Практикалық сабақ № 10
Дауыс қалпының теориялық негізі
1 Дауыстың күші, жоғарылығы, тембрі, әуені, интонация
2 Кідірістер (логикалық, грамматикалық, психологиялық)
Шешендік өнер үшін дем алудың дұрыс болуымен қатар дауыстың естілуі, үнділігі мен жуан – жіңішкелігі, әуені, музыкалығы қажет.
Сөзді айтқанда өкпеден шыққан ауа кеңірдектің өкпеге қосылатын тарамдарын тамаққа, одан кейінгі, көмейден жұтқыншақ қуысына келеді, одан әрі ауа мұрын қусы, не ауыз қуысы арқылы өтеді.
Дауыс айтылуына, құлаққа естілуіне қарай: дауыс күші (сила), биіктігі (высота), қарқыны (темп, дительность), әуені (тембр) деп бөлінеді. Дауыс күші дегеніміз – оқығанда дауыстың құлаққа қатты не жай, жуан не жіңішке, әлді не әлсіз естілуі, ал дауыс биіктігі дегеніміз – дауыстың не көтеріңкілігі,не бәсеңдігі, дауыс қарқыны дегеніміз – не жылдам, не баяулығын, дауыс әуені дегеніміз – не қатқыл, не жұмсақтығы ұғамыз. Оқуда дауыстың осы құбылыстары және мына төмендегі мәселелер ескерілуі тиіс:
1.Оқудағы дауыстың маңызы
2. Ауызша сөйлеу ерекшеліктері
3. Дауысты дыбыстардың айтылуы
4. Дауыссыз дыбыстардың үндесуі.
Дауыс ырғағымен, сазымен, сол оқып тұрған шығармасына өзі қатысқандай сезіне тұрып оқу кез-келгеннің қолынан келе бермейтін іс. Оқуды дұрыс жүргізу үшін оқу кезінде қойылатын дауыс ырғағының кідірістерінигеру керек.
Ол кідірістер мыналар: а) логикалық кідірістер
ә) психологиялық кідірістер
б) грамматикалық кідірістер
Логикалық кідіріс. Әрбір сөйлемде айтылатын ойға қазық болып, қалған сөздер соған байланысты болып тұратын жеке сөздер, сөз тіркестері бар. Ол сөздер басқа сөз табынан да сәл көтеріңкілеу оқылып, тыңдаушы назарын өзіне аударады. Сөйлемдегі негізгі мағына қай сөзге, қай сөз тіркесіне түсіп тұрғанын дауыс кідірісі арқылы жеткізуге болады.
Ал сөйлеу кезінде қай сөзге мағыналық кідіріс жасалса, сол сөз көтеріңкілеу айтылады.
Мысалы: «Күн, екіндіге жақындап қалды. Аққасқа ізбен әлі жүріп келеді. Жерден бас алмайды, тоқтамайды. Аңшылар Қарадырдан бес-алты шақырым ұзап шықты...»
1,2,4 сөйлемдердегі бастауыш тобындағы сөзден соң тыныс белгісі қойылмаса да, оқығанда сәл кідіріс жасалып көтеріңкі оқылады. Ал үшінші сөйлемдегі санамалар оқылатын «бас алмайды, тоқтамайды» деген бірыңғай мүшелерге логикалық кідіріс жасалады.
Логикалық кідіріс жасап, логикалық екпінмен оқу үшін сөйлем мағынасын, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысын таба білудің пайдасы бар.
Психологиялық кідіріс.
Текстің мазмұнына, ондағы қатысатын кейіпкердің іс-әрекетіне, оның көңіл-күйінің құбылуына байланысты оқылады.
Мәтінге дұрыс психологиялық кідіріс жасалып, оқығанда ғана тыңдаушы ерекше назар аударып, онан әрі не болатынын тағатсыз күтеді. Көбіне шығарма кейіпкерімен қосыла қуанып, қосыла ренжиді.
Мысалы: М.Мақатаев. «Махаббат монологі».
-Құс боп ұшып жоғалсам , не етер едің?
-Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
-Отқа түсіп өртенсем не етер едің?
-Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
-Бұлдырасам сағамдай не етер едің?
-Жел боп қуып, ақыры жетер едім.
-Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
-Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.
Грамматикалық кідіріс
Мәнерлеп оқуда нормативтік дауыс ырғағының да қызметі ерекше. Қазақ тілі синтаксисінде онға тарта тыныс белгілері бар. Сауатты оқып, жазу осы тыныс белгілерге байланысты. Шешендік өнербарысында тыныс белгілердің жеке-жеке мағыналарын түсініп дұрыс оқу қажет.
Нүкте (.) Сөйлем аяғында қойылатын, яғни хабарлы сөйлемді аяқтап тұратын грамматикалық белгі. Сөйлем оқылып келе жатып аяқталуға жақындағанда немесе нүктеге жақындағанда кідіру, қажет сөз тіркесі не сөйлем соңындағы сөз баяу созылыңқы рап оқылады. Сонда ғана дұрыс тереңірек тыныстап алуға екінші сөйлемді толассыз жалғастырып кетуге болады. Егер нүктеге жасалатын кідіріс кілт, кенеттен тез жасалынса, сөйлем мен сөйлемнің ара жігі ажыратылмай, жаңа сөйлем алдыңғы сөйлемге қосақталып, жаңа сөйлем алдыңғы сөйлемге қосақталып, сөйлем мағынасының дербестігі сақталмай қалады. Сондықтан нүкте жай қойыла салатын шартты белгі емес.
Леп белгісі (!) көңіл-күй құбылысын білдіретін сөйлемнің аяғына қойылатын белгі. Лепті сөйлемнің мағынасы баяндауыш формаларына да байланысты.
Сөйлемдерде адамның ішкі сезімін білдіретін одағай, қаратпа, қыстырма сөздердің келуі арқала да сөйлем мағынасы өзгеріп ортырады. Ол өзгеріс дауыс құбылысы арқала оқу, сөйлеу кезінде айқындала түседі. Сондықтан да шешендік өнербарысында сөйлем аяғындағы тыныс белгісінің де оқылған шығарманың сәтті шығуына тигізер әсері мол.
Көп нүкте (...) сөйлем аяғына қойылатын белгі. Ол сөйлемдегі ой бір себептермен аяқталмай қалғанда, бір себептерден үзіліп қалғанда қойылады. Ал оқу барысында ... нүкте қойылған сөйлемге кенет тоқталып, үзіліс жасалады. Сол кезде тыңдаушы ой аяқталмағанын біліп, арман қарай жалғастыруға ұмтылып, жалғасын өзі топшылауға бейімделеді. Бұндай сөйлемдер көркем сөз шеберлерінің шығармаларында кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |