Өздік жұмыстар мен тапсырмалар:
-
ХІХ ғасырдағы қазақтың аса көрнекті компазиторы – Құрманғазы Сағырбаев.
-
Ұлы компазитор Дәулеткерей Шығайұлының музыкалық өнердің дауындағы шығармашылығы.
-
Қазақстандағы музыкалық өнердің дамуына үлес қосқан компазитор – Тәттімбет Қазанұлы.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Мерғалиев Т. Домбыра сазы. А.1982, 312 – 313 –беттер.
-
Жұбанов А. Құрманғазы. А., 1978, 104-бет.
-
Затаевич А.В. 500 казахских песен и кюев. А., 1931.
-
Жұбанов А. Құрманғазы. А., 1978, 90-бет.
-
Кенжалиев И., Дәрібаев Х қос ішек. Алматы. 1990.
-
Жұбанов А. Ән-күй сапары. Алматы, 1976, 64-бет.
-
. Құрманғазы «Сарыарқа» Алматы, 1994 жыл.
-
Ахмет Жұбанов «Ән-күй сапары» Алматы, 1976 жыл.
-
А.Сейдімбеков «Күй-шежіре».
-
Ахмет Жұбанов «Ғасырлар пернесі» Алматы, 1976 жыл.
-
А.Т. Қоңыратбаевтар «Көне мәдениет жазбалары».
7- Тақырыбы: ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы балалардың музыкалық тәрбиесі.
Жоспары:
-
ХІХ ғасырдың соңындағы балалардың музыкалық тәрбиесі
-
ХХ ғасыр басындағы балалардың музыкалық тәрбиесі
-
Балалардың музыкалық тәрбиесі
Еліміз тәуелсіз туын тіккен алғашқы жылдардан-ақ жасұрпақ тәрбиесіне үлкен көңіл бөлініп келеді. 1993 жылғы Республикамыздың музыкалық тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Тәрбие деп халықтың ғасырлар бойы жинақтап іріктеп алған озық дәстүрлерін жастардың бойына сіңіру» [23] танылатыны айтылған. Бұл бағдар әрине, кездейсоқ белгіленген жоқ.Кеңестік дәуірде жастар тәрбиесі ұлттық тамырынан, құнарынан айырылып, бейұлттық бірыңғай сипатқа көшкені белгілі. Ұлттық тәрбие дәстүрлері «ескілік сарқыншағы» ретінде қоғам өмірінен, мектеп тәжірибесінен, педагогика ғылымынан ығыстырылды. Бұның өзі жастар бойында адамгершілікке жат «Ұлттық дәстүрден ажырадық, тарихи сана ұмытылды, ана тіліміз шетқақпай болды, үлкенді сыйлауды қойдық: ұятын жоғалтқан қыздар, баласынан безген жас аналар, жетімдер үйінде «қара бала», қарттар үйінде «қара шал» көбейіп барады» /2/ мінез-әрекеттердің үстемдік құруына соқтырды. Тәуелсіздік алған еліміз жас ұрпақ тәрбиесін адамгершілікке, сұлулыққа т.б.с.с. ізгілік бағыттарына бұруды жүзеге асыруда. Өнердің осы түрінің адамның жан-дүниесіне ықпал ету механизмдері мен оның табиғатын танып білуге ерте кездің өзінде – ақ антика ғұламалары назар аударған. Тарихи археологиялық деректерге қарағанда, музыка ежелгі грек қауымының өмір тіршілігіне айтарлықтай орын алған және олар музыкалық тәлім-тәрбиеде назар аударалық тәжірбие жинақтаған. Ерте пифагоризм б.э.д. ҮІ-ІҮғ.ғ. теориясында адамның жан дүниесінің музыка рақылы тазаруын білдіруде catarsis ұғымы қолданылғаны белгілі. Б.э.д. VI ғасырда өмір сүрген философ әрі математик Пифогор музыканың акустикалық заңдарын ашқан. Ал б.э.д. III ғасырда механик Ктесибий бүгінгі орган аспабының көне үлгісі сулы саз аспабын (гидравлос) ойлап шығарған. Ежелгі грек елінде белгілі бір музыкалық тәлім-тәрбие жүйесінің қалыптасқандығына ұлы Гомердің «Илиада», «Одиссея» поэмаларының мазмұны; лира, кифара аспабында ойнап, ән салып тұрған грек вазаларындағы суреттер, статуэткалар; бүгінгі музыка теориясында қолданып жүрген көне терминдер («музыка», «мелодия», «гармония», «гамма» және т.б.); Дамон (Перикл мен Сократты музыкаға үйретуші), Платон, Аристотель, сияқты ғұламалардың музыка, музыканың әсер-ықпалы жөнінде жасаған пайымдаулары; музыкалық аспаптарда ойнап үйрену мектептерінің, музыканы оқытушы арнайы ұстаздарының болуын мысалға келтіруге болады. Музыка өнері, музыкалық тәлім-тәрбие жөніндегі мағлұматтарды Африка, Латын Америкасы, Шығыс елдерінің тарихи ескерткіштерінен де байқауға болады. Қоғам мен мәдениеттің, білім мен ғылымның дамуына қарай музыкалық-педагогикалық ой-пікірлер де қанат жайып, өркендей түсті.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында музыкалық білім беру педагогикасы дербес ғылым саласы ретінде дами бастады. Оған бірнеше факторлар себепкерлер болды. Біріншіден, бұл қоғамның әлеуметтік жаңаруы және адамгершілік, халықтық, ізгілік, демократизм идеяларының белең алуына, екіншіден ағартушылық идеяларының өркендеуіне байланысты еді. Осы кезеңде өмір сүрген орыс классик сазгерлері, педагогтері А.Н.Серов, В.В.Стасов, Ц.А.Кюи, М.Глинка, А.Даргомыжский, П.И.Чайковский, С.Танеев, Н.Римский-Корсаков т.б.өнерде халықтық демократизм, ағартушылық идеяларын дәріптеп, тәрбиені прогресшіл рухпен қанықтыруды батыл талап етті және музыкалық мәдениетті жетілдіру жөніндегі құнды пайымдаулар жаслып, оларды іс жүзінде жүзеге асыруға атсалысты. Пғартушылық идеялары Л.Н.Толстой, А.П.Чехов, А.М.Горький т.б. ұлы орыс жазушылар тарпынан да кең қолдау тапты. ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында қоғамдық қозғалыстар жанданып, озық идеялар тарала бастады, сонымен бірге музыкалық білім беру педагогикасы саласында жаңа, тың құбылыстар кеңінен қанат жайды. Зерттеушілер музыкалық білім беру педагогикасының ғылым ретінде қалыптасу, даму жағдайын басты үш кезеңге бөліп қарастырады. Сол кезеңнің біріншісі ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы музыкалық тәрбие мәселелері. Музыкалық білім беру педагогикасының негізін салушы ғалым-ұстаздардың (А.Н.Карасаев, С.И.Миропольский, Д.Н.Зарин, А.Л.Маслов, Н.Е.Брюсов, Б.Л.Яворский, С.Т.Шацкий, В.Н.Шацская және т.б.) педагогикалық іс-әрекеттердің белсенділігі және музыкалық тәрбие берудің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін қарастыруға арналған бірқатар музыкалық-педагогикалық еңбектердің жарық көруімен сипатталады. Музыкалық білім беру педагогикасының проблемаларын, соның ішінде музыкалық тәрбиенің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін анықтау ісімен айналасушылардың бірі А.Н.Карасаев болды. Оның «Ән айту әдістемесі» аса танымал еңбектерінің бірі. Әдістемеде ән айтуға үйретудің мақсаты және одан туындайтын нақты міндеттер, ән айтудың тәрбиелі маңызы анықталған. Автордың пікірінше, ән айтудың мақсаты – балалардың музыкалық қабілеттерін, сонымен бірге дауыс, сөйлеу, тыныс алу органдарының іс-әрекетін белсендіру және қалыптасқан музыкалық қабілеттері мен іскерліктерін практида қолдана білуге дағдыландыру. Ол нота сауаттығын ашу жөнінде де құнды пайымдаулар жасады. Осы жөніндегі бірқатар әдістемелік ұсыныстары Францияда қолданылды. Кейіннен Ресейде кеңінен тараған музыкалық дыбыс қатарының сандық жүйесін (до мажар дыбыс қатарындағы дыбыстардың сандармен таңбалануы: до – 1, ре – 2, ми – 3 және т.б.) қатты сынға алынып, музыка теориясында дыбыстарды әріптік таңбалау жүйесін ұсынды. Бұл жүйе бойынша әрбір дыбыс дауысты дыбыстармен белгіленеді (до – а, ре – о, ми – у, фа – е, соль – и, ля – ю, си - я). А.Н.Карасаевтың сол кездегі ағарту саласындағы схолоистика мен формализм тән болғанымен, онда балаларға музыка сауаты жөнінде мағлұматтар беру, әнді музыкалық аспаптың сүйемелсіз және бірнеше дауыста әдемі сала білу жөніндегні аса маңызды алғашқы қадамдар жасалды. Оның тағы бір қол жеткізген жетістігі музыканы оқытуда бірізділік пен сабақтастық талаптарын ұстануы болып табылады. Музыкалық білім беру педагогикасының қалыптасуының алғашқы кезіңіндегі Ресей мен батыс Европадағы музыкалық тәрбие берудің жағдайы туралы объективтегі мағлұматтар жинақталған маңызды еңбектердің бірі С.И. Миропольскийдің «ресей мен батыс Еуропадағы музыкалық білім беру туралы» кітабы еді. Автор еңбегінің негізгі мақсаты музыканыі тәлім-тәрбиелік маңызын ашу және сол кездегі мүмкін болып есептелмейтін жалпыға бірдей музыкалық тәрбиені жүзеге асыру жолдарын қарастыру болатын. ХІХ ғасырдың соңында музыкалық білім беру педагогикасының қалыптасуына Д.Н.Зарин мен А.Л.Маслов өлшеусіз үлес қосты. Олар өздерінің педагогикалық тәжірбиесінде сүйене отырып, балалардың музыкамен шұғылдануға деген әуесқойлығымен, шығармашылық белсенділігін арттыру негізінде олардың музыкалық қабілеттерін дамытуға болатындығын дәлелдеп берді. Д.Н.Зариннің «Мектепте хормен ән салу әдістемесі» оқу құралында музыкалық қабілеттерді дамытудың бірқатар мәселелері қарастырылған. Оның пайымдауынша, балалардың шығармашылық белсенділіг арттыру музыкалық қабілеттерді дамытудың негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Автордың балаларға белгілі бір мәтінге немесе аяқталмаған музыкалық фразаны жалғастыра әуен шығарып аяқтау; музыканы қабылдауды әнді орындау және оны импровизациялау негізінед ұйымдастыру; музыка сауатын меңгеруде, дыбыстарын қатынасын, қозғалысын бейнелейтін әуендер шығару сияқты ұсынған шығармашылық тапсырмаларының, санымен қатар музыкалық есту, ырғақты сезіну қабілеттерін дамыту, әнші дауысының тәрбиесі, әнді үйрету, репертуар сұрыптау бойынша ұсынған әдістемелерінің практикалық маңызы зор. Д.Н.Зариннің денсаулығы дұрыс қалыптасқан балалардың баолығының да музыкалық есту қабілетінің дамытуға болатындығы және олардың шығармашылық белсенділігін үнемі ынталандырып отыру қажеттілігі туралы пікірі музыкалық білім беру педагогикасында бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ. Ал, Городцовтың ән-күй пәні мұғалімдерінің біліктілін жоғарлату мақсатындағы «әншілік курсының» іс-тәжірбиесіне назар аударсақ, онда музыкант-ағартушы, әрі педагогтың музыкалық білім мазмұнына халық музыкасчы, орыс, батыс классикасын ендіру, сонымен жеке дауыста және хормен ән салу, музыкалық аспаптарда ойнап үйрену, әнді оның мәтіндерін драматизациялау элементтері негізінде меңгерту туралы әдістемелік ұсыныстары музыкалық білім берудің негізгі қағидаларының бірінен саналады. Жеке тұлғаның музыка рақылы шығармашылық сапа-қасиеттерін дамыту мәселереі П.Я.Яворскийдің, В.Н.Шацкаяның ізденістерінде көрініс алған. Яворский Болеслав Леопольдович (1877-1942) – көрнекті музыкатанушы, сазгер, пианист, қоғам қайраткері, өнертану ғылымдарының докторы (1941ж.), Мәскеу, Киев консерваторияларының профессоры. Оның бүкіл өмір жолы музыкалық тәлім-тәрбие жұмысын дамытуға ранлған. Ол Мәскеу халық консерваториясын ұйымдастырушылардың бірі ретінде (1906ж.) алғашқы оқу жоспарларын, бағдарламаларын, әдістемелік материалдар жады. 1917 жылдан бастап Киев халық консерваториясының директоры қызметін атқара жүріп, қалада көптеген музыка мектептерін ашты. Денсаулығы нашар балаларға да музыкалық тәрбие беру мақсатында «Көзі көрмейтіндер үйі» мекемесінде музыкалық білім беру педагогиксасының жұмыстарына қолдау көрсетті. П.Я.Яворскийдің – ресейде бұқаралық музыкалық тәрбиенің негізін салушы. Оның музыкалық-педагогикалық практикасында балалардың музыкалық мүмкіндіктерінің мейілінше ашылуына, шығармашылық қабілеттерін белсенділікпен дамуына ықпалын тигізетін өзіндік әдістемесі осы саладығы ізденушілерге үлкен қызығушылық туғызған еді.Ол әдістемелік ұсыныстарының ең мәнді жағы – музыка сабақтарының бір ғана музыкалық шығарманың желісіне құрылуы және сабақтарда бірін-бірі толықтырып отыратын музыкалық іс-әрекеттердің үш түрінің мкзыка тыңдау, хормен ән салу, музыкалық-ырғақтық қозғалыс тығыз бірлігінің сақталуы. Автордың балалардың музыканы қабылдауы, олардың шығармашылық бастауларының көзін ашу мінедеттерін жүзеге асыруда есту, сенсомоторлық түйсіндіктерді белсендіру бойынша ұсыныстары да назар аударалық және өз замандығы жаңашылдық болып табылады. П.Я.Яворский арнайы музыкалық ғылыми-педагогикалық әдістемелік еңбек жазып қалдырмағанмен, оның әдістемесі бүгінде де өз мәнін жойған жоқ. Оның идеялары ізбасарларының музыкңалық-педагогикалық еңбектерінде жалғасын тапты. Осындай музыкалық-педагогикалық өкілдерінің бірі – Шацкая Валентина Николаевна (1882-1978). Ол 1965 жылы Мәскеу консерваториясын бітіріп, «сетлемент» және «Детский труд и отдых» балалар клубын басқарды. 1911 жылы С.Т.Шацкиймен бірге «Бодрая жизнь» атты балалардың жазғы еңбек колониясын ашқан. 1932-1943 жылдары Мәскеу консерваториясының музыкалық тәрбие кафедрасының меңгерушісі, 1948-1962 жылдары РСФСР ПҒА-ның көркемдік тәрбие жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметін атқарды. В.Н.Шацкая мен С.Т.Шацкийдің «Бодрая жизнь» колониясындағы музыкалық тәрбиені ұйымдастыру тәрбиесі бүгінгі зерттеушілердің назарын өздеріне үнемі аударып келеді. Бұл тәжірбиенің ерекше белгілері – ең алдымен сол кезеңде белең алған тәрбиедегі дөрекі жалтырық пен жаттандылыққа формализмге тосқауыл болатын амал-жолдарды іздестіру еді. Эстетикалық тәрбиенің аса маңызды құралы өнер болып табылады. Өнердің эстетикалық тәрбиедегі ролі оның мәнімен, оның өзіндік атқаратын қызметімен анықталады. Себебі, өнер өмірді көркем образда бере отырып, адамның оны танып білуіне, рухани баюына дүниетанымының қалыптасуына септігін тигізеді. Көркем мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде өнер тұтас алғанда рузхани мәдениеттің өзегі болып табылады. Көркемдік тәрбиенің бір компоненті – музыкалық тәрбие. Бұл эстетикалық тәрбиенің ішінде өте кең, сан қырлы ұғымды қамтиды. Музыкалық тәрбие – адамның музыкалық мәдениетін, музыкалық ынта-қабілетін нысаналы және жүйелі дамыту, оның бойына музыкаға тебіреніп-толғана білуді, оны түсінуді сіңіру. Ол музыкалық қызметтің қоғамдық-тарихи тәжірибесін, музыкалық оқу мен білу элементтерін жаңа ұрпаққа тыбыс ету процесін қамтиды. Ал әрбір халықтың рухани мәдениетінің қалыптасу және даму процесі музыкалық-эстетикалық тәрбиенің даму процесі өзінше жүретіні мәлім. Қазақстан мәдениеті тарихының тамырлары тереңде жатыр. Қазіргі-ғылыми зерттеулердің нәтижелері қазақ халқының дербес және бірегей мәдениетінің даму жолын өте дәл болмағанымен, жеткілікті дәрежеде айқын көз алдымызға келтіруге мүмкіндік береді. Ғасырлар қойнауымсен біхге келіп жеткен көркем творчество элементтерін мұқият салыстырып, зерттеу арқылы халықтың рухани өмірінің тұтас бітім-болмысын азды-көпті жасауға болады. Қазақ аспаптық халық музыкасындағы қобыз күйлерін қалыптастыруда. Оны жан жақты дамытуға халық компазиторы әрі асқан қобызшы Ықылас Дүкенұлының (1843-1916) творчествосы халық музыкасының тарихында ерекше орын алды. Ықыластың әкесі қобызшы, үлкен әкесі және арғы аталары жыршы, бақсы болған. Ықылас әкесінің оның қобызшылық өнерін үйреніп әрі толық меңгеруімен қатар, ол қобыздың дыбыс көлемін байытып, өлшем-ырғағына өзгерістер енгізді, мелодиялық үн-баяуын түрлендірді. Әрі қобызға арнап программалы, көркемдік жағынан бір-тұтас, күрделі эпикалық күйлер («Қорқыт», «Қамбар», «Қазан», «Шыңырау» күйлері т.б.) шығарды. Сол күйлерді орындау арқылы қобыхдың мүмкіндігін кеңейтті. Біржан Қожағұлұлы (1834-1897) әндеріне айқын демократиялық характер тән. Компазиторларында әлеуметтік оқиғалар, адамгершілік, мөлдір махаббат, жастық шақ т.б. тақырыптар орын алды. «Ақтелтек», «Біржан сал», «Ғашығым», «Алтын балдақ», «Бірлән», «Айтпай» әндері - Біржан творчествосындағы шоқтығы биік, лирикалық туындылар. Оның «Ләйлім шырақ», «Көлбай-Жанбай», «Ақтентек» сияқты әзіл – наз әндерінің өзінен достық, сезім күйлері Біржан жеке адамның жан сезімін, көңіл күйін жырлаумен қатар патриархалды-феодалдық заманның озбырлығына асқақ әншімен қарсы тұрды. Оның ыза-кекті, уатты «Жанботасы», жан ашуындай ащы «айғайға» жететін «Адасқағы» сол бір заманның азулы өкілдеріне бітіспес кегі еді. Өз заманына деген осындай наразылық, өмірге деген өкінім, үні жастық шағын еске түсірген «Жамбас сипардан» да, «Теміртас» атты трагедиялық үндегі әннен де айқын естіледі. Халықтың дарында әнші-компазиторы әрі ақын Ақан сері Қорамсаұлының (1843-1913) ән творчествосы қазақтың класикалық ән қазынасының алтын қорына еніп, артына аса мол музыкалы поэзиялық мұра қалдырды. Ол - өмір шындығын өлкен суреткершілікпен жырлаған ақын әрі мұңшыл да сыршыл, лирикалық бағыттағы әнші-компазитор. Ақан сері туындыларында халық тұрмысы, қоғамдық өмірдің әлеуметтік мәселелері айқын сураттелді. Мысалы: «Ақтақты», «Құлагер» әндерінде адамның жеке басын кемсітетін ескілікті дәмтүр және әлеуметтік әділетсіздік шынайы бейнеленген. Ал «Сырымбет», «Маңшангер», «Алтыбасар», «Қараторғай» әндерінде туған жердің табиғаттың сұлулығы және ғышықтық сезім сыр шертеді. Қазақ халқының ұлы ақын Абай (Ибрахим) Құнанбаевтің (1845-1904) алуан қырлы творчествосының негізгі бір саласы оның ән творчествосы. Абайдың 30 тарта әні сақталған. Оның ішінде «Ата-анаға көз қуаныш» атты үлгі-өнегелік әні сөзі мен мелодиясының қиюласуы жағынан ерекше көзге түсті. Ал, «Бойы бұлғаң» әнде байлыққа мастанған тоғыштардың топтастығы мен надандығын жеріне жеткізе шенйді. Абайдың жалын атқан жастық шақты, мөлдір махаббатты, қаймағы бұзылмаған ынтықтың сезімді жар ететін лирикалық әндері тыңдушысын эстетикалық әсерге бөлейді. ХІХ ғ. ІІ-жартысындағы қазақ халқының музыкасында Жаяу Мұса Байжанұлының (1835-1929) ән творчествосы ерекше көрініс болды. Жаяу Мұсаның бізге жеткен 70 таяу әндері поэзиялық мазмұны мен музыкалық образдылығы жағынан алуан түрлі болып келеді. Ол өзінің ән творчествосында қазақ халқының ұшаң теңіз ән байлығын, сондай-ақ орыс, украин, татар әуендерінің әуен ырғағын творчестволық жолмен еркін пайдалана білді. Мұның өзі Мұсаның ән творчестволық музыкалық ерекшелігін мәнерлеп байыта түсті. Халық музыкасының ірі - өкілдерінің бірі белгілі әнші-компазитор, ақын-импровизатор Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы (1860-1930). Ол қазақтың атақты әнші-ақындарымен достық қарым қатынаста болуы, оның өнерге деген көзқарасына, дүние танымына үлкен әсер етте. Үкілі Ыбырайдің музыкалық мұрасында 40 жуық әндер бар. Ол өзінің ән творчествосында халықтың әлеуметтік әдет-ғұрпын күн-көріс кәсібін қазақ дерінің ерекшелігін, әсем табиғатын жыр етті. Компазитор творчестволық шыңы сұлу қыздан музыкалық образын аққу кейпінде бейнелеген атақты «Гәкку» әні кең байтақ қазақ даласына тарады. ХХ ғ. басындағы ән мәдениетін өрістеткен классикалық халық музыкасының көренкі өкілдерінің бірі – Естай Бекінбаев (1874-1946). Ол дарынды компазитор әрі шебер орындаушы, ақын ретінде танылды. Естайдың әнші-ақындық, компазиторлық атағын бүкіл қазақ сахарасына мәшһүр еткен ән «Хорлан» осы шығармасымен классик компазиторлардың қатарынан орын алды. Ол – «Бір мысқал», «Майдай қоңыр», «Шек қара ағаш» т.б. әндердің авторы. Әйелдің қоғам өміріне әнші-күйшілік, өмірге араласуына тиым салған ескілікті салт-жораның қиындығы мен кедергісіне қарамастан Назипа Құлжанова (1887-1933), Майра Шамсутдинова (1896-1926), Дина Нүрпейісова (1861-1955) сияқты қазақтың өнерпаз қыздары түнек түндегі жарық жұлдыздай көзге түсті. Қазақтың тұңғыш профессионал әнші әйелдерінің бірі – Майра. Ол жас кезінен-ақ той-думандарда, жәрменкелерде, көпшілік арасында он екі тілді сырнайға немесе домбыраға қосылып қазақтың, орыстың әндерін асқан шеберлікпен сазына келтіре орындаған. Оның «Бақша», «Даланың әні», «Толқыма» әсіресе «Майра» атты әндері қазақтың кең даласын аралады. Сондықтан біз үшін қоғамның әлеуметтік дамуына қазақтардың шаруашылық құрылысына, семьялық-некелік қатынастарына, қолөнері мен тұрмысына, дүниетанымына, салт-дәстүріне, діни нанымына ғылыми талдау жасап алу орынды болып көрінеді. Өйткені қазақ халқының музыкалық творчествосының өзіндік ерекшелігі осы айтылғандармен тығыз байланысты. Қазақстан мәдениеті дамуының өзіне тән ерекшелігі сол, халық ауыз творчествосы оның рухани өмірінің елеулі құрамдас бөлігі болған. Халық сан ғасырлар бойы тамаша көркем құндылықтар тудырып, ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдырып отырды. Олар жеткіншік ұрпақты тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосты және әлі де үлес қосып келеді. Қазақ фольклоры мен эпосының едәуір бөлігі формасы жығынан қарапайым, сонымен бірге суырып салып айтуға, есте сақтап қалуға өте ыңғайлы болып келеді. Қазақ далысында ертеректе күн кешкен әрбір адамның суырп салмалық дарынының болуы, тілінің бейнелілігі, көптеген мақал-мәтелдерді қолдана сөйлеуі осымен сабақтас жатса керек. Қазақтың ауз творчествосы халықтың өмірі мен тұрмыс-тіршілігінің алуан түрлі жақтарын қамтитын өзінше бір жылнама болды. Бұл творчествоның формаларының алуан түрлі болғанын оның музыкамен, теартландырылған қызықты көріністермен тығыз өріліп отырғанынан байқаймыз. Шын мәнінде ақын-жыршылар, сал-серілер өз шығармаларын оырындаушы, импровизатор ғана емес, сонымен қатар күйші-компазитор, әнші-орындаушы болған. Фольклордың әлеуметтік мазмұнының да арқалар жүгі мол. Халықтың ауыз творчествосы олардың тәжірибесінің бірден-бір қайнар көзі болғаны белгілі. Қазақ фольклоры шын мәнінде халықтың өмірі мен тұрмыс-тіршілігінің энциклопедиясы болды. Фольклор арқылы халықтың тұрмысы, өмірі мен қам-қарекеті бейнеленіп қоймайды, сонымен бірге табиғатпен қарым-қатынасының, сал бағудың, көшу-қонудың сан ғасырлық тәжірибесі де баянды етіледі. Тұрмыс-салт, лирикалық, тарихи ән-жырлар, аңыз-ертегілер, батырлар жыры мен лирикалық эпос, айтыс – мұның бәрі қазақтардың бүкіл өмірімен біте қайнасып жатқан. Халық сан ғасырлар бойы жеткіншек ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудің нақты формаларын, әдіс-тәсілдері мен құралдарын қалыптастырып келген. «Бұл – балаларға қайырымды, ілтипатты қатынас жасау, баланың асыл, адамгершілік сезімдерін ояту, жанама ықпал жасау, моральдік қорғау, өзіне деген сенімін нығайту, сенім арту, жауапты да қызықты істерге тарту, реніш, наразылық, жалған сенімсіздік білдіру немесе ашулану, айыптау, бұйыру, еркелете кінә арту, жалған енжарлық көрсету». Қазақтар шешен сөйлеуге, тілдің шұрайлылығына, қанықтылығына, бейнелігіне, айшықтылығына, қатты көңіл бөлген. Мұны қазақтың «өнер алды – қызыл тіл» деген мақаласынан-ақ көруге болады. Шебер сөйлеуге тәрбиелеу, музыкалық аспаптарда ойнауға, ән-күй сайысына қатыса білуге үйрету – музыкалық және эстетикалық тәрбиенің ажырағысыз бөлігі болды. Мысалы, айтыс та, той-томалақ жырлары –жар-жар, сыңсу, қоштасуды, қайғылы сәттерде айтылатын ән-өлеңдер – естірту, жоқтау, көңіл айту да табан астында суырып айта білу қабілетін қажет етеді. Олардың әрқайсысының тек өзіне тән ерекшелігі болады. Әрі бұлар әрі күнге дейін ұмытылған жоқ. Қазақ семьясында ежелден-ақ балаларды музыкалық аспапқа, музыкалық творчествоға ынталандырудың өзіндік методикасы болды. Балалар сәби жастан (кейде тіпті үш жастан бастап) музыкалық аспапта ойнауға үйретіліп, оларға ата-аналары немесе өнерпаз, дарынды адамдар үлгі-өнеге көрсетіп отырған.Қазақтардың музыкалық аспаптарда ойнауға үйрету үстінде қолданылатын халықтың тәрбие дәстүрлерінің әдістері алуан түрлі. Халқымыздың музыкаға үйрету мен тәрбиелеудегі өзіндік ерекшелік сауатты адамдардың тапшылығымен, музыкалық мәдениет жазуының болмауымен, арнаулы музыкалық оқу орындарының жоқтығымен, белгілі бір білім мөлшерін игеру және өз шеберлігін өнемі жетілдіріп отыру үшін көрген-естігенін есте сақтай білу қабілетін айрықша дамыту қажеттілігімен, халықтың өмірі мен тұрмысының өз ерекшеліктерімен байланыста болды. Қазақстан жерінің ұлан-байтақтығына және ру-тайпалық бөліністерге, туысқан халықтардың ықпал-әсеріне қарамастан, педагогикалық көзқарастар да аймақтық айырмашылықтар жоққа тән. Мұның өзі қазақ халық педагогикасында жеткіншек ұрпаққа музыкалық және эстетикалық тәрбие берудің бірыңғай жүйесі эмпиризімдік жолмен қалыптасқан деп есептеуге негіз береді. Халықтың музыкалық және поэтикалық творчествосында жырланған халықтың Отанға, туған жер табиғатына, көз жетпейтін ұлан-байтақ қазақ даласына деген сүйіспеншілігі музыкалық және эстетикалық тәрбие құралы болды. Дәстүрлі айтыстар, «той бастар», «бет ашар», ойын сауық, той-думандардағы қыз-жігіттердің ән-күй сайысы, батырлар жыры, лирикалық тұрмыстық дастандар, тұрмыс-салт жырлары, музыкамен сүйемелденіп айтылатын аңыз-ертегілер және т.б – халықтың ежелгі мәдениетінің осынау баға жетпес мұрасы. Эстетикалық талғамды дамыту, халықтың музыка өнерінің негіздерін игеру, моральдық-этикалық нормаларды бойға сіңіру үшін таптырмайтын аса бай материал. Батырлық дастандар өз халқының мүддесі, арман-тілегі үшін жан аямаған батырлар туралы, халықтың сүйіспеншілігі, рухани жан дүниесінің беріктігі ерлігі мен патриотизмі туралы баяндайды. Сол сияқты лиро-эпостық жырлар – Қыз Жібек, Айман-Шолпан, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу және т.б. күні бүгінге дейін халыққа кеңінен танымал. Оларда халықтың бұрыңғы өмірі, рулық әдет-ғұрыптар мен әдіс дәстүрлер өз көрінісін тауыпәйелдердің ауыр жағдайы тілге тиек болады. Бұлардың барлығы жатқа айтылып, аыздан ауызға тарап отырған. Қазақ халқының музыкалық мәдениеті өзінің негұғлым айшықты көрінісін ән творчествосында тапқан. Сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп халықтың елеп-екшеуінен өтіп, біздерге жеткен таңдаулы халық әндері бүгінгі күні де жеткіншек ұрпаққа тәрбие беруге ойдағыдай қызмет ете алады. Халықтың өткендегі тарихын зерттеудің бір қайнар көзі ретіндегі халық әндері қазақ халқының қуаныш пен қайғы-қасіреттегі, еңбегі мен тұрмысындағы арман-тілегін, үміті мен мұрат-мүдделерін бейнелеп береді. Сондықтанда қай кезде болмасын жыршылар, ақындар, өлеңші әншілер – арқылы қазақ халқның музыка мәдениетін сақтау мен байытуда, балалар мен жастардың биік эстетикалық талғамдарын, көзқарастарын тәрбиелеуде айрықша маңызды роль атқарады. Олар қазақ халқының тарихын, ата-тегін, Жиренше шешен, Қожанасыр, Аяз би, Асан қайғы және т.б. сияқты халық даналарының айтқан сөздерін жақсы біле отырып, бай-шонжарлардың сараңдығын, арамза-айлакерлігін, қатыгез-мейірімсіздігін әжуалап, қарапайым халықтың тамаша ізгі қасиеттерін бойларына сіңіре білді. Олар өздерінің дедактикалық әндерінде халықты адалдыққа, әділеттілікке шақырып, жақсылықтың жеңіп шығатынына сенуге, жамандықпен күресе білуге, жақсы атаулығы ұмтылуға дәріктеп отырды.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында музыкалық білім беру педагогикасы дербес ғылым саласы ретінде дами бастады. Зерттеушілер музыкалық білім беру педагогикасының ғылым ретінде қалыптасу, даму жағдайын басты үш кезеңге бөліп қарастырады.
Бірінші кезең (XIX ғасырдың екінші жартысы) музыкалық білім беру педагогикасының негізін салушы ғалым-ұстаздардың (А.Н. Карасев, СИ. Миропольский, Д.Н. Зарин, А.Л. Маслов, Н.Е. Брюсов, Б.Л. Яворский, С.Т. Щацкий, В.Н. Щацкая және т.б.) педагогикалық іс-әрекеттің белсенділігі және музыкалық тәрбие берудің мазмұның, әдіс-тәсілдерін қарастыруға арналған бірқатар музыкалық-педагогикалық еңбектердің жарық көруімен сипатталады. XIX ғасырдың екінші жартысында музыкалық білім беру педагогикасы саласында балаларды хормен ән салу, музыка тыңдау, музыка сауаттылығы сияқты түрлі шығармашылық іс-әрекеттер арқылы музыкаға тарту, музыкалық мәдениетін қалыптастыру жөнінде практикалық тәжірибенің жинақтала бастағаның байқаймыз.
Екінші кезең (XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың бірінші жартысы) ән-күйдің дербес пән ретінде оқытылуына және музыкалық білім мен тәрбие беру әдістемесінің жасалуына байланысты, музыкалық білім беру педагогикасының жаңа ғылым саласы ретінде қалыптаса басталуымен сипатталады. 1918 жылдың қазан айында бірыңғай еңбек мектептерінің ашылуы жөніндегі Декларацияның жариялануы көптеген жаңалықтарға тиек болды. Сол кездегі көрнекті мемлекет қайраткері А.В. Луначарскийдің басшылығымен Халық ағарту комиссариаты жанында арнайы музыкалық бөлім ашылды (МУЗО). Сөйтіп, мектептерде музыкалық білім мен тәрбие мақсаты мен міндеттері, талаптары айқындалып, музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің жүзеге асыру жолдары қарастырыла бастады. Ән сабағын оқытуға қойылатын талаптар күшейтіліп, білім мазмұнын сұрыптау қолға алынды, сабақ өткізу әдістемесін жасау және оқу құралдарын дайындау жұмыстары жоспарланды. Ән сабағын жүргізетін мұғалім даярлығы да назардан сырт қалған жоқ. Бұл жұмысқа Халық ағарту коммиссариаты беделді, әрі танымал сазгер-педагогтерді тартып, нақты тапсырмалар жүктеді. Сол кезеңде В.Г. Асафьев, В.Г. Каратыгин, Н.Я. Яворский, Н.Л. Гродзенская және т.б. педагогтердің музыкалық тәлім-тәрбиенің өзекті мәселелері бойынша жүргізген соны ізденістері музыкалық педагогиканың дамуына игі ықпалын тигізді. Осы бағыттағы әдістемелік жетістіктер «Музыка в единой трудовой школе» (1921ж.), «Вопросы музыки в школе» (1926ж) және т.б. сияқты әдістемелік әдебиет беттерінде жарияланып тұрғандығын да атап өткен жөн. Аталған басылымдарда жарық көрген Н.М. Ковиннің «Пение и музыка в единной трудовой школе» атты мақаласы назар аударарлық. Ол өз еңбегінде музыкалық қабілеттерді, әсіресе музыканы қабылдау қабілеттерін балаларды теориялық білімдермен қаруландыру негізінде дамытудың қажеттігі жөнінде бүгінгі музыкалық білім беру педагогикасы проблемалармен үндес тұжырымдар жасаған. Мектептегі музыкалық тәлім-тәрбиенің мақсаттары мен мазмұның анықтау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері қарастырылған Н.Я. Брюсованың, музыка сабағын жобалау, кұру мәселелерін талқылауға арналған М.М.Койранскаяның мақалары да музыкалық білім беру педагогикасы Теориясының дамуына айтарлықтай үлес қосқан еңбектер деуге болады. Ресейде музыкалық педагогиканың дамып қалыптасуына музыкатанушы, сазгер, педагог, ССРО ҒА-ның академигі (1943 ж.), КСРО халық әртісі (1946 ж.) Борис Владимирович Асафьев (Псивдоним - Игорь Глебов) көп еңбек сіңірді. Ол ірі музыкатану мектебінің негізін салушы ретінде аса танымал ғалым, эстетика, музыка теориясы мен тарихы туралы кітаптардың, сондай-ақ мектепте музыкалық тәрбие беру әдістемесі және оны ұйымдастыру проблемалары мен кәсіби-музыкалық білім беру жөніндегі салиқалы мақалалардың авторы. Б.В. Асафьев өзінің еңбектерінде мектеп оқушыларының музыканы қабылдау қабілетін, музыкалық талғампаздығын дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлді. Оның пайымдауынша, музыка сабағында тек музыкалық шығармаларды тыңдаумен шектелмеу керек, керісінше, олардың музыкалық қабылдау мүмкіндіктерін кеңейту қажет, яғни «музыканы практикалық жағынан меңгерту» міндеттері қойылуы тиіс. Ол үшін Б.В. Асафьа оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпалын тигізетін хормен ән салу әрекеттеріне көбірек назар аударуды ұсынды. Б.В. Асафьевтің пікірінше, өнер туындыларының бағасы мен нарқын осы салада аз да болса шығармашылықпен әрекет етіп соның жемісіне қуанып, шаттана білген адам ғана байыптай алмақ. Бұдан оның өнермен шұғылданудағы шығармашылық іс-әрекетке ерекше мән бергендігін көреміз. Музыканы тыңдап, қабылдаудың психологиялық аспектілері соның ішінде «музыкалық ұғым-түсініктер» негізінде музыкалық ойлауды дамыту, музыканы тыңдау барысында адамның белгілі бір сезімге бөленіп, сан қилы психикалық кейіпке (қуану, мұңаю, серпілу, т.б.) түсіп қана қоймай, талдау, жинақтау, салыстыру нәтижесінде музыкалық материалдарды саралау, сұрыптау, баға беру сияқты ойлау процестерінің жүріп жататындығы Б.В. Асафьевтің назарынан сырт қалмаған. Оның пікірінше, салыстыру әдісі музыканың табиғатын, ондағы қарама-қарсылықты, тепе-теңдікті, қайталанымдарды жете түсінуге, әсіресе есту дағдыларының қалыптасуына жағымды ықпалын тигізеді. Осылайша музыкалық шығармалардағы ырғақтық, ладтық, динамикалық, шапшаңдық, тембрлік, ерекшеліктерді ажырата білу, есту дағдыларының жетілуіне және қабылданған материалды жинақтауға, музыкалық сауаттылық негіздерін меңгеруге көмектеседі. Б.В. Асафьевтің келесі жетістігі музыканы қабылдау мен түсінуде, музыкалық құбылыстарды салыстырып пайымдауда қарапайымнан күрделіге қарай өрлеу жөніндегі пікірі болып табылады. Б.В. Асафьевтің музыкалық педагогика саласында қалыптастырған қағидалары сол кезеңде музыкалық тәрбиенің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосты, әрі болашақта дамуына негіз болды. Бұл кезең педагогикада түрлі тенденциялар мен ағымдардың пайда болуымен де ерекшеленеді. Педагогиканың бір бөлігі ретінде музыкалық білім беру педагогикасы да «Еркін тәрбие», «Кешенді-проективтік әдіс», «Бригадалық-лабораториялық әдіс» идеяларының, оның кері ықпал әсерінен шет қалған жоқ. Сөйтіп, 30 –шы жылдары музыка пәнінің дәрежесін көтеру бастамалары бәсенсіп қалды. Оқу жоспарында аптасына екі сағат жоспарланған музыка сабақтары бір сабаққа кеміді. Музыкалық білім берудің осы кезеңінде музыкалық тәлім-тәрбие сабақтан тыс әрекеттерде жүргізілуі тиіс деген пікір, көзқарастар белең алған болатын. Бұл осы бағыттағы тәрбие жұмысының жандануына себепші болды. Балалардың көркемдік тәрбие үйлері, пионер үйлері мен сарайлары, түрлі клубтардағы балалар секторлары жедел қарқынмен жұмыс істей бастады. Осы кезеңде В.Г. Соколовтың жетекшілігіндегі балалар қоры сияқты тамаша көркемдік ұжымдар өмірге келді. Музыкалық білім беру педагогикасының қалыптасуында шешуші роль атқарған бұл кезеңде тек ғылыми-әдістемелік өндемелердің және музыкалық білім берудің мазмұнын, әдіс-құралдарын, ұйымдастыру формаларын қарастырған ғылыми әдістемелік еңбектердің жарыққа шығарылуымен бірге, музыкалық білім беру проблемаларын шығармашылықпен, теориялық тұрғыдан таразылайтын батыл қадамдар жасалды. Ленинград қаласындағы Пионер сарайында И.И. Левидовтың жетекшілігімен ұйымдастырылған балалар дауысын қорғау және дамыту проблемасы жөніндегі ғылыми - зерттеу жұмысы сияқты күрделі ғылыми ізденістер бой көрсете бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |