Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік униврситеті


Ғимараттарға қойылатын талаптар. Ғимараттардың таптастырылуы



бет2/4
Дата28.06.2016
өлшемі2.31 Mb.
#162891
1   2   3   4

3. Ғимараттарға қойылатын талаптар. Ғимараттардың таптастырылуы

Әрбір ғимараттың қанағаттандыратын негізгі талабы – оның мақсатқа лайық-тылығы, өзі атқаратын міндетіне мүмкін толық сәйкестігі. Бұл талапқа бүтіннен ғимараттың көлемі, жоспарлау және оның бөлмелерінің мөлшерлері, конструк-тивті шешімдердің сипаттамасы, санитарлық-техникалық және инженерлік жаб-дықтау, сонымен қатар сыртқы және ішкі түрі бағынышты болуы тиісті.

Ең ақырында мақсатқа лайықтылық талабына, ғимаратқа қойылатын басқа өз-ге талаптар бағынышты болуы тиісті. Олардың ішінде өте маңыздылары:

1) беріктік және тұрақтылық,

2) қажетті ­күрделілік,

3) ішкі сәулеттендіру,

4) үнемділік,

5) сәулеттік айқындық.

Беріктік және ғимарат тұрақтылығы өзара тығыз байланысты және бірін бірі қамтамасыз етеді. Ғимараттың беріктігі оның контрукцияларының беріктігі мен ғимаратқа көлемдік қаттылықты қамтамасыз ететін олардың өзара қатынасынан тәуелді. Ғимараттың және оның элементтерінің тұрақтылығына, яғни олардың аудару жігерлер қарсылығына, ғимарат мөлшерлерінің дұрыс арақатынасымен, оның бөлімдерінің өзара байланысымен, контрукциялардың және негіздің сенімділігімен жетуге болады.

Ғимараттың күрделілігі оның ұзақ өмірлілігі мен отқа төзімділік дәрежесі ар-қылы сипатталады. Ғимараттың ұзақ өмірлілігі, яғни ұзақ уақытта беріктік пен тұ-рақтылықты сақтау қабілеті, оның негізгі контрукцияларының ұзақ өмірлілігімен қамтамасыз етіледі. Ол, контрукциялар дайындайтын материалдардың, әртүрлі физикалық және химиялық әсерлерге қарсылығынан тәуелді болады, яғни су және аязға төзімділігі, коррозияға және шіруге қарсы және басқа материалдардың қасиеттерінен тәуелді. Конструкцияның ұзақ өмірлілігі, қызмет барысында қандай жағдайда болатынына тәуелді екені ақиқат.

Ұзақ өмірлік сонымен бірге ғимараттарды құруда құрылыс пен монтаж жұ-мыстарының сапасынан, яғни конструкцияларды мұқият дайындағанда, өзара құрастырғанда және құрылыс ісінің теориясы мен іс-тәжірибесі өңдеген басқа бар-лық өндіріс техникалық ережелерінен тәуелді.

Ғимарат қоршаушы контрукцияларына арналған ұзақ өмірліктің келесі дәре-желері анықталған: 1- ші дәреже қызмет мезгілі 100 жылдан кем емес; 2- ші дәре-же - 50 жылдан кем емес; 3- ші дәреже - 20 жылдан кем емес. Конструкцияның қызмет мерзімі 20 жылдан кем болса, оларды тек уақытша имараттарға қолданады.

Ғимараттың отқа төзімділік дәрежесі оның негізгі контрукцияларының өрт-ке қарсы сақтық қасиеттерінен тәуелді болады. Бұндай қасиеттерге жанғыштық дәреже және отқа төзімділік шегі жатады.

Жанғыштық дәрежесі бойынша барлық құрылыс контрукциялары дайындал-ған материалына байланысты, жанғыштығына сәйкес үш топқа бөлінеді.­



Жанбайтын деп, жанбайтын материалдардан орындалған (мысалы, кірпіш қабырға) конструкцияларды атайды.

Жануы қыйын деп, жануы қыйын материалдардан (мысалы, фибролит қал-қа), сонымен қатар оттан сылақпен қорғалған немесе жанбайтын материалдармен қапталған (мысалы екі жағы сыланған ағаш қабырға) конструкциялар аталады.

Жанатын деп, жанатын материалдардан орындалған және оттан қорғалмаған (мысалы, сыланбаған ағаш қабырға) конструкциялар аталады.

Контрукцияның отқа төзімділігі деп, сынақ басынан келесі белгілердің бі-реуі (жарып өтетін жырық; опырылыс; жылытылмайтын бетте температураның орташа 140оС жоғарылауы немесе сынақ басталардан бұрынғы температурамен салыстырғанда кез келген нүктеде 180оС немесе сынақ басталар алдындағы темпе-ратурадан тәуелсіз 220оС) пайда болғанша өткен уақыт (сағат) шегін атайды.

Отқа төзімділік шегі контрукцияның сипаттамасынан, оның материалынан, көлденең қима мөлшерлерінен және басқа факторлардан тәуелді болады.

Құрылыс контрукцияларының жанғыштық топтары және отқа төзімділік шектері сынақ мәліметтері негізінде нормалармен орналастырылады. Бұл норма-лар ғимараттардың отқа төзімділік дәрежесін жанғыштық тобына және олардың негізгі конструкцияларының отқа төзімділік шектеріне сәйкес орнатады. ­

Отқа төзімділіктің бес дәрежесі анықталған :

- I және II отқа төзімділік дәрежесіне отқа төзімділіктің әртүрлі шекті жан-байтын негізгі конструкциялары бар тастан құрылған ғимараттар жатады;

- III дәрежеге – жанбайтын, қыйын жанатан және жанатын конструкциялар-дан құрылған тас ғимараттар;

- IV дәрежеге – жанудан сылақпен қорғалған ағаш ғимарат;

- V дәрежеге – сыланбаған ағаш ғимараттар.

Материалдар мен конструкцияларды таңдауды тек техникалық емес, соны-мен қатар экономикалық жақтан да, яғни таңдаудың мүмкін түрлерін техника-экономикалық салыстырумен негіздеу керек. Әсіресе, құрылыс ауданында шыға-рылатын, көлік шығынын едәуір төмендетуге мүмкіндік беретің жергілікті матери-алдарды қолдану мағынасын атап өту керек.

Ғимараттың сәулетшілік айқындығына оның бөлімдерінің пропорциональ-дығымен, әрлеуге арналған материалдардың лайықтысын қолданумен, сонымен қатар жұмыстардың жоғары сапасымен қол жеткізуге болады. Сонымен бірге сәу-леттік пішіндер қарапайым, қатал, қымбат бағалы сәндендірусіз болуы тиіс.

Жоғарыда келтірілген талаптар барлық ғимараттарға тиесілі. Бірақ қайсы да болса ғимараттарға олардың міндеті мен халықшаруашылық мағнасына тәуелсіз қойылатын сапасы бірдей талаптар, экономикалық тараптан мақсатқа лайықты емес болар еді.

Сондықтан «Құрылыс нормалары және ережелері» ғимараттар мен имарат-тарды кластарға бөлуді қарастырады. Әрбір ғимаратқа немесе имаратқа класты таңдау оны жобалауға тапсырма құрастыру барысында жасалады. Бұл жағдайда ғимараттың өзінің мағынасымен қатар (ондағы заттық құндылықтар мен өте сирек кездесетін жабдықтың, талап етілетін ұзақ өмірлілік және ұсынылатын қалалық құрылыс талаптарының шоғырлану көзқарасына сәйкес), халықшаруашылық мағ-насы, сол құрама объектінің (қоныстанған орын, өнеркәсіп мекемелері және тағы басқалар) құрамында тұрғызылатын құрылыстың мөлшері мен қуаттылығы есеп-теледі.

Осы нышандар жиынтығы бойынша ғимараттар мен әр түрлі имараттар төрт класқа бөлінеді. Сонымен I класс ғимараттары жоғары талаптарды, ал IV клас – ең төмен талаптарды қанағаттандыруы тиісті.

Құрылыс жобалау нормалары міндетіне тәуелді ғимараттардың әрбір класы үшін отқа төзімділік қажетті дәрежелерін, қоршаушы контрукциялардың ұзақ өмірлік дәрежелерін және ішкі сәулеттендірудің нақтылы талаптарын ескеріп ор-нықтырады.

2,3 дәрістер.Тақырып: Жобалаудың жалпы жағдайы және жоба-сметалық құжаттарын дайындау, келістіру және бекітудің реті.


Дәрістердің сұрақтары:

1. Жалпы жағдайлар

2.Жобалау-сметалық құжаттарды өңдеу, келістіру және бекіту тәртіптері

1. Жалпы жағдайлар
Кез келген тағайындалуға арналған құрылыс объектілерінің жобалауын өңдеу ҚР ҚНжЕ А.2.2-1-2001 «Мекемелер, ғимараттар және биналар құрылы-сына жобалау-сметалық құжаттар құрамын өңдеу, келістіру және бекіту тәр-тібі туралы нұсқау» талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл нұсқау меке-мелердің, ғимараттардың және биналардың жобалау-сметалық құжаттар құ-рамын өңдеу, келістіру және бекіту тәртібін орнықтырады және тапсырма бе-руші (инвесторлар), мемлекеттік басқару және қадағалау органдары, мекеме-лер, жобалау ұйымдары, басқада заңдық және хұқұқтық мүшелері (соның ішінде шетелдіктер) – Қазақстан Республикасы көлеміндегі сәулеттік, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъекттері қолданулары үшін арналған.

Жобалау-сметалық құжаттар бекітілген уақыттан бастап үш жыл ішін-де нақты жұмыс жүргізуге арналған. Осы мезгіл өткен уақытта, жаңадан өң-делген жобалау-сметалық құжаттар үшін орнықтырылған, жаңа техникалық шарттарға байланысты соңынан қарастыру және қайта бекіту тәртібімен, жұ-мыс істейтін нормалар мен ережелерге сәйкес, оларға қажетті өзгерістер енгізіледі.

Жобалау-сметалық құжаттарды өңдеуде, Қазақстан Республикасының заң шығарушы және басқа нормативті заңға сүйінген актілерін, «Кәсіп-орындар, ғимараттар және биналар құрылысына жобалау-сметалық құжаттар құрамын өңдеу, бекіту және келісулер реті туралы нұсқауды», жұмыс істейтін нормативті талаптарды (шарттарды, шек қоюларды), сонымен қатар құрылыс облысында инвестициялық қызмет реттеушілерді және басқа құжаттарды басшылыққа алу қажетті.

Іс жүзінде, жобалау-сметалық құжаттар екі сатылы етіп өңделеді:



  • бірінші саты – анықталған тәртіппен бекітуге жататын жоба;

  • екінші саты – бекітілген жоба негізінде өңделетін жұмысшы жоба.

­ Техникалық күрделі емес объектілер үшін құрылыс, типтік жобалар, типтік жобалық шешімдер және қайта қолдану жобалар негізінде орындау болжалған жағдайда, бекітілетін бөлімнен құрылушы және жұмысшы құжат-тардан тұратын, жұмысшы жобалар өңделуі мүмкін.

Объектілердің құрылысына жобалау-сметалық құжаттарды өңдеу, анықталған ретте мемлекеттік лицензияны жобалау қызмет түріне лайықты алған заңды және хұқұқты мүшелер жүзеге асыра алады. ­

Іс жүзінде, жоба бас жобалаушысы, жобалау-сметалық құжаттардың кезектегі сатыларын өңдейді, авторлық қадағалау және құрылысы толық орындалған объектілерді қабылдауға қатысады.

Бас жобалаушы, бекітілген жобаға өзгертулер мен қосымшаларды енгі-зуді мүдделес­ ұйымдармен немесе мемлекеттік органдардың қызметтерімен келісім бойынша жүзеге асырады.

Құрылыс объектілерін жобалау жобалау-іздеуші жұмыстар орындалуы-на тапсырыс берушінің бас жобалаушымен көтерме келісім-шарты (келісімі) негізінде жүзеге асады.

Келісім-шарт ажырамас бөлімі (келісімі) жобалауға тапсырма беру болып табылады. Тапсырыс беруші жобалау ұйымдарына құрылыс объекті-леріне бекітілген тапсырмамен бірге 2.1 және 2.2 кестелерде келтірілген мін-детті қосымшаларға сәйкес негізгі материалдар береді.



2.1 кесте. (Міндетті)

Өндірістік тағайындалу объектілерін жобалауға тапсырма

№№

(Жобаланушы кәсіпорындар, ғимараттар және биналардың атаулары мен тұру орындары). Негізгі мәліметтер мен қойылатын талаптардың тізімі




1

Жобалау үшін негіз




2

Құрылыс түрі




3

Жобалау сатыланулары




4

Нұсқалық және конкурстық өңдеу бойынша талаптар




5

Құрылыстың ерекше шарттары




6

Объекттің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері, соның ішінде қуат-тылық, өнімділік, өндірістік бағдарлама




7

Инженерлік жабдықтар бойынша негізгі талаптар, соның ішінде негізгі пара-метрлер, техникалық және пайдалану сипаттамалар, қызмет көрсету қызмет-тер




8

Бәсекеге қабілеттілік сапаға және өнімнің экологиялық параметрлеріне қой-ылатын талаптар




9

Кәсіпорын технологиясына қойылатын талаптар

Мүгедектер үшін объектілерге қол жеткізу талаптары






10

Мүгедектерге арналған тіршілік әрекет орталары қолайлылығын ескере сәу-леттік-құрылыстық, көлемдік-жобалау және конструктивті шешімдерге қойылатын талаптар




11

Кезектер мен жіберілетін кешендерді бөліп шығару, кәсіпорынды болашақта кеңейту жөніндегі талаптар




12

Табиғат қорғаушылық шектер мен шаралар өңдеу талаптары мен шарттары




13

Қауіпсіздік тәртібіне және еңбек гигиенасына қойылатын талаптар




14

Өндіріс ассимиляциясы (ықпалы) бойынша талаптар




15

Азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық шараларын өңдеу және төтен-ше жағдайларды ескерту шараларының талаптары




16

Тәжірибелі-конструкторлық және ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындау талаптары




17

Қуат сақтау бойынша талаптар




18

Көрсетілетін материалдар құрамы




2.2 кесте (Міндетті)

Азаматтық-тұрғын тағайындалу объектілерін жобалауға тапсырма

№№

(Объекттің атауы мен тұру орыны).

Негізгі мәліметтер мен қойылатын талаптардың тізімі






1

2

3

1

Жобалау үшін негіз




2

Құрылыс түрі




3

Жобалау сатыланулары




4

Нұсқалық және конкурстық өңдеу бойынша талаптар




5

Құрылыстың ерекше шарттары




6

Объекттің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері, соның ішінде тұрғын немесе азаматтық ғимараттар, олардың тағайындалуы (қабаттылық, секциялар мен пәтерлер саны, сыйымдылық немесе өткізгіш қабілеттілік)




7

Тұрғын үйлерге қоса салынған қоғамдық қызмет ету кәсіпорындарының тағайындаулары және үлгілері, олардың қуаттылығы, сыйымдылығы, өткізгіш қабілеттілігі, бөлмелер құрамы және аудандары, құрылыс көлемі




8

Сәулетшілік-жобалау ғимарат шешіміне, бітеу шарттарына, ғимарат өңдеу-леріне қойылатын негізгі талаптар




9

Пәтерлердің ұсынылатын үлгілері және олардың арақатынасы




10

Технологиялық жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар, соның ішінде негізгі параметрлер, техникалық және пайдалану сипаттамалары, қызмет көрсету қызметі




11

Инженерлік жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар, соның ішінде негізгі параметрлер, техникалық және пайдалану сипаттамалары, қызмет көрсету қызметі




12

Аз қаражатты халық топтарының тіршілік әрекеті шарттарын қамтамасыз ету талаптар




13

Алаң сәулеттендіруіне және кіші сәулетшілік түрлерге қойылатын талаптар




14

Азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық шараларын өңдеу және төтен-ше жағдайларды ескерту шаралары, қорғау шаралары бойынша талаптар




15

Көрсетілетін материалдар орындалулары, олардың құрамы және түрлері;

Жобалау және құрылыс барысында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конст-рукторлық жұмыстардың орындалуы;

Объектіге экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық шарттардың орындалуы бойынша қажеттіліктер туралы талаптар.





16

Қуат сақтау бойынша талаптар



Тапсырыс беруші, келісу негізінде, тапсырыс беруші өкілеттіктерін басқа заңды немесе хұқұқты мүшелерге ауыстыруы мүмкін.

Келісім-шартта (келісімде) тапсырыс берушіге берілетін жобалау-сме-талық құжаттар құрамы туралы арнайы талаптар ескерілмеген жағдайда, оның құрамына құрылыс конструкцияларының, технологиялық процестер-дің және жабдықтардың есептеулері қосылмайды. Бұл материалдар тапсырыс берушіде немесе бас жобалаушыда сақталады және (қажетті жағдайда) жоба-ларды мемлекеттік сараптау ұйымдарына және мемлекеттік қадағалау орган-дарға олардың талабтары бойынша беріледі.

Құрылыс объектілерін жобалау барысында өңделген ойлап табуларды және патенттерді қолдану және жобалау-сметалық құжаттарды өңдеуде жаса-лынған ойлап табуларды қорғау, жұмыс істейтін заңдылыққа сәйкес іске асы-рылады.

Типтік жобалар (типтік жобалық ­шешімдер) келешекте Мемлекеттік ведомстводан тыс жобалар сараптаушыларының шығарған оң нәтижелері не-гізінде сәулет істері, қала құрылысы және құрылыс жөніндегі мемлекеттік басқару орталық органында бекітілген (келісілген) бағдарламалар (жоспар-лар) негізінде өңделеді.

Мемлекеттік қаржылар немесе мемлекеттік ­ инвестициялар тартуымен құрылатын объектілер үшін, сметалық құжаттар міндетті түрде өңделеді, бас-қа жағдайларда оны өңдеу тапсырыс беруші шешімімен жүзеге асарылады.


2. Жобалау-сметалық құжаттарды өңдеу, келістіру және бекіту тәртіптері
Іске асыруға жататын объектілер құрылысының жобалау-сметалық құжаттары құрылысқа бекітілген (мақұлданған) инвестициялар негіздерінде өңделеді. Бұдан басқа тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша басқа алдын ала жобалау құжаттар, (жобалауға тапсырма және қажетті негізгі мәліметтер қоса) келісім-шарттар, жергілікті сәулет, қала құрылысы және құрылыс ор-гандары берген инженерлік ізденістер материалдары, сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы, сонымен қатар жобаланатын объектілерді инженерлік коммуни-кацияларға қосу жөніндегі техникалық шарттар болулары тиісті.

Сәулетшілік-жоспарлау тапсырмаларды беруде сәулеттік, технология-лық және конструктивтік шешімдерге, ішкі жабдықтарға, ішкі әрлеуге, соны-мен қатар басқа тапсырыс берушінің және жоба авторының хұқұқтарын шек-тейтін керексіз талаптарды қосуға, егер осы талаптар жұмыс істейтін заңды және нормативтік хұқұқтық акттардың, қалақұрылыс құжаттардың, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімінің орындау шарттарымен негізденбесе рұқсат етілмейді.

Тапсырыс беруші, сәйкес ғылыми-зерттеу және мамандандырылған ұйымдарды қатыстырып, объектілер мен құрылыс кешендерді жобалауда бө-лек жұмыстар түрлеріне жобалау нормалары мен ережелері жоқ болған жағ-дайда, оларға арналған арнайы жобалау ерекшеліктерін айқындайтын техни-калық шарттарды өңдеу тиісті.

Жобалауға мемлекеттік нормалармен, ережелермен, стандарттармен және тапсырмамен сәйкес өңделген, жобалау-сметалық құжаттар, жауапты орындаушының (жобаның бас инженерінің, жобаның бас сәулетшісінің) жазуымен күәландырылуы тиісті және Қазақстан Республикасының ерекше заңды актілерінде атап өтілген жағдайлардан өзге, қосымша келісулерге жат-пайды.

Нормативті құжаттар талаптарынан негізделген шегінулер тек осы құжаттарды бекіткен мемлекеттік органдардың келісулері (рұқсаттары) бар болған жағдайда рұқсат етіледі.

Барлық құрылыс объектілерінің жобалары мемлекеттік сараптаудан немесе сараптау орталықтарында сараптаудан өтулері тиісті.

Объектілер және кешендер құрылысына жобалау-сметалық құжаттар Қазақстан Республикасы үкіметі орнықтырған тәртіппен, мемлекеттік сарап-таудан өтуі тиісті.

Алдын ала жобалау және жобалау-сметалық құжаттар мемлекеттік сараптаудан келесі мақсаттарға жету үшін:

- мемлекеттік қаржы есебінен қаржыландырылатын немесе оның мен-шігіндегі құрылыс көлемі бойынша инвестициялардың әсерлілігін бағалау;

- орнықтырылған нормалар мен ережелер қатарында бекітілген талаптарға (шарттарға, шектеулерге) қайшы келетін немесе хұқұқтық және заңды тұлғалардың хұқұқтарын және мемлекет мүдделерін бұзатын объектілер мен кешендер құрылысына тиым салу;

- жобада қабылданған техника-экономикалық көрсеткіштердің дұрыс-тық дәрежелерін анықтау;

- құрылатын объектілердің құрылысына және құрылыс кешендерінің сапалық сипаттамалары мен жобалық шешімдерін жақсарту – үшін өткізіледі.

Объектілердің және кешендердің құрылысына жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкіл тағайындаған заңгерлік тұлға өткізеді.

Мемлекеттік инвестицияларсыз қаржыландырылатын, объектілердің және кешендердің құрылыс құжаттарын, жарылыс қауіпсіздігі, өрт қауіпсіз-дігі, конструкциялар сенімділігі мен олардың жұмыс орындау тұрақтылығы, сонымен қатар еңбек шарттары және сақтау бөлімдері мен мәселелерінен басқа, сараптау жұмыстарын атқаруға мемлекеттік лицензияға ие заңгерлік және хұқұқты тұлғалар сараптау (сараптау орталықтары) жасаулары мүмкін.

Орнықтырылған тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өтпеген жобалау-сметалық құжаттар (жобалар және жұмысшы жобалар), аяқталмаған деп есептеледі, бекітуге жатпайды және іске қосылмайды.

Құрылысы мемлекеттік инвестициялардың есебінен толық немесе жа-рым-жарты жүзеге асатын мемлекеттік ұлттық және республикалық мақсат-тық бағдарламалардың, сонымен қатар ірі және бірегей объектілердің және кешендердің жобалар сараптауын, осыған өкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша, Қазақстан Республикасының үкіметі шешіммен тағайын-далған сараптау комиссиялары (жұмысшы топтары) өткізеді. Аса ірі және бірегей объекттер мен кешендер тізімін Қазақстан Республикасының үкіметі орнықтырады.


2.3 кесте

Өндірістік тағайындаулы объектілерге арналған бекітілетін техника - экономикалық көрсеткіштердің шамалық тізімі


№№

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Мағнасы

1

2

3

4

1

Өнеркәсіп қуаты, жылдық өнім шығарылымы:

- құндық бағасы

- натуральді бағасы

млн. теңге

сәйкес өлшем





1

2

3

4

2

Участоктың жалпа ауданы

га




3

Құрылыс коэффициенті

%




4

Қуат бірлігіне салыстырмалы шығын:

Электр қуаты

Су

Жылу


Табиғи газ

Мазут


Көмір

КВт


куб. м.

Гкал


мың куб. м.

т.

т.






5

Жұмыс атқарушылардың жалпы саны

Адам




6

Өнімнің жылдық шығарылымы:

құндық бағасы

натуральді бағасы

мың тең./бір.

бір./адам





7

Құрылыстың жалпы құны

Оның ішінде ҚМЖ (құрылыс монтаж жұмыстар)



млн. теңге

млн. теңге






8

Қуатқа салыстырмалы күрделі қаражат бөлу

теңге/бір.




9

Құрылыс мерзімі

ай




10

Негізгі өндіріс фондылар құны

млн. теңге




11

Өнімнің өзіндік құны

мың тең./бір.




12

Баланстық (жалпы) кіріс

мың теңге




13

Таза кіріс (кәсіпорынның таза пайдасы)

мың теңге.




14

Өнеркәсіп рентабельділігінің деңгейі

%




15

Кірістің ішкі нормасы

%




16

Есе қайтару мерзімі

жыл




17

Несиені және басқа қарыздарды өшіру мерзімі

жыл






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет