Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Тараз мемлекеттік педагогикалық институты “Қазақ әдебиеті” кафедрасы



бет23/36
Дата26.01.2022
өлшемі156.56 Kb.
#454856
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
шешен лек

Негізгі әдебиеттер:

1.С. Желдербаева. “Мәнерлеп оқу” Алматы, 1992.

2.Х. Қожақметов. “Мәнерлеп оқу” Алматы, 1998.

Қосымша әдебиеттер:

3.С. Тілешова. “Әдебиет сабағында оқушыларды қалыптастыру”

4.М. Балақаев, М. Серғалиев. “Тіл мәдениеті”

5.Б. Әнесова. “ Мәнерлеп оқуға арналған мәтіндер жинағы”Тараз , 2005



Практикалық сабақ №13

Шешендік өнерді меңгеру жолдары. Ғылыми баяндамалар. Реферат, хабарламалар жасау мәні

1 Шешендік өнерді меңгеру жолдары

2 Ғылыми баяндамалар. Реферат, хабарламалар жасау мәні

Жүйелі практикалық іс-әрекеттер ұйымдастыру. әдеби, тілдік жаттығулар. Шешендік сөздердің үлгілерін, түрлерін жіктеу қабілетін қалыптастыру жолдары. Ғылыми баяндамалар, реферат, хабарламалар жасаудың мәні.



Практикалық сабақ №14

Шынайы шешенге тән қасиеттер

1 Шынайы шешенге тән қасиеттер

2 Логикалық дәлелдердің ролі. Ым-ишара жасау. Сөйлеу кезіндегі әдеп сақтау, шешендік стиль. Сөйлеудің логикалық құрылымы.

3 Шешен сөйлеу мәдениеті.

Шынайы шешенге тән қасиеттер: шабыт, импровизация, елестету. Логикалық дәлелдердің ролімен бірге, ым-ишара жасау, сөйлеу кезіндегі әдеп сақтаудың маңызы зор. Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп еңбектену, оқып, үйренуді талап етеді. Шешен адамдарда негізінен, сөз көркемдігі ой тасқынынан табиғи түрде туындап жатады. Көркемдік талғам мен шешендік тәсілдерді дұрыс пайдалана білген адам ғана эстетикалық әсер ету күшіне ие бола алады. Сонда шешендік өнерге көп сөйлеп, оны сынатып үйренуге болады ма, әлде оған жазып дайындалған дұрыс па? бұл орайда әйгілі шешен, данагөй Цицерон былай дейді: «Қалам – көркем сөздің ең жақсы жаттықтырушысы. Басқалардан үйренуде ең өнеге тұтарлығына теңесуге ұмтылу керек. Өзің үлгі еткен шешеннің жақсысының бәрін алуға тырыс. Оңайын, көзге түсіп тұрғанын ғана емес, ең маңыздысы – шынайы шеберлігіне жету. Ол еліктеу болып кетпеуі керек. Мықтыға қанша ұқсап тұрсаң да, көшірме түпнұсқадан ылғи да көш төмен болады.

Халық алдында сөйлеу үшін сөзіңнің өзіндік «бейнесі», өз мәнері болғаны абзал. 


... Егер өнердің басқа саласындағы аты мәлім шебер бір ісін кездейсоқ дағды-дағысынан нашар орындап қалған болса, оны ол өзі әдейі жасады ма, не денсаулығына байланысты сөйтіп қалды, дей салады... Ал, егер шешеннен сондай бір осалдық тапсыншы, оны тек ақымақтық деп санайды, ал ақымаққа кешірім болмайды. Өйткені адам көңіл-күйге немесе іші ауырғанға байланысты ақымақ болмайды». Кейбір адамдардың ерсі мінездері бар: басқаның сөзіне құлақ қоймайтын, өзіне айтылған сөзді аяғына дейін тыңдай білмейтін, өзгелердің сөзіне ретсіз араласып, әңгіменің шырқын бұзатын. Содан сөйлеп отырған адам кейде қақалып – шашалып, тұтығып та қалады. Әрбір адам өз басындағы осы кемшіліктер мен күресе білсе, біздің сөйлеу мәдениетіміз де одан әрі дами түсер еді. 
Және де кейбір адамдар диалогтық сөйлеудің талаптарын орындай бермейді. Содан көп сөйлеп, бір сөзді сан мәрте қайталап, тыңдаушысын жалықтырып та алады. Олардың ішінде өзіне қойылған сұрауларға, қарсы пікірлерге жауап бермей, өз ойын тәптіштеп айта беретіндері де кездеседі. Бұл да сөйлеу мәдениетіндегі әдепсіздік. 

Әр бір шешеннің шешендік стилі болады. Шешен сөйлеу мәдениеті тіл мәдениетіне негізделеді.

Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің тілдің басқа салаларынан айырмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен жақсы қарым-қатынаста болуы. Тіл мәдениеті қамтитын тілдік норманың 3 түрі: 1. Тілдік норма (лексика, сөз жасамдық, грамматика, дыбысталу нормасы). 2. Этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері). 3. Коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары). Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық нормаға негізделген. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет