Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Тараз мемлекеттік педагогикалық институты “Қазақ әдебиеті” кафедрасы



бет19/36
Дата26.01.2022
өлшемі156.56 Kb.
#454856
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
шешен лек

Практикалық сабақ № 9

Шешендік сөздердің тілдік көркемдегіш амалдары

1 Cөзді түрлендіру тәсілдері

2 Қаратпа және қыстырма сөздер

3 Әдеби тіл нормалары

Сөзге нәр беріп, құбылта түрлендіру, тыңдаушыға әсерлі жеткізу тәсілдері бар. Олар эмоциялы-экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, фразеологиялық тіркестер, риторикалық сұраулар, дауыстың ырғағы, әуені, т.б.

Тыңдаушы назарын аудару үшін қаратпа сөздер мен қыстырма сөздер қолданылады. Ағылшын тілінде қазір «сен» деп сөйлесу іс жүзінде жоқ. Оларда мұндай есімдіктің өзі де ұмытылған. Ол ХҮІ ғасырдың өзінде қолданыстан қала бастап, ХҮІІІ ғасырдың басында оны сыпайы «сіз» деген есімдік алмастырған-ды. Тіл мамандарының түсіндіруінше, көне замандағы «сен» сөзі тек шіркеу тілінде, көтеріңкі, лепті поэзияда ғана сақталған көрінеді. Сол себепті, оны «Уа, сен!» деп аударған дұрыс дейді. 
Кейінгі кезде орыс тіліндегі «товарищ» деген қаратпа сөз де ерсі естіліп, қоғамдық орындарда «мужчина», «женщина» деген қаратпа сөздер күштеп орныға бастады. Алайда оны қазақ тіліне аударып: «Еркек!», «Әйел!» деп айқайлар болсақ, ол өте ұятты. Сол себепті сөз мәдениетін түсінетін біздің бауырларымыз қоғамдық орындарда: «Апай», «Ағай», «Қарындас», «Інім» деген қаратпа сөздерді қолданып, ол транспортта, сауда орындарында, театрда өзара қарым-қатынас тіліне сіңісіп кетті. 
Сөз қадірін түсініп, сөйлеу мәдениетін сақтай білсе, біздің қазақ тілінің мазмұны өте бай, сөздері өте сұлу, мейірім, имандылыққа толы. 

Ой мен сезімді дәлме-дәл жеткізе білу және тіл амалдарын әдеби тіл нормаларына сай қолдана білу керек.

Тілін білмеген түбін білмейді демекші, тіл-ұлт мәдениеті мен төл әдебиетінің тірегі. Әдеби тіл-жүйелі түрде санамаға еңген жазба тіл. Жазба тілдің өзіндік стильі мен қоғамдық мәні зор қызметі бар. Ана тілінде дұрыс сөйлейтін адам, әсіресе ұстаздар бала тәрбиесімен айналысқанда әдеби тілдің орфоэпиясымен сөйлеу керек. Жазба тілінде кездесетін жергілікті ерекшелігі бар диалект сөздерді араластырып сөйлесек балалардың тілін әдеби дәрежесіне көтере алмаймыз. Сондық мұғалімдер әдеби тілдің орфоэпиясын меңгеруі қажет. Тілдегі сөздер қалай жазылса солай оқыла бермейді. Қосарланған сөздердегі дауысты, дауыссыз дыбыстардың бір-біріне тигізетінен жерінен жазылымдағы сөз басқаша оқылуы мүмкін. Сондықтан әдеби сөйлеудің басты ережелерін меңгерген жөн.

Негізгі әдебиеттер


  1. Адамбаев Б. Халық даналығы. – Алматы, 1976.

  2. Төреқұлов Н., Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері. – Алматы, 1993.

  3. Негимов С. Шешендік өнер. - Алматы, 1997.

  4. Қалимұқашева, Б. Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер [Мәтін]: оқу-әдіст.құрал: - Астана: Фолиант, 2010.- 168б.- (Кәсіптік білім).

Қосымша әдебиеттер

  1. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы. - Алматы, 1996.

  2. Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы, 1992.

  3. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. - Алматы, 1997.

  4. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. - Алматы, 1989.

  5. Жармұхамедов М. Шешендік өнер. - Алматы, 1998.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет