Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Тараз мемлекеттік педагогикалық институты “Қазақ әдебиеті” кафедрасы



бет14/36
Дата26.01.2022
өлшемі156.56 Kb.
#454856
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
шешен лек

Практикалық сабақ № 4

Қазақтың би, шешендерінің ғибрат сөздері

1 Қазақтың аты аңызға айналған би, шешендері: Майқы би мен Аяз би. Асан қайғы, Жиренше

2 Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым, Досбол, Бөлтірік, Бала би, т.б. би-шешендердің шеберліктері

3 Қазақ халқының тарихындағы «Билер кеңесі», «Тәуке ханның заңдары, Тәукенің «Жеті жарғысы» (1511-1523), Қасым хан мен Есім ханның ережелері (1598-1645)

4 Шешен, билердің демократтық, халықтық сипатын ашудағы Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ә.Бөкейханов, Ш.Құдайбердиев, Х.Досмұхамедов, М.Ж.Көпеев еңбектері

Қазақ шешендік өнерінің піспегі – шешен билер де, күбісі – халық. Ел есінде жүрген шешендік нұсқалардың туындыгері – шешен-би. Халық заманы озған сайын әлгіндей сөз үлгілерін талқыға салып, қырлап, өңдеп, құлпыртып әкеліп, кейде тіпті сан-саққа жүгіртіп әркімдердің (шешен-билердің) атынан айтады. Осындай әдеби-халықтық, фольклорлық сұрыптаулардан кейінгі біздің заманымызға келіп жеткен шешендік сөздер шымырқанған қымыздай жұтылған, таңдай татарлық дүниелер болып келеді.

Би-шешендер – шешендік өнердің негізгі доминанты (қозғаушы күші). Аталмыш өнер атауының өзі осы қалыптан шығып отыр. Бұл тұрғыдағы ойларымыз алдағы тарауларда кеңірек баяндайтын боламыз.

Ұлттық өнеріміздің тарихында Майқы би Мәнұлынан (Айса пайғамбардың тұстасы) бастап, Майқы би Төбейұлы (1105-1225 жылдар шамасы), Аяз би Жаманұлы (11-12 ғ.), Мөңке би (1207-1250), Едіге би (1354-1419), Бәйдібек би (1356-1419 жылдар шамасы), Әз Жәнібек (1406-1473), Жиренше шешен, Шоған би (1584-1642), Әсет би (1676-1723), Қадір-Тайжан, Тоқсан, Жанкісі, Антайлақ, Бөлтірік, Сары, Сырлыбек, Бала би, Ноғайбай, Саққұлақ, Бапан, Шоң, Шорман, Байдалы, Қараменде, Зіл-қара, Алшынбай, Асаубай секілді, сондай –ақ, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке билердің жарқын бейнелерін әлі де қазақ даласындағы айтулы шешен-билер есімімен толықтыра, молықтыра айтуға болады.

Қазақта шешен, би деген ұғымдар дербес тұрып та, қосарланып та айтыла береді. Белгілі бір шешендерін өкіл деп танысақ, мәселен, Жиренше шешен, Зілқара шешен, Әлібек шешен, Сүйінбай шешен, Бөлтірік шешен, Шәңкі шешен, Мүсіреп шешен, Тұяқ шешен, ал енді бір сыңарын би деп түстеу, мәселен, Майқы би, Аяз би, Мөңке би, Әйтеке би, Бала би т.б.деп атау қалыптасқан.

Би атауы-әлгіндей емес, белгілі бір мақсатқа, мемлекеттік мүддеге қызмет ететін, жалпы шешендіктен салыстырмалы түрде тар арнаға ыңғайланған шешендердің тобын көрсететін атау.

Бұдан билердің рөлі тек қоғамдық мәселелерді шешу үстінде ғана айрықша да, одан былайғы тұста шешендік сипаты жойылады деген ой туындамауы керек. Би дегеніміз - ел-жұрттың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін, өткен-кеткен көне шежіресін, тарихын, қоғамдық даму барысын, айнала қоршаған табиғаттың, жан-жануарлардың сан алуан қасиеттерін, құпияларын жетік білетін, бүгінгіге баға беретін, болашаққа болжам жасап, адамдардың көкірек көмбелеріне ой көзімен қарап көре алатын, қырлы-қырлы мінез-құлықтарды айтқызбай – ақ доп басатын, ғылым-білімнен хабардар, кемел пікірлерін шешен тілмен жеткізіп беруде дара қасиеті бар біртума жандар.

Қазақ халқында белгілі бір мәселені талқылау кезінде шешен адамдардың тапқыр ойымен, шебер тілімен ауызша айтқан мазмұнды, көркем пікірін шешендік сөз дейміз.

Ақындық, шешендік өнердің өсіп-өркендеуіне қажетті жағдай еркін сөйлеуге бостандық, сөз бостандығы. Бұл жөнінде де қазақ қауымында сөзге тыйым салынбаған, сынға шек қоймаған. Тілімізде “би”, “шешен” деген сөздердің бір мағынаға бірігіп, кірігіп кеткені белгілі, би болу үшін бір ғана сөзге шеберлік жеткіліксіз. Бұл ең алдымен елдің шежіресін, тарихын ұлылы-кішілі ел басынан өткен уақиғаларды, тарихи қайраткерлерді, әсіресе дау-дамай, соғыс біткен мәселелеріне реттеу тәртібін екінші сөзбен айтқанда, әдет-ғұрып заңын жетік білуге тиіс. “Ойлансақ мың бір пәле тілден туған, шешендер топ ішінде белді буған”, - деп Шал ақын бекер айтпаса керек. “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” дегендей көп ішінен дарынды шешендер шыққан. Шешендердің басым көпшілігі билеуші тап өкілдері болған. Көбінесе шешендер жер дауы немесе жесір дауы немесе ердің құнымен байланысты айтылған билік төрелік сөздер. Шешендік сөздер, өнер көп жағдайда әншілік, күйшілік тіпті ақындық сияқты өнер танымай кейбір тыңдаушы адамдардың “жақсылар” мен жайсаңдардың жеке бастарының қасиеттері ретінде де бағаланған. Ақындар сияқты шешендер арнайы өнер жарысына түспеген, түсуге арналған, олардың шешендігі белгілі бір дауларды шешу үстінде көрінген, шешендік – тапқырлық сөздері белгілі бір мақсатпен байланысты туыған. Олардың дауласқан, айтысқан мәжілістеріне екінің бірі араласа алмаған. Алайда үстем тап өкілдері ру басы – билер шешендік өнерді өзінің шын иесі халықтан бөліп – жарып әкете алмаған. Нағыз кедей мен жарлы жалшыдан небір күміс көмей, жез таңдай халық шешендері шығып, әдеби тілімізді, тілдік қорымызды байытуға қалыптастыруға қазақтың алғашқы авторлары өлең-жырлары, аңыз-әңгімелері, шешендік сөздері әз Жәнібек хандығының төңірегінде дамыған. Қазақтың шешендік өнері үш жүздің басын қосқан Тәуке ханның тұсында, ханның ордасы Түркістан қаласында жанданған, ердің ұнына екі ауыз сөзбен бітірген даңқты дала Демосфендері ме Цицерондары, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би және қара жігіт Әйтеке шешендердің атақ-даңқтары да осы кезде шыққан.

Халық “Әйтеке бауыздап, Қазыбек іреп, Төле мүшелеп берер”- деп Әйтеке айтса “қандай қиқар даукесің де қалай құлақ аспасқа”, Қазыбек айтқанда төресі осы тығыла кетпеске лажы жоқ еді деп кесіп айтқан. Сондай –ақ халық тағы да “Әйтеке жорып жеткізіп айтады” деп үш биге байланысты бағасын беріп қойған.

Елімізде қалыптасқан шешендік сөздердің басқада қайталанбас өзіндік ерекшеліктері де мол. Бұлар – “аттың жалы, түйенің қомында” көшпелі өркениеттің мақсат-мүддесіне сай ауызекі, суырыпсалмалық дәстүрінде туған мұралар.

Суырыпсалмалық қазақ өнерінің қай-қайсысына болмасын тән, бірегейі құбылыс. Дәстүрлі қазақ өнерінің негізгі қасиеті сақталған жыраулық өнерді, ақындық өнерді, жалпы кең мағынасындағы ақындық өнерді импровизациясыз пайымдау аса қиын. Қазақ шешендік өнерінің бұл сипатын С. Негимов тілімен айтсақ: “Қазақ шешен билерінің импровизациялық қабілет қарымы шешендік өнердің ең жоғарғы биігіне шыққан деуге болады. Әрине қаумалаған қауымды дүр сілкіндіру, ой-қиял теңізіне жүздіру, ынта-ықыласын арттыру шешеннің табиғат сыйлаған қасиетінің үстіне табанды ізденістерімен, білім қорын үнемі жаңартып, түйінді қорытындылар шығарып, мәнерлі, әсерлі, әуезді тілмен жеткізумен ерекшеленеді”. Соңғы кезде қазақ балаларына арналған ауыз әдебиетінің үлгілерін, оның салаларын оқытуға ерекше көңіл бөлінуде. Оқу материалдарына аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер, жырлар, шешендік сөздердің түрлерін балалардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізу дүние танымын кеңейтуге, жан-жақты дамуына ықпал етеді. Жас ұрпаққа қазақтың би – шешендерінің өмірінен мәлімет беріп қызықты тұстарынан сөз қозғау өнегелі істерге апарар жол.

Шешендік сөз – адамзат тарихындағы рухани материалдық мәдениеттің дамуының негізгі құралдарының бірі шешендікке құрылған әңгімелерді, аңыздарды және өлеңдерді бастауыш сыныпта оқыту бала тілін ұштайды, сөздік қорын байытады, өмірге деген көзқарасын оятып, дүниетанымына жол ашады.

Қазақтың шешендік өнерінің бастауында тұрған - ежелгі аңыздардан аты мәлім Майқы би мен Аяз би. Оларды Асан қайғы, Жиренше шешендер жалғастырды. Би-шешендердің шешендік өнердің негізгі өзегі ретінде Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым, Досбол, Бөлтірік, Бала би, т.б. би-шешендердің шеберлік ерекшеліктері ерекше орын алады. Қазақ халқының тарихында «Билер кеңесі», «Тәуке ханның заңдары, Тәукенің «Жеті жарғысы» (1511-1523), Қасым хан мен Есім ханның ережелері (1598-1645), ондағы билік келісімдерінің маңызы зор болған. Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ә.Бөкейханов, Ш.Құдайбердиев, Х.Досмұхамедов, М.Ж.Көпеев, т.б. шешен, билердің демократтық, халықтық сипатын ашып көрсетеді. Қазақтың ұлттық шешендік өнерінің көрнекті өкілдерінің даналық, афоризм сөздерін жатқа айтуымыз керек.



Негізгі әдебиеттер

  1. Адамбаев Б. Халық даналығы. – Алматы, 1976.

  2. Төреқұлов Н., Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері. – Алматы, 1993.

  3. Негимов С. Шешендік өнер. - Алматы, 1997.

  4. Қалимұқашева, Б. Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер [Мәтін]: оқу-әдіст.құрал: - Астана: Фолиант, 2010.- 168б.- (Кәсіптік білім).50 экз.

Қосымша әдебиеттер

  1. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы. - Алматы, 1996.

  2. Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы, 1992.

  3. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. - Алматы, 1997.

  4. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. - Алматы, 1989.

  5. Жармұхамедов М. Шешендік өнер. - Алматы, 1998.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет