Кеуекті толтырғыштардың мықтылығын – олардың түйіршіктерін цилиндрге пуансонмен берілген тереңдікке дейін сығумен анықтайды. Сондағы анықталған жүк кернеуін шартты мықтылық көрсеткіш ретінде қабылдайды. Бірақ бұл көрсеткіш түйіршіктер араласының қуыстығына тәуелді келеді, сондықтан , толтырғыштың шартты мықтылығын оның маркасын сипаттайтын шын мықтылығына көшіру үшін арнаулы коэффициенттер қолданады.
Кеуекті толтырғыштар беріктігі бойынша төмендегідей маркалармен сипатталады: М25 ;М35, М50; М75; М100; М125; М150; М200; М300;М350.
Кеуекті толтырғыштардың серпінділік модулі тығыз толтырғыштармен салыстырғанда көп төмен. Бұл олардың ең маңызды ерекшеліктерінің бірі - созымдылығының жоғарылығында.
№7 Дәріс Пемза, вулкан шлактары.
Дәріс жоспары:
-
Пемза, вулкан шлактарының пайда болуы және қолданылуы.
Пемза жанартаулық жынысқа жатады . Жанар таулық жыныстар деп – қысымдылықпен бөлшектенген қалпында аспанға атылған жанартау лавасын – бос массаны айтады. Түйіршіктерінің ірілігіне байланысты оларды ж.таулық күлдер (түйіршік диаметрі 1 мм дейін ) , құмдар ( т. Диам – 5мм дейін) және пемзалар деп атайды.
Пемза - өте жеңіл кеуекті жыныс. Табиғатта пемза ірілігі 5 – 30 мм кеуекті түйіршіктерінен тұратын материал қалпында жатады. Кеуектерінің ірі және жабық болатындығынан пемза, әдетте суды онша сіңірмейді, сондықтан, аязға төзімді. Пемзаның кеуектілігіне ( 80 дейін ) сай оның жылу өткізгіштік коэффициенті - 0,14 - 0,23 Вт (м* К) , орташа тығыздығы - 500-600 кг/ м3 , қысқандағы мықтылық шегі - 2- 4 МПа.
Құрылыста пемзаны жылытосқауылдағыш ( жылу қоршаушы) материал ретінде , жеңіл бетондар үшін толтырушылар алуға , құрылыс әгіне және цементке минералдық активті қоспа ретінде пайдаланады.
№8 Дәріс Жасанды кеуекті бетон толтырғыштары.
Дәріс жоспары:
-
Жасанды кеуекті бетон толтырғыштарының негізгі қасиеттері.
Бастапқы шикізатты өртеу барысында органикалық қосындылардың және қоспалардың жануының арқасында пайда болған газдардың , будың балқытаылған массадан сыртқа шығуға ұмтылуынан немесе т.б. прцесстер нәтижесінде, минералдық масса көптірілген болып қалады. Минералдық массаның едәуір бөлігі өртегенде, газтәрізді өнімдерін ұстап тұратындай белгілі қоюлықтағы балқымаға көщеді.
Жасанды кеуекті толтырғыштарды алудың технологиялық процессі бастапқы шикізатты даярлау, оны термиялық өңдеу, ұсату және сорттау операцияларынан тұрады.
Жеңіл бетондарда барынша кең қолданылатын 10 – 20мм фр- лық ірітолтырғыш және 5 – 10; 20 – 40мм фракциялары да қолданылуы мүмкін.
Толтырғыштың пішін коэффициенті - ең үлкен түйіршік мөлшерінің ең кіші мөлшеріне қатынасы бірге жақындаған сайын түйіршікаралық қуыстар көлемі де кішірейе береді. Толтырғыштың су сіңіргіштігі , оның жалпы кеуектік шамасына да және кеуектік кеңістігінің құрылымына да байланысты болады. Түйіршік бетіндегі балқытылған қабықтың болуы , оның су сіңіргіштігін едәуір төмендетеді. Керамзиттік қиыршықтағы осындай қабықтың болуы арқасында керамзиттің сусіңіргіштігі ондай қабығы жоқ шағалмен салыстырғанда 2 есе кем.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВРСИТЕТІ
|
3 дәрежелі СМЖ құжат
|
УМКД
|
УМК 042-14.1.04.01.20.70/01-2010
|
«Құрылыс материалдары» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің
оқу- әдістемелік материалдары
|
№2 баспа
|
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
« Әрлеу материалдары »
050729 “Құрылыс”, 050730 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру»
Оқу әдістемелік материалдары
Семей 2010
Мазмұны
|
|
|
1
|
Дәрістер
|
|
2
|
Зертханалық жұмыстар
|
|
3
|
Студенттің өздік жұмысы
|
|
Дәрістер.
№1 дәріс. Кіріспе. Қазіргі замандағы құрылыста әрлеу материалдарының қызметі.
Дәріс жоспары:
1.Кіріспе.
2 Әрлеу материалдарының жіктелуі және оның технологиялық классификациясы.
Бірде-бір ғимаратты құрылыс материалдары мен және құрылыста қолданылатын әрлеу материалдарынсыз өткізуге болмайды.
Құрылыста қолданылатын әрлеу материалдары – құрылыс конструкциялары мен ғимараттарға біршама қасиеттер беруі қажет. Олар :
----- қоршаған орта жағдайларынан қорғау;
------ архитектуралық шешімдер бойынша әсемдеу қызметін атқару;
----- кірлеу, шаңдану, ылғалдану сияқты ерекше санитарлы – гигиеналық шарттарды тудыру;
---- әрленуші беттерді әр түрлі механикалық; химиялық кемшіліктерден; радиациядан, тозудан, коррозиядан, суықтың және ыстықтың әсерінен қорғау.
Бүгінгі таңда әрлеу бұйымдарының 350 ден аса түрлері бар және олардың 2 түрлі классификациясы бар:
--- бастапқы негізі болатын материалдардың техникалық классификациясы;
---- құрылыстың орындалу жері мен барысы бойынша болатын архитектуралы – құрылымдық классификациясы.
Технологиялық классификациясы бойвнша ---- әрлеу материалдары келесі топтарға бөлінеді:
-
-- бояу қоспалары;
-
-- табиғи және жасанды тастар;
-
-- керамика ;
-
-- шыны ;
-
-- металл ;
-
-- ағаш материалдары ;
-
-- полимерлер және т/б.
Архитектуралық – құрылыстық классификациясы бойынша келесі топтарға бөлінеді :
-
сыртқы әрлеу ;
-
ішккі әрлеу жұмыстары :
-
еден жабындары ;
-
арнайы мақсаттарда ;
Эксплуотациялық қасиеттерінің ішінде маңыздалары болып , бөлмеде жұмыс істеуге, демалуға қолайлы жағдайлар тудыратын сан- гигиеналық талаптары жатады. Сонымен қатар , белгіленген нормаға сай отқа төзімділік және радиациялық қасиеттері де жатады. Ең маңыздысы , бұл әрлеу материалдарының жеңіл жуылуы, дизенфекциялануы, тазалануы болып табылады. Бояу материалдары 2 бірдей функцияны атқарады – ол әреу және металлдан , темірбетоннан , ағаштан, кірпіштен, және т\б материалдан жасалған бұйымдардың беттерін қорғау. Өзінің құрамы бойынша бояу материалдары композиттерден, пигменттер мен толтырғыштардан тұрады.
Бақылау сұрақтары:
-
Әрлеу материалдарның қолданыстағы қызметі қандай?
-
Әрлеу материлдары қалай жіктеледі?
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.
2. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.
3. Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.
4. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс матариалдары мен бұйымдары. 2 том. 310-318 б.
5. Горчаков Строительные материалы и изделия.
№2 Дәріс: Беттік керамикалық кірпіштің өндіру технологиясы.
Дәріс жоспары:
-
шикізатты даярлау технологиясы.
-
беттік керамикалық кірпішті өндіру әдістері.
Беттік кірпіштер мен керамикалық тастар сыртқы және ішкі қабырғаларды қалау үшін және сонымен бірге қаптау үшін қолданады. Мұндай кірпіштердің және тастардың беттерін теп-тегіс немесе кедір –бұдыр немесе әрленген ( фактураланған) етіп шығарады. Бұларды жасау үшін кәдімгі қызыл болып күйдірілетін саздан басқа диотомиттерді де және трепельдердіде пайдаланады. Жасау технологиясы кірпіштікінен аумайды.Тек шикізаттардың біртектілігіне, пішіндерінің дұрыс, түстерінің бірыңғай болуына қойылатын талаптарды орындау қажет және керамикалық массаның құрамын таңдай отырып, күйдіру тәртібін реттеумен ақ , қоңыр және ақсары түсті кірпіштер мен керамикалық тастарды шығаруға болады.
Қазылып алынған балшық арнайы майдалағыш айналмалар мен жанышқыш біліктердің көмегімен ұсақталады, және төменгі жағына орнықтырылған елек арқылы еленеді, ал төменгі беріктіктегі саздың ірілері ұсақталып сумен араластырылады. Жеткіліксіз араласқан балшық дайындалған бұйымның сапасын нашарлатуға және техникалық талаптарға сай келмеуіне септігін тигізеді. Балшықты ерітіндіні дұрыс араластыру , әсіресе қалыңдығы үлкен емес керамикалық беттік беттік бұйымдарды өндіру кезінде өте қажет.
Керамикалық беттік кірпішті өндірудің 3 әдісі бар: илімділік; жартылай құрғақ әдісімен престеу және құю (шликер) әдісі.Кірпіштерді илімді (пластикалық) әдіспен өндіру іс жүзінде таспалы тығыздатқыштардың (шнек) көмегімен балшықты аралас массаны қалыптау кең тараған.Тасымалдап жеткізілген топырақ балшық езетін мащиналарда ылғалдылығы 18-25% ға дейін ылғалданып біртекті иілгіштік құрамдағы масса алынғанша ұқыпты түрде араластырады. Осындай жолмен дайындалған балшық , бұйымдарға керекті пішін беретін, соңына мундштук орныққан,таспалы тығыздайтын құрылғыға түскен дайын балшық қысымының әсерінен жылжып, мундштуктегі саңылаулар арқылы қалыпталады. Қысымдығы 1,6 -7 МПа аралығында.Балшықты ң илімділігін арттыру үшін және оның қуыстығын кеміту үшін таспалы вакуумды тығыздатқыштың жетілдірілген жаңа түрін ойлап тапты . Осындай машиналарда қалыпталған кірпіштер , балшық массасындағы ауа көпіршіктері мен артық ылғалды, вакуумды қондырғының шығарып жіберуіне орай , көтеріңкі беріктік пен тығыздыққа ие болады. Содан кейін таспалы ( ленталы ) пресске түсіріледі. Пресс өнімділігі сағатына 10000дана кірпіш. Пресстен үзіліссіз шығатын кескін (брус ) автомат арқылы кірпіш қышқа кесілініп , камералық немесе туннельдік кептіргіш пеш вагонеткаларына тиеледі. Қыштардың кептірілу ұзақтығы 1 – 3 тәулік . Алдын – ала кептірілген қыштар үздіксіз істейтін туннельдік пеште пайдаланған шикі түріне байланысты , 950 -1050 С температурада күйдіріледі. Күйдірілу уақыты 18-24 сағаттай болады.
Шала құрғақ тәсілімен қалыптарда шикі материалдар алдын – ала жанышқыларда майдаланған соң , кептіргіш доңғалақта (барабанда ) ылғалдылығын 6-8 ға жеткізе кептіріледі, одан кейін ұнтақтағышта (дезинтеграторда) тағы да майдаланады, еленеді, 8-12 ға дейін суланады және жақсылап араластырылады. Дайын массаны гидравликалық немесе механикалық престерде пресстерде қалыптайды. Қалыпталынған бұйымдар бірден күйдіру пешіне, одан әрі дайын өнім қоймасына жөнелтіледі.
Кірпіштің тығыздығы 1600 – 1900 кг\ м3 , ал жылу өткізгіштігі 0,70-0,82 Вт\ (м* град С ). Бұл қасиеттер көрсеткіштерінің жоғары мағыналары шала құрғақтай пресстелінген кірпішке жатады.
Созымталдық тәсілмен керамикалық кірпіш өндірудің технологиялық схемасы: 1. – жәшіктік бергіш; 2- таспалы тасымалдағыш ; 3- майдалағыш ; 4- айналажүгірмелердегі саздың талқандалыуы ; 5- таспалы тасымалдағыш ; 6- таспалы прессте кірпіштің қалыпталуы; 7 – кескіннің автоматпен кірпіш – қышқа кесілуі.
Беттік кірпіш пен керамикалық тастардың мықтылығы бойынша маркалары: М75, 100, 125, 150, су сіңіргіштігі - 6% кем емес және 14% тен аспауы керек, аязға төзімділігі 25 циклдан кем болмауы керек.
Бақылау сұрақтары:
1 Беттік керамикалық кірпішті өңдеудің қандай әдістерін білесіз?
2 шикізатты даярлау технологиясы қалай жүргізіледі ?
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.
2. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.
3. Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.
4. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс матариалдары мен бұйымдары. 2 том. 342-345 б.
№ 3. Дәріс: Керамикалық әрлеу плиталардың өндіру технологиясы.
Дәріс жоспары:
-
Керамикалық әрлеу плиталардың жіктелуі.
-
Керамикалық әрлеу плиталарын өндіруде шикізатқа қойылатын талаптар.
Тұрғын және қоғам үйлерінде (санитарлық- техникалық бөлмелерді , асханаларды, тұрмыстық жайларды, емханаларды, сауда жайларын, бассейндерді, метрополитендерді т\б ғимараттарды ) ішкі қабырғаларын қаптауға керамикалық өнеркәсіптерінде түрлі-түсті плиткалар мен плиталар шығарылады. Плиткалар квадратты тіктөртбұрышты және бейнелі(фигуралы) пішінде жасалынады. Квадраттық плиткалар 200*200; 150*150; және 100*100мм
Тік бұрышты плиткалар 200*150; 200*100; 150*100; 150*75; 150*25мм мөлшерінде шығарылады.
Іштен қаптайтын керамикалық плиткаларды жасауға қолданатын шикізат шихтасының құрамы , массасы бойынша %: 25-75 саздан, 10-26 каолиннен, 10-28 құмнан, 5-20 шамоттан, 10-30 перлиттен, шыны сынықтары, дала шпаттық концентрат сияқты балқымалардан тұрады. Керамикалық массаның температуралық ұзындық ұлғаю коэффициентін бор, әктас, талқандалған құм т\б қосу арқылы реттейді. Саздардан ақшыл күйдірілетін отқа төзімді қиын балқитын , сондай- ақ қызғылт күйдірілетін оңай балқығыш түрлері қолдана беріледі. Құрастырылған шихтаны белгілі технологиялық тәсілдермен майдалап, бір камералық доңғалақ диірменде суға араластыра ұнтақтайды және т\с операциядан кейін қаймақ сияқты шликер дайындалады да қалыптарға құйылып , кептірілу және күйдірілу технологиялық сатыларынан соң дайын қаптаушы бұйым шығады.Іштен қаптауға қолданатын плиткалар пайдаланатын шикізатына байланысты майоликалық және фаянсалық деп екіге бөлінеді.
Фаянсалық плиткалар отқа төзімді және қиын балқығыш саздарға кварцтық құм және дала шпаты, әктас немесе бор сияқты балқығыштарды қоса дайындаған керамикалық массадан автоматикалық буынды рычагты пресстерде пресстеп жасайды. Плиткалардың сапасын жақсарту үшін , қалыптау процессін 2-3 сатыда жүргізеді. Алдымен тығыздау күшін 4-5МПа жеткізеді, одан кейін пресстелінген массадан сығылысқан ауаны шығару үшін штамп көтеріледі. Екінші сатыда пресстің тығыздау күшін 18-22 МПа дейін жоғарылатады. Плиткалар және қаптаушы бұйымдар шығаратын конвейірлік созындылар бірнеше пресстері бар пресстік бөлімнен , плиткаларды кептіргіш камераларға жіберетін шынжырлы немесе торлы тронспортерден , глазурлайтын бөлімнен және күйдіру пешінен
тұрады.Әдетте , плиткаларды дамылсыз істейтін роликті пештерде күйдіреді.
Пештен күйдіріліп шыққан плиткаларды түсі, мөлшері және сапасы бойынша сорттпп ағаш жәшіктерге тығыздап салады.
Құйылған керамикалық плиталар (МСТ) табиғи және жасанды қосындылары бар саздан дайындалған шликерден құйма тәсілі бойынша жасалынады. Олар үй жайлардың, ғимараттардың ішін және сыртын қаптау үшін арналған.Пішіндері бойынша бұл плиткалар квадратты және тура бұрышты болады. 21*21; 46*46; қалыңдығы 3 мм ; 71*71; 96*96; қалыңдығы 3,5мм; Тікбұрыштылары 46*21; 71*21 ; қалыңдығы 3мм; 71*46; 96*21; 96*46 ; 96*71 ; 121*21; 121*46; 121*71; 121* қалыңдығы 3,5мм.
Техникалық талаптар : МСТ бойынша қабырғаны іштен қаптауға арналған плиткаларға қойылатын талап қатаң. Бір партиядағы плиткалардың түстері міндетті түрде біркелкі болу керек. Ешқандай жарық – шетінегендік, күйіп кеткен немесе күйдірілуі жетілмегендік және т.б жіберілмейді. Плиткалардың су сіңіргіщтігі 17 дан көп болмауы керек. Игендегі беріктік шегінің орташа шамасы 12 МПа кем болмауы керек, ал ең азы 8 МПа төмен болмауы керек. Термиялық тұрақты жағынан бұл плиткалар 125 +- 5 град.С температурадан 15+20 С дейін кенеттен төмендеуіне ешбір бүліну белгісіз шыдауы керек.
Еденге төсеуге арналған плиткаларды жасау үшін жоғарғы сапалы созымтал және балқулық температура интервалы кем дегенде 80-100 град.С болатын саздарды қолданады. Саздың созымталдығын реттеу үшін құнарсыздандырғыш материалдарды, балқу температурасы
н төмендету үшін белгілі қоспаларды және минералдық бояғыштарды шихтаға қосады. Осындай құрастырылған шихтадан құрғақ немесе сулы (құймалық- шликерлік) тәсілмен ұлпа дайындайды. Құрғақ тәсіл ешқандай қоспаны қажет етпейтін біртекті саздарды пайдаланғанда қолданады.
Сулы (құймалық) тәсіл балқымаларды және минералдық қосымшаларды қосуды талап ететін саздарды пайдаланғанда қолданады. Бұл тәсіл бойынша сазды белгілі механикалық жабдықтар көмегімен майдалайды, ұнтақтайды, сосын үлкен сыйымдылықта суды көптеу құйып және керекті қосымшаларын қосып үдемелете араластырады. Осындай операциялардан кейінгі қаймақ тәрізді құйма ( немесе оны шликер деп те атауға болады) фильтр пресске немесе шашыратқыш кептіргішке жіберіліп, ылғалдылығын 20 - ға дейін жеткізе сусыздандырады. Сосын 5-7 -ға дейін құрғатады да айналмалы жүгірмелерде ұнтақтайды. Осылайша ұнтақталған шала құрғақ масса салмалыға (бункерге) түсіп 24-28 сағат бойы сақталады да пресске жіберіледі. Плиткаларды жартылай автоматты гидравликалық немесе автоматты механикалық пресстерде 25-30 МПа қысымдықпен тығыздап қалыптайды. Сонан соң , оларды саңылаулық роликті пештерде 1100-1300 град.С температурада күйдіреді. Еденге арналған плиткалар (МСТ) бойынша кеуектігінің төмендігімен, тығыздығының жоғарылығымен, отқа тұрақтылығымен ерекшелінеді. Олар глазурланған, жартылай глазурланған, глазурланбаған, беті тегістелінген немесе кедір бұдырланған болып шығарылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Керамикалық әрлеу плиталарды өндірудің қандай тәсілдерін білесіз?
2. Қаптауға арналған плиткаларға қойылатын қандай талаптар бар ?
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.
2. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.
3. Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.
4. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс матариалдары мен бұйымдары. 1том. 342-348 б.
№ 4. Дәріс: Декоративтік -әрлеу бетондары және ерітінділердің өндіру технологиясы.
Дәріс жоспары:
-
Құрылыстық ерітінділердің арнауларына байланысты жіктелуі.
-
Декоративтік -әрлеу ерітінділердің өндіру технологиясы.
Жалпы құрылыстық ерітінді конгломератты материалдардың бір түрі. Оны байланыстырушы заттан, судан және майда толтырушылардан (құмнан) тұратын рационалды құрамдағы араласпаның қатаюы нәтижесінде алады.Құрылыстық ерітіндіні қолданудағы басты ерекшелік , оларды көпшілігінде кеуекті конструкцияларының -- кірпіштің , бетонның , табиғи тас материалдарының бетіне тығыздамай жұқалап салуда, не жағуда.
Құрылыстық ерітінділер арнауларына байланысты қалаулық, сылаулық, жинаулық және арнаулық болып топтарға бөлінеді. Арнаулы тобына тампонаждық , акустикалық, гидроқоршаушылық, рентгеннен қорғаушы және т.б. құрылыстық ерітінділер жатады.Ылғалдылығы 60 жоғары жерлерде пайдаланатын үйлер не оның конструкциялық бөліктері үшін қолданатын ерітінділерді тек қана цемент негізінде дайындайды. Қолданатын майла түйіршікті толтырушылардың түрлеріне байланысты құрылыс ерітінділері ауыр және жеңіл топтарына жіктеледі.
Ауыр қоспалардың орташа алғандағы тығыздығы 1500кг\ м3 жоғары;
Ал жеңілдерінің - 1500кг\м3 дейін болады.
Арнайы ерітінділерді ( декоративті, қышқылға тұрақты, рентген қорғаушы т.б. ) дайындарда оларға жарамды байланыстырушы заттарды , толтырушыларды және қоспаларды ерекше ұқыптылықпен арнауларына сәйкес сипаттамаларын қамтамасыз ететіндей мақсатпен таңдайды.
Декоративтік ерітінділер және құрамалар үйлер мен ғимараттар маңдайша бетіне (фасадына) және интерьеріне сәулеттік және көркемдік сапа беру үшін арналған.Декоративтік түсті ерітінділер қабырғалық панельдердің , блоктардың сыртқы беттерін зауыттық жағдайда өңдеу үшін өте жиі қолданады.Өңдеу түріне байланысты түсті декоративтік ерітінділерді ( әктілі – құмдық , цементті – құмдық , терразиталық , тастартүсті ) және де декоративтік ( полимер – цементтік, цементті – перхлорвинильдік , цементті – коллоидтық және т.с.с. ) құрамаларды қолданады.
Декоративтік ерітінділер қысқандағы мықтылығымен астындағы негізімен жақсы ұстаса ұласуымен қатар қоршаушы орта қалайда әсер ететін жағдайда да үйлерді пайдалану мезгілі бойынша бастапқы түсін , текстурасын және басқа сапасын сақтауы керек. Сондықтан мұндай ерітінділерге аяз , жарық, су төзімдіктері жағынан қойылатын талаптар қаталдау.Бұл көрсеткіштердің орнықтылығы ерітінділер дайындардағы қолданатын материалдар қасиеттеріне байланысты болады.Үйлердің сыртқы бетін өңдеуге және бояуға жұмсалатын декоративтік ерітінділер мен құрамаларға байланыстырушы заттарретінде ақ және түсті портландцементтер, полимерцементтер қолданады.Интерьерлерді өңдеу үшін әкті, гипстік байланыстырушыны, гипсополимерцемент, цементті перхлорвинилдік байланыстырушыларды жиі қолданады. Бояғыш қоспалар ретінде жарыққа, сілтіге, және қышқылға тұрақты табиғи немесе жасанды пигменттер ( мысалы хром оксді, темір суригі , графит және т.б. ) қолданады. Ақ пигменттер ішіндегі ең жарамдылары мрамор ұлпасы мен ақ портланлцемент.
Декоративтік өңдеуге қолданатын полимерцементті декоративтік ерітінділер түрлі майда қиыршық тастардан тұратын толтырушылар негізінде дайындайды. Бұл толтырушыларға жуылған құм, граниттен, шыныдан, керамикадан , көмірден , пластмассадан ұсақтап алынатын іріліктері 2-2,5 мм қиыршықтар жатады. Декоративтік қиыршықтар қысымдық ауа көмегімен желімдеуші құрамамен өңделінген конструкция бетіне атқылап жапсырады, сосын кремний – органикалық гидрофобиздаушы жамылтқымен жауып қорғайды. Полимерцементтік желімдеуші құрама үй сыртын , ал суэмульсиондық бояуды іш жағын ( интерьерді ) өңдеуге қолданады.
Бақылау сұрақтары:
-
Құрылыстық ерітінділер арнауларына байланысты қалай жіктеледі?
-
Интерьерлерді өңдеу үшін қандай ерітінді түрін қолданады?
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.
2. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.
3. Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.
4. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс матариалдары мен бұйымдары. 2том. 145-167 .б.
№ 5. Дәріс: Құрғақ құрылыс қоспалары. Олардың жіктелуі мен өндіру технологиясы.
Дәріс жоспары:
-
Құрғақ құрылыс қоспалары және олардың жіктелуі.
-
Құрғақ құрылыс қоспаларының өндіру технологиясы.
Құрылыстық қоспалар арнауларына байланысты қалаулық, сылаулық, жинаулық және арнаулық болып топтарға бөлінеді. Арнаулы тобына тампонаждық , акустикалық, гидроқоршаушылық, рентгеннен қорғаушы және т.б. құрғақ қоспалар жатады.Ылғалдылығы 60 жоғары жерлерде пайдаланатын үйлер не оның конструкциялық бөліктері үшін қолданатын қоспаларды тек қана цемент негізінде дайындайды. Қолданатын майла түйіршікті толтырушылардың түрлеріне байланысты құрғақ құрылыс қоспалары ауыр және жеңіл топтарына жіктеледі.
Ауыр қоспалардың орташа алғандағы тығыздығы 1500кг\ м3 жоғары;
Ал жеңілдерінің - 1500кг\м3 дейін болады.
Қысқы мезгілдерде пайдалану үшін аязға қарсы қоспалар ( сақар К2СО3, соданы Na2 CO3 , натрий нитраты, аммиак суы және т.с.с.) қосады.Натрий ацетатын қосқанда қоспаның - 15град.С аязда мықтылығын тездете қабылдай , жақсы көрсеткіштерді көрсетеді. Бұл қоспаның оптималдық мөлшері цемент массасынан 10-15% , натрий нитратының 5-10% дейін.
Аязға қарсы қоспалар ерітінді дайындағанда судың мұздану температурасын төмендетіп , байланыстырушының гитротациялану процессін тоқтатпайды.Құрылыстық қоспалар үшін кәдімгі табиғи құмды ( таулық, өзендік, көлдік т.б түрлер) немесе тығыздығы төмендеу жасанды құмдарды ( керамзиттік, термозиттік, күптірілген перлиттік немесе вермукулиттік, пемзалық , туфтық ) қолданады.Байланыстырушы зат шығынын мүмкіндігінше азайту үшін құмның гранулометриялық құрамы нормалды және тығыздығы жоғарылау болғаны жөн. Үй қабырғаларын қалауда , плиткамен қаптарда және сыларда қолданатын құрылыстық құрғақ қоспалардың құрамын түрлі минералдық қоспалары бар цемент негізінде дайындау керек. Жылжымалылығын жақсарту үшін созымталдандырушы , гидрофобизациялаушы - ауақамтымалаушы органикалық қоспаларды енгізеді. Құрғақ құрылыс қоспалары бір жерде арнаулы зауыттарда дайындалады. Кейінгі жылдары автоматтандырылған кәсіпорындар көптеп дамуда.Мұндай кәсіпорындарында берілген бағдарлама бойынша құрғақ құрылыс қоспаларының әр алуан түрін және маркасын дайындайды. Жан – жақты автоматталынған зауыттарда барлық механизмдер жұмыстары автоматтық жолмен басқару , бақылау , дозалау және байланыс құралдарымен жабдықталынып бір басқару пультінде шоғырланған. Басты процестерінің реттелінуі арнайы программа бойынша жүргізіледі. Құрғақ құрылыс қоспаларын дайындаған жағдайда , ылғалдылығы 1 - дан асық емес араласпаны тікелей жұмыс орнында сумен араластырады. Құрғақ қоспаның нысанға жеткенше түйіршектеніп қалуынан және цементтің активтігі төмендеп кетуінен сақтану үшін , және де оның көптеген қасиеттерін жақсарту үшін гидрофобтаушы қоспаны енгізеді. Құрылыс қоспаларын дайындайтын зауыттар құрамына араластыратын қондырғылар , шикізат материалдарының қоймалары және басқа қосалқы жабдықтар кіреді. Құрғақ қоспалар дайындау үшін мезгілмен (циклды) немесе дамылсыз істейтін араластырғыштарды қолданады. Құрғақ құрылыс қоспаларын дайындарда құрамаларын массасы бойынша дозалайды.Мезгілдік істейтін араластырғыш қондырғылар ұлпа тәрізді материалдарды , құмды , цементті , органикалық қоспаларды дозалайтын таразылық порциялық дозаторлармен жабдықталады. Құрғақ қоспалардың оңды төселгіштігі жаңадан дайындалған ерітіндінің жылжымалығына және оның су ұстағыш қабілетіне байланысты. Араласпа жылжымалылығын лабораторияда металдан жасалынған массасы 300 гр стандарттық конустың араласқа бату тереңдігімен анықтайды.
Бақылау сұрақтары:
1 Құрғақ құрылыс қоспалары арналуы бойынша қалай жіктеледі?
2. Құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру технологиясы қалай?
Достарыңызбен бөлісу: |