2. Сараптау өткізудің жалпы ережелері
Жобаларды сараптау, жобалау шешімдерімен пайдалануға берілгеннен кейін, объекттердің тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз етуге бағытталған және келесі сараптау бағалауын қосады:
1) жобалау үшін тапсырмаға және басқа негізгі материалдарға (мәліметтерге), техникалық шарттарға және талаптарға, сонымен қатар бекітілген қалақұрылыс (жоспарлау) шешімдерге және берілген участоктың (алаңдар, жолдар) құрылысқа функционалдық тағайындалу сәйкестігін;
2) жарылыс және өрт сөндіру қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, инженерлік, қор жинақтушы, мемлекеттік және мемлекет аралық нормативтермен анықталған экологиялық және санитарлық талаптар бойынша міндетті талаптардың сақтауын;
3) қабылданған көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерді, қолданылатын материалдар және инженерлік жабдықтарды негіздеуін, сенім-ділік және құрылыс контрукцияларының беріктігін;
«Сараптау өткізу ережелері...» -не сәйкес өткізілген жобалар бекітілуі, сараптаудың оң қорытындысысыз іске асыруды бастауға рұқсат беру мүмкін емес.
№7,8дәріс.Тақырып:Жобаларды Мемлекеттік сараптамадан өткізу және сараптама жүргізу барысындағы қолданалатын негізгі түсініктер.
Дәріс сұрақтар:
1. Жобаларды мемлекеттік сараптау
2. Қорытынды ой желістері
3. Жобаларды сараптау өткізу барысында
қолданылатын негізгі ұғымдар
1. Жобаларды мемлекеттік сараптау
к сараптаудың ерекше хабардарлықтарына инвестициялар негіздеулерінің, техника-экономикалық негіздеулердің және есептеулердің, объектілер (құрылыс кешендер) құрылысына арналған жобалық (жобалық-сметалық) құжаттардың:
1) мемлекеттік инвестициялар есебінен немесе олардың қатысуымен салынатын, сонымен қатар мемлекеттік инвестициялар қатысуысыз салы-натын, бірақ шығарылатын өнім көлемдерінде мемлекеттік меншік үлесі немесе пайдалануға берілетін қызметтердің заңды тәртіппен орнықтырылуын қарастыратын;
2) мемлекеттік нормативті талаптарға санитарлық, экологиялық, өрт сөндіру және жарылыс қауіпсіздік, еңбек күзеті, контрукциялардың сенімді-лігі, потенциалды қауіпті және техникалық күрделі объектілердің жұмыс жасау тұрақтылықтары бойынша, құрылыс қаржыландырулар қайнарлары-нан тәуелсіз сәйкестік бөлімдегі сараптаулар жатады.
Мемлекеттік сараптауға сонымен қатар мемлекеттік сауда жасаулар өткізуге, құрылыстың ірі және күрделі объектілерімен немесе объектілерге құрылыс ұзақтығы алты айдан жоғары мердігерлік жұмыстар (қызметтер) конкурстік (тендерлік) құжаттары жатады.
Кезеңді жобалау және құруды қарастыратын, объектілер мен кешендер бойынша, жобалардың мемлекеттік сараптауы сәйкес кезеңдер (эксперттік ере жүру) бойынша іске асырылуы мүмкін.
Құрылыс істері бойынша Комитет бекітетін, эксперттік ере жүру жүзеге асыру реті мемлекеттік нормативтермен орнықтырылады.
Қойылған функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік сараптау:
1) өткізілген сараптау нәтижесіне сәйкес жобаларды бекітуге ұсыну, қабылдамауға немесе жөндеуге қайтарып беруге;
2) тапсырыс берушілердің берген тапсырмалары оындалмаған жағдай-да, шарттар (талаптар) тұжырымдарында айтылған, алдыңғы дұрыс нәтиже-лерді шақырып алуға;
3) мемлекеттік органдар және заңды тұлғалар, сонымен қатар жобаның бөлек мамандары-өңдеушілері арқылы қаралатын жоба тапсырыс берушісінен заңды тәртіппен орнықтырылған, сапалы сараптау өткізу үшін қажетті материалдар мен ақпараттарды сұрау және алуға;
4) жоба өңдеушілерінде лайықты лицензия бары туралы мәліметтер сұрау және алуға.
5) жобаларды комплексті қарау және құрама тұжырымдама құру үшін орнықтырылған тәртіппен сараптау комиссия (жұмысшы топ) құру немесе мамандарды жұмысқа тартуға құқықты. Бұл жағдайда жобаларға мемлекеттік сараптау өткізу үшін шақырылған мемлекеттік органдар мамандарының, ғылыми ізденуші, жобалау және басқа ұжымдар, сонымен қатар шетел мамандары санынан сараптаушыларда лицензиялар болуы міндетті емес.
Мемлекеттік органдардың және ұйымдардың бастықтары, өздерінің хабардарлығына кіруші жобаларға комплексті мемлекеттік сараптау өткізуге кіретін сұрақтар бойынша өз мамандарын шақырылған сараптаушылар ретін-де қатысуын қамсыздандырады.
Шақырылған сараптаушылар дайындаған, жобаны қарау нәтижелері бойынша және жоба бөлімдері бойынша қорытынды тұжырымдарын ескере, мемлекеттік сараптау келесі қорытынды шығарып құрама сараптау нәтижелерін құрастырады:
1) жобаны және оның негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін бекітуге кепілдеме беру;
2) жобаны жөндеуге қайтару туралы;
3) мемлекеттік сараптау шығарған себептерді көрсетіп жобаны қайыру туралы.
Талдау бойынша мемлекеттік сараптау және сарапшылар өз қызме-тінде, инвестициялар әсерлілігін және жобалар сапасын бағалауда сәулеттік, қалақұрылыс және құрылыс қызметтері субъектілерінен тәуелсіз. Өкімет, ат-қару органдары өкілдіктері және уәкіл етілген мемлекеттік орган сараптау кәсіпшілік қызметіне килігуге құқығы жоқ.
2. Қорытынды ой желістері
Тапсырыс беруші (инвестор) немесе, оның тапсырмасымен, сенімді тұлға, мемлекеттік сараптаудың ерекше хабардарлықтарына жататын, сарап-тау жұмыстарынан басқа, жобаларға мемлекеттік емес сараптау жүргізу үшін сараптаушыларды (сараптау орталықтарын) таңдауға құқықты.
Жобаның (оның бөлек бөлімдерінің немесе тарауларының), өңдеу-шілері болып табылатын, физикалық және заңды тұлғалар, сараптаушылар (сараптау орталықтары) ретінде берілген жобалық (жобалық-сметалық) құ-жаттарға сараптау өткізе алмайды, сонымен қатар берілген жобаға сараптау баға беруге қатысу үшін мемлекеттік сараптаушы ретінде шақырыла алмай-ды.
Мемлекеттік сараптау, сонымен қатар сараптау орталықтары және сараптаушылар қаралатын жобалар бойынша жасырын міндетті сақтау және сауда құпиясын қамсыздандырулары керек.
Мемлекеттік сараптау, сонымен қатар сараптаушылар және сараптау орталықтары, бекітуді қабылдауға немесе қабылдамауға ұсынатын, жобалық шешімдер және техника-экономикалық көрсеткіштер бағалау сенімділігіне Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған, жауапкершілікке тартылады.
Мемлекеттік сараптау, сонымен қатар сараптаушылар немесе сараптау орталықтары жүзеге асыратын, сараптау қызметы, тапсырыс берушіден (меншік иесінен), жоба өңдеушілерінен, келісуші сатылардан, құрылыс-монтаж жұмыстарын іске асыратын мердігерлерден (бас жалдаушыдан), берілген объект құрылысында қолданылатын, құрылыс материалдарын (бұйымдарын, конструкцияларын) өндірушілерден жобалық және келешек құрылыс өнім сапасы үшін жауапкершіліктен босатылмайды.
3. Жобаларды сараптау өткізу барысында
қолданылатын негізгі ұғымдар
1. Конкурстық (тендерлік) құжаттар - тапсырыс беруші тапсырмасына сәйкес құрастырылған және мердігерлік жұмыстарға конкурс (тендер) өткізу шарттарын (шектерін) және реттерін, сонымен қатар құрылыс объектсінің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін өз құрамына қосатын құжат-тар.
2. Есептелетін құрылыс құны - объект (кешен) құрылысының, құры-лысқа алдын ала жобалық құжаттар өңдеу барысында ірілендірілген смета-лық нормативтермен анықталатын құны.
3. Құрылыстың сметалық құны - объект (кешен) құрылысының, құры-лысқа жобалық құжаттар өңдеу барысында сметалық нормативтерге сәйкес анықталатын құн.
4. Потенциалдық қауіпті құрылыс объектілері – алдын ала потенциал-ды техногендік немесе экологиялық апаттар, басқа объектілердің тұрақты жұмыс істеуіне, олардың құрылысы барысында арнайы жобалық шешімдер шараларына қауып-қатер төндіруші объектілер.
5. Мердігерлік жұмыстар (қызметтер) - құрылыс үшін инженерлік іздеулерді өткізу, талдау және ғылыми зерттеулер, сынақтар және тәжіри-белер, жобалауға норма шығармашылық, құрылысқа сараптау құжаттар, ғимараттар және биналар құрылысы (кеңейту, жаңарту, техникалық қайта қаруландыру, қайта құру, қалпына келтіру), технологиялық және инженерлік жабдықтар мен құрылғыларды монтаждау, пуско-наладка (жіберу-жөндеу) жұмыстар, техникалық авторлық мемлекеттік қадағалау жүргізу, салынған объектіні (кешенді) пайдалануға беру, күрделі жөндеуді жүзеге асыру, құрылыстарды консервациялау және құрылыс объектілерінің келешекте пайдалану, өз қорын өндіру бойынша жұмыстар (қызметтер).
6. Техникалық күрделі объектілер (кешендер) - мемлекеттік норматив-терге сәйкес І және ІІ деңгейлер жауапкершілігіне жататын, сонымен қатар жоғары сейсмикалық қауіп-қатерлі немесе басқа ерекше геологиялық (гидро-геологиялық) геотехникалық шартты аудандарда (аймақтарда) орналасқан, күрделі ғимараттар (биналар), құрылыс барысында оларға арнайы жобалық шешімдер шараларын талап ететін ғимараттар және биналар (олардың кешендері).
№9,10 дәріс. Тақырып: Құрылыс контрукциялары мен ғимарат табандарының сенімділігін қамтамасыз етуге арналған негізгі қағидалар.
Дәріс сұрақтары :
1. Жалпы жағдайлар
2. Есептеу негіздері
1. Жалпы жағдайлар
Құрылыс контрукциялары мен негіздердің сенімділік сараптамасы бойынша негізгі жағдайлар, бұрынғы Кеңес Одағы аумақтарында әрекетке (өзгертулер ескере) 01.01.1995 жылы енгізілген мемлекеттік стандарт МемСТ 27751-88 жағдайлары мен талаптарына сәйкес баяндалады. Жоғарыда аталған мемлекеттік стандарт кәзіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумақта-рында жұмыс істейді және әр түрлі материалдардан жасалынған құрылыс контрукцияларына, ғимараттардың, биналардың барлық түрлерінің негізде-ріне таралады және күш беретін әсерлерге олардың есептеулері бойынша негізгі жағдайлар орнықтырады.
-
Есептеу негіздері
Құрылыс контрукциялары және негіздері, құрылыс және пайдалану процесінде жеткілікті сенімділікпен, қажетті жағдайларда (мысалы, жер сілкіну, су басу, өрт, жарылу, тіректердің шөгуі біркелкі емес нәтижесінде және т.б.) пайда болатын ерекше әсерлерді ескере жобалануы керек.
Жалпы алғанда құрылыс контрукцияларының, ғимараттардың және биналардың сенімділігін анықтаушы, негізгі қасиет - айқын мезгіл ішінде берілген пайдалану сапаларын сақтау қабілеттілігі, яғни олардың тоқтаусыз жұмыстар істеуі болып табылады.
Құрылыс контрукциялары мен негіздерін шекті күй-жағдайлар әдісімен есептеу керек. Бұл әдістің негізгі жағдайлары оның жұмысқа қабілеттілігі бұзылғанда материалдық және әлеуметтік зиянмен анықталатын матери-алдардың, топырақтардың, жүктеулердің және әсерлердің, контрукциялар-дың геометриялық сипаттамаларының, олардың жұмыс шарттарының, сонымен қатар жауапкершілік дәрежелерінің (және халықшаруашылық маңыздылығының) қасиеттері құбылмалығын ескере, контрукциялардың және негіздердің тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған болу тиісті.
Шекті күй-жағдайлар екі топқа бөлінеді:
бірінші топ - контрукциялардың, негіздердің (жалпы ғимараттардың немесе биналардың) пайдалануға толық жарамсыздығына немесе жалпы ғи-мараттардың және биналардың жүк көтеру қабілеттілігін толық (жарым-жарты) жоғалтуға алып келетін шекті күй-жағдайлардан тұрады;
екінші топ - қарастырылатын қызмет мерзімімен салыстыру бойынша контрукциялардың (негіздердің) қарапайым пайдалануын ауырлататын немесе ғимараттардың (биналардың) ұзақ өмірлілігін азайтушы шекті күй-жағдайлардан тұрады.
Бірінші топ шекті күй-жағдайлары:
- кез келген сипатты қираумен (мысалы, созымдылық, морттық, шаршау) (1 а);
- пайдалануда толық жарамсыздыққа алып келетін, пішін тұрақтылық-тарын жоғалтумен (1 b);
- жағдай тұрақтылықтарын жоғалтумен (1 с);
- өзгеретін жүйеге өтумен (1 d ):
- кескін үйлесімін сапалы өзгертумен (1 е);
- пайдалануды тоқтатуға (мысалы, сұламалық салдарынан шамадан тыс деформациялар жүруі, созымдылық, қосулар жылжуы, жырықшалар ашы-луы, сонымен қатар жырықшалар пайда болуы) қажеттілік туындайтын басқа құбылыстармен (1 f) - сипатталады.
Екінші топ шекті күй-жағдайлар:
- контрукцияның шекті түр өзгертулеріне жетуімен (мысалы, шекті иілулер, бұрылулар) немесе негіздің шекті түр өзгертулерімен (2 а);
- контрукциялардың немесе негіздердің тербелулерінің шекті деңгей-леріне жетуімен (2 b);
- жырықшалар пайда болуымен (2 с);
- жырықшалардың шекті ашылуына немесе ұзындығына жетумен (2 d);
- қарапайым пайдалануды қыйындатуға алып келетін, пішін тұрақты-лығын жоғалтумен (2 е);
- ғимараттың немесе бинаның тиімсіз қызмет мерзімін төмендету (мысалы, коррозиялық зақым келу) салдарынан оларды пайдалануды уақыт-ша шектеу қажеттілігін туындататын басқа құбылыстармен (2 f) – сипатта-лады.
Есептеу орындауды талап етуші, шекті күй-жағдайлар, жобалау стан-дарттарымен анықталады.
Шекті күй-жағдайлар бойынша есептеудің мақсаты ғимараттың немесе бинаның барлық қызмет мерзімінде, сонымен қатар жұмыстарды өндіру барысында олардың сенімділігін қамсыздандыру.
Сенімділікті қамтамасыз ету шарттары, контрукциялар немесе негіз-дерді жобалау нормаларымен орнықтырылатын, жүктеулердің есептеу мағы-налары немесе олардың күштеулерді, кернеулерді, деформацияларды, ауыс-палылықтарды тудыратын, оларға сәйкес шекті мағыналардан жырықшалар ашылуы аспауынан тұрады.
Контрукциялар және негіздердің есептеу үлгілері (соның ішінде есеп-теу схемалары, есептеудің негізгі алғы шарттары) ғимараттардың немесе би-налардың, қаралатын есептеу жағдайлардың нақты жұмыс шарттарын қам-тып көрсету тиісті. Бұл жағдайда, кернелу және деформациялық жағдайлар, конструкция элементтерінің өзара және негізбен қатынас ерекшеліктерін анықтау, конструкциялардың кеңістіктік жұмыс, геометриялық және физика-лық түзусіздіктер, материалдар мен топырақтардың созымдылық және реоло-гиялық қасиеттер, темірбетон конструкцияларында жырықшалар болу, гео-метриялық мөлшерлердің олардың номиналдық мағыналарынан мүмкін ауулар факторлары ескерілуі тиісті.
Ертерек салынған (немесе оларға өте таяу салынатын) ғимараттарға тұтасатын жаңа ғимараттарды және биналарды тұрғызу барысында, олардың өзара мүмкін ықпал жасауын еске алу қажетті.
Сенімді теориялық есептеу әдістері немесе бұрын тексерілген ұқсас шешімдер жоқ болған жағдайда, контрукциялар мен негіздерді есептеу үлгі-лерде немесе табиғи контрукцияларда арнайы қойылған теориялық немесе тәжірибелік зерттеулер негізінде өндірілуі мүмкін.
Контрукцияларды есептеу үшін, жобалау нормалары күштеулерді және созылымдықсыз деформацияларды ескере кернеулерді анықтау бойынша нұсқауларсыз өндіріледі және олардың созылымды жұмыстарын: бұл жағ-дайда қималарды созылымдықсыз деформацияларды ескере мүмкін есептеуді жорамалдайды.
Негіздерді есептеу топырақтардың механикалық параметрлерін (мыса-лы, олардың беріктік және деформациялық сипаттамаларын) қолдануымен орындалуы тиісті. Есептеулерде, контрукциялардың негізбен әрекеттестігін сипаттайтын және тәжірибелі жолмен қондырылғандар басқа параметрлерді де қолдануға рұқсат етіледі.
Контрукцияларды есептеу барысында келесі есептеу:
- құрылыс объектісінің қызмет (мысалы, екі күрделі жөндеулер немесе өзгерген технологиялық процесс арасында пайдалану) мерзіміндей ұзақтығы бар, орналастырылған;
- құрылыс объектісінің қызмет ұзақтығымен салыстыру бойынша (мы--салы, ғимарат тұрғызу, күрделі жөндеу, қайта құру) аз ұзақтыққа ие - өткін-ші;
- кіші пайда болу ықтималдығы және аз ұзақтығы бар, бірақ шекті күй-жағдайларға жеткенде, солардың арқасында мүмкін болатын (мысалы, жарылу салдарынан, қақтығысудан, жабдықтар апатынан, өрттен туатын жағдайлар, сонымен қатар тура контрукцияның қандайда болмасын элементі-нің жұмыс істеуден тоқтап қалғанынан кейін), зардаптар көз қарасынан өте маңызды – апаттық жағдайлары қарастырылуы тиісті.
Есептеу жағдайлар, осы жағдайда қарастырылуы қажетті контрукция-ның есептеу схемасымен, жүктеулер түрлерімен, жұмыс шарттары коэффи-циенттерінің мағыналарымен және сенімділік коэффициенттерімен, шекті күй-жағдайлардың тізімімен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |