Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік униврситеті


Алкидтік линолеум беті бір өңді немесе өрнектелген, астынғы негізі матадан болатын рулондық материал ұзындығы – 2,5-5,0 м , маркасы А және Б



бет4/4
Дата09.06.2016
өлшемі411 Kb.
#124886
1   2   3   4

Алкидтік линолеум беті бір өңді немесе өрнектелген, астынғы негізі матадан болатын рулондық материал ұзындығы – 2,5-5,0 м , маркасы А және Б. Оны өсімдік майымен модификацияланған алкидтік полимер мен толтырғыштардан тұратын массадан жасайды. Оның физикалық – механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері поливинилхлоридтік линолеумге қарағанда едәуір жоғары. Алкидтік линолеумнің негізгі қолданатын жері -- теміржол көлігінде вагондар да , кемелер каюталарында ,метрополитенде еденді төсеуге кеңінен қолданады. Релин (резиналық линолеум) екі қабатты рулондық материал , үстінгі тозуға тұрақты бетін (қалыңдығы – 0,8 мм кем емес) синтетикалық каучуктен , толтырғыштардан ( түсті резинадан , каолиннен, ағаш ұнтағынан) бояғыштардан тұратын композициядан , ал астынғы қабатын , әдетте битум және шамалы синтетикалық каучук қосылған ескі резинадан жасайды. Бұл жерде айта кететін жайт - әрбір қабат жеке дайындалады, сосын дайын релин алу үшін оларды біріктіре қосып, резиналарын вулканизациялайды. Релинді бір және көп түсті рулондық материал түрінде шығарады., Ұзындығы – 12м, ені – 1,0-1,6 м ,қалыңдығы – 3мм. Ол мынандай типке жіктелінеді : А – қоғамдық, өндірістік үйлердің едені үшін және теміржол вагонына арналған; Б – ырықсыз желденілетін жайлар үшін ; В - хирургиялық жайлардың арнаулы лаборатория еденіне арналған антистатикалық линолеумдер. Ылғалдық режимі жоғары (моншада, кір жуатын жайларда) еденге төсеуге пайдаланады. Линолеум дұрыс төселінген жағдайда 20-25 жыл бойы пайдаланады.
Бақылау сұрақтары:

1.Линолеумді өндіру үшін шикізат ретінде қандай материалдар қолданады?



2. Рулонды полимерлік әрлеу материалдары қалай жіктеледі?

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

2. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.

3. Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.

4. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс матариалдары мен бұйымдары. 1том. 476 -485 .б.
11Дәріс: Сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстарына арналған полимерлік материалдар.

Дәріс жоспары:


  1. Сыртқы әрлеу жұмыстарына арналған полимерлік материалдар.

  2. Ішкі әрлеу жұмыстарына арналған полимерлік материалдар.


Синтетикалық полимерлер негізінде алуан түрлі құрылыстық материалдар мен бұиымдар жасау технологиясы өндіріске енгізілді. ХХ- ғасырдың 20 шы және 30 шы жылдарында мочевино-формольдегидтік , полиэфирлік т.б. полимерлер өнеркәсіптік көлемінде қолданылатын болған. 30 шы жылдардан бастап полимеризациялық пластиктердің ( полистирол, поливинилацетат, поливинилхлорид және т.б.) халық шаруашылығында маңызды роль атқара бастаған.

40-шы жылдар полимеризациялық пластиктер технологиясының жеделдете дамуымен сипатталады. Полимер негізінде материалдар қолдану құрылыс сапасын жақсартуда, үйлер мен ғимараттар массасын азайтудағы және құрамалы түзілістердің зауыттық дайындығын асырудағы ең маңызды және тиімді әрекет болып саналады. Қазіргі индустриялық құрылыстарда пластмассалық материалдар мен бұйымдардың алатын орны ерекше және тиімділікпен пайдаланатын жерлері даусыз анықталған. Олар жоғары сапалы өңдеулік материалдары ( әсемдік пленкалар,линолиумдер, пластиктер ) гидроизоляциялық және герметикалық материалдар ( мастиктер, пленкалар) Құбырлар және санитарлық – техникалық жабдықтар , полимер бетондар және полимер ерітінділер және полимерлік желімдер.
Бақылау сұрақтары:

1. Сыртқы әрлеу жұмыстарына арналған қандай полимерлік материалдарды білесіз?



2. Ішкі әрлеу жұмыстарына арналған қандай полимерлік материалдарды білесіз?

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

2. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.

3. Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.

4. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс матариалдары мен бұйымдары. 1том. 476 -485

12Дәріс: Мастикалар және желімдердің номенклатурасы.



Дәріс жоспары:

  1. Мастикалар және желімдердің жіктелуі.

  2. Мастикалар және желімдердің өндіру технологиясы.


Полимер негізіндегі герметикалаушы материалдар құрылыстық конструкциялардағы шөгіндік және температуралық жіктерді бітеу үшін қолданады. Сондай – ақ , герметикалық материалдар терезелік және есіктік блоктардың қабырғамен түйіскен жерлерін герметикалап бітеу үшін және т.б. бетоннан немесе темірбетоннан тұрғызылған ғимараттарда кеңінен қолданады. Болашақта дыбыс өткізулігін азайту мақсатында герметиктердің ішкі конструкцияларды тығыздау үшін және құрал жабдықтардың конструкцияларға дірілдерлік әсерін бәсеңдету үшін қолданылуы көзделуде.

Герметикалаушы материалдар ылғал, бу және газ өткізбейтін және аязға төзімді болуы тиіс; үйлерді , ғимараттарды пайдалану кезінде өздерінің физикалық – механикалық қасиеттерін өзгертпеуі, токсикалық заттарды бөліп шығармауы керек. Қолданар сәттегі агрегаттық күйіне байланысты герметиктер 2 топқа жіктеледі : герметикалаушы мастиктер және иілімді кеуектік аралық төселме (прокладка).

Қағаз қабатты пластиктер - термореактивтік полимерлермен сіңірілген арнаулы қағаздарды ( 15 - 20 крафт -қағазды ) ыстықтай пресстеп алынатын табақты өңдеуші материал. Пластиктерді ұзындығы 100-300 см, ені 60-160 см , қалыңдығы 1-5 см тақтай түрінде жасайды. Тығыздығы 1400 кг\м3 , табақ ұзындығымен созғандағы мықтылығы кем дегенде 90 МПа , ал көлденең созғанда - 70 МПа . 24 сағат бойы суда сақтағаннан кейінгі бұл көрсеткіштері тиісінше 72 және 56 МПа кем болмауы керек. Ыстықта престелінген кезде полимерлер балқып , ал кейін суытқан мезгілінде қайталанбайтындай қатайып , тұтасталынған жазық табақ пластикасы алынады. Оның беті бір түсті немесе әр түрлі әрлі суретімен болуы керек.

Қаттылығы және тозу тұрақтылығы жоғары болатындығынан кісі шомылатын (ванна) жерді, дәретхананы , лабораторияларды және т.б. жайларды өңдеуге қолданады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Мастикалар және желімдердің өндіру технологиясы қалай?

  2. Мастикалар мен желімдер қалай жіктеледі?



ӘДЕБИЕТТЕР

1. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

2. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.

3. Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.

4. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс матариалдары мен бұйымдары. 2том. 510 -585

13Дәріс: Мастикалар және желімдердің номенклатурасы.



Дәріс жоспары:

14Дәріс: Мастикалар және желімдердің номенклатурасы.



Дәріс жоспары:

15Дәріс: Тұсқағаздың өндіру технологиясы.



Дәріс жоспары:

Ангобаланған кірпіш – беттік жағы ангобамен бүркелініп жасалынады.Ангобаны ақ саз -80 % шамасында ) шыны сынығы ( 15- 20 % ) , минералдық бояғыштар ( 5-7 % ) қосындысын доңғалақ диірменде майдалап езіп, суспензия түрінде дайындайды. Оны жаңадан қалыпталынған немесе кептірілген кірпіш бетіне форсункамен жұқалап жағады да күйдіру пешіне жібереді. Күйдіру нәтижесінде ангоба кірпіш бетімен берік ілінісіп, оның структурасын және түсін жасырады.



Глазурланған кірпіш – үй сәулетінің ерекше мәнерлігін асыру үшін негізгі қаптағыш бұйымдармен қоса қолданады.

Ұсынылатын құрылыстық ерітінділер жылжымалылығы.




Ерітінді арналуы

Конустың араласқа бату тереңдігі , см

1

2

3

1

Ірі панельдерден және блоктардан қабырғалар жинау және жіктерін көрнекті айқындау үшін

5 – 7

2

Кәдімгі кірпіштен , бетондық тастан және жеңіл тау жыныстарынан қабырға қалау

9 - 13

3

Қуыс денелі кірпіштен немесе керамикалық тастан қабырға қалау

7 - 8

4

Бұта тастарынан кәдімгідей қалау

4 – 6

5

Бұл да дірілдете қалау

1 - 3

6

Бұта қалауындағы қуыстарды құю

13 - 14

Шамамен алынған ерітінділер құрамы ( цемент : әк илемесі : құм , көлемдік бөлшекпен )


Байланыстырушы маркасы

Ерітінділер маркасы

25

50

75

100

1

2

3

4

5

Жер үстіндегі конструкциялар үшін қолданатын ерітінділер


200

1:0,8:7

1:0,3:4

1:0,1:2,5

--

300

1:1,4:10,5

1:0,6:,

1:0,3:4

1:0,2:3,5

400

---

1:0,9:8

1:0,5:5,5

1:0,4:4,5

Жер астындағы конструкциялар үшін қолданатын ерітінділер


200

--

1:0,4

1:0:2,5

--

300

--

1:0,6

1:0:4

1:0:3

400

--

--

1:0:5,5

1:0:4,5


Асбест – цементтік негізгі бұйымдар түрлерінің сипаттамалары.




Мөлшері , мм

Игендегі мықтылығы МПа

қолданылуы

Ұзындығы


ені

Қалыңдығы

қимасы

1

2

3

4

5

6

7

Жамылтқы жазық плиткалары


-

600

300

4

-

-

Тұрғын және азаматтық үйлерге жамылтқы үшін

-

600

400

4

-

-

Толқынды табақтар


ТК(ВО)

1200

686

5,5

Толқын қадамы 115

160

Азаматтық, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық үйлеріне жамылтқы және қабырғалық қоршаулары үшін арналған

ТН( ВУ)

2500-2800

994

8

167

160-190

УТ(УВ)

1750

1125

6-7,5

200

180-200


ОТ( СВ)


1750-2500

1130

5,8-6

150

175

СЕ

250

1150

6

177

200

Престелінген және престелінбеген жазық табақтар


-


1200

800

6,8

-

-

Қабырғалық панельдер, жамылтқы плиталар, санитарлық – техникалық кабиналар, асулы төбелер, үйді іштей және сырттай қаптау үшін

-

1500

1200

10

-

-

-

1800

1500

-

-

-

-

2400

-

-

-

-

-

2800

-

-

--

--

-

3000

-

-

-

-

-


3600

-

-

-

-

Ситаллалардың , шынының және болаттың қасиеттері.





Қасиеттері

ситалла

шыны

Болат

1

Тығыздығы , кг\м


2500-2700

2500

7200

2

Серпіндік модуль, МПа

(0,875-1,4)10

(0,45-0,83)10

(2,1-2,2)2-10

3

Беріктік шегі , МПа














Созғандағы

110-160

35-70

300-1400




қысқандағы

500-1500

700-1000

-




игендегі

110-260

50-70

-

4

25-300 С аралығындағы ұзындығы бойынша температуралық ұлғаю коэффициенті , 1\ град.

0-ден 20*10-дейін

(8,5-9)10

(11-12)10

5

Жұмсару температурасы , град. С

850-1350

700

1520


Полимер негізіндегі герметикалаушы материалдар құрылыстық конструкциялардағы шөгіндік және температуралық жіктерді бітеу үшін қолданады. Сондай – ақ , герметикалық материалдар терезелік және есіктік блоктардың қабырғамен түйіскен жерлерін герметикалап бітеу үшін және т.б. бетоннан немесе темірбетоннан тұрғызылған ғимараттарда кеңінен қолданады. Болашақта дыбыс өткізулігін азайту мақсатында герметиктердің ішкі конструкцияларды тығыздау үшін және құрал жабдықтардың конструкцияларға дірілдерлік әсерін бәсеңдету үшін қолданылуы көзделуде.

Герметикалаушы материалдар ылғал, бу және газ өткізбейтін және аязға төзімді болуы тиіс; үйлерді , ғимараттарды пайдалану кезінде өздерінің физикалық – механикалық қасиеттерін өзгертпеуі, токсикалық заттарды бөліп шығармауы керек. Қолданар сәттегі агрегаттық күйіне байланысты герметиктер 2 топқа жіктеледі : герметикалаушы мастиктер және иілімді кеуектік аралық төселме (прокладка).



Қағаз қабатты пластиктер - термореактивтік полимерлермен сіңірілген арнаулы қағаздарды ( 15 - 20 крафт -қағазды ) ыстықтай пресстеп алынатын табақты өңдеуші материал. Пластиктерді ұзындығы 100-300 см, ені 60-160 см , қалыңдығы 1-5 см тақтай түрінде жасайды. Тығыздығы 1400 кг\м3 , табақ ұзындығымен созғандағы мықтылығы кем дегенде 90 МПа , ал көлденең созғанда - 70 МПа . 24 сағат бойы суда сақтағаннан кейінгі бұл көрсеткіштері тиісінше 72 және 56 МПа кем болмауы керек. Ыстықта престелінген кезде полимерлер балқып , ал кейін суытқан мезгілінде қайталанбайтындай қатайып , тұтасталынған жазық табақ пластикасы алынады. Оның беті бір түсті немесе әр түрлі әрлі суретімен болуы керек.

Қаттылығы және тозу тұрақтылығы жоғары болатындығынан кісі шомылатын (ванна) жерді, дәретхананы , лабораторияларды және т.б. жайларды өңдеуге қолданады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет