Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік униврситеті


кесте Қоғамдық ғимараттар мен биналарға арналған бекітілетін техника - экономикалық көрсеткіштердің шамалық тізімі



бет3/4
Дата28.06.2016
өлшемі2.31 Mb.
#162891
1   2   3   4

2.4 кесте

Қоғамдық ғимараттар мен биналарға арналған бекітілетін техника - экономикалық көрсеткіштердің шамалық тізімі

№№

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Мағналары

1

Қуаттыдық, сиымдылық, өткізу қабілеті

Сәйкес бірліктерде




2

Жер участогының жалпы ауданы

га




3

Ғимараттар мен биналардың жалпы ауданы

кв.м.




4

Құрылыс көлемі

м. куб.




5

Қуат қорларының салыстырмалы шығындары

т.ш.о./жыл




6

Құрылыстың жалпы құны, оның ішінде ҚМЖ

млн. теңге




7

Құрылыс мерзімі

ай




8

Негізгі өндіріс фондтар құны

млн. теңге




9

Баланстық (жалпы) кіріс

мың тең./жыл




10

Таза кіріс (кәсіпорынның таза пайдасы)

мың тең./жыл




11

Есе қайтару мерзімі

жыл





2.5 кесте

Тұрғын ғимараттарға арналған бекітілетін техника - экономикалық көрсеткіштердің шамалық тізімі

№№

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Мағналары

1

Қуаттыдық, сиымдылық, өткізу қабілеті

Сәйкес бірліктерде




2

Құрылыс көлемі

м. куб.




3

Жалпы аудан

м. кв.




4

Тұрғын аудан

м. кв.




5

Тұрғын ауданның жалпы ауданға қатынас коэффициенті







6

Құрылыстың жалпы құны, оның ішінде ҚМЖ

млн. теңге




7

1 м. кв.ауданның (жалпы, тұрғын) құны, оның ішінді ҚМЖ құны

млн. теңге




8

Бір пәтердің орта бағасы

млн. теңге




9

1 м. кв. жалпы ауданға қуат қорларының салыстырмалы шығындары

т.ш.о./жыл




10

Табиғи жарықтандыру







11

Құрылыс мерзімі

ай




4 дәріс. Тақырып: Құрылыс объекті жобасының құрамы мен мазмұны.

Дәріс сұрақтары:

1.Құрылыс объекті жобасының құрамы мен мазмұны.


Өндірістік тағайындау кәсіпорындардың, ғимараттардың және бина-лардың құрылысына жоба келесі бөлімдерден түзеледі :

- жоба төлқұжаты;

- жалпы түсіндірме жазу;

- объектінің бас жоспары және көлік;

- технологиялық шешімдер;

- өндірісті және кәсіпорынды басқару, ұйымдастыру және қызмет-керлердің еңбек шарттары;

- сәулеттік-құрылыс шешімдер;

- инженерлік жабдықтау, торлар және жүйелер;

- құрылысты ұйымдастыру (жобалауға тапсырмаға айқын көлемде);

- қоршаған ортаны қорғау;

- азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық шаралары, төтенше жағдайларды ескерту шаралары;

- сметалық құжаттар;

- инвестициялар нәтижелілігі (қажетті жағдайларда) және техника – экономикалық көрсеткіштер (В қосымша);

- негізгі құрылыс материалдардың, бұйымдардың және контрукция-лардың қажеттілік құрама ақпартізімі.

Кәсіпорын мұқтаждықтарына арналған тұрғын-азаматтық тағайындау объектілерін құру қажеттілігі болған жағдайда, жобалау-сметалық құжаттар құрамынан бөлек тұрғын-азаматтық тағайындау объектілерін құру жоба бөлі-ніп шығарылады. Ол «Кәсіпорындар, ғимараттар және биналар құрылысы-ның жобалау-сметалық құжаттарын өңдеу, келісу, бекіту және құрамы тәртібі туралы нұсқау» 4.2 тармағына және өзара байланысқан жалпы өнеркәсіптер үшін техника-экономикалық көрсеткіштер бар биналар, қалақұрылыс құжат-тарын өңдеу, келісу, бекіту және құрамы туралы ережелеріне сәйкес өңделе-ді.

Өндірістік тағайындау кәсіпорындардың, ғимараттардың және бина-лардың құрылысына жобаның ұсынылатын құрамы мен мазмұны төменде қарастырылады.

Жалпы түсіндірме жазу құрамы:

- жобаны өңдеуге арналған негізден;

- жобалауға арналған бастапқы мәліметтерден;

- кәсіпорын қысқаша сипаттамасын, биналар және оның құрамына кіруші өндірістер, жобалық қуаттылық және номенклатура, сапа, бәсекеге қабілеттілік, өнімнің техникалық деңгейі,­ шикізат базасы, отынға, суға, жылу және электр қуаттарына қажеттіліктер, шикізаттарды, өндіріс қалдықтарын, екінші қайтару қуат қорларын комплексті қолдану, құрылыс ауданының әлеуметтік-экологиялық шарттары туралы мәліметтерден;

- бас жоспардың, инженерлік торлар және коммуникациялардың, аумақты инженерлік қорғау шараларының негізгі көрсеткіштерінен;

- жұмыс істеушілердің шарттарын және қорғауын, санитарлық-эпиде-миологиялық шараларды, еңбек қауіпсіздігін және ­азауқатты халық топтары-ның тіршілік әрекет шарттарын, негізгі шешімдерді сипаттайтын жалпы мәлі-меттерден;

- ойлап табуларды және патенттерді жобада қолдану туралы мәлімдеу-ден;

- жобаны өңдеу нәтижесінде алынған техника-экономикалық көрсет-кіштер, оларды объект құрылысына бөлінген инвестициялар және тапсыр-мамен анықталған және жобалауға бекітілген (мақұлданған) негіздеулерді салыстыру, жобаны орындау бойынша тұжырымдар мен ұсыныстардан;

- өткізілген жобалау шешімдердің келісулері туралы мәліметтерден;

- өңделген жобалау-сметалық құжатардың мемлекеттік қадағалау (ба-қылау) және мүдделі ұйымдар мен объекттің орналасу орнын келістірген тұлғалар берген, мемлекеттік нормаларға, ережелерге, бастапқы мәліметтер-ге, сонымен қатар техникалық шарттарға және талаптарға сәйкестігін растау-дан;

- жұмыс істейтін нормативтік құжаттардан шегінулер туралы орнық-тырылған тәртіппен келісімді орындаудан;

- негізгі принциптер көлемдік-жоспарлау және сәулеттік шешімдерден тұрады.

Объекттің бас жоспары және көлік:

- ауданның және құрылыс алаңдарының қысқаша сипаттамасынан;

- бас жоспар бойынша (аумақтың зоналауын ескере), алаң ішіндегі жә-не сыртқы көліктердің шешімдері мен көрсеткіштерін, көлік түрін таңдаудан;

- негізгі жоспарлау шешімдерінен, аумақты сәулеттендіру шаралары-нан;

- инженерлік торлардың және коммуникациларының орналасуынан;

- кәсіпорын күзетін ұйымдастыруддан - тұрады.

Негізгі сызулар:

а) бар және жобаланатын сыртқы коммуникациялар, инженерлік жүйелер және селитебтік аумақтар, санитарлық-қорғау зона шектері, ерекше күзетілетін аумақтар көрсетілген кәсіпорынның, ғимараттың, бинаның орна-лыстырылған ситуациялық (жағдайлық) жоспар, ал бойлық биналар (алаңнан тыс және алаң ішіндегі) үшін жол жоспары, ал қажетті жағдайда жолдың бой пішіні және жер салуларының көлденең пішіні келтіріледі;

б) жер массасының картограммасы (ұзындық биналардан басқа);

в) бар және жобаланатын (қайта құрылатын), сонымен қатар бұзуға жа-татын ғимараттар мен биналар, қоршаған ортаны қорғау және сәулеттендіру объектілері, аумақты көгалдандыру және алаң ішіндегі инженерлік тораптар мен көлік коммуникациялары, аумақтың жоспарлау белгілері белгіленген бас жоспар, сонымен қатар шығарылатын кешендерге кіруші объекттер, тораптар және көлік коммуникациялары бөлінеді.

Технологиялық шешімдерге:

- өндірістік бағдарлама туралы мәліметтер;

- өндіріс технологиясы бойынша қысқаша сипаттама және шешімдерді негіздеу, еңбек сіңіргіштік (станок сиымдылығы), механикаландыру және технологиялық процестерді автоматтандыру туралы мәліметтер;

- қолданылатын жабдықтардың, соның ішінде импорттық жабдықтар-дың, құрамы және негізделуі;

- аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық өндірістер және процес-терді, жылуды және ұсталған химиялық реагенттерді қайта қолдану бойын-ша шешімдер;

- жұмыс орындарының саны және олардың жабдықталғандығы;

- цехаралық және цех ­ коммуникацияларының сипаттамасы;

- өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар;

- жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру бойынша­ шешімдер;

- қуат сақтау бойынша шаралар;

- атмосфераға зиянды шығарулар мен су қайнарларына тастаулардың (бөлек цехтер, өндірістер, биналар бойынша) саны және құрамы туралы мәлі-меттер;

- қоршаған ортаға зиянды шығарулар мен тастауларды болдырмау (қысқарту) бойынша техникалық шешімдер, апаттақ жағдайлар пайда болу мүмкіндігін бағалау және оларды болдырмау бойынша шешімдер;

- пайдалану және жерлеуге жататын өндірістік қалдықтар көлемі, түр-лері, құрамдары;

- технологиялық процестердің жағармайлық-қуаттық және заттық ба-ланстары;

- негізгі технологиялық мұқтаждықтарға арналған қорлардың түрлеріне қажеттілік.

Негізгі сызулар:

а) технологиялық процестердің принципшіл желілері;

б) ғимараттар (цехтар) бойынша жабдықтардың және көлік құрал-дарының орналасу нұсқауымен технологиялық жоспарлау;

в) жүк ағындарының желілері.

Бөлімді өңдеуде технологиялық жобалау салалық нормаларын басшы-лыққа алу қажет.

Өндірісті, өнеркәсіпті және ұйымдарды басқару, жұмысшылар және қызметшілердің еңбек шарттары мен қорғауы Еңбек Министрлігі және Қа-зақстан Республикасының халық әлеуметтік қорғауының нормативтік құжат-тарына сәйкес орындалады.

Бұл бөлімде:

- кәсіпорынның және бөлек өндірістердің басқару құрылымын ұйым-дастыру, автоматтандырылған басқару жүйесі және оны ақпараттық, функци-оналдық, ұйымдастыру және техникалық қамсыздандыру;

- басқару қызметкерлерінің еңбектерін автоматтандыру, механикалан-дыру;

- жұмыс істеушілердің кәсіби-дәреже құрамын есептеу нәтижелері;

- жұмыс орындардың саны және жабдықталғандығы;

- кәсіпорында жұмыс істеушілердің санитарлық-гигиеналық еңбек шарттары;

- еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша ­ шаралар, соның ішінде өндіріс шуларын және дірілдерін, бөлмелердің газдануын, артық жылынуын, еңбек шарттарының комфорттығын жоғарылату шаралары ж.т.б. – қарастырылады.

Сәулетшілік - құрылыс шешімдер: ­

- құрылысқа арналған ұсынылатын участок сипаттамасын, оның тұрған жерін, мөлшерін, замандас күй-жағдайларын және қолдануын ескере: объект сәулеттік шешімдерін қысқаша суреттеуден;

- аумақтың, көліктің және инженерлік-құрылыс шарттардың, инженер-лік коммуникациялардың және оның үстімен немесе іргелес аумақтары арқы-лы өтетін өнім өткізу қабылетінің, жоспарлау шектерлердің және жұмыс іс-тейтін қала құрылысы құжаттардың экологиялық күй-жағдайы туралы мәлі-меттерден;

- ғимараттар мен биналарды бұзу, көшіру жөніндегі талаптардан;

- азауқатты халық топтарының тіршілік әрекетін қамтамасыз етуден, құрылыс ережелерінен, қалақұрылыс концепциясын сақтаудан, мәдениет ескерткіштерін және табиғатты сақтаудан, олардың қорғау аймақтарын және ерекше жөнге салу аймақтарынан;

- жер асты кеңістіктерін қолдану мүмкіншіліктерінен;

- сәулетшілік-құпылыс тапсырмасымен анықталған талаптардың орын-далуынан;

- объекттер (объекттердің) жұмыс жасауларын қамтамасыз етуге арнал-ған жобаланушы инженерлік биналардың шешімдерін суреттеуден;

- жобаланушы объекттің негізгі сәулеттік-жоспарлау параметрлерінен;

- құрылыс алаңдарының инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық шарттарынан, сонымен қатар негізгі ғимараттар мен биналар бойынша қыс-қаша суреттеу және сәулеттік-құрылыс шешімдерін негіздеу туралы мәлім-деуден;

- өлшемнің қоршау контрукцияларының жылу сақтайтын қасиеттерін жақсарту, өндіріс шуларын және дірілдеулерін төмендетудің принциптік ше-шімдерін негіздеуден, жұмыс істеушілерге тұрмыстық, санитарлық қызмет ету шараларынан;

- электрлік, жарылыс, өрт қауіпсіздіктері бойынша шаралардан;

- құрылыс контрукцияларын, торларын және биналарды коррозиядан қорғау шараларынан;

- негізгі сызулар: жоспарлар, негізгі күштеу көтеруші және қоршау конструкцияларын көрсететін негізгі ғимараттардың және биналардың қас-беттері және қималардан – тұрады.

Инженерлік жабдықтау, торлар және жүйелер:

- канализация, сумен, жылумен, газбен, электрмен жабдықтау, жылыту, желдету және ауа тазарту бойынша шешімдерден;

- бақылау, есепке алу және жөнге салу құралдарына бақылау бойынша шаралардан;

- ғимараттар мен биналарды: электр жабдықтау, электрмен жарықтан-дыру, байланыс және сигнал беру, радиоландыру және теледидар, өртке қарсы сақтық қондырғылармен, найзағайдан қорғаныш және басқа инженерлік жабдықтаудан;

- инженерлік жүйелерін басқаруды автоматтандыру және диспетчер-леуден – тұрады.

Негізгі сызулар:

а) жылумен жабдықтаудың, электр жабдықтаудың, газбен жабдық-таудың, сумен жабдықтаудың, канализацияның және басқалардың түбегейлі желілері;

б) инженерлік торлардың жоспарлары;

в) инженерлік торлардың кесілгендегі кескіндері (қажет болғанда);

г) негізгі биналардың сызулары:

д) жылыту-желдету жүйелерін түсірумен негізгі ғимараттардың жоспарлары және жылыту-желдету қондырғыларының түбегейлі желілері, сумен жабдықтау және канализацияның желілері;

е) электр жабдықтаудың, электр жабдықтардың, радиоландыру және сигнал берулердің, инженерлік жүйелер басқаруын автоматтандырудың жә-не басқалардың түбегейлі желілері.


Құрылысты ұйымдастыру
Бұл бөлім жұмыс істейтін нормативтерге және жобалау-ізденіш жұ-мыстарды орындауға арналған келісім-шартта баяндалған шарттар мен та-лаптарды ескере,­ құрылыс материалдары, бұйымдары және контрукциялары нарығы туралы, сонымен қатар қызмет көрсету бар мәліметтерге сәйкес өңделеді ­.
Қоршаған ортаны қорғау
Бөлім республикалық құрылысты басқару органымен бекітілген, мем-лекеттік және мемлекетаралық стандарттарға, табиғи қорларды және Қазақ-стан Республикасының қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің нормативтік құжаттарына және табиғат қорғауды реттеуші басқа нормативтік құжаттарға сәйкес орындалады.
Азаматтық қорғаныстың инженерлік - техникалық шаралары­, төтенше жағдайларды алдын ала ескерту шаралары
Бұл бөлім азаматтық қорғаныс, халықты және аумақтарды табиғи тө-тенше және техногендік мінездемелі жағдайлардан қорғау облыстарындағы нормалар мен ережелерге сәйкес орындалады.
Қоршаған орта күзеті

Бөлім мемлекеттік және мемлекет аралық стандарттарға, құрылыс нормалары мен ережелері және басқа нормативті актілерге, табиғатты қорғау қызметтін реттеу жұмыстарына сәйкес өңделеді.

­

Азаматтық қорғаныстың инженерлік - техникалық шаралары төтенше жағдайлардың ескерту шараларынан тұрады

Бұл бөлім азаматтық қорғаныс, халықты және аумақты табиғи және техногенді сипатталатын төтенше жағдай облысында жұмыс істейтін норма-лар мен ережелерге сәйкес орындалады.



Құрылысты ұйымдастыру

Аталмыш бөлім жобалау жұмыстарына келісім-шартта баяндалған жұмыс істейтін нормативтер мен талаптарға, құрылыстық қызмет көрсету нарығы туралы бар мәліметтерге сәйкес өңделеді.

Сметалық құжаттар «Кәсіпорындар, ғимараттар және биналар құрылы-сына жобалау-сметалық құжаттар құрамы мен өңдеу, келісу, бекіту тәртібі жөніндегі нұсқау»-дың 4.1.10 бабының ережесіне сәйкес құрастырылады. ­

Инвестициялардың әсерлілігі және техника-экономикалық көрсеткіш-тер «Кәсіпорындар, ғимараттар және биналар құрылысына жобалау-смета-лық құжаттар құрамы мен өңдеу, келісу, бекіту тәртібі жөніндегі нұсқау»-дың 4.1.11 бабының ережесіне сәйкес өңделеді.



Негізгі сызулар:

- 1:5000, 1:10000 масштабта ситуациялық жоспар;

- бас жоспар схемасы немесе 1:500, 1:1000 масштабтабында орындал-ған топографиялық негізде участок бас жоспары, қабаттар жоспарлары, қасбеттер, қүш көтеруші және қоршау конструкцияларының (жеке және қайта қолданылатын жобалар бойынша) схемалық бейнеленген ғимараттар мен биналар қималары;

- қайта қолдану жобаларының байлау каталогтық беттері;

- негізгі бөлмелердің ішкі көріністері (жобалау тапсырмасына сәйкес өңделеді);

- жеке конструктивтік шешімдердің схемалық бейнеленуі;

- негізгі жабдықтардың нормальдерге сілтемелері бойынша техноло-гиялық құрастырылуы немесе әр қабатта орналастыру жоспарлары;

- инженерлік жабдықтаудың принциптік схемалары және сыртқы инже-нерлік ­ коммуникациялар жолдарының схемалары;

- ішкі алаңшалар v торлары жолдарының, оларға биналардың­ жоспар-лары және объекттің электр жабдықтау схемасы;

- инженерлік жабдықтар құралдарын басқаруды және санитарлық-техникалық қондырғыларды автоматтандырудың принциптік схемалары;

- байланыс және сигнал беру ұйымдарының схемалары;

- қоқымды шығару схемалары.

Жобалаушы ұйым тапсырыс берушімен бірге жобалау-іздеуші жұмыс-тарын орындау келісім-шартында берілетін жобалау-сметалық құжаттары-ның даналар санын анықтайды, ал ол жоқ болған жағдайда тапсырыс беруші-ге төрт дана береді. Жалдаушы жобалау ұйымы­ бас жобалаушыға бес дана құжат береді.

№5 дәріс. Тақырып: Құрылыс объектілерінің жұмысшы құжаттар құрамы.



Дәріс сұрақтары:

1.Құрылыс объектілерінің жұмысшы кұжаттар құрамы.



1.Құрылыс объектілерінің жұмысшы кұжаттар құрамы.
Кәсіпорындарды, ғимараттарды және биналарды құруға арналған құ-жаттар құрамы ­СПДС мемлекеттік стандарттарына, салааралық технология-лық жобалау нормаларына сәйкес анықталады және тапсырыс беруші мен бас жобалаушы жобалау келісім-шартты (контрактты) дәлдеп белгілейді.

Жұмысшы құжаттар құрамына:

- құрама смета, қажетті жағдайда шығындардың мәліметі;

- объекттік және жергілікті сметалар - кіреді.

Жұмысшы сызуларда сілтемелер бар, мемлекеттік және салалық стан-дарттар, сонымен қатар типтік контрукциялар, бұйымдар және тораптар сы-зулары, жұмысшы құжаттар құрамына кірмейді және егер ол келісім-шартта ескерілген болса, бас жобалаушы тапсырыс берушіге анықталған ретпен беруі мүмкін.

Жобалауға тапсырма құрамы ­ салалық ерекшіліктер және құрылыс түрі ескеріліп орнықтырылады.

Өндірістік тағайындау объектілерін жобалауға тапсырмамен бірге тапсырыс беруші жобалау ұйымдарына, келесі негізгі құжаттар және мате-риалдар:

- берілген объекттің құрылыс инвестицияларын негіздеуді;

- объекттің орналасу жерін алдын ала келісуі туралы өкімет жергілікті атқару органының шешімін;

- құрылысқа арналған жер алаңының (жолдың) таңдау актісі және оған ұсынылатын материалдарды;

- анықталған ретпен құрастырылатын сәулеттік-жоспарлау тапсырма-сын;

- жобаланатын объекттің жабдықтау қайнарларына, инженерлік торап-тар мен коммуникацияларға қосылуына техникалық шарттарды;

- объект құрылысы туралы қоғаммен өткізілген талқылаулар шешім-дері туралы мәліметтерді;

- жабдықтар, соның ішінде жеке дайындаулар бойынша бастапқы мәлі-меттерді;

- технологиялық процесстер мен жабдықтарды жасаумен байланысты ғылыми-зерттеу, тәжірибелі-конструкторлық жұмыстардың орындалуы бо-йынша қажетті мәліметтерді;­

- қаттау материалдарды, көшіру және көшірілген ғимараттар мен бина-ларға берілетін өтемдердің сипаттамалары туралы бағалау актілер және жергілікті әкімшілік шешімдерді;

- жергілікті әкімшілік пен мемлекеттік бақылау органдардан, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың, табиғи шарттардың және табиғи қоршаған орта жағдайларының мінездемесі, бар ластану көздері және табиғат қорғау органдардың талаптарына сәйкес басқа мәліметтері, құрылыс ауданындағы санитарлық-эпидемиологиялық шарттар туралы алынған материалдарды;

- инженерлік іздеулер мен тексерулердің бар материалдарын, құрылыс участоктарында ғимараттар, биналар, жер асты және жер үсті торлар мен коммуникациялар бар өлшеу сызуларды;

- кәсіпорын өнімдерінің сызулары мен техникалық мінездемелерін;

- құрылысқа (қажетті жағдайда) тендерлік құжат өңдеуге тапсырманы­;

- жұмыс істейтін өндірістер, ғимараттар және биналар конструкцияла-рын тексеру нәтижесі бойынша орындалған нәтижелер және материалдарды;

- технологиялық жоспарлаулар це жұмыс істейтін ­цехтердің, жабдық-тардың санап терулері бар участоктар мен олардың жағдайлары туралы мәлі-меттердің, жұмыс орнындағы еңбек шарттары мәліметтердің технологиялық жоспарлануын;

- уақытша ғимараттар мен биналарды, көтеру-көлік машиналары мен механизмдерін, құрылыс материалдарын қоймалау жерлерін орналастыруға шарттарды;

- басқа материалдарды – береді.

Тапсырыс беруші тұрғын-азаматтық тағайындау объекттерді жобалау тапсырмасымен бірге жобалау ұйымына келесі бастапқы құжаттар мен мате-риалдарды береді:

- құрылысқа инвестицияларды негіздеу немесе басқа алдын ала бекітіл-ген жобалау құжатты;

- алдын ала келісілген объект орналастыру жері туралы жергілікті өкі-мет атқару органының шешімін;

- сәулетшілік-жоспарлау тапсырмасын – береді.

- бекітілген құрылыс участогының толық жоспарлаулары бар матери-алдарын;

- құрылыс участогының топографиялық түсірулері және геологиялық, гидрогеологиялық ізденістер бар материалдарды;

- бар және сақтап қалынатын көгалдандыру бойынша материалдарды;

- жер асты және жер үсті инженерлік биналар мен коммуникациялар туралы мәмімдеулерді;

- қаттау материалдарын, бағалау актілер және көшіру мен көшірілетін биналарға өтемдер сипаттамалары туралы жергілікті атқару органдарының шешімдерін;

- сыртқы инженер торларға және коммуникацияларға қосылуға техни-калық шартды;

- табиғи қоршаған орта бедерсіз жағдайы, халықтың жайлы өмір сүру-лері туралы, тұрғын-азаматтық тағайындаулы ­ объектілерге жақын маңда техногендік объектілердің құрылысы бар және олардың мүмкін апаттық жағдайларда аймақтарға әсерлері туралы мәлімдеулерді;

- басқа материалдарды.


6дәріс. Тақырып: Жалпы мағлұмат және жобалардың сараптау жұмыстарын жүргізудің реті.
Дәріс сұрақтары :

1. Жобаларды сараптау туралы жалпы мәлімметтер

2. Сараптау өткізу жалпы реті
1. Жобаларды сараптау туралы жалпы мәліметтер
Әртүрлі тағайындалынатын барлық құрылыс объектілерінің инвести-циялық жобалары, құрылыс қаржыландыру қайнарларынан (мемлекеттік не-месе экономика жеке секторынан) тәуелсіз міндетті түрде сарапталуға жата-ды. Бұл жағдай «Алдын ала жобалау құжаттың бөлек түрлері, сонымен қатар жобалау (жобалау-сметалық) құжаты бойынша сараптау өткізу ережелері», №918 19 тамыз 2002 жылы Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен бекіткен құжатта бекітілген. Бұл Қазақстан Республикасында құрылыс объектілеріне және кешендерге алдын ала жобалау құжаттың бөлек түрлері, сонымен қатар жобалау (жобалау-сметалық) құжаты бойынша сараптау өткізу ережелері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында сәулеттік, қалақұрылыс және құрылыс қызметтері туралы» Заңына және басқа нормативтік заңға сүйінген актілерге сәйкес өңделген.

Ережелер құрылысқа, қайта құруға, қалпына келтіруге, кеңейтуге, техникалық қайта жабдықтауға, жаңартуға, объекттер мен олардың кешен-дерін күрделі жөндеуге, коммуникациялар салуға, аумақты инженерлік дайындауға, сәулеттендіруге және көгалдандыруға алдын ала жобалау және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттарын сараптауды ұйымдастыру және іске асыру ретін қондырады.

Ережелер Қазақстан Республикасы көлемінде барлық сәулеттік, қала-құрылыстық және құрылыстық қызметтер субъекттері үшін міндетті болып табылады.

Жобалар сараптауын, мемлекеттік сараптаудың ерекше хабардарлық-тарына жатпайтын, сараптау жұмыстардың лайықты түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар аттестацияланған жеке тұлғалар (сарапшылар) және аккредиттелген заңды тұлғалар (сараптау орталықтары) жүзеге асыра-ды.

Сарапшыларды аттестаттау және сараптау орталықтарын аккредиттеу құрылыс істері жөніндегі экономика және сауда министірлігінің Комитеті жүзеге асырады.

Мемлекеттік сараптауды Қазақстан Республикасының үкіметі уәкіл етіп сайлаған заңды тұлға жүзеге асырады.

Уәкіл етіп сайланған заңды тұлға (мемлекеттік сараптау) анықталған ретте құрылыс істері жөніндегі Комитеттің ведомствоға қарасты ұйымдар тізіміне қосылады.

Жобаларды сараптау жобаларды бекітуге дейін өткізіледі.

Жобаларды сараптау шығындарын келісім-шарт негізінде қаралатын жобаның құнына жатқызуымен жүзеге асырылады .

Мемлекеттік тапсырыс есебінен орындалатын сараптау жұмыстарына бағалар мен тарифтерді, уәкіл етіп сайланған орган - құрылыс ісі жөніндегі Комитет, сонымен қатар табиғи монополиялар мен бәсеке қорғауға уәкіл етіп сайланған мемлекеттік органмен келісу бойынша Мемлекеттік сараптау орнықтырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет