Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік униврситеті



бет3/4
Дата09.06.2016
өлшемі411 Kb.
#124886
1   2   3   4

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

2. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.

3. Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.

4. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс матариалдары мен бұйымдары. 2том. 145-167 .б.
6 Дәріс: Асбестоцементтік әрлеу материалдары мен бұйымдары.

Дәріс жоспары:


  1. Асбестоцементтік әрлеу материалдары мен бұйымдарын өндіру технологиясы.

  2. Өндіру процессіндегі қолданатын тәсілдер.

Техникалық дәрежесі жағынан асбест – цементтік өнеркәсіп қазіргі кездегі жоғары механикаландырылған және автоматикаландырылған құрылыстық материалдар өнеркәсібінің саласына жатады.

Асбест – цемент деп - цемент, асбест және су араласпасының қатаюы нәтижесінде алынатын күйдірілмеген жасанды тас материалдарын айтады. Асбест – цемент негізінде жамылтқыш толқынды плиталар, құбырлар, қабырғалық панельдер, декоративтік бұйымдар шығарылады.Қазақстанда асбест-цементтік материалдар мен бұйымдар жасайтын зауыттар жоғары механикаланған және негізгі технологиялық процесстері автоматикаланған. Мысалы Шымкенттегі асбест – цемент бұйымдарын шығаратын зауыт кейінгі кездерде технико-технологиясы жетерліктей дамыған алдыңғы өнеркәсіп қатарында істеп келеді. Жалпы ТМД аймақтарында өндірілетін асбест – цемент бұйымдарының номенклатурасы 40 –тан астам келеді. Оларды мынандай негізгі топтарға бөлуге болады. Профильделінген табақтар үй жамылтқысына және қабырғалар қаптауға арналған толқынды және жартылай толқынды шифрлар; жазық плиталар -- қабырғаларды өңдеу үшін арналған кәдімгідей және фактураланған немесе боялған плиталар ; жылуқоршағыш қабаты бар жамылтқылық және қабырғалық панельдер; жалғастырғыш муфталарымен қоса қысымды және қысымсыз құбырлар; арнаулы асбест-цементтік бұйымдар -- сәулеттілік , санитарлық – техникалық , электрқоршаушы, радиотехникалық және т.с.с.



Асбест- цемент зауыттарында байланыстырушы ретінде поротландцемент М400 және М500 қолданады.Онда гипстен басқа қоспалар болмауы керек. Массасы бойынша С3S -- 52 % кем емес, С3А --8 % көп емес, бос әк СаО -- 1% асық емес болулары керек. Егерде автоклавтық өңдеу тәсілі қолданатын болса , онда құмдалған портландцементті де пайдаланады. Мұндай цементтегі ұнтақталынған кварцтық құм мөлшері клинкердегі үшкальцийлік силикат санына С3 S байланысты. C3S мөлшері клинкерде көбейген сайын құмды көбірек қоса түседі. Мысалы алиттік клинкерден ПЦ өндірерде құм қоспасын 45% -ға жеткізеді , ал белиттік клинкерде -30-35 % -ға дейін.Құмның сапасын - SiO2 мөлшері 87 % кем емес, калий және натрий 3 % асық емес, тозаңдық, ылайлық және саздық ілеспе 10% аспайтындай шамаларда реттейді. Асбест- цементтік өнеркәсібінде көбінесе хризотил – асбест пайдаланады.Ол сыртынан қарағанда сулы немесе сусыз магний силикатынан тұратын жіңішке талшықты бейорганикалық масса, формуласы 3MqO * 2SiO2 * 2H2O. Оны серпетиналық тау жыныстарынан өндіреді. Асбест талшық ұзындығы 40 мм дейін болуы мүмкін. Талшығының орташа ұзындығы мен шаңының мөлшері бойынша асбест сортқа бөлінеді : 0; 2; 1; 3; ...және т.с.с 8 сортқа дейін. Ең жоғарғы маркасы 0; ең төменгісі 8 ; Асбест – цементтік бұйымдар жасау үшін 3; 4; 5; 6 сортты асбесті қолданады. Асбест жабық қоймаларда жеке бөліктерде маркалары және сорттары бойынша сақталады. Цемент және асбест шығындарының технологиялық нормаларының сақталуы қатаң бақылауда болуы тиісті. Әрбір бұйымдар үшін ерекше асбест араласпасы тағайындалады.

Асбестік бұйымдар өндірісінің технологиялық схемасы: -

  • асбест тасын қоймаға жинау және сақтау;

  • асбест қоспасын құрастыру;

  • Асбест ыдырату;

  • Асбест – цементтік массаны дайындау;

  • Асбест – цементтік бұйымдарын қалыптау ;

  • Қалыпталынған бұйымдарды алдын – ала қатайтқызу ;

  • Бұйымдарды механикалық өңдеу ;

  • Олардың қатаюлары және жинақталулары.

Бұйымдарды өндіру процессінде тағы қосымша операциялар орындалуы мүмкін, мысалы , жазық табақтардың қасиеттерін оңдау үшін престеу , толқынды табақтарды жасау үшін толқындату орындалады. Жалпы бұйымдар өндіру процесі сулы , шалақұрғақ және құрғақ тәсілдерінің біреуі бойынша жүргізіледі. Кейінгі жылдары үлкен мөлшерлі табақтардың Ут (УВ) , ОТ ( СВ) , және СЕ шығарылуы меңгерілген. Бұлардың жасалынуы және кеңірек қолданылуы құрылыс саласында еңбек өнімділігін арттыруға және материал сыйымдылығын төмендетуге мүмкіндік беруде. ОТ және УТ пайдаланғандағы жинақтық санын 3 еседей қысқарту, ТК (ВО) қолданғандағымен салыстырғанда , үйлер шатырларын жабардағы еңбек шығынын 2 есеге қысқартуға мүмкіндік береді. Кейінгі жылдары түсті жамылтқыш плиталардың өндірілуі дамып, өңдегіш асбест – цементтік бұйымдарды шығару басталды. Жазық түсті табақтар ПХО, КО, КЧ эмалдарымен сырланады. Сондай – ақ ақ және түсті портландцементтері негізінде жасалынатын декоративті жазық табақтар әдемі және мәңгілік. Оларды көпшілігінде балкондарды және лоджияларды қоршауға қолданады. Жоғарыда келтірілген тиімді асбест цемент бұйымдарын құрылыс саласына енгізу нәтижесінде жинақтық жұмыстың еңбек сыйымдылығы 1,5 – 2 есе төмендетуге, еңбек өнімділігін 2-2,5 есе асыруға, шикізат шығынын азайтып , жалпы үй конструкциясы массасын бірқатар азайтуға ықпалын тигізді. Жалпы тиімді асбест цементтік бұйымдардың құрылыстағы үлесі 1975 жылғы 15 % дан 2005 жылы 80% -ға жетті.
Бақылау сұрақтары:

1. Асбестік бұйымдар өндірісінің технологиялық схемасы қалай?

2. Асбестцементтік бұйымдар өндірісінің негізгі шикізаты ретінде нені қолданады?
ӘДЕБИЕТТЕР

1. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

2. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.

3. Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.

4. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс матариалдары мен бұйымдары. 2том. 168-193 .б.
7Дәріс: Шыныдан жасалынған әрлеу материалдары .

Дәріс жоспары:


  1. Шыныдан жасалынған әрлеу материалдарының өндіру технологиясы.

  2. Шыныдан жасаудағы қолданылатын шикізаттар.

  3. Шыны түрлері.


Шыны – деп силикаттардан , алюминаттардан , натрий , калий, кальций және т. б. Сол сияқтылардың карбонаттарынан тұратын шикізат ерітінділерінің - балқымаларының суытылуынан алынатын аморфты қатты дене. Бірақ құрылыста көпшілігінде силикаттық шыны қолданады деуге болады. Терезелік шыны құрамы: SiО2 -71-72%; NaO 14-15%; CaO 6.5-7%; MgO -4%; Al2O3 -2%;

Басқа арнайы шыныны алу үшін тиісті оксидтерді қолдана отырып, оның химиялық құрамын қажетті бағытта өзгертеді.



Шыны өнеркәсібіндегі қазіргі кездегі жетістіктің тағы бір белгісі шыныдан жаңа құрылыс материалдарын шығару тәсілдерінің меңгерілуі. Мысалы, жайылған ( прокатталынған ) жазық шыны, түрлі түсті мозайкалық плиткалар, « метелица» деп аталатын сәулетті құрылыстық шыны және беті металды қабықпен жабылған әйнектер, түсті қабатталған «триплекс» деп аталатын жазық шынылар құрылыс саласында және көліктер саласында қолдана бастады. Шыны балқымасын көбіктендіру жолымен жылу қоршағыш және дыбыс сіңіргіш тиімді материалдары алынады.

Шыны негізінде ситаллы деп аталатын бір өзі шыны мен кристалдық дене қасиеттерін үйлестіре көрсететін микрокристалдық материалдарын алу басталды. Ситалдардан жасалған бұиымдар термиялық және механикалық үлкен беріктігімен ерекшеленеді. Термо - механикалық қасиетінің жақсылығы ситалдық бұйымдардың арнайы құрылыс салаларында қолдану болашағын ашып отыр. Мысалы ситаллалар температура өзгергенде мөлшерлерін өзгертпейтін конструкция бөлшектерін және ситалла құбырларын жылу алмастырушыларды жасау үшін тиімді келеді . Ситалладан жасалған бұйымдардың термиялық беріктігі 200-700градС тең , кейде 1100 град. С дейін жетеді.



Табақтық шыны - шынының негізгі түрі, оны терезе және есік ойықтарын әйнектеуге , витриндерге, үйдің ішін және сыртын өңдеуге қолданады. Олар 3 сортта және қалыңдығына байланысты 6 маркада шығарылады : 2; 2,5; 3; 4; 5;6мм . Табақ ені 250-1600мм, ұзындығы 250-2200 мм . 1кв. Шыны массасы 2-5 кг. Болуы мүмкін. Табақ шыны сортын ақаулығының барлығына байланысты анықтайды.

Витриндік шыны - сауда және әкімдік , қоғамдық т.с.с. үйлердің алдыңғы жағынан үлкен аумақты беттерін әйнектеу үшін кең қолданады. Әдетте ,

витриндік шыны жылтылдатылған болады, қалыңдығы 6-10 мм , мөлшерінің ең үлкені 3500*6000мм.



Жарық шашушы шыны декоративтігімен және жарық шашыратушылығымен сипатталады. Көрілусіз жарықтандыру немесе шашыратылған жарық қажет болған жағдайда терезелік ойықтарды, қалқаларды және есіктерді әйнектеу үшін күнгірттелінген немесе әшекейленген шыныларды қолданады. Әшекейленген шыныларды горизонтальдық жаю тәсілімен , гравировальдік жанышқыларда (вальцаларда) алады. Күнгірттелінген шыныны құм қысымдық ағымымен өңдеп шығарады.

Әшекеленген шыны - гравировальдік білектерде (валцаларда) түзсіз және түсті шыны массасын горизонтальдықта үздіксіз жаю арқылы алады. Ә.Ш. ені 400-1600, ұзындығы 600-3600, қалыңдығы 4,5 және 6 мм . Оны шашырата жарықтандыруды және көрілмейтіндікті қажет ететін үймереттер мен ғимараттардың есіктерін әйнектеуге , қалқаларын тұрғызуға қолданады.

Эмалдалынған шыныққан шыны « стемалит» - бір жағынан керамикалық бояумен боялған және шыны мықтылығын асыру үшін бояудың жабысуын бекіту мақсатымен термиялық өңдеуден өткен декоративтік бұйым. Көп қабатты үйлердегі терезе қатарларының арасында стемалит горизонталдық конструкциялық элемент түрінде бекітіледі. Және де оны үйдің ішін сыртын , қалқаларын өңдеуге пайдаланады.

Эмалдалынған шыны плиткаларын терезелік шынылардың шығындарын қажетті мөлшерлерге ( 150*150 және 150*75 мм) кесіп , біржағына жұқалап эмальдық шликер жағып, сосын эмаль балқытылғанға дейін пеште күйдіріп алады. Оларды асханаларды, санитарлық түйіндерді , машиналарды, емханаларды және басқа емдеу мекемелерін қаптау үшін керамикалық плиткалардың орнына қолданады.

Шыныпрофилит , шынытемірбетон конструкциясы , шыны пакеттері, шыны есіктері , шыны құбырлары және оларға керекті фасондық бөлшектері туралы оқып білу керек.
Бақылау сұрақтары:

  1. Шыныдан жасалынған әрлеу материалдарын және өндіру технологиясын айтыңыз.

  2. Шыныдан әрлеу материалдарын өндіруде қандай шикізаттарды қолданады?

  3. Шыны түрлерін атаңыз.



ӘДЕБИЕТТЕР

1. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

2. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.

3. Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.

4. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс матариалдары мен бұйымдары. 1том. 398-405 .б.

8Дәріс: Шыны өндіру технологиясы .


Дәріс жоспары:

  1. Шыны өндіру технологиясы .

  2. Шихтаны дайындау процесі.


Шыны - өндіруге қолданатын шикізаттарын басты және қосымша материалдарға шартты түрде бөледі. Басты шикізат материалдарына табиғи және жасанды заттары жатады. Осы заттарды қолдану арқылы шыны массасына , оны құрайтын қышқылдық, сілтілік , және сілтілік жер металдар оксидтерін және диоксидтерін енгізеді.

Қосымша шикізаттар қатарына әр алуан химиялық элементтердің қосындылары жатады. Оларды шыныларды бояу және күнгірттеу, шыны массасының сапасын жақсарту үшін, шыны қайнатылуын түзету мақсаттарымен шикізат шихтасына қосады.



Шыны өндірісі мынандай технологиялық бөліктерді қамтиды :

  • шикізаттарды дайындау ( кептіру, майдалау, байыту );

  • шыны шихтасын әзірлеп қорыту пешіне салу (өлшемдеу – дозалау, құрамаларын – компоненттерін араластыру және пеш салмаласына жіберу ) ;

  • балқымадан шыны материалдары мен бұйымдарын шығару (қалыптау);

  • сапалық көрсеткіштерін жақсарту үшін бұйымдарды термиялық, механикалық немесе химиялық тәсілдермен өңдеу.

Шыныны вертикалдық тарту тәсілімен 100 кг шыныға шамамен есептегендегі шихта құрамы:


Аталуы


Шыныны тік жоғары созу тәсілі




Қайықтық

Қайықсыздық

Кварц құмы

Доломит

Әктас

Сода


61

18,2

2

23,9

64,3

18,4

4

21,7

Натрий сульфаты

Пегматит

Көмір


2,5

10,4

0,5

2,5

10,4

0,5



Алдын ала әзірленілген, берілген мөлшерлерінде өлшелінген шихта құрамы тарелка немесе барабан тәрізді араластырғыштарда жақсылап араластырылады. Дайындалған шихта ылғалдылығы 4-7% дай болуы керек, себебі сондай ылғалдылықта шихта агрегатталына бөлінбей құрамы бойынша біркелкілігін сақтайды.
Бақылау сұрақтары:

1. Шыны өндіру технологиясы .



  1. Шихтаны қандай процесстер бойынша дайындайды?


ӘДЕБИЕТТЕР

1. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

2. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.

3. Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.

4. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс матариалдары мен бұйымдары. 1том. 378--385 .б.
9Дәріс: Органикалық әрлеу материалдардың полимер негізінде өндіру технологиясы .

Дәріс жоспары:

1.Органикалық әрлеу материалдардың полимер негізінде өндіру технологиясы .

2.Қолдану саласы.

Кейінгі жылдардағы жоғары полимерлік материалдарды зерттеудегі , каучук тәріздегі қасиеттері бар көптеген полимерлерді синтездедегі сондай – ақ , каучуктер мен пластикалық қасиеттері бар материалдар аралығында кешенді қасиеттері болатын полимерлерді зерттеп синтездеу жұмыстарындағы орасан зор прогресс барлық полимерлердің химиялық структурасы дерліктей пара-пар екенін , пластмасса және каучук бір түсінік екенін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Синтетикалық полимерлер негізінде алуан түрлі құрылыстық материалдар мен бұиымдар жасау технологиясы өндіріске енгізілді. ХХ- ғасырдың 20 шы және 30 шы жылдарында мочевино-формольдегидтік , полиэфирлік т.б. полимерлер өнеркәсіптік көлемінде қолданылатын болған. 30 шы жылдардан бастап полимеризациялық пластиктердің ( полистирол, поливинилацетат, поливинилхлорид және т.б.) халық шаруашылығында маңызды роль атқара бастаған.

40-шы жылдар полимеризациялық пластиктер технологиясының жеделдете дамуымен сипатталады. Полимер негізінде материалдар қолдану құрылыс сапасын жақсартуда, үйлер мен ғимараттар массасын азайтудағы және құрамалы түзілістердің зауыттық дайындығын асырудағы ең маңызды және тиімді әрекет болып саналады. Қазіргі индустриялық құрылыстарда пластмассалық материалдар мен бұйымдардың алатын орны ерекше және тиімділікпен пайдаланатын жерлері даусыз анықталған. Олар жоғары сапалы өңдеулік материалдары ( әсемдік пленкалар,линолиумдер, пластиктер ) гидроизоляциялық және герметикалық материалдар ( мастиктер, пленкалар) Құбырлар және санитарлық – техникалық жабдықтар , полимер бетондар және полимер ерітінділер және полимерлік желімдер.



Полимерлер (« поли» –көп , «мерос» –бөлік деген мағынада) деп молекуласы көп қайталанатын үзбелерден (түйіндерден) тұратын жоғарғы молекулалы қосындыны айтады. Ал полимерлерді құрайтын төмен молекулалық түзінділерді монемерлер деп атайды. Полимерлер шыққан тегіне байланысты 2 топқа жіктеледі - табиғи және синтетикалық (жасанды) , ал химиялық құрамы бойынша -органикалық және бейорганикалық. Өндірісте көп қолданылатыны - жасанды органикалық полимерлер.

Полимерлердің алыну тәсілдері бойынша пластмассалар 4 классқа бөлінеді: А-полимеризациялықтар ; Б – поликонденсациялықтар ; В – табиғи полимерлерді модификациялау арқылы алынғандар ; Г – табиғи смолаларды және басқа органикалық заттарды өңдеу жолымен алынғандар. Құрылыста көбінесе А және Б класындағы полимерлер негізінде алынатын пласстмассалар жатады. Полимерлену реакциясы кезінде біркелкі немесе түрлі молекулалардың бір бірімен қосылуы жүреді. Тізбекті полимерленуде процесс 3 сатыда өтеді: мономерлердің активті радикалдар құрай қозулары , тізбектердің өсуі және оның үзілулері. Мономерлерді қоздыру жылыту арқылы жарық сәулесімен иониздау әрекетімен, катализаторлар қосу жолымен жүргізеді .Соған сәйкес , термиялық, фотохимиялық, радиоциондық полимеризацияларына ажыратылады. Тізбектік полимерлену көмегімен полиэтиленді, қарапайым полиэфирлерлді , полистиролдарды, поливинхлоридтерді және т.б. синтездейді. Сатылық полимерлену қозғалыстағы атомдардың бір молекуладан екінші молекулаға өтуі есебінде біртіндеп , мономер молекулаларының бір біріне қосылу нәтижесінде жүреді. Осындай тәсіл бойынша полиуретандарды, полиамидтерді, полиэпоксидтерді алады. Құрылыста ең көп қолданылатындар жаңғыштығы төмен болатын полистирол және полиформальдегид негізінде жасалынатын түрлі түсті декоративтік плиталар және табақтар. Мысалы ыстықтай престелініп жасалынған полиформ панелдері бағалы ағашты кесіп қарағандағы көрінісін бейнелейді. Олардың мөлшерлері 500*500 мм, қалыңдығы 10 мм, нағыз тығыздығы 1000кг\ м3 , су сіңіргіштігі 0,65 аспайды. Мәдени тұрмыс және әкімшілік үйлерінің қабырғаларын және төбелерін осы панелдермен өңдерде оларды шегемен немесе шуруптармен бекітеді.

Полистиролдық қапталушы плиткалар - гранулдалынған полистиролдан құю тәсілімен қысымдықпен жасайды. Жылу тұрақтылығын жоғарылату және бағасын төмендету мақсатымен полимерлік массаға ұлпа тәрізді толтырғыштарды қосады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Органикалық әрлеу материалдардың полимер негізінде өндіру технологиясы қандай?

  2. Полимер дегеніміз не?

  3. Полимер негізіндегі әрлеу материалдары қалай жіктеледі?



ӘДЕБИЕТТЕР

1. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

2. Попов К.Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К.Н.Попов, М.Б.Каддо – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Высш. шк. , 2005-438с.

3. Комар А.Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высш. шк. , 1988-527с.

4. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс матариалдары мен бұйымдары. 1том. 448-490 .б.
10Дәріс: Рулонды полимерлік әрлеу материалдары. Әр түрлі линолеумнің өндіру технологиясы .
Дәріс жоспары:

1.Рулонды полимерлік әрлеу материалдарының жіктелуі.

2.Әр түрлі линолеумнің өндіру технологиясы .
Едендік үшін полимерлік материалдар зауытта жасалынған дайын бұйымдар: рулондық және плиталық түрінде болулары мүмкін.Тұрғын үйлер құрылыстарында рулондық және плиталық материалдары кең колдануда. Еден жабуға арналған полимерлік материалдар структурасы , шикізаты , қаттылығы және сырт көрінісі бойынша жіктелінеді.Структурасы бойынша рулондық материалдары мен плиталық бұйымдары астынғы негізді (маталық, картондық, жылу қоршағыштық ) және астынғы негізсіз (бір және көпқабатты) болулары мүмкін. Басты шикізаттарына байланысты ( полимерге) рулондық материалдар поливинхлоридтік, алкидтік, коллоксилиналық, резиналық , плиталықтар және полимер бетондық деп бөлінеді.Рулондық материалдар және плиталық бұйымдар сырт көрінісі бойынша түсімен , пішінімен және фактурасымен ажыратылады.

Рулондық материалдар - астында мата негізі бар поливинил хлоридтік линолеум еденге арналған рулондық материал, негізгі компоненті поливинилхлорид. Оны маталық және жылу изоляциялық негіздеріне пластмассаны жағу тәсілімен өндіреді. Линолеумді өндіру үшін байланыстырушы поливинилден басқа шикізат ретінде тальк, барит, гидрофобталынған бор, ағаш ұнтағы және т.с.с. толтырушыларды, жұмсартушылар ретінде диоктилфталатты, т.б. қоспаларды пайдаланады.

Линолеумды бояу үшін мумияны , темір сүрігін,литопаонды, ультрамаринді, хромдық көкті және т.б. минералдық бояуларды қолданады. Асты негізді линолеумді 5типте жасайды: А - басылған суретті мөлдір пленкадан бет қабаты бар линолеум, Б -- поливинилхлорид қабатымен көрінбей қалудан қорғалған суреті бар линолеум ; В – бір түсті линолеум, Г – мрамор тәрізді линолеум ; Д – екі түсті линолеум. Астында мата негізі бер линолеум рулонның ұзындығы 12 м, ені 2,0 м және қалыңдығы 1,6 – 2,0 мм. Оны тұрғын үй және қоғам үйлерінің еденіне төселуге қолданады.



Жылу қоршағыштаушы астынғы негізді поливинилхлоридтік линолеум дегеніміз екі қабатты материал. Линолеумнің үстінгі бет қабатын поливинхлоридтік композициядан , ал төменгі қабаты – ине өтетін маталық емес астынғы негізден жасайды. Оның үстінгі бет қабатын басылған суреті бар поливинхлоридтік пленкамен қаптайды. Мұндай линолеумды жақпалық , білік – каландрлық немесе экструзиялық тәсілдермен жасап шығарады және тұрғын үй жайларында қолданады Үстінгі қабатының структурасына және өндіру тәсіліне байланысты линолеумнің 5 түрін шығарады: Жағылған (промазный) -ПР; білікті каландралық - ВК; мөлдір поливинилхлоридтік пленкасы бар білікті каландралық – ВКП ; экструзиялық – ЭК; және мөлдір пленкасы бар экстузиялық - ЭКП . Өлшемі : 12 м, 1,8м, 3 -6 мм рулон түрінде шығарады. Сондай-ақ , бөлме ауданына есептелінген « пісіріле біріктірілген клем» атты линолеум да шығарылады. Көбіктенген қабаты бар поливинхлоридтік линолеум көбіктенген поливинхлоридтік қабатпен жабылған каркастан ( шыны кенебінен, асбест матасынан және т.б.) тұратын рулондық материал. Үстінгі бетіне баспалап сурет салып, оны мөлдір поливинхлоридтік пленкамен жауып құрғатады. Мұндай линолеумді жақпалық тәсілмен жасап шығарады. Өлшемдері 12м –ден кем емес, ені – 2,0м дейін, қалыңдығы 1,8 мм рулон түрінде мынандай типте жасайды: ені немесе 3 қабат көбіктелінген поливинилхлорид жағылғанына сәйкес І-Т, ІІ-Т , ІІІ-Т және бет қабаты әшекейлене өрнектелінген линолеумдер ; бір , екі немесе үш қабатты көбіктелінген поливинхлориді бар, бірақ бет қабаты өрнектелінбеген линолеумдер І-Н; ІІ-Н, ІІІ-Н. Астыңғы негізсіз бір және көпқабатты поливинхлоридтік линолеум - еденге арналған тиімді материалдардың бірі. Оны біліктемелік , каландралық немесе экструзиялық тәсілдердің бірімен жасап шығарады. Структурасына байланысты 3 типтегі линолеум шығарылады : КҚ- көп қабатты; М –мрамор тәрізді, Б – бір қабатты бір түсті. Линолеумнің үстінгі және жұмыс , декоративтік қабаттарында толтырушылар шамалы ғана болатындығынан үйкеліс тұрақтылығы үлкен келеді. Ал астынғы қабатында толтырушылар көп болады да полимермен бояғыштарды үнемдеуге мүмкіндік туып, линолеум құнын төмендетуге септігін тигізеді. Линолеум еденге жақсы желімденуі үшін оның астынғы бетін, әдетте кедір бұдыр (рифленген) етіп жасайды. Астындағы негізсіз линолеум гигиеналығы жағынан өте жақсы, сол себебті оны медициналық мекемелер мен лаборатория жайларында еденге төсеу тиімді. Ұзындығы – 12 м дейін, ені -1,2-1,4 м , қалыңдығы 1,5-1,8 мм рулон түрінде шығарады. Астыңғы негізсіз поливинилхлоридтік қиын тұталынатын маркасы ТНН және ТТН линолеумдары: осыған ұқсас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет