1.Комар А.Г. Строительные материалы и изделия. Учебник для инж.- экон. специальностей строительных ВУЗ-ов. – 5-е изд. перераб. и доп. – М.: Высш.школа., 1988. – 527 стр..: ил.2.К.В. Чаус, Ю.Д. Чистов, Ю.В. 2.Лабзина Технология производства строительных изделии, материалов и конструкции. Учебное пособие. – М.:.Высш. школа, 1985. - 424 стр.:ил. 3.Гальперин М.И., Домбровский Н.Г. Строительные материалы. Учебник для ВУЗ-ов, - М., Высшая школа, 1980 – 344 стр. 4.Васильев А.Т. Строительные материалы и изделия. Учебник для строит. ВУЗ-ов. – М.: Вышс школа, 1998. – 235 стр.
5.Сергеев В.П. Строительные теплоизоляционные материалы. - Учебник для строит. ВУЗ-ов. – М.: Вышс школа, 1987 – 376 стр.
6. Б.С.Сатеков. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті. 1, 2 том
№6 дәріс. Алдынала кернеуленген бұйымдарды арматуралау.
Дәріс жоспары:
1.Алдын-ала кернеуленген бұйымдарды арматуралау.
Бақылаау сұрақтары.
1.
2.
№7 дәріс. Өздігінен кернеуленген темірбетон конструкцияларының өндірісі.
Дәріс жоспары:
1.Өздігінен кернеуленген темірбетон конструкцияларының өндірісі.
Бақылаау сұрақтары.
1.
2.
№8 дәріс. Бетон қоспалардың физико-механикалық нығыздау негіздері.
Дәріс жоспары:
1.Бетон қоспалардың физико-механикалық нығыздау негіздері.
Бетондық араласпаны тыгыздау оның бүкіл құрылыстык касиеттерінің қалыптасуына негіз болатын басты өндірістік фактор. Шала тығыздау бетонның мықтылығын жэне мэңгілігін төмендетеді және тағы басқа қасиеттерін нашарлатады. Сондықтан, бетон араласпасын тығыздаудағы мақсат - оны қалыпқа тығыздап салу. Тығыздалған бетонның структурасы біркелкі болады және кейбір ауалық кеуектер мен қуыстар көлемі мүмкіндігінше аз болады.
Тьіғыздау сапасын, бетон араласпасының дәл (фактлық) орташа тьіғыздығының оның теориялық тығыздығына қатынасы, демек % - ртф I рТ арқылы сипаттайды. Егер Кт > 0,98 болса, тығыздау
жетерліктей деп саналады. Мұны тығыздалынған бетонда ілестірілген ауа көлемі 2% аспайды деп түсінуге болады.
Бетон араласпасының қаттылыгы неғұрлым жоғары болса, оны тығыздау үшін соғұрлым энергетикалық шығын көп болады.
Бетондық араласпаны тыгыздау тәсілдерінің ішінде дірілдете тығыздау өндірісте кең орын алған. Жиналмалық, темірбетон зауыттарында бұйымдарды және конструкцияларды арнаулы дірілдек алаптарында тығыздай қалыптайды. Жылжымалы бетон араласпасынан тұтастық конструкция құярда, бетонды тереңдік немесе сырт беттік дірілдетпелермен тығыздайды. Дірілдеткен кезде, бетон араласпасының түйіршіктеріне механикалық тербеліс беріледі де, жеке түйіршіктер аралығындагы байланыс ылғи бұзылуда болады, іштік үйкеліс жэне ілінісу күштері азаяды. Бетондық араласпа ауыр сұйық тәрізді жұмсақ-қою болып ағатын қасиетке ие болып, салмақ күшінің әсерімен, қалыпты біркелкілікпен толық толтырады және тығыздалынады.
Жайпақ конструкцияларды тығыздау үшін, алаптық немесе рейкалық дірілдетпелерді, массасы ауыр конструкцияларды тыгыздауға тереңдік дірілдетпелерді, қолданады. Тығыздалатын конструкцияларында тығыздалынбаған жері қалмайтындай, ұқыптылықпен дірілдетпелерді жылжытады.
Дірілдете нығыздаудың тиімділігі дірілдету үдемділігі мен ұзақтығына байланысты келеді. Дірілдету үдемділігі У тербелудің амплитудасына а және жиілігіне Ғ байланысты болады, олардың бірлесе тигізетін эсерін В.Н.Шмигальский белгісімен ескереді:
У = /ш2/3
Мұндағы к - пропорционалдық коэффициент.
Өте қатты бетон араласпасын тығыздау үшің жүк бастыра дірілдету, дірілдете пресстеу және дірілдете штампалау тәсілдерін колданады.
Құбырларды және құбыр тәрізді конструкцияларды калыптау үшін центрифугалау тәсілін жиі қолданады.
Барлық калыптау тәсілдеріне қойылатын талап - бетонараласпасының берілген ныгыздалу (тыгыздалыну) дәрежесін қамтамасыз ету.
Кәдімгі ауыр бетон үшін тығыздалу коэффициенті 0,98 кем болмауы қажет. Әрбір бетондық қоспа үшін өзінің оптималдық дірілдету үдемелігі болады, одан асып кеткенде бетон керісінше босанып кетеді, демек бетон араласпасының сипаттамасына сәйкес, дірілдетудің тербелу жиілігін Г және амплитудасын таңдау қажет. Тербелу жиілігі 3000 тер/мин жиі пайдаланады, майда түйіршікті араласына 6000-10000 тер/мин. Ірі түйіршікті ауыр бетон араласпасы үшін тербелу амплитудасы, әдетте, а = 0,3-0,7 мм, және де араласпа қаттылыгы жоғарылаған сайын, оны үлкейте береді (қаттылығы 15-20 с болғанда а - 0,3-0,4 мм, қаттылыгы 30-40 с болғанда а = 0,6-0,7 мм). Майда түйіршікті бетондық араласпа үшін амплитуда 0,15-0,4 мм тең. Тым үлкен амплитуда, бұйым үстіне жүк салмай дірілдете нығыздағанда, бетон структурасын керісінше қопсытып, бетонның құрылыстық қасиетін нашарлатып жібереді.
Қабылданған тербеліс параметрінде әрбір бетон араласына тән оптималдық дірілдету ұзақтығы болады. Дірілдету ұзақтығы жетімсіздеу болғанда, бетон онша ныгыздалынбай мықтылыгы төмендеуі байқалады, аса үзақ дірілдету тыгыздыгын және мықтылығын айтарлықтай асырмайды, сондықтан, оның оптималдык шамасын тәжірибелік жолмен анықтаған оңды. Практика жүзінде дірілдету ұзақтығы 30-40 с-тен 3-5 мин. дейін ауытқуы мүмкін.
Кейінгі жылдары төмен жиіліктік, оның ішінде тербелістің зсинхрондық түрі, және бетон араласпасын соғып нығыздайтын тәсілдер кеңінен орын алуда. Бұл тығыздау тәсілдері энергияны үнемдеуді, жұмысшыларға дірілдетудің залалды әсерін жұмсартуды, және дірілдеткен мезгілде бетон араласпасына ауа іліктіруді төмендете беті теп-тегіс бұйым шығаруды қамтамасыз етеді.
Соғып нығыздау тәсілімен бұйымдар жасарда бетон араласы салынған қалып шамалы биіктікке көп рет көтеріліп және қайта салмағымен еркін түседі. Сөйтіп бетондық араласпа біртіндеп тыгыздалады. Бұл тәсілмен қалыңдығы (биіктігі) едәуір және күрделі пішінді бұйымдарды нығыздауға мүмкіндік туады, бірақ жұмсақ немесе жылжымалылығы аздау бетондық араласпаны қолдануды қажет етеді. Дірілдету жэне соғу әсерлерін үйлестіре бетондық араласпалардың, оның ішінде қатты бетон араласпасының тығыздалу тиімділігін жоғарылату әбден мүмкін. Қондырғы жұмысының тиімділігін жоғарылату және энергия шығынын төмендету үшін, оның жұмысын резонанстық режимде қамтамасыз етуге тырысады.
Кейінгі жылдары бетон араласпасын дірілдетусіз нығыздау тәсілдері дамып келеді. Ол тәсілдерге жататындар: құйма тәсілі, центрифугалау, роликпен домалатып ныгыздау және т.б.
Құйма тәсілі бойынша бетон араласпасын құбыртізбесімен тасымалдап, тікелей қалыптарға кұяды. Мұнда араласпалар дірілдетуді қажет етпейді, қалыпты жақсы толтырады, бірақ, бұл жағдайда бетон араласпасы бөлектеніп кетпеуін қамтамасыз ететін шараларды жүргізуді қажет етеді, мысалы химиялық немесе ұнтақталған арнаулы су ұстағыш қоспаларды қолдану керек. Бұл сияқты бетондық араласпалар, көп су ұстағандығынан, берік әрі ұзақ жасайтын бетондар алуды қиындатып жібереді. Дегенмен, кұйылма тәсіл өнімділігі жогары келеді және кейінгі кезде белгілі болган тиімді химиялық супержұмсартқыштарды қолдану мүмкіншілігін ескерсек, бұл тәсіл кіші және орташа маркалы бетондар алуға әбден ыңғайлы.
Бақылаау сұрақтары.
1.
2.
№10 дәріс. Темирбетон бұйымдарға арналған қалыптардың жіктелуі мен сипаттамалары.
Дәріс жоспары:
Жиналушы темірбетон бұйымдарын жасау бірнеше технологиялық бөлімшелерден тұрады: бетон араласпасын дайындау; арматуралық элементтерін орналастыру; бұйымдарды бетондау - қалыптау; бетон қатаюы; бұйымдарды қалыптан шығарып, қалыптарды келесі циклға даярлау; бұйымдарды ірілендіре жинау жэне зауыттық дайындық дэрежесін жоғарылату мақсатында олардың беттерін тиісінше өңдеу.
Өндірістік процестерді тасқындық тәсіл принциптерінде үйымдастырады. Жеке тасқындар мен технологиялық созындылар мүмкіндігінше жасалынатын бұйымдар және конструкциялар түрінде байланысты мамадандырылады.
Тасқындық тәсіл мэн - жәйі мынада: өндірістік процестер біркелкі ыргақтылықта және әрбір жұмысшы орында жұмысшы операциялардың орындалу ұзақтығы өзара бірдей, қалыпталынатын бұйымдар бір орынан екінші орынға үзіліссіз беріліп отырады да ең соңында қалыпталынған, термиялық өңдеуге дайын бұйымы шығып отырады. Демек тасқын тәсілі бойынша барлық технологиялық процес орындалу ұзақтығы бойынша бірдей жеке операцияларға жіктелінеді. Бұл операциялар қатаң бірізділікпен және синхрондықпен жабдықталынған жұмысшы орындарда (постыларда) орындалады.
Жэне тағы да, бұйымдарды өндіру оларды бір жерден екінші бір жерге көшірілумен немесе бір орында қозғалтпай жасап шығарылуы ұйымдастырылады. Бірінші жагдай агрегаттық, агрегаттық -жасқындық тэсілге, ал екінші жағдай стендалық тэсілге тэн.
• Стендальщ тэсічде жиналушы темірбетон бұйымдарын өндіру бойынша басты технологиялық процестер қозғалмайтын қалыптарда - стендаларда орындалады. Бұйымдар бетон қажетті мықтылығына ие болғанша сол орынында қалады, ал технологиялық жабдықтар жеке жұмысшы операцияларды бірінен кейін бірін кезекпен орындау үшін
стендада бір қалыптан екінші қалыпқа көшіріліп отырады. Стендалық тәсіл көпшілігінде полигондарда - ашық аспан астында - темірбетоң бұйымдарымен конструкцияларын өндіруге әдейі жабдықталынғаң алаңдарда қолданады. Көпшілік жағдайларда бұйымдарды қалыптау және негізгі, қосымша операциялары тікелей булау камераларында жүргізіледі: жылы ылғалдылықта бұйымдарды өңдеуді қалып қуысына берілетін бу жылуы есебінде іске асырылады. Стендалық тәсілді жогарымеханикалынған зауыттық өндірісінде де көбінесе ірімөлшерлі және массалық конструкцияларды жасау үшің қолданады. Сондай-ақ стендауда алдын-ала кернеуленілген темірбетон бүйымдарын да жасайды.
Стенданың көп түрінің бірі болып кассеталық тәсіл саналады. Бұл тәсіл бойынша, , тік қалыптарда -кассеталарда бір мезетте бірнеше бұйым жасалынады. Ол үшін көпқатарлы тік қалыптарға - кассеталарға жылжымалы жұмсақ немесе шалақатты бетон араласын құйып, аспалы дірілдеткіштермен, дірілдететығыздап қалыптаған бұйымдарды сол орьшдарында кассеталар аралықтарындағы қуыс кеңістіктерге ыстық бу жіберумен қыздыру арқылы термоөңдеуден өткізеді. Бұл тэсіл бойынша арнаулы булау камерасының, дірілдетпе алабының қажеттері жоқ. Кассеталарда жасалынған бұйымдар бетері теп-тегіс болып шыгады.
Кассета қабырғаларын құрыштан, армацементтен, пластмассадан, темірбетоннан жасауға болады. Кассеталық қалыптарын, жинауды жэне қайтадан ажыратуды механикалық жэне гидравликалық қимылдату жолымен орындайды. Бетон араласын кассеталар сыртына асылдыра бекітілген дірідетпелерімен жэне тереңдік дірілдетпелерімен, қуыстар құраушыларын дірілдетумен нығыздайды. Жасалынатын бұйымдар түрлеріне байланысты кассеталық қалыптар қабырға панельдері үшін, жабынды панельдері мен баспалдақ басқыштары үшін және желдеткіш блоктары жэне т.б. бұйымдары түрлері үшін орналған болып жіктелінеді. Кассеталарда - қалыптарда бумен термоөндеуді электрмен қыздыруға ауыстыруға болады.
Бұйымдарды кассеталарда қалыптау және термоөңдеу бойынща жалпы цикл 8-10 сағ. созылады, оның 6 сағ 100°С дейін жылы ылғалдылықпен өңдеуге кетеді.
• Тасқынды - агрегаттық тэсілде бүкіл операциялар (қалыптан босату, қалыптарды тазалау, жинау жэне майлау, арматураларды орналастыру, бетон араласпасын салу және ныгыздау, жылы ылғалдылықпен өңдеу жэне т.б.) көшірмелі қалыптарда арнаулы жабдықталынған жұмысшы орындарда (постыларда) орындалады. Тасқынды-агрегаттық тэсіл технологиялық процестерді жоғарғы деңгейде механикалауға және автоматикалауға мүмкіншілік береді, еңбек сыйымдылығы төмен жэне де неше түрлі бұйымдар жасауға эмбебап тәсіл болып саналады.
Бұл тэсіл өнеркэсіптік азаматтық жэне гидротехникалық қүрылыс салаларында кеңінен қолдануда.
• Конвейерлік тәсілдің тасқынды-агрегаттықтан айырмашылығы - оның өндіріс процесі жеке операцияларға максималды бөлінуінде жэне тасқындық созындысында қатаң түрде еріксіздік ырғақтылықпен тепе-тең уақытта конвейердің қозғалып тоқтап, қозғалып-тоқтап бір жұмысшы постыдан екінші постыға жылжып отыратынында.
Конвейерлік тэсіл қуатты механикаланған тасқындық процесті ұйымдастыруға мүмкіндік береді жэне бір типтес бұйымдарды сериялық шығарарда, оның ұтымдылығы тіпті жоғары болады. Конвейерлік тэсілдің тағы бір түрі - үзіліссіз қозғалатын конвейер. Пульсталынған немесе үзіліссіз конвейер қозғалысы бағытында тиянақты жабдыкталынған орындарында тиісті технологиялық операциялар орындалуымен дайын бұйымдар тасқындық созынды соңынан шығып жатады
Бақылаау сұрақтары
1.Темирбетон бұйымдарға арналған қалыптардың жіктелуі .
2. Темирбетон бұйымдарға арналған қалаптардың сипаттамалары.
№11 дәріс. Көлемдік блоктарды қалыптау.
Дәріс жоспары:
1.Көлемдік блоктарды қалыптау.
Бақылаау сұрақтары.
1.
2.
Әдебиеттер:
Достарыңызбен бөлісу: |