Практикалық сабақ № 2
Шешендік өнер тарихы
1 Шешендік өнердің Грек, Римдік тарихы
2 Орыс шешендік өнерінің тарихы
Шешендік өнер тарихы: Ежелгі шешендіктің Отаны рим мен Грекия болған. Румда римдіктер қан майданда Отанын қарумен қалай қорғаса халық мәжілістері мен сенатта суырылып сөйлеу әрқайсысының басты парызы болған. Осыдан көптеген көрнекті өкілдері тарихта аты қалды.
Шешендіктану (риторика) өте көне заманда қалыптасқан ғылым саласы. Шешендік өнер туралы түсінік беретін алғашқы ғылыми еңбектер жазыла бастады. Перикл заманы (б.д.д. V ғ.) Софистердің (б.д.д. V ғ.) жастарды шешендікке баулудағы мақсаты жастарды қоғамдық өмірге дайындау ұғымымен сабақтасып жатты. Риторика туралы алғашқы оқулықтар негізі қаланды. Платон (б.д.д. 427-347 жж.), Аристотель (б.д.д. 384-322 жж.) еңбектерінің шешендік өнер теориясының дамуындағы ролі үлкен болды. Аристотель сөйлеудің төрт бөлігін (алғы сөз, әңгімелеу, дәлелдеу, шешім) атап көрсетті.
Грек шешендік өнерінің өкілі Демосфен (б.д.д. 384-322 жж.). Оның сөз құрау мен сөйлеу техникасын көтерді. Шешендер мектебінің ұйымдастырушысы болған. Шешеннің үш түрлі міндетін (түсіндіру, ояту, ләззатқа бөлеу) көрсетті.
Шешендік өнердің көрнекті теоретигі Цицерон (б.д.д. 106-43) еңбектері. Сөз құрау, сөз стилі, сөз әзілі, дыбыстық әдістермен құлпырту, т.б. нұсқаулары болды. Оның «Шешен туралы» кітабында сөз пәрменділігінің шарты ретінде ақыл мен жүрекке әсер ету әдісін атап көрсетті.
М.Ф.Квинтилиан (б.д.д. 100-36 жж.) – Римдегі шешендік өнерге арналған алғашқы мемлекеттік мектептің негізін салушы. Оның еңбегінде материал жинау, орналастыру, ой-пікірді дұрыс сөйлету, есте сақтау, жеткізу, орындау секілді бөліктер талданды. Оның мәнерлеп оқу, әдістемесі мен теориясы туралы айтқан ойлары аса мәнді. «Образование оратора» трактаты кейінгі кезеңде де тәжірибелік нұсқау ретінде пайдаланылып келеді.
Ресейде шешендік өнердің кенжелеп дамығандығын айтып, оның себебін түсіндірген Д.И.Фонвизиннің: "Шешендердің аз болу себебі шындығында шешендік дарын көрінетіндей жағдайдың жоқтығынан. Шешендік абырой-атаққа айқара есік ашатын және консульдікпен сайланатын бізде халық жиналыстары жоқ» деген. Көрнекті өкілінің бірі - атақты ғалым Ломоносов. Ресейдегі шешендік өнер теориясының дамуына елеулі үлес қосқан М.Л.Ломоносовтың (1711-1765) «Ділмарлыққа қысқаша басшылық», М.М.Сперанскийдің (1772-1839) «Ділмарлық ережесі» атты еңбектерінің маңызы зор. Олар орыс риторикасының негізін қалаған алғашқы құралдар. Орыс шешендік өнерінің ішінде сот шешендігін дамытудағы П.С.Пороховщиков, А.Ф.Кони еңбектерінің мәні ерекше. «Соттағы сөз өнері» атты кітабында сотта сөйлеу, материалды іріктеу, деректерді дәлелдеу жолдары көрсетілді. Шешендік өнердің көрнекті өкілдерінің осы еңбектерін оқып, танысу қажет.
Сонымен шешен деген тұста бұл ұғым біздің жадымызда көне Грек пен Римнің сот залдарында алқалы жиындарда тоқтаусыз ағыл-тегіл сөйлеп, аудиторияны сөзіне ұйытып, айтар ойына мүлгітіп тұрған оратор түсінігінде ассоциациаланады да, би ұғымы заңдық, билік күші бар судья болмысы арқылы көрінеді. Осы екі ұғымды, екі болмысты, табиғатты жақындастыратын, жанастыратын қалып- шешендік, шешендік сөйлеу процесі. Шешендік өнер ілімі (риторика) ерте қалыптасқан антикалық Грек пен Рим теоретиктері, іргелес орыс теоретиктері шешендік өнерді сөйлеу процесі тұрғысынан мейлінше жан- жақты талдады, ілгері еңбектер жазды. Риторика ілімнің көне және орта дәуірінде Протогор, Демосфен, Цицерон, Аристотель, Квинтилиан, Марк Антоний, Луций Крам қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілдері Кампонелла, Томас Мор, Петрарка, Данте, Рабле, Шекспир, орыс шешендік өнерінің теориясында Макарич, Усачев, Ломоносов, Рижский, Мерзляков, Галюч, Коменский, Сперанский есімдері тарих бетінде жарқырап қалды.
Негізгі әдебиеттер
Адамбаев Б. Халық даналығы. – Алматы, 1976.
Төреқұлов Н., Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері. – Алматы, 1993.
Негимов С. Шешендік өнер. - Алматы, 1997.
Қалимұқашева, Б. Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер [Мәтін]: оқу-әдіст.құрал: - Астана: Фолиант, 2010.- 168б.- (Кәсіптік білім).50 экз.
Қосымша әдебиеттер
Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы. - Алматы, 1996.
Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы, 1992.
Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. - Алматы, 1997.
Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. - Алматы, 1989.
Жармұхамедов М. Шешендік өнер. - Алматы, 1998.
Достарыңызбен бөлісу: |