Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты султанова Нургуль Камильевна музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы



бет11/12
Дата16.06.2016
өлшемі1.11 Mb.
#139121
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

СӨЖ тапсырмалары:


  1. Музыкалық іс-әрекеттің басты түрлерінің өзарабайланысы неде көрінеді?

  2. Көркемдік-гуманитарлық цикл пәндерінің арасындағы ішкі байланыстар.

  3. Шығарманы таңдау және орындауда оқушылардың іс-әрекет түрлері


Қолданылған әдебиеттер:
1. Дүйсебінова Р.К. Музыкалық білім беру технологиясы: Жоғары оқу орны студенттеріне арналған оқу құралы. – Талдырқорған, 2006.

2. Музыкальное образование в Казахстане. Хрестоматия. Т. 1. Құрастырушылар: Джәрдемалиева Р.Р., Момбек Ә.Ә., Ахметова З.Р. – А., 2004.

3. Музыкальное образование в Казахстане. Хрестоматия. Т. 2. Құрастырушылар: Джәрдемалиева Р.Р., Момбек Ә.Ә., Ахметова З.Р. – А., 2006.

16-Тақырыбы: Балалардың шығармашылық дамуының міндеттері мен олардың шешім жолдары.

Жоспары:


  1. Шығармашылық жұмыстардың түрлері мен қызметі

  2. Олардың шешу жолдары

Шығармашылық – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкіртін өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуы тиіс. Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы керек. Шығармашылықтың түрленрі көп. Алайда, біздің нысанамыз сөз өнері - өнердің биік шыны. Бұл ретте ұлы ұстаз А.Байтұрсыновтың сөз өнері туралы мына пікірі соншалықты бағалы.

“Сөз өнері – адам санасының үш негізіне сүйенеді: 1. ақылға; 2. қиялға; 3. көңілге”.

Ақыл ісі – андау, яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау.

Қиял ісі – меңсез, яғни ойдағы бар нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеп суреттеп ойлау.

Көңіл ісі – түю, талдау, яғни ұлы сыншының айтуынша, балаға сөз өнерін меңгерту үшін осы үш істі қарастыруымыз керек.

Жалпы баланың шығармашылық қабілетін дамытуға ең басты назарға алатын нәрсе:


  1. Өлең шығаруға, суырып салмалыққа үйрету, яғни сауат ашу.

  2. Ұйқасын тапқызу, сөзбен-сөзді байланыстыру.

  3. Алдарына ой тастау, логикалық қабылдауын дамыту.

Осыдан келіп мынадай міндет тұрады: баланың қабілет дамуына әсер етіп, білімімен қарулдандырып, еліміздің білімді, жан-жақты, ғылым мен техникада, өнерде шығармашылық жұмыс жасай алатын азаматты тәрбиелеу.

Ал қазіргі музыка сабақтары балаларды жан-жақты дамыту барысында алдына көптеген мақсаттар қояды. Дәлірек айтсақ: балаларды музыканы тыңдай білуге үйрету, оны тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мәнерлікке баулу, дыбыстардың типін түсіну және музыкаға қызығушылығын арттыру.

Балаларды музыкаға тәрбиелеудегі сан сұрақтардың бірі – музыкалық шығармашылық болып табылады, яғни балалардың өздері құрастырған вокальдық және аспаптық шығармалар. Осы жерден келіп екі түрлі көзқарас қалыптасады:


  1. Композиторлық дарыны бар балалар ғана музыкалық шығармашылықпен айналыса алады, олардың әрі қарай шығармашылық қабілетін дамыту керек.

  2. Әрбір баланы музыкалық шығармашылыққа баулу - әрбір баланың дамуына зор роль атқарады.

Өзі құрастырған шығармалардағы музыкалық шығармашылық белсенділік қандай дәрежеде борлмасын музыкалық ойлауына, орындаушылық шеберлігіне елеулі әсер етеді. Музыкалық шығармашылықты қорлданудың негізін қалаған, ірі музыка зерттеуші Б. Л. Яворский. Сондый-ақ баланың шығаармашылық жұмысына көп назар аударған Брюсова.

Музыкалық шығармашылық ән айту, тыңдау, музыкалық сауаттылық және музыкалық ырғақ педагогикалық процесстермен байланыста болса ғана, шығармашылық белсенділік нәтижелі болады. Сонымен қатар, жоғары сапалы маманданған педагог баланың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеруге міндетті. Баланың негізгі музыкалық ойлауына бағытталған музыкалық бейне эмоционалдық көңіл күйдің, музыкалық шығармаларда орындауға ынтасын, соған сәйкес педагогтың әңгімесі әсерінен дүниеге келеді.

Сонымен, оқушыларды шығармашылық жұмысқа бауылып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынадай:


  1. Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен белгілі тапсырмаларды шешу (анаграмма, сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар, т.б.)

  2. Қиялдау арқылы сурет салғызу.

  3. Ой шапшандығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.

  4. Белгілі бір әннің мазмұнына байланысты мақал құрастыру, жұмбақтар шығару.

  5. Берілген тірек сөздер арқылы қызықты мәтін немесе сөздер құрастыру.

Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері:

  1. Орталық мұражайға апару.

  2. Әртүрлі кездесулер өткізу (ақын, жазушылармен).

  3. Әртүрлі тақырыптарға сайыс, пікірталас өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу.

  4. Балаларға арналған журналдарға жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдалану.

  5. Әрбір оқулып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинау, реферат жазу.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашлыққа баулу, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу – оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.

Сонымен қатар аспаптарды өткен кезде, мынадай тапсырам беруге болады төмендегі әріптерден сөз құрап жаз, яғни аспап аттарын.



  1. Домбыра.

  2. Қобыз.

  3. Шертер.

  4. Жетеген.

  5. Сыбызғы.

  6. Сырнай.

  7. Асатаяқ.

  8. Керней.

Осындай сөздікпен жүргізілген жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлесін тигізеді.

Музыкалық және эстетикалық тәрбие тарихы проблемаларының жекеленген аспектілері В.К. Белобородованың, И.П.Гейнрехстың, Ю.Б. Алиевтың, С.А.Карцеваның, О.А.Апраксинаның, В.Н.Шатскаяның және т.б. педагогикалық зерттеулерінде ашылды. Совет өкіметі кезінде қазақ халқының музыкалық творчествосы жөнінде бірқатар іргелі зерттеулер жарық көрді. Олардың ішінен А.Ерзаковичтің және т.б.еңбектерін еркеше атап өтуге болады. Қазіргі кезде қазақ музыка мәдениетін зерттеумен көптеген зертеушілер айналысуда. Олардың басты назарына музыкалық фольклордың түрлі аспектілері алынып отыр. Атап айтқанда, Б.Г.Ерзаковичтің, М.М.Ахметованың, А.Темірбаевтың, т.б.еңбектері қазақ халқының ән мәдениетін зерттеуге арналған. Ал П.В.Аравин, Б.Ш.Сарыбаева, И.Ф.Тификиди және т.б. авторлардың еңбектерінде қазақтардың аспаптық музыка, музыка мәдениеті проблеммалары қозғалса, Г.К.Котлованың, Б.Ғ.Ғазизовтың, В.Месманның жұмыстарында халық музыкасын профессионалдық музыкалық творчествода пайдалану мәселелері сөз болды. Музыкалық тәрбие –адамның музыкалық мәдениетін, музыкалық ынта-қабілетін нысаналы және жүйелі дамыту, оның бойынан музыкаға тебіреніп-толғана білуді, оны түсінуді сіңіру. Ол музыкалық қызметтің қоғамдық-тарихи тәжірибесін, музыкалық оқу мен элементтерін жаңа ұрпаққа табыс ету процесін қамтиды. Ал әрбір халықтың рухани мәдениетінің қалыптасу және даму процесі музыкалық-эстетикалық тәрбиенің даму процесі өзінше жүретіні мәлім. Музыкалық және эстетикалық тәрбиеде әрбір халықтың мәдени және рухани мұрасына дұрыс көз-қарасты қалыптастыру, олардың прогрессшіл және демократияшыл жақтарын таба білу, оларды қазіргі жоғарғы мектепте пайдаға жарату жолдарын көрсету маңызды мәнге ие болып отыр. Мұның бәрі, әлбетте, музыкалық және эстетикалық тәрбиенің бұрыңғы тәжірибесін және бүгінгі жәй-күйін терең талдауды қажет етеді. Музыкалық білім мен тәрбие беру жөнінде зерттеп, жұмыс істеген орта ғасырдың көрнекті ғалымы, философ Әбу Насыр Әл-Фараби. Ол 870 жылы Қазақстанның көне қалаларының бірі –Отырарда дүниеге келді. Әл-Фараби жан-жақты білім алып, ғылымға біржола ден қояды. Өзінің ерекше қабілеттігінің арқасында ол көрнекіт философ, математик, тарихшы, астроном, жаратылыстанушы, дәрігер, тамаша музыкант, музыка теоритигі және композитор болған. Әл-Фарабидің жас шағында жақсы ән айтқаны, өзінің бірнеше бірегей музыкалық аспаптарды жасап шығарғаны, музыкалық шығырмалады тамаша орындаушы болғаны туралы деректер баршылық. Әл-Фараби аса көрнекті музыка зерттеушісі болған. Оның «Музыканың ұлы кітабы» атты көлемді шығармасы қай кезде болмасын музыка зерттеушілерінің үлкен қызығушылығын тудырып келеді. Бұл еңбекті бүкіл музыка тарихшыралы бірауыщдан музыка теориясы жайлы жазылған үлкен еңбектерін қатарына жатқызады. Бұдан басқа «Ғылымдардың шығуы», «Музыка жайлы талдау», «Ырғақтардың классификациясы» атты туындыларында музыка ғылымын талдап береді. «Музыкалық ұлы кітабында» вокальдық шығармалар және вокальдық тәрбие беру туралы көптеген бағалы қорытындылары бар. Әртүрлі әуендерге келсек, адам ертеден-ақ ыңылдап ән салуға әуендетуге әуес және бейім болған. Біртіндеп бұл дәстүр ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа, халықтан-халыққа көшіп, музыкалық творчество байи түскен. Жалпы Әл-Фарабидің музыка жөнінде бізге жеткен еңбектерінде музыка теориясы, аспаптармен сүйемелдеу, музыкалық дарын туралы құнды пікірлер аз емес. Әл-Фараби мұрасы әлі толық зерттеліп біткен жоқ. Дегенмен қолда бар мұрасының өзі қазіргі музыка тану және музыка педагогикасы үшін орасан зор теориялық және практикалық қызығулық тудырады, әрі сол кездегі Қазақстан халықтарының халықтық музыкалық творчествосының қалыптасуы мен дамуына сипаттама береді.

Қазіргі уақытта музыкалық педагогиканың алдына қоятын негізгі мақсаты -әрбір жас талантты өз Отанын сүйіп, ұлттық өнер тасын қалауда өз күшін аямай жұмсауға тәрбиелеу. Сондықтан біз осы ЖОО-ны бітіріп шыққанда тек музыкант маманы болып қана қоймай, келешекте сол алған білімдерді пайдалана отырып, бүкіл елдің мәдениетін алға апару міндетіміз деп түсіну керек. Бұл мектепте сабақ берумен қатар, оқушыларды шығармашылыққа баулу, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, қиялын ұштау болып табылады.

Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.

Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, қазақ мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймыз. Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қарастыруға бағыттау білім беруде жеке оқытуды дамуына көзделуі қажет. Мұғалім үнемі оқушыға шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын нұсқап отырса, онда балалардың өздері де ізденіске түседі.

Психологтардың айтуынша музыкалық қабілеттілік туа біткен қасиет емес, ол тікелей пәндік әрекет арқылы дамиды. Оның дамуы баланың жаңа білім алуымен, оның біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуымен тікелей байланысты. Шығармашылық қасиетті адам баласының бойында қальштастыруда сөз өнерінің берері мол. Бала жастайынан шығармашылық өнеріне қалай баулу керек. Қазіргі өзекті мәселелердің бірі-осы. Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс:

- мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы керек.

- әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесу керек;

- оқушылардың шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай жасау;

- шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру қажет.

Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіру керек.

Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біреуі - «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан ешнәрсе келмейді» деген қорқыныш сезімі, екіншісі-өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі, үшіншісі - жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу көздері, мысалы:

- оқушылардың шығармашылықпен айналасуына мектепте, сабақ үстінде қолайлы жағдай жасау;

- шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін шығармашылықтарын, қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдер қолдануға болады.

Бастауыш сынып оқушылары қиялшыл болып келеді. Мысалы, ертегі айтқанда олар көз алдына сол оқиғаны елестетіп отырады. Сондықтан ән айтқанда да, музыка тыңдағанда да, музыкалық-ырғақтық қимылдар жасағанда да дауысы, интонациясы, дене қимылы арқылы сол шығарманың сипатын дәл жеткізуге тырысады. Бұл қасиет балалардың бойындағы шығармашылық қасиетті дамытуға игі ықпалын тигізеді. Шығармашылық балалардың ойын ұштап, қиялын қанаттандырады, сезімталдық қабілетін, байқампаздығын арттырады.

Балалар шығармашылығын, әрине, шын мәнінде өнер деп қарауға болмайды, ол балалардың музыкалық саладағы ізденісінің көрінісі. Іздене отырып балалар өздері байқамаған жаңалықтар ашады. Балалардың шығармашылық әрекетінің тәрбиелік мәні зор.

Музыка психологиясын зерттеуші Б.Теплов болса, "шығармашылықпен айналысуды ең алғашқы күннен бастау маңызды, өйткені, музыкалық

мәдениеттіліктің іргетасын өз беттерінше қалауға ықпалын тигізеді", - деп көрсетті.

Л.Дмитриева, И.Черноиваненко оқушылардың шығармашылық әрекетке белсене, қызыға араласуы үшін мұғалімнің мына қағидаларды есте ұстағаны жөн екендігіне тоқталады:

1. Дидактикалық құнды, белгілі бір бағытта шығармашылықты қажет ететін музыкалық материалдар таңдай білу;

2.Сабақта шығармашылықпен айналысуға жағдай жасайтын әдіс-тәсілдерді қолдану;

3. Музыкалық іс-әрекеттің әрбір түрінде қолдануға болатын шығармашылық түрлерімен таныстырып отыру;

4. Импровизация түрлерін кеңінен пайдалану;

5. Шығармашылық тапсырмалардың бірнеше сериаларын әзірлеу;

6. Тақырыпқа байланысты қолданылатын іс-әрекеттерді бір жүйеге келтіріп, бір-бірімен тығыз байланыстыра білу.

Музыка сабағындағы шығармашылық баланы музыкаға қызықтыру арқылы суырып салма ән шығару, белгілі бір құбылыстарға музыкалық дыбыстың сәйкестігін табудағы басқалар. 1 сыныпта "Он саусақ" әнін үйреткенде музыкамен қоса қимыл қозғалыстарын келтіру. Осы әнді ойнау сергіту арқылы дамытуға болады. 2 сыныпта "Ақсақ құлан" күйін әңгімелеп тындатқаңда образға еніп, дыбыстардан құланның жаралану немесе домбыраның шегіне қорғасын құйғанда үзілуін шын мәнінде қабылдайды. Екінші сыныпта "Жыл басына таласқан хайуанаттар" музыкалық ертегісімен танысу барысында оқушылардың образға ену барысында шығармашылығы шыңдала түседі. Үшінші сыныпта айтыс тақырыбында суырып салма ұйқасын табу барысында да шығармашылықты талап етеді. Төртінші сыныпта классикалық шығармалармен танысу барысында оған сәйкес сурет салу, өлең шығару арқылы дамиды.

Түрлі шығармашылық тұрғыдағы әдістерді пайдалану арқылы тақырыпты терең меңгеруге, ой-өрісін шығармашылықпен ұштастыруда нәтижеге жетуге болады.

Сабақтан, сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысының орны ерекше.

1. Сыныптан, мектептен тыс түрлі музыкалық әрекет баланың музыка сабағына ашыла бермейтін жеке-дара музыкалық қабілетін ашуға ықпал етеді.

2. Балалардың ұжым болып әрекет етуге деген талпыныстарын қанағаттандырып, ұжымдық-орындаушылыққа, ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға үйренеді.

3. Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жүмыс ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатаң шектеу болмайды. Бұл баланың өз ынта-жігеріне қалауына, еркіне сәйкес ұйымдастырылатын әрекеті.

4. Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың әлеуметтік-музыкалық тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оны музыка өнерінің таңдаулы үлгілерімен кеңірек танысып, қажетті музыкалық практикалық іскерлігімен дағдыларын қалыптастырады.

5. Балалардың сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмыстарымен шұғылдануы олардың өз беттілігін, бастамашылдығын белсендіреді, тұрақты қызығушылығы қалыптасып, өз бетінше шығармашылықты тапсырмаларды нәтижелі орындалуын қамтамасыз ете алады.

Оқушылармен жеке жұмыс жеке дауыста ән салу немесе музыкалық аспаптарда: домбыра, қобыз, сырнай, фортопиано, скрипка, гитара және т.б. ойнап үйрену әуесқойлық қызығушылығын арттыру мақсатында музыка мамандарының жетекшілігімен ұйымдастырылады.

Топтық музыкалық тәрбие жұмысының түрлері көп: хор үйірмесі, музыкалық аспаптық ансамбльдер, балалардың музыка театры, т.б.

Музыкалық көпшілік іс-шаралар түрлеріне: музыкалық-тақырыптық ертеңгіліктер, кештер, кездесулер, музыкалық мейрамдар, апталықтар, конкурстар, байқаулар, консерттер, дискотекалар және т.б. жатады.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп халық текке айтпаса керек. Баланы оқытып үйрету, жетістікті болу үшін, ұстаз өз бойында бар білімін аянбай жұмсап түсіндіріп көрсетуі тиіс, ал оқушы оны дүрыс қабылдап орындауға міндетті.

Қазақ халқының музыкасы ауызекі поэзиялық творчествомен тығыз байланысты: ән-жырлар, дастандар музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындалады. Аспаптардың барлығы алып жүруге ыңғайлы, құрылысы қарапайым, негізгі материалын табуға оңай болып келеді. Қазқтарға жеке дауыспен немесе қосылып ән айту, термелеу, күй тарту тән. Музыка аспаптарының және орындалу әуестінің сырттай қарапайым болуы қазақ музыкасының терең әлеуметтік, мазмұны бай, жүрекке жылы тиетін әсерлі болып шығуына кедергі келтіре алмаған. Қазақстанның ауызекі поэтикалық творчествосы музыкасыз болмады десек, музыкасы да сөзсіз және қимыл-әрекетсіз болмаған. Көбіне музыкалық шығарма, мәселен күрделі де ұзақ ойналатын күй ауызекі әңгімемен, түсінік берумен жалғастырып отырған. Сондықтан оларды орындау тыңдаушылардың ынта-ықыласын тудырып, олардың күй мазмұнының дұрыс қабылдауын жеңілдетеді. Сөйтіп, халық сан ғасырлар бойы жеткіншек ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудің нақты формаларын әдіс-тәсілдерін, құралдарын қалыптастырып келген. «Бұл-балаларға қайырымды, ілтипатты қажымас, баланың асыл, адамгершілік сезімдерін ояту, жанама ықпал жасау, моральдық қолдау, өзіне деген сенімін нығайту, сенім арту, жауапты да қызықты істерге тарту, реніш, наразылық, жалған сенімсіздікті білдіру немесе ашулану, айыптау, бұйыру, еркелете кінә арту, жалған енжарлық көрсету». Шебер сөйлеуге тәрбиелеу, музыкалық аспаптарда ойнауға, ән-күй сайысына қатысуға үйрету-музыкалық және эстетикалық тәрбиенің ажырағысыз бөлігі. Қазақ отбасында ежелден- ақ музыкалық аспапқа, музыкалық шығармашылыққа балаларды ынталандырудың өзіндік методикасы болды. Балалар сәби жастан музыкалық аспапты ойнауға үйретіліп, оларға ата-аналары немесе өнерпаз, дарынды адамдар үлгі-өнеге көрсетіп отырған. Қазақтардың музыкалық аспаптарда ойнауға үйрету халықтың тәрбие дәстүрлерінің әдістері алуан түрлі: Халқымыздың музыкаға үйрету мен тәрбиелеудегі өзіндік ерекшелік сауатты адамдардың тапшылығымен, музыкалық мәдени жазуының болмауымен, арнаулы музыкалық оқу орындарының жоқтығымен, белгілі бір білім мөлшерін игеру және өз шеберлігін үнеме жетілдіріп отыру үшін көрген-естігенін есте сақтай білу қабілетін айрықшша дамыту қажеттігімен, халықтың өмірі мен тұрмысының өз ерекшеліктерімен байланысты болды. Халықтың музыкалық және поэтикалық шығармашылығында жырлаған халықтың отанға, туған жер табиғатына, көз жетпейтін ұлан-байтақ қазақ даласына деген сүйіспеншілігі музыкалық және эстетикалық тәрбие құралы болды. Қазақ халқының музыкалық тәрбиесі, мәдениеті сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, халықтың елеп-екшеуінен өтті, біздерге жеткен музыкалық бай мұрасы бүгінгі күні де жеткіншек ұрпаққа тәрбие беруге ойдағыдай қызмет ете алады. Қорыта келе, ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. “Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады,” – дейді халық даналығы. Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын.


СӨЖ тапсырмалары:


  1. Балалардың шығармашлығының дамуы мен міндеттері

  2. Қазақ халқының музыкасының жетістіктері


Қолданылған әдебиеттер:


    1. М.Х.Балтабаев.Қазақ халық музыкасы және студент жастар. Алматы.1991.

    2. Көбесов А. «Әл-Фараби».-Алматы, 1971.

    3. А.Қ Жұбанов «Өскен өнер».-Алматы, 1985.

    4. 1.Балтабаев М.Х. Фольклор және вокальды-аспаптық ансамбльдер (әдістемелік құрал). - Алматы, 1989.

    5. Әбілова 3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру (әдістемелік құрал). -Алматы, 1972.

    6. Дүйсембінова Р.Қ. Музыкалық білім беру педагогикасы (оқу құралы) -Талдықорған, 2006.

    7. Бастауыш мектеп журналы //2009, №2, 6, 5, 3.

    8. «XXI ғасыр мектебі» журналы//2009, №3, 15 -19 бет.


ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі мемлекеттік деңгейде ірі оң өзгерістерге ұшырап жатқаны белгілі. Білім сатыларының барлығын дерлік қамтып отырған бұл іс-шара мектепке дейінгі мекемелерден бастап, орта білім беру сатысы және жоғары білім беру сатысына дейінгі жүйелі жұмысты алға қойып отыр.

2006 жылдың сәуір айында шыққан «Инновациялық қызметтерге мемлекет тарапынан көмек көрсету» туралы Қазақстан Республикасы Заңы – бүгінгі таңда оқу-тәрбие ісіне жаңашылдықпен келуге бағыттайтын басты құжаттың бірі. Білім беру мен тәрбиені жетілдіру, жан-жақты саладағы оқу-тәрбие жұмысын дамыту жұмысына жаңашылдықпен келу, уақыт талабына сай оқу жоспарларын қайта қарау, құжаттар мен оқу ісіне қажет бағдарламаларды, әдістемелік нұсқауларды саралау және баспадан шығару, білім беруді 12 жылдақ жүйеге келтіру, білім мекемелері басшыларының кәсіби деңгейін көтеру, тағы да басқа мәселелері өз шешуін күтіп тұр.

Қорыта келгенде, оқытудың жалпы мақсатын қоя тұрып, жалпы құрылған мақсатты нақтыландырып, оқушылардың білім деңгейін алдын – ала бағалап, оқу әрекеттерінің жиынтығын нәтижені бағалауды енгізіп, музыканы әртүрлі сипатқа ену арқылы құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әртүрлі жеке блоктар жасау арқылы «музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы» пәнін оқыту, дәрістерді берілген мемелекеттік стандарттың жоспары бойынша материалдар жинақтау арқылы ұлы ғұламалардың, ғалымдардың еңбектерінен жазылған мақалаларды қарастыру арқылы оны сабақ жүзінде жүзеге асыру тиімді деп ойлаймын. Ол үшін студенттерді қазіргі заман талабына сай меңгеруге бейімдеу керек, оқытушының алдын – ала сабақтың құрылуының сапасына байланысты: оқытушы ізденісі, білімі, болжауы, әдіс – тәсіл тиімділігі, фантазиясы болуы керек. Кез – келген музыка сабағының тақырыбына тоқталсақ, күй шығармашылығы, Арқаның асқақ әншілері, тұрмыс – салт жырлары, эпос – тарих, әдебиет, өнердің бірнеше түрі тіл тазалығы, сөйлеу мәдениеттілігі толық қамтылады. Музыканы оқыту оқу үрдісінің басқару, мәлімет беру үрдісіне бағытталған циклділігімен, білім алушының өздігінен жұмыс істеуі және белсенділігін арттыратын өзін - өзі басқару мен басқарудың тиімді арақатынасын орнатуымен ерекшеленеді.

Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясын оқытудың қазіргі уақыттағы дамуында педагогикалық жүйенің ықпалы басым. Оқыту үрдісінде жүйелік жағдайын жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету мағынасында музыка пәнінде құрастырылған жүйе болатын мақсатты жүйе пайда болады. Екінші жағынан музыка тарихын оқыту қазіргі кезде педагогикалық ғылымның алдында тұратын міндеттерді ең қолайлы жинақы түрде шешу үшін алғы шарт жасайтын жүйе бола тұра оқытудың жаңа бағытын белгілейтін бір жолы болып табылады.




Глосарий


  • Музыкалық білім беру тарихы – музыканы оқытудың теориясы мен әдістемесінің мәселелерін тарихи аспектіде қарастырытын пән.

  • Музыкалық тәрбие – ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында музыкалық іс-әрекетте жинақталған тәжірбиені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі ұрпаққа меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру.

  • Музыкалық білім – музыка өнерін танып-білудің негізін музыкалдық білімнің келесі екі негізі құрайды: музыка өнері жөніндегі біртұтас ұғымды қалыптастыруға мүмкіндік беретін білімдер; нақты музыкалық шығармаларды қабылдауға көмектесетін білімдер.

  • Музыканы оқыту – екі жақты процесс. Бұл музыкалық білім мазмұнын меңгерту бағытталған оқытушы мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылып, мақсатты бағытталған өзара әрекеттестігі. Музыканы оқытудың негізін музыкалық білім, іскерлік, дағдылар, дүниетанымдық көзқарастар құрайды.

  • Музыкалық іскерлік – меңгерілген білім мен өмір тәжірбиесі негізінде музыка саласындағы теориялық және практикалық әрекеттерді саналы түрде нақты, дәлме-дәл орындауға даяр болу. Музыуканы оқытуда жалпы іскерліктер музыкалық шығарманы эстетикалық тұрғыдан қабылдауға байланысты анықталды.

  • Музыкалық білім беру – музыкалық тәрбие, оқыту, даму ұғымдарының бірілігінде қарастырылады. Музыкалық білілімділік мазмұнын қрай келе кәсіби сферада (сазгерлік, орындаушылық, оқытушылық, музыканы зерттеу және т.б.) немесе музыкамен әуесқой ретінде өз бетімен шұғылдану әрекеттерін жүзеге асыруға көмектеседі.

  • Музыканы оқыту әдістемесі – болашақ музыка пәні мұғалімінің музыалық білім беру процестерінің әдістерін, құралдарын және ұйымдастыру формаларын зерттеуге, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге үйрететін пән.

  • Музыканы оқыту теориясы – музыкалық білім беру педагогикасының заңдылықтары мен негізгі қағидаларын зерттейтін пән.

  • Музыкант-педагогтың мәдениеті – түрлі педагогикалық көзқарастарды салыстыра білу, пайымдау және өзінің қорытқан пікірін қорғау, оны ғылыми негіздей алу қабілеті.

  • Абстракциялау (дерексіздендіру) – Оның екі түрі бар: Талдап қорыту – көптеген біріңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, ұқсас белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетін бөліп алу процесі.

  • Саралап оқыту – студенттердің топпен, ұжыммен бірлесе отырып, өз беттерінше іздену, талпыну.

  • Шаталовтың тірек сызбалары - көрнекілік арқылы оқушылардың көзбен көріп, қолмен ұстау технологиясы.

  • Музыкалық іскерлік – меңгерілетін білім мен өмір тәжірбиесі негізінде музыка саласындағы теориялық және практикалық әрекеттерді саналы түрде нақты, дәлме-дәл орындауға даяр болу.

  • Музыкалық дағдылар – музыкалық іс-әрекетпен тікелей байланыстағы музыканы орындау тәсілдерінің жиынтығы.

  • Анкета – бұл арнайы сұрыпталған танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының логикалық құрылымы.

  • Реферат – жазбаша түрде немесе көпшілік назарына ұсынылатын, талқыналатын ғылыми жұмыс.

  • Шоқан Уалиханов (1835-1865 ж.ж.) – қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының, фольклорлық шығармаларының шығу тарихы мен тәлімдік мәнін тұңғыш зерттеп, ғылыми еңбек жазған, қазақ мәдениетін орыс, Батыс ғалымдарына танытуда ерекше еңбек еткен ғалым.

  • Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 ж.ж.) – қазақтың педагог-ағартушысы, қазақ халқының салт-дәстүрлерін ғылыми түрде зерттеп, мән-мағынасын ашқан.

  • Абай Құнанбаев (1845-1904 ж.ж.) – қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ғұлама ақын, ағартушы-педагог, композитор, өнерді аса жоғары бағалап, ерекше құдірет тұтқан адам.

  • Ахмет Жұбанов (1906-1968 ж.ж.) – қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі сазгер, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнетану ғылымының докторы (1943), профессор (1948).

  • Мұқан Төлебаев (1913-1960 ж.ж.) - қазақтың аса көрнекті сазгері, қоғам қайраткері, ҚСРО халық артисі (1959), КСРО Мемелкеттік сыйлығының лауреаты (1949), Қазақстан Республикасы әнұраны авторларының бірі.

  • Шәмші Қалдаяқов (1930-1992 ж.ж.) – аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық артисі.

  • Әміре Қашаубаев (1888-1934 ж.ж.) – қазақтың атақты әншісі, өмірінің соңына дейін театрда әнші-артист болған.

  • Жұмат Шанин (1892-1938 ж.ж.) – режиссер, драматург, актер, ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам және театр қайраткері, Қазақ ССР халық артисі (1931).

  • Қалибек Қуанышбаев (1893-1968 ж.ж.) – сахна өнерінің саңлағы, Кеңес Одағының халық артисі, қазақ жас кино өнерінің өсуіне үлес қосты.

  • Елубай Өмірзақов (1899-1974 ж.ж.) – қазақ кеңес актері, домбырашы-әнші, киноактер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ ССР халық артисі.

  • Манарбек Ержанов (1901-1966 ж.ж.) – қазақ кеңес әншісі (тенор), актер, мелодист-сазгер. Қазақ ССР халық артисі. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрын ұйымдастырыушылардың бірі.

  • Жүсіпбеков Елебеков (1904-1977 ж.ж.) – қазақ кеңес әнші-артисі (тенор), қазақ ССР Халық артисі, Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне (1936- 1949, 1958), сондай-ақ концерттік сапармен қытай халық республикасында (1950, 1955), Монғол Халық республикасында (1960), Үндістанда (1967) болды. 1967 жылдан бері қазақ эстрада студиясында (Алматы) педагог.

  • Құрманбек Жандарбеков (1905-1973 ж.ж.) – қазақтың тұңғыш ұлттық музыка театрының (1934 ж.., қазіргі Қазақтың Абай атындағы опера және балет театры) ірге тасын қалаушылардың бірі.

  • Күләш Байсейітова (1912-1957 ж.ж.) – қазақтың әйгілі (лирикалық-коларатуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері.

  • Шара Жиенқұлова (1912-1991 ж.ж.) – биші, педагог, Қазақстанның Халық артисі, сахналық образдардың ішкі жан сұлулығын бидегі пластикалық шешіммен шебер шеңдестіре білді.

  • Шәкен Айманов (1914-1970 ж.ж.) – қазақтың әйгілі актері, режиссері, Қазақстанның Халық артисі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ драматургиясында да, қазақ киноөнерінде де қайталанбас дара жолы бар тума талант.


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде// Алматы ақшамы. – 1998. 19 маусым)

  2. Егеменді Қазақстан, 1996, 20 қыркүйек.

  3. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. Алматы. 32-бет.

  4. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. Алматы. 13-бет.

  5. Уральские войсковые ведомости. 1869г. №47.

  6. Деятельность, 1868., №109; Аравин П. В. Даулеткерей и казахская музыка XIX века. М., 1984, с. 46 – 47.

  7. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 2-том, 63-бет.

  8. Деятельность, 1868., №109; Аравин П. В. Даулеткерей и казахская музыка XIX века. М., 1984, с. 46 – 47.

  9. Қазақ ССР СМА, 4-қор, 1-тізбе, 6036-іс, 18-парақ.

  10. Алекторов А. Тургайская область Оренбург, 1891, с.50.

  11. Полферов Я.Я. Земледелие в Тургайской области. 1896, Оренбург, 1896, Оренбург, 1986, с.13 –

  12. Оренбургский край, 1894, № 106.

  13. Астраханьский листок, 1882, №116.

  14. Жұбанов А. Описание киргиз-кайсак. Спрб. 1987.

  15. Орал өңірі, 1982, 14август.

  16. Жұбанов А. Құрманғазы, А., 1978, 69-бет.

  17. бұл да сонда, 71-бет.

  18. Мерғалиев Т. Домбыра сазы. А.1982, 312 – 313 –беттер.

  19. Бұл да сонда, 313-бет.

  20. Жұбанов А. Құрманғазы. А., 1978, 104-бет.

  21. Затаевич А.В. 500 казахских песен и кюев. А., 1931.

  22. Жұбанов А. Құрманғазы. А., 1978, 90-бет.

  23. Кенжалиев И., Дәрібаев Х қос ішек. Алматы. 1990.

  24. Жұбанов А. Ән-күй сапары. Алматы, 1976, 64-бет.

  25. Әуезов М. Жалпы театр өнері мен қазақ театры. Шығ. 12т. 1969. 54б.

  26. Лихачев Б.Т. Педагогика. – М., 1993.

  27. Подласый И.П. Педагогика. – М.,1996.

  28. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.,1996.

  29. Сластенин В.А., Исаев И.Ф. и др. Педагогика. – М., 1997.

  30. Харламов И.Ф. Педагогика. – М., 1990.

  31. Воронов В.В. Педагогика школы в двух словах. – М., 1999.

  32. Апраксина О.А. Музыкальное воспитание в русской общеобразовательной школе, - М.:, Л., 1988.

  33. Зарин Д.Н. методика школьного хорового пения в связи с практическим курсом. – М., 1997.

  34. Шацкая В.Н.Музыкальное воспитание детей и юношества. – М., 1985.

  35. Асафьев Б.В. Избранные статьи о музыкальном просвещении и образования. Л., 1983.

  36. Кабалевский Д.Б.Прекрасное пробуждает доброе. М., 1973.

  37. Абдуллин Э.Б.Методологический анализ проблем музыкальной педагогики в системе высшего педагогического образования. – М., 1999.

  38. Сохор А.Н.Вопросы социологии и эстетики музыки. Кн.2. Л., 1981.

  39. Жұбанов А.Қ. Музыка әліппесі. – Қызылорда, 1973.

  40. Момынов П.М. Становаление и развитие музыкального воспитания и образования младших школьников в Казахстане. Автореф. дис. канд. пед. наук. – Алма-Ата, 1978.

  41. Балтабаев М.Х. Казахская традиционная художественная культура в системе образования. – Алматы, 1994.

  42. Калыбекова А.А. Роль психолого-педагогических дисциплин в профессиональной подготовке учителя музыки. – Алматы, 1997.

  43. Кульманова Ш.Б. Теория и практика воспитания младших школьников средствами казахской народной музыки. – Алматы, 1999.

  44. Ғизатов Б. Мектептегі ән-музыка сабағы. Музыка сауаты, ән үйрету, музыка тыңдау. Методикалық көмекші құрал. – Алматы, 1982.

  45. Әбиев Ж. Педагогика тарихы: Оқу құралы. Алмты: Дарын, - 2007. - 480б.

  46. Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. Этнопедагогика: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007. – 400б.

  47. Ұзақбаева С.А. Өміршең өнер өрісі. Алматы, 1982.

  48. Қазақстан Республикасының Білім министрлігі Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы// Қазақстан мұғалімі, 5 ақпан, 1993.

  49. Кабалевский Д.Б. Музыка туралы әңгіме. – Алматы, 1987.

  50. Концепция гуманитарного образование в Республике Казахстан//Казахстанская правда, № 130, 26 августа, 1994.

  51. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2004. – 132б. Көшімбетова С.А. Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары. Пед.ғыл.канд....автореф.: 02.07.04. – Алматы: Абай атындағы ҚҰПУ, 2004. – 30б.

  52. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2004. – 132б

  53. Коджаспиров Г.М. Педагогический словарь. – М: «Академия», 2000. – 176с

  54. К вопросу о педогогических технологиях и системах обучения. Н.П.Воскобойникова. ИПК. Тамбов. И.В.Галыгина, Л.В.Галыгина. Технических университет. Тамбов. Химия в школе. №1, 2002.

  55. Великая дидактика. Я.И.Каменский. Избр.Пед.Соч.,М., 1939

  56. Принципы и технология формирования групп для совместной учебной работы школьников в классе. Е.Д.Божович, М.Е.Питанова. 2005. Март, ПГПИ, Пенза.

  57. Селевко Г.К. Соваременные образовательные технологий. М., Народное образование, 1998. 225-б.

  58. Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы. 1975ж

  59. Ерзакович. Құспақов. «Қазақ музыка фольклорының тарихнамасы». Алматы. 1986ж

  60. Қазақтың музыкалық фольклоры. Алматы. 1992 ж. 250-бет

  61. Бес ғасыр жырлайды: 2 томдық. /Құрастыр. М.Мағауин, М.Байділдаев – Алматы: Жазушы, 1989. – Т. 1. 384 бет

  62. Р.Л.Садыков. «Ежелгі хорезмнің музыка мәдениеті». 1970 ж

  63. У.Бекенов. «Күй керуені». Алматы. 2002 ж

  64. Т.Ақселеу. «Күй шежіре». – Алматы: КРАМДС-Яссауи, 1992.-488 бет

  65. Музыка әлемінде 2005 ж №4-5 38-бет

  66. Ә.Марғұлан. «Ежелгі жыр аңыздар». 1985 ж. 135-бет

  67. /Позднеев. Брокгауз-Ефрон энциклопедиялық сөздігі. 1890-1907, 29-том, 99-бет/.

  68. А.Қ.Жұбанов. «Ән-күй сапары» М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. Қазақ ССР-ң «Ғылым» баспасы. Алматы. 1976ж

  69. А.Жұбанов, «Ғасырлар пернесі». (Қазақтың халық композиторларының өмірі мен творчествосы туралы очерктер). Алматы: «Жазушы» баспасы, 1985ж. 10-бет.

  70. А.Маргулан. «Деревняя культура Центрального Казахстана» Алма-ата. 1966г.с287

  71. Т.Қоңыратбаев «Елім-ай»: Ән туралы әңгіме. – Алматы: «Өнер», 1994. 32 бет – 13-16 бет.

  72. Т.Қоңыратбаев «Елім-ай»: Ән туралы әңгіме. – Алматы: «Өнер», 1994. 32 бет – 13-16 бет.

  73. Қ.Жұбанов. «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер». – Алматы: Ғылым, 1999. – 581 б

  74. К вопросу о педогогических технологиях и системах обучения. Н.П.Воскобойникова. ИПК. Тамбов. И.В.Галыгина, Л.В.Галыгина. Технических университет. Тамбов. Химия в школе. №1, 2002.

  75. Қазақстан мектебі//2007, №1-2.


«Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы» пәнінен тест тапсырмалары
1 . Алғаш музыкалық техникум қай жылы ашылды ?

А) 1937 ж

Ә) 1946 ж

Б) 1938 ж

В) 1936 ж

2. Біржан-Сара спектакль кімнің басшылығымен қойылды?

А) Д. Маццуцин

Ә)Ж . Құрманбеков

Б) Е . Брусиловский

В) М. Төлебаев

3. Тұңғыш Қазақ драма театры қай жылы ашылды ?

А) 1927 ж

Ә) 1926 ж

Б) 1929 ж

В) 1923 ж

4.Қазақ операсының алғашқы баспалдағы.

А) « Айман – Шолпан»

Ә) « Қыз- Жібек»

Б) « Еңілік – Кебек»

В) « Біржан – Сара»

5. Қай спектакль ССР- ң Мемлекеттік сыйлығының лауреаты аталды ?

А) « Қыз Жібек»

Ә) « Еңілік – Кебек»

Б) « Айман – Шолпан»

В) « Біржан Сара»

6. Қазақстандағы би өнері неше тараудан тұрады?

А)2

Ә)1


Б)3

В)5


7. « Ер Тарғын» операсын сахынаға қойған кім ?

А) С. Қамалов

Ә) Жандарбеков

Б) Брусиловский

В) Төлбаев

8. Қазақтың « Айман-Шолпан» пьесасын алғаш қай режиссер құрды?

А) Маццуцин

Ә) Шанин


Б) Үмбетов

В) Кенжетаев

9. А . В Затаевичтің еңбегі ;

А) « Айман – Шолпан»

Ә) « Қыз Жібек»

Б) « Еңілік – Кебек»

В) « Біржан Сара»

10. М.Әуезовтің « Еңілік – Кебекгі» муз. спектакль болып қай қалада қойылды?

А) Алматы

Ә) Семей


Б) Ақтөбе

В) Ташкент

11. « Қыз Жібек» спектакльінің музыкасын құрастырған кім:

А)Төлебаев

Ә) Қамалов

Б) Шанин


В) Брусиловский

12. 1936 жылы өткен «өнер онкүндігі» қай қалада өтті?

А)Москвада

Ә)Парижде

Б)Франкфуртта

В)Алматыда

13. М.Әуезовтың « Еңілік – Кебек» муз.спектакльі қай жылы шықты ?

А)1924 ж


Ә)1925 ж

Б) 1926 ж

В) 1927 ж

14. « Біржан – Сара» спектакльінің композиторы кім?

А) Төлебаев

Ә) Ерзакович

Б) Брусиловский

В) Шанин


15. «Ғасырлар үні» ораториялық шығармасының авторыкім

А) Брусиловский

Ә) Затаевич

Б) Төлебаев

В) Мұхамеджанов

16. А.Жұбановтың «Ғасырлар пернесі» шығармасы қай жылы шықты?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет