коммуникациялық мақсаты жеткізумен шектелмей, сонымен бірге
бірдей тілдік емес жағдайды білмейді. Бұл қандай жағдай? Сөйлемде
бейнеленген объектілер арасындағы қарым-қатынастық байланыс жағдайы
болып саналады. Мысалы:
He answered the telephone. - Он снял трубку.Ол трубканы алды. You are not fit to be in a boat. - Тебя нельзя пускать в лодку.Сені қайыққа жібермеу керек. You see one bear, you have seen them all. - Все медведи похожи друг на друга. Аюлар бір-біріне ұқсайды. Осы мысалдардағы сөздер мен синтактикалық құрылымдардың көбі
аудармада дәл көрсетілмейді. Осыған қарамастан аударманың жалпы мазмұны
бірінші деңгейдегі сөйлемнің аудармасынан бізге түсінікті.
Салыстырып көрейік:
1) That's а pretty thing to say. - Постыдился бы! Ұялсаң еді! 2) He answered the telephone. - Он снял трубку. Ол трубканы алып тастады. Екінші сөйлемдегі іс-әрекет бірдей бейнеленген
31
Аудармада екінші деңгейдегі эквивалентінің кең қолданылды, әрбір тілде
арнайы
жағдайларды
бейнелейтін,
бірақ
басқа
тілдерде
мүлдем
қолданылмайтын тәсілдердің болуына байланысты.
Мысалы: