Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік униврситеті


Дәріс №3. Дәрістің атауы. Ғимараттардың тағайындалуына және капиталдылығына қарай бөлінуі



бет2/6
Дата01.07.2016
өлшемі3.31 Mb.
#171081
1   2   3   4   5   6

Дәріс №3. Дәрістің атауы. Ғимараттардың тағайындалуына және капиталдылығына қарай бөлінуі.

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}



  1. Өнеркәсіптік ғимараттардың классификациясы.

  2. Өнеркәсіп ғимараттарын жарықтандыру мен ауа алмастыру.

  3. Дірілдету мен шуылға қарсы күрес.


Өнеркәсіптік ғимараттардың классификациясы.
Өнеркәсіп ғимаратының көлемдік-жобалық және конструктивтік шешімі олардың бекітуіне байланысты технологиялық процестердің сипаттамасын орналастыру және едәуір әр түрлілігімен ерекшеленеді. Бұндай ғимараттарды келесі белгілері бойынша жіктейді.

  1. Аралықтардың саны бойынша – бір аралықты және көп аралықты бір этажды өнеркәсіп ғимараттар.

  2. Этаждар саны бойынша – бір этажды және көп этажды.

  3. Көтергіш-транспорттық құрылғылары бар болуына байланысты – крансыз және кранды (көпірлі крандар немесе аспалы көпір).

  4. Жабын схемасының конструктивтілігі бойынша – жазық қаңқалы (арқалық, фермалық, қаңқалық, арқалық жабындыларымен), кеңістік қаңқалы (жалаң немесе екі жақты қисықты, бүкпе жабындылар қабатымен), әр түрлі типті аспалы, қиысқан, пневматикалық, сонымен қатар ауа тірегіштік және ауа көтергіштік.

  5. Негізгі көтергіш конструкциялардың материалы бойынша – темір бетон қанқасымен (құрамалы, монолиттік, құрама-монолиттік), болатты қанқамен, металлдық немесе ағаш конструкциясының жабындысымен.

  6. Жылыту жүйесі бойынша – жылытылмайтын және жылытылатын.

  7. Желдету жүйесі бойынша – қоршалатын конструкциядағы арнайы ойық арқылы табиғи желдетумсен немесе аэрациямен; желдеткіш көмегімен және ауаағар жүйесі арқылы жасанды кіру-сорып шығару желдеткіші; ауаны кондиционерлеумен, яғни берілген ауалық ортаның (температура, ылғалдылық, ауа тазалығының дәрежесі) параметрін тұрақтандыратын жасанды желдеткіш.

  8. Жарықтандыру жүйесі бойынша – табиғи, жасанды немесе қатар қолданылатын(интегралдық) жарықтандырумен.

Жабындының кескіні бойынша – шам құрылыстарымен немесе оларсыз. Шам құрылыстары бар ғимараттарды аэрация немесе табиғи жарықтандыру мақсатында жасайды.

Өндірістік орындарында ауа қозғалысы бойынша «ауа тазарту» табиғи және жасанды немесе механикалық болып бөлінеді. Өндірістік орындарда ауаның табиғи тазаруы ішкі және сыртқы ауаларының меншіктік салмағынан және жел әсерінен ауа алмасуының нәтижесімен жүзеге асады. Ауаның орын ауыстыруы үшін жасанды тазарту кезінде электр энергиясын пайдаланады.

Бөлмедегі ауаны табиғи тазарту келесі факторлардың нәтижесінде жүзеге асады:

а) инфильтрация, яғни саңылау арқылы, қоршау конструкциясының тығыз еместігенен және сол қоршауды дайындауда қолданылған материалдардағы кеуектері арқылы өтуі;

ә) желкөз, фрамуг, терезе, есік және қақпа арқылы басқарылуы ұйымдаспаған ауа алмасу;

б) аэрация немесе басқарылуы ұйымдаспаған табиғи ауа алмасу.

Егер ғимараттар капиталды қабырғамен немесе тұйық бөлулермен жабындыға дейін жететін немесе сыртқы қабырға бойынша тұрмыстық немесе әкімшілік бөлмелер қосқан кезде жеке бөлмелерге бөлінсе, аэрация жұмысы қиындайды. Бұл жағдайда жасанды ауа тазартуды пайдалану тиімді.

Шуды техникалық нормалау – санитарлы-гигиеналық нормалауды орындайтын машина, қондырғылардың, құрылыс және басқа объектілердің сипаттамаларының шектеулерінің жүйесі. Санитарлық нормаларға қарағанда машиналардың барлық түрлеріне бірыңғай техникалық нормалауды енгізу мүмкін емес, себебі бұл нормалауды нақты техникалық сипатын ескере отырып бекітеді. Өнеркәсіптік ғимараттарының көлемді-жобалау және конструктивті шешімдеріне өндеріс технологиясы мен өндірістіке орта маңызды әсер етеді.

Осы өндірістік орта тек физика-техникалық аспекті, яғни кеңістік деп қана емес, сонымен қатар оны толтырып тұрған ауалық орта, жарық және дыбыс режимі деп те түсінеміз.Өндірістік орта көлемді-жобалау мен конструктивті шешімдер арқылы ғимарат пен өнеркәсіп орнының сыртқы келбетіне түгелдей әсер етеді. Көп өнеркәсіпті кәсіорындарының сыртқы келбетіне қарап оның қай мақсатта қолданылуын, және де конструкция материалдары мен конструктивті жүйесін ескере отырып, конструкцияны қайда қолдану керектігін оңай анықтауға болады. Басқа сөзбен айтсақ, өнеркәсіп ғимараттарының сәулетінде сәулеттің функционалды (технологиялық), техникалық және шығырмашылық салалары арасында өзіндік қатынас заңдылығы байқалады.

Өнеркәсіп ғимараттарының жобалау шешімі бөлмелерінің метеорологиялық режимі және ауалық ортаның зияндылық деңгейіндегі сипатына байланысты.

Меторологиялық тәртібі және бөлменің ауалық ортасының сипаттамасына байланысты өндірістік ғимараттарды жеке топтарға немесе аумақтарға (егер технологиялық үрдісте рұқсат етілсе) біріктіреді.

Сондай-ақ конструкциялық шешімнің қысқаруын қол жетеді. Бұндай аумақтандыру дыбыстық тәртіпте жүзеге асады.

Дәріс №3.Өзін-өзі тексеру сұрақтары




  1. Өнеркәсіптік ғимараттардың классификациясы.

  2. Өнеркәсіп ғимараттарын жарықтандыру мен ауа алмастыру.

  3. Дірілдету мен шуылға қарсы күрес.


Дәріс №4. Дәрістің атауы. Қоршау конструкцияларының жылутехникалық есебі.

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}



  1. Қоршау конструкцияларының жылутехникалық есебі.

  2. Жылутехникалық есептің мақсаты

  3. Ғимараттардың архитектуралық композицияларының принциптері мен қызметтері.

Жылутехникалық есептің мақсаты
Жылутехникалық есептің мақсаты қоршаудың ішкі жоғарғы бетіндегі температура санитарлық-гигиеналық талаптарды қанағаттандыратын, қоршау конструкцияларының қалыңдығын таңдау мен анықтау, сонымен қатар, қоршаудың жылу беруінің нақты коэффициентін анықтау болып табылады.

Ғимараттардың архитектуралық композицияларының принциптері мен қызметтері.

Функционалды шарттар архитектуралық сипаттамаларға, соның ішінде бөлек өнеркәсіптік ғимараттар мен өндірістердің кейпіне өте қатты әсер етеді.

Өнеркәсіптік ғимараттар өзіне сәйкес әртүрлі факторлардың әсерінен қалыптасатын бейнеге ие. Ең алдымен бейне берілген өндірістік үрдіске қатысты берілген үрдістің технологиялық белгілеріне сәйкес анықталады, өндірістік ғимарат және үймерет топтары немесе өнеркәсіптік ғимараттың көлемді-аумақтық композициясында өз сипатын табады.



Технологиялық үрдіс ғимараттың архитектуралық бейнесіне байланысты оған тән белгілерді анықтайды. Өнеркәсіптік ғимараттың архитектуралық бейнесі халық өмірінде қоғамдық қызығушылығында орын алған архитектуралық туындылар өз уақытындағы идеалдарға байланысты.

Өнеркәсіптік ғимараттар фронтальді-симметриялық, сондай-ақ фронтальді-асимметриялық композициялары болуы мүмкін, соңғы келтірілгені технологиялық үрдістің талаптарымен сәйкес келуіне байланысты кең қолданыс тапты. Көптеген өнеркәсіптік ғимараттардың тартылысы композицияда бір ғана элементтің көп қайталануына әкеледі. Мұндай композицияларды шешуде ритмикалық, метрикалық қатарларды қабылдауларын қолданады.

Фасадтың ритмикалық членениясы қабырғаның шыныланған және дыбыссыз бөліктерінің, бірдей ғимарат көлемінің қайталануының көтеруші конструкция жабынының кезектесуінде пайда болуы мүмкін.

Қазіргі өнеркәсіптік ғимараттардың архитектуралық композициясының тектоникасы конструктивті шешімімен анықталады- ғимараттың толық конструктивті схемасымен және бөлек элементтердің конструктивті шешімдерімен, мысалы қабырға, терезе толтырғыштары, көтеруші конструкция жабындысы. Тектоника деп архитектуралық үймереттің конструктивті құрылысын көркемдеу мақсатында қолдану және шығаруды айтады. Бөлек элементтердің арасында пропорционалдық қатынасты сақтау ғимараттың архитектуралық әсемділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі кездегі бірқабатты және көпқабатты ғимараттарда көлденең бөліктелінуі жиі қолданылады және сыртқы қабырғалары 6 м ірі қабырғалы панельдерді пайдаланады, сонымен бірге ғимараттардың төбелеріне қосымша ленталы жарық түсіргіш әйнектелген күннен қорғайтын жарық түсіргіш терезелер қойылады.

Өнеркәсіптік ғимараттың қасбеті архитектуралық жабынның пішініне тәуелді болады. Әр түрлі беттік (тіксызықты, қисықсызықты, аратәріздес және т.б.) кескіні бар жабынды қолдану қасбеттің түрлі үйлесімді шешімдерін табуға мүмкіндік береді.

Өнеркәсіптік ғимараттың ішіндегі технологиялық қондырғы мен конструктивті элементтердің ырғақ, қалпы, пропорциясы, масштабы, фактурасы, түсі мен жарықтануы- интерьердің архитектуралық бейнесіне әсер етеді.Интерьердің әсемділігі оның қалпының көлемі мен рельефін күшейтіп немесе әлсірететін кәдімгі және жасанды жарықтанумен көрсетеді.

Мөлдірлеткіш арматура – интерьер композициясының маңызды элементі. Өнеркәсіптік ғимараттардың жасанды жарығының шырақ қалыпы жалпы композициялық шешіммен әрекеттеспеуі керек.



Өндірістік ортадағы түс композиция тәсілі, психологиялылық ыңғайлылықтың факторы және ақпарат тәсілі ретінде қарастырады.Интерьердің архитектуралық композициясының ерекшеліктерін сәйкес тандалған түстік гамма арқылы сызып көрсетуге болады. Бұл түсті ырғақтық композиция енгізу арқылы, не ғимараттың тектоникалық құрамының, не интерьер масштабының өзгеруімен қол жеткізеді.

Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


1.Қоршау конструкцияларының жылутехникалық есебі.

2.Жылутехникалық есептің мақсаты

3.Ғимараттардың архитектуралық композицияларының принциптері мен қызметтері

Дәріс №5. Дәрістің атауы. Ғимараттың іргетастары, қабырғалары, колонналары
Ғимараттың іргетастары

Бетон көлемі өндірістік ғимараттың колонналардың фундаменті шығындалатын бетонның 20-35%, ал оның құрылуы ғимараттың құнының 5—20% құрайды.

Бұдан біз іргетастың дұрыс таңдалғаны ғимараттың құнына және шығынының ықпалына тығыз байланысты.

Іргетасты монолитті және құрамалы етіп орнатады. Құрамалы темірбетон фундаменттері бір блоктан, бірнеше блоктан және тақтайшадан болуы мүмкін. Бір іргетасты блокқа төрт колонна тіреуге болады (температуралық шов орналасқан жерлерді). Табан ауданы және іргетастың өлшемдерін күштеменің және көтеруші негіздің есептемесіне байланысты болады.







Сурет 1 Құрамалы темірбетон фундаменттері және каркас колонналарының тірелуі: а — бірнеше блок пен тақтайша, б — қуысы бар блоктар, в — стакан колонналарының қатаң өңделуі; 1 — колонна, 2— стаканы бар башмак (колоннаасты), 3—аралық блок, 4 — тақтайша, 5 — цокольді панель, 6 — бағана, 7 — фундаментті балка, 8 — монтажды бетон 9 — цементті илем, 10 — салма болат бөлшектердің дәнекердің көмегімен бірігуі
Іргетасты қажетті геологиялық тереңдікке орнату үшін: фундаменттің астыңғы жағына жастықша қояды, фундаменттің үстіңгі баспалдағын үлкейтеді, биіктіктері бірдей колонналарды қояды, ал белгілердің өзгерген жерлерінде подколонниктар оронатады.

Іргетасты арқалықтар. Ғимараттың сыртқы және ішкі көтергіш қабырғаларын фундаментті балкаға бекітеді. Іргетасты арқалықтарды арнайы дайындалған бетон бағаналарына жатқызады (сурет 2)

Сурет 2. Іргетасты арқалықтардың іргетасқа тірелуі: а— қабырғаның бойлық бойымен, 6— бүйір қабырғаның астымен: 1— іргетасты арқалық, 2 — бетон бағаншасы, 3 ~— колонна, 4 — өздік көтергіш бойлық қабырға, 5 — бүйір қабырға 6 — фахвер колоннасы, 7—негізгі колоннаның іргетасі 8 — фахвер колоннасының астыңғы іргетасы, 9 — құжды толтырғыш, 10— майлы саз, 11 — құмды толтырғыш, 12 — отмостка, 13 — гидроизоляция

Іргетастарды салу тереңдігінің шамасына байланысты екі топ­ка бөліп карастырады;

1. Алдын-ала қазылған шұңқырларға /котлован,траншея/ орнатылатын салу тереңдігі шамалы іргетастар. Әдетте мұндай іргетастардың табандары 1....5м тереңдіктен жоғары орналасады.

2. Салу тереңдігі үлкен іргетастар. Олар көбінесе грунт қабаттарын бойлай табандарын немесе тіректерінің төменгі ұштарын тереңге жеткізе орнатылады. Мысалы, қадалы іргетастар, іргетас- құдықтар,кессондар т.б..

Іргетастардың негізгі түрлері /3.1.-сурет/:

а/жеке іргетастар әдетте бағандарды /колонналарды/ қондыруға арналған. Кейде олар іргетастар арқалығын қолдану арқылы қаланатын қабырға орнатуға пайдаланылуы мүмкін / 3.1,а,ә-сурет және 3.2-3.5 суреттер.

ә) лента пішінді іргетастар көбінесе үйлер мен ғимараттардың қабырғаларын орнатуға арналған /3.1,г,д-сурет/. Кей жағдайларда /әртекті қатты сығылғыш негіздер т.б./ мұндай іргетастар бағандар коюға да қодданылуы мүмкін /3.1, б,в-сурет/,

б) тұтас іргетастар – темірбетон тақталар /плиталар/ турінде жасалынады /3.1.е- сурет/.

в) шомбал іргетастар - үлкен қатқыл /иілмейтін/ дене түрінде бүтіндей үйдің немесе ғимараттың астында біртұтас болып орналасады /3.1,ж-сурет/.

Іргетасты жасап шиғару тәсілдеріне байланысты құйма және құрама ірге тастар дел ажыратады.

Құйма іргетастарды орнатылатын жерінде құрастырылған қалыптарға бетон қоспасын құйып қатыру аркылы жасайды /3.1,ә,б,в,е,ж-сурет/.

Құрама іргетастар дайын күйдегі /заводтан жасалынып шыққан/бөлшеқтерден жинап құрастырылады /3.І,а,г,д-сурет/

Іргетастардың қатқылдығы бойынша иілгіш және қатқыл

іргетастар деп атайды.

Иілгіш іргетастар грунтты негізінің шөгуіне қарай иіліп отырады.

Жабын мен беттік қабырға ғимараттың ішкі қабатын түрлі әсерлерден қорғайды.

Ғимараттың конструктивті схемасына және жұмыстың статикалық түріне байланысты көтергіш, өздігімен көтергіш және аспалы деп бөлінеді.

Көтергіш қабырғалар жабынның өз салмағын қабылдайды және кейбір жағдайда көтергіш көлік құралдарының салмағын қабылдайды. Өндірістік құрылыста несущие қабырғаны өте сирек пайдаланады, құрылғысы үшін кірпіш, ірі және ұсақ блоктарды пайдаланады.

Өздік көтергіш қабырғалар өздік салмағын қабылдайды, желдің әсерін иілгіш және сырғымалы байланыстың көмегімен каркасқа беріледі. Өздік көтергіш қабырғаларды ірі панельдер, блоктар және тас материалдары түрінде өндіреді; бірінші шешім-тиімдірек.

Аспалы қабырғалар көп қабатты ғимараттың бір қабатында желдің әсері байқалады. Бұл қабырғалар негізінен қоршауыш конструкциялардың ролін атқарады, себебі өз массасын тірек болат үстелдері және байлам балкалары арқылы каркасқа жіберіледі.

Қыздырылатын ғимараттың тасты беттік қабырғасының қалыңдығы жылутехникалық шарттарға байланысты 250-510 мм құрайды. Бүйір қабырғасының желдік күштеменің әсеріне төтеп беруін ұлғайту үшін пилястр орналастырады.

Аспалы қабырға үшін көп қабатты ғимараттарда фахверка орнатады, болат тіректен, ригельден құралған каркас ғимараттың жабын аралық каркасына бекітеді. Бұл жағдайда аспалы қабырғаны жеке бөліктерге бөледі.






Сурет 3 Көп қабатты өндірістік ғимараттың аспалы қабырғасының конструктиті шешімі: а — қас бет бөлігі, б — қабырға конструкциясы; 1 — фахверка колоннасы, 2 — полистирол, 3 — газды бетон тақтайшасы 50 мм, 4 — ауалық қаттама 40 мм, 5 — әкті штукатурка 20 мм, 6 — кірпішті қалам, 7 — жолақты болат 20 X 5 мм, 8 — продух, 9 — ригель

Өндірістік ғимараттың қабырғасына арналған ірі блоктарды жеңіл немесе ұяшықты бетондардан дайындайды (керамзиттібетон, гравийлі бетон). Құрылыс болатын аймаққа байланысты сыртқы қабырға блоктарының қалыңдығын 300, 400 және 500 мм, ал ішкі қабырға үшін 300 мм.

Унификациялау мақсатында қабырға элементтерін және панельдердің биіктігі 0,9; 1,2; 1,5 және 1,8м, ұзындығы бойынша колонна қадамына 6 және 12 м тең (Сурет 4)

Қабырға панельдерінің унификациясы ғимараттың негізгі унификациясымен тығыз байланысты. Төменгі қабырғалық панельдерді фундаментті балкаға бекітеді, төменгілерді бірінші қабаттың еденінен 30 мм төменде бекітеді. Бұл жағдайда цокольді панельдер ұяшықты бетоннан дайындалған және атмосфералық әсерлерден қорғалмаған (мысалы, цемент илемімен тегістелмеген) қабырғаның бүйір қабырғасын кірпіштен жасайды.






Сурет 4 Қыздырылмайтын ғимараттың қабырғасына арналған қырлы темірбетон панельдері: а — қабырғалардың қиылысу панельдері, б — қабырғалық панельдер

Каркасты ғимараттың аспалы қабырғасы кірпіштен және жасанды тастан құралған жағдайда оларды колонна алдына орналастырып фундаментті байламды балкаға бекітеді, себебі олар колоннадан шығыңқы болады. (Сурет 5). Сыртқы қабырғаның мұндай орналасуы каркас элементтерін атмосфералық әсерден және сыртқы ортаның температурасының өзгерісінен қорғайды.





Сурет 5 Бір қабатты өндіріс ғимаратының Аспалы қабырғасының конструктивті шешімі: 1 — байлам балкалары, 2 — пилястра, 3 — колонна, 4 —колонна консолі, 5 — көтергіш қабырға, 6 — кранасты балка, 7 — каркас колоннасының фундаменті

3.1 - сурет. Іргетастардың түрлері; а- темірбетоннан жасалған стакан типті құрама жеке іргетас; ә- баған орнатуға арналған темірбетонан жасалған құйма жеке іргетас; б,в- бағандар орнатуға арналған темірбетоннан жасалған қүйма лента пішінді іргетастар; г,д-лента пішінді құрама іргетастар; е- бағандар тобын орнатуға арналған тұтас іргетастар; І-бойлық қабырғалар; 2-көлденең қабырғалар; 3-төсеніш такта /плита/; 4-бағандар; ж-жомбал іргетас; 1-іргетас: 2-дайындық қабат.



1.1- сурет. Ғимараттың іргетасы мен негізі

Жалпы құрылыс үшін іргетастар мен негіздерді дұрыс жобалап орнатудың маңызы өте зор. Өйткені салынған үйлердің пайдалану мерзімі көбінесе олардың іргетастары мен негіздерінің сапасына байланысты болады,

Іргетастар мен негіздерді жобалау деп салынатын үйлердің берік тұғыры /негізі/ болатын грунттардың құрылыска қажетті қасиеттерін ескере отырып орнататын іргетастардың түрін, табандарының өлшемдерін, конструкциясын анықтауды атайды.

Іргетас үйдін ең жауапты бөліктерінің бірі болып табылады. Өйткені ол бүтіндей қатқыл материалдардан /кірпіш, бетон, темірбетон, темір т.б./ құрылған үйді жүмсақ күйдегі ортамен - грунтты негіздермен жалғастырып жоғарыдан түсетін жүктерді таратады. Сондьқтан іргетастың катқылдығы бірдей емес екі ортаның бір жүйенің құрамында үйлесімді және берік жұмыс атқаруын, яғни уйлердің ұзақ мерзімде қауіпсіз пайдаланылуын камтамасыз етуде атқаратын ролі үлкен.

Дәріс №5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


1.Іргетастардың түрлері мен материалдары

2.Қабырғалар және қабырғаларға қойылатын талаптар.

3.Темірбетон колонналары және металл колонналар
Дәріс №6. Дәрістің атауы. Жабындылар түрі және оларға қойылатын талаптар

Сұрақ атауы 1 Жабындылар түрі және оларға қойылатын талаптар.

Өндірістік ғимараттарда азаматтық құрылысқа қарағанда, жабындар әр түрлі әсер етеді (сурет 6). Оның көтергіш конструкциясы өз массасының салмағымен, сонымен қатар қар мен желдің салмағына қарсы жұмыс істейді. Сонымен қоса, аспалы көлік пен көтергіш конструкцияның жабынының динамикалық салмағы болмаған жағдайда.




Сурет 6 Жабынның ішкі әсері: 1 —Тұрақты салмақ (қондырғы конструкциясының массасы), 2—уақытша салмақ (қар, көлік құралдарының салмағы, пайдаланудағы салмағы), 3— жел, 4 және 10— қоршаған ортадағы температураның әсері, 5 — атмосфералық ылғал (жауын-шашын, ауа ылғалы), 6 және 11— химиялық әсер етуші бөлшектер, 7 және 12 — микробтар, сыртқы және ішкі ауадағы, 8 — күннен алынған радиация, 9 — ішкі ауадағы ылғал, 13 — жылу соққылары, 14 — динамикалық соққылар.

Күшті және әлсіз әсерлер жабынға тұрақты, уақытша әсер етуі мүмкін.

Өндірістік ғимараттардың жабындарын ережеге сай шатырсыз жазық шатырмен, ішкі сужинағышпен орналастырады. Конструктивті шешімнің негізіне сүйене отырып, жабын аралықты және аралықсыз схемамен беріледі (сурет 7). Аралықсыз схема анағұрлым тиімдірек және көп пайдаланылады.



Сурет 7 Жабынның қоршағыш бөлігінің конструктивті схемасы: а — аралықсыз, б — аралықты; 1 — колонна, 2— жабынның көтергіш конструкциясы — ферма, 3— жабын тақтайшасы, 4— аралық, 5— кішіөлшемді тақтайша

Қыздырылмайтын ғимараттарда жабынды жылытқышсыз суық етіп жасайды. Кішкене жылу бөлінетін ғимаратта жабын болат шатыр болған жағдайда суық етіп, ал орамды шатырда температураны азайту мақсатында және гидрооңашалағыш жабынды орналастырады.

Жылытылған жабынды қоршағыштың бөлігі көтергіш конструкциялардан, буоңашалағыштан, жылуоңашалағыштан, тік тартқыштан және шатырдан, ал суық жағдайда тек қана көтергіш конструкциялардан, тік тартқыштан тұрады.

Жабынның аралықсыз схемасында негізгі көтергіш конструкцияға ірі өлшемді тақтайша төсейді- настилдер жабын бөліктерінің элементтері қызметін атқарады.

Соңғы кезде болат настилден, алюминийден, пластикалық массадан, асбестцементтен және тағы да басқа құрылыс материалдарынан жасалған жабын тақтайшалары көп қолданыс тапты.

Қыздырылатын ғимараттардың астынан әсіресе ішкі ауаның ылғалы көп болған жағдайда бір немесе екі қабатты орамнан буоңашалағыш орнатады немесе тақтайшаның бетін битуммен жағады.

Аралық биіктігінің өзгеретін жерінде температуралық шов орнатады, бұл жағдайда орамды гидрооңашалағыш кілемшені 250 мм биіктікте орнатады.

Темірбетон аралықтары Т- немесе П- тәрізді қиылыста аралық 6 м жабынмен жабады (сурет 7, а, б,). Темірбетон құрамалы тақтайшаны қырлы және қырсыз етіп дайындайды (сурет 7, в, г). Тақтайшаның ұзындығы қабылданған аралық осьтерінің арасына сәйкес болуы керек. Үлкен аумақты қамтамасыз ету үшін тақтайшаның тірек ұшын трапециялы ойып кесумен және аралас қатарда орнатады (сурет 7, д).






Сурет 7 Жабынның қоршағыш элементтернің бөліктері: а — темірбетон аралықтары, б — көлденең аралық қиылысы, в — темірбетон және армокөбіктібетон тақталры, г— тақтайшалардың қиылысуы, д — тақтайша жапсары
Еденге қойылатын талаптар. Өндірістік ғимараттардың еденіне жалпы талаптардан басқа арнайы талаптар да қойылады. Мұндай талаптарға механикалық беріктікті, статикалық және динамикалық сипаттағы күштемені, еденнің жануға төтеп бері қасиетін, ыстыққа қарсы қасиетін, физико-химиялық және биологиялқ әсерін және тағы да басқа талаптарға сай болуы керек.

Конструктивті еденнің схемасы. Еден конструкциясы жабыннан, тартпадан, гтдроизоляциядан және жылу немесе дыбысоңашалағыш қабаттан тұрады.

Өндірістік ғимараттарда еденді жабынға байланысты үш негізгі топқа бөледі.



Бірінші топ- біртекті немесе шовсыз. Олар мынадай болуы мумкін:

а) табиғи материалдар негізінде: топырақты, гравийлі, қиыршық тасты, саздыбитті, саздыбетонды;

б) жасанды материлдар негізінде; бетонды, болатбетонды, мозаикалы, цементті, шлаковые, асфальтты, асфальтібетонды, полимерлі (мастика түрінде, илем және бетон).

Екінші топ- даналық материалдан құралған еден: тасты- кірпішті және клинкерлі, жұмыртасты; тақтайшадан және бетон тақтайшасынан, металлцементті, мозаикалы— террацо, асфальтты, асфальтбетонды, керамикалық, шойынды, болатты, ағаш-талшықты.

Үшінші топ- орамды және беттік материалдар; орамды —линолеумнан, синтетикалық кілемшеден; жапырақша —винипласттан, ағаш-талшықты және ағашжоңқалы беттен тұрады. Қоршаушы конструкциялар

Өндірістік ғимараттарда азаматтық құрылысқа қарағанда, жабындар әр түрлі әсер етеді (сурет 6). Оның көтергіш конструкциясы өз массасының салмағымен, сонымен қатар қар мен желдің салмағына қарсы жұмыс істейді. Сонымен қоса, аспалы көлік пен көтергіш конструкцияның жабынының динамикалық салмағы болмаған жағдайда.



Сурет 6 Жабынның ішкі әсері: 1 —Тұрақты салмақ (қондырғы конструкциясының массасы), 2—уақытша салмақ (қар, көлік құралдарының салмағы, пайдаланудағы салмағы), 3— жел, 4 және 10— қоршаған ортадағы температураның әсері, 5 — атмосфералық ылғал (жауын-шашын, ауа ылғалы), 6 және 11— химиялық әсер етуші бөлшектер, 7 және 12 — микробтар, сыртқы және ішкі ауадағы, 8 — күннен алынған радиация, 9 — ішкі ауадағы ылғал, 13 — жылу соққылары, 14 — динамикалық соққылар.

Күшті және әлсіз әсерлер жабынға тұрақты, уақытша әсер етуі мүмкін.

Өндірістік ғимараттардың жабындарын ережеге сай шатырсыз жазық шатырмен, ішкі сужинағышпен орналастырады. Конструктивті шешімнің негізіне сүйене отырып, жабын аралықты және аралықсыз схемамен беріледі (сурет 7). Аралықсыз схема анағұрлым тиімдірек және көп пайдаланылады.




Сурет 7 Жабынның қоршағыш бөлігінің конструктивті схемасы: а — аралықсыз, б — аралықты; 1 — колонна, 2— жабынның көтергіш конструкциясы — ферма, 3— жабын тақтайшасы, 4— аралық, 5— кішіөлшемді тақтайша

Қыздырылмайтын ғимараттарда жабынды жылытқышсыз суық етіп жасайды. Кішкене жылу бөлінетін ғимаратта жабын болат шатыр болған жағдайда суық етіп, ал орамды шатырда температураны азайту мақсатында және гидрооңашалағыш жабынды орналастырады.

Жылытылған жабынды қоршағыштың бөлігі көтергіш конструкциялардан, буоңашалағыштан, жылуоңашалағыштан, тік тартқыштан және шатырдан, ал суық жағдайда тек қана көтергіш конструкциялардан, тік тартқыштан тұрады.

Жабынның аралықсыз схемасында негізгі көтергіш конструкцияға ірі өлшемді тақтайша төсейді- настилдер жабын бөліктерінің элементтері қызметін атқарады.

Соңғы кезде болат настилден, алюминийден, пластикалық массадан, асбестцементтен және тағы да басқа құрылыс материалдарынан жасалған жабын тақтайшалары көп қолданыс тапты.

Қыздырылатын ғимараттардың астынан әсіресе ішкі ауаның ылғалы көп болған жағдайда бір немесе екі қабатты орамнан буоңашалағыш орнатады немесе тақтайшаның бетін битуммен жағады.

Аралық биіктігінің өзгеретін жерінде температуралық шов орнатады, бұл жағдайда орамды гидрооңашалағыш кілемшені 250 мм биіктікте орнатады.

Темірбетон аралықтары Т- немесе П- тәрізді қиылыста аралық 6 м жабынмен жабады (сурет 7, а, б,). Темірбетон құрамалы тақтайшаны қырлы және қырсыз етіп дайындайды (сурет 7, в, г). Тақтайшаның ұзындығы қабылданған аралық осьтерінің арасына сәйкес болуы керек. Үлкен аумақты қамтамасыз ету үшін тақтайшаның тірек ұшын трапециялы ойып кесумен және аралас қатарда орнатады (сурет 7, д).






Сурет 7 Жабынның қоршағыш элементтернің бөліктері: а — темірбетон аралықтары, б — көлденең аралық қиылысы, в — темірбетон және армокөбіктібетон тақталры, г— тақтайшалардың қиылысуы, д — тақтайша жапсары

Дәріс №6.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


1.Жабындылар түрі және оларға қойылатын талаптар.

2.Едендер және еденге қойылатын талаптар.

3.Қоршаушы конструкциялар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет