Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Тараз мемлекеттік педагогикалық институты “Қазақ әдебиеті” кафедрасы



бет13/36
Дата26.01.2022
өлшемі156.56 Kb.
#454856
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
шешен лек

Практикалық сабақ №3

Қазақтың ұлттық шешендік өнерінің бастаулары

1 Қазақ шешендік өнерінің тарихы, кезеңдері

2 Орхон-Енисей жазба ескерткіштері

3 Түркі халықтарына ортақ «Манас»жыры, «Қорқыт ата »кітабы

4 Әл-Фарабидің «Риторика» еңбегі, Орта ғасыр түркі шешендігі мұралардың бірі «Алтын шежіре»

5 Қазақтың шешендік өнері - ұлттық ауыз әдебиетінің бір саласы

Қазақтың шешендік өнері бүкіл түркі жұртына ортақ Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен басталады. Қазақтың шешендік өнерінің тарихында түркі халықтары мәдени ескерткіштерінің ішіндегі ең құндысы Орхон ескерткіштері ішіндегі мақал- мәтелдер, шешендік толғаулар, ұйқасты өлеңдер, риторикалық сұрақтар, шешендік баяндаулардың мәнін білуіміз керек.

Түркі халықтарына ортақ «Манас»жырындағы «Қорқыт ата »кітабындағы ( қоштасу, жоқтау, естірту т.б.) қысқа үлгілері; сөйлеу тәсілдері, психологиялық толғаныстар, әуезді қайталаулар шешендіктің үздік үлгілері болып табылады.

Әл-Фарабидің «Риторика» еңбегінде алғаш рет түркі халықтарына ортақ шешендік сөз өнеріне ғылыми-теориялық талдаулар жасалады.

Орта ғасыр түркі шешендігі мұралардың бірі - «Алтын шежіре», шежіренің негізгі мазмұны ел басқару, әлеуметтік, діни, т.б. мәселелерге арналған.

Қазақтың шешендік өнері - ұлттық ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде халықтың дүниетанымын танытатын ерекше жанр. Бұл шығыстанушы ғалымдар, орыс саяхатшылары, ауыз әдебиеті нұсқалрын жинаушы Радлов, Потанин, Мелиоранский, Янушкевичтердің, т.б. еңбектерінде атап көрсетілді. Түрколог ғалым В.В.Радловтың қазақ тілінің түпкі түркілік сипатын сақгап қалған тазалығын, табиғилығын, үндестік заңына бағынған әсемдігін айта келіп: "Оның үстіне қазақтың басқа бауырластарына қарағанда сөзге тапқырлығы мен шешендігі де маған әсер етті», - деген сөзіне немесе "Қазақтар мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауызекі сөйлесіп отырғанның өзінде сөйлеген сөздері ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң каласың» (В.В.Радлов. Образцы нар. Лит. Тюркских племен, казахские наречия. ч.ІІІ. СПб, 1870, стр.17), - дейтін пікіріне сүйенсек және Н.Г.Потаниннің: "Қазақ даласы ән салып тұр. Қазақтың алты жасар баласынан алпыс жасар қартына дейін жанынан өлең шығарады. Шешендік өткір тілмен сөйлей біледі», - деп жазғаны қазақ халқында шешендік өнердің жалпылық сипат алғандығын дәлелдейді. Қазақтың ұлттық шешендік өнерінің көрнекті өкілдерінің даналық, афоризм сөздерін жатқа білуіміз керек.



Негізгі әдебиеттер

  1. Адамбаев Б. Халық даналығы. – Алматы, 1976.

  2. Төреқұлов Н., Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері. – Алматы, 1993.

  3. Негимов С. Шешендік өнер. - Алматы, 1997.

  4. Қалимұқашева, Б. Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер [Мәтін]: оқу-әдіст.құрал: - Астана: Фолиант, 2010.- 168б.- (Кәсіптік білім).50 экз.

Қосымша әдебиеттер

  1. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы. - Алматы, 1996.

  2. Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы, 1992.

  3. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. - Алматы, 1997.

  4. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. - Алматы, 1989.

  5. Жармұхамедов М. Шешендік өнер. - Алматы, 1998.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет