Кредит саны– 3 (1+1+1), ECTS кредитімен – 5.
Пререквизиттер – 112 кредит
Постреквизиттер – жоқ
Оқыту мақсаты: Web-программалау бойынша білім алу, деректер базасына Web-сайттар мен Web-интерфейстерді программалау үшін PHP тілінің мүмкіндіктерін меңгеру
Қысқаша мазмұны: Web-программалау пәні. Клиент пен сервер жағынан программалау. Программалаудың аспаптары мен технологиялары. Сервер жағынан программалау. HTTP хаттамасы. CGI. Параметрлерді серверге жіберу. Калып күйді есте сақтау. Қауіпсіздік шаралары. CGI және деректер базасы. Деректер базасына кіру. МББЖ MySQL. Қауіпсіздік жүесі. Утилиттер. SQL тілі. ASP. VBScript-тен айырмашылығы. Ішкі және сыртқы объекттер. Деректер базасына кіру. Программа мысалдары. Perl. Тілдің ерекшеліктері. Өрнектер. Сыртқы модульдер. Деректер базасына кіру. Программа мысалдары. PHP. Тілдің ерекшеліктері. Деректер базасына кіру. Программа мысалдары. Web-программалау және хостинг. Қосымшаның жойылған отладкаларының ерекшеліктері,
Оқытудан күтілетін нәтижелер:
Білімі: Программалық өнімді өндіру кезеңдерін, әдістерін және программаны тестілеу құралдарын, Web-интерфейстерін деректер базасында тиімді іске асыру тәсілдерін біледі.
Іскерлігі:Web-сайттар программалық жабдықтарын жобалаудың негізгі әдістері мен құралдарын қолдана біледі.
Дағдылары:Web-программалау принциптерін пайдалану дағдысы бар.
Біліктілігі:Web-сайт құрудың тәжірибелік дағдысын көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Г.Ж.Ерланова
8
|
AAR 0204
|
Әлемдік ақпараттық ресурстар
Кредит саны– 2 (1+1+0), ECTS кредитімен – 3.
Пререквизиттер – 39 кредит
Постреквизиттер – «Web технологиялар», «Ақпарат қауіпсіздігі және ақпаратты қорғау»
Оқыту мақсаты: «Әлемдік ақпараттық ресурстар» пәнін меңгеру мақсаты студенттерде ақпараттық ресурстарды ұйымдастыру, сақтау принциптері және қол жеткізу түрлері, фундаментальды принциптер, әдістер мен Интернет желісіндегі навигация құралдары туралы білім қалыптастыру болып табылады.
Қысқаша мазмұны: Әлемдік ақпараттық ресурстарға кіріспе. Негізгі ұғымдары және анықтамалары, даму тарихы. Ақпараттың негізгі көздері. Интернет туралы негізгі деректер. Интернет сервистері. Интернетте ақпаратты іздеу негіздері.
Оқытудан күтілетін нәтижелер:
Білімі: Әлемдік ақпараттық ресурстардың даму тарихын, негізгі ақпараттық құралдар мен ауқымды желінің ресурстарын; электронды пошта жүйесін ұйымдастыру принциптерін; ақпараттық іздеу жүйелерін, Интернеттің ақпараттық ресурстар құрылымын; Интернеттегі белгілі ақпараттық іздеу жүйелерін, олардың жалпы кескіні мен ерекшеліктерін, ақпаратты пайдаланудың құқықтық аспектілерін және көздерді Интернеттен алу ережелерін білу керек.
Іскерлігі:Сұраныстар құру мен қарапайым және кеңейтілген іздеу тәртібіндегі ақпараттық-іздеу жүйесін пайдалануды білу қабілеті бар.
Дағдылары:Ұйымдастыруға қажетті ақпараттық ресурстар мен электронды ортадағы білім көздерін таңдай білу дағдысы бар.
Біліктілігі:Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланып, қолданбалы есептерді қою мен оны шешуге қабілетті.
Бағдарлама жетекшісі: оқытушы Г.Ж.Ерланова
| | -
Білім траекториясы – «Бизнестегі ақпараттық жүйелер және технологиялар»
| -
Білім траекториясы – «Ақпараттық жүйелер және Web-технологиялар»
|
9
|
EMM 0201
|
Экономикалық-математикалық модельдеу
Кредит саны– 3 (1+2+0), кредит бойынша ECTS – 5.
Пререквизиттер – 39 кредит
Постреквизиттер – «Экономика және өндірісті ұйымдастыру», «АЖ деректер талдауы»
Оқыту мақсаты: Нарықтық экономика жағдайында экономикалық-математикалық әдістер негізінде кәсіпорынның қызметін басқару есебінің қойылу әдістері мен принциптері, оны шешу және талдау, теориялық-әдістемелік мәселелер жөніндегі студенттердің кешенді білім алуы болып табылады.
Қысқаша мазмұны: Экономикалық-математикалық модельдеуге кіріспе. Сызықты программалау есебінің жазылуының үш формасы. Сызықты программалау есептері. Сызықты программалау есебін шешудің графикалық әдісі. Сызықты программалау есебін шешудің симплекс әдісі. Сызықты программалау есебін шешудің М-әдісі (жасанды базис әдісі). Сызықты программалаудың қосалқы есебі. Қосалқылық теоремалары. Сызықты программалаудың арнайы есептері. Транспорт есебі. Қойылымы күрделендірілген транспорт есебі. Ойын теориясы. Ойындар теориясы есебін сызықты есепке келтіру. Динамикалық программалау есептері.
Оқытудан күтілетін нәтижелер:
Білімі: Математикалық программалау есептерін шешу әдістерін біледі.
Іскерлігі:Экономикалық-математикалық модельдерді, тәжірибе есептерінің модельдерін құра біледі.
Дағдылары:Математикалық аппаратты экономика есептеріне қолдана білу дағдысы бар.
Біліктілігі:Динамикалық программалау, матрицалық ойындар және транспорт есептерінің қойылымы мен оны шешу облысы бойынша білімін, қабілетін және дағдысын көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Г.Ж.Ерланова
|
10
|
OAAZ 0202
|
Оңтайландыру әдістері және амалдарды зерттеу
Кредит саны– 3 (1+2+0), ECTS кредитімен – 5.
Пререквизиттер – 39 кредит
Постреквизиттер – «Экономика және өндірісті ұйымдастыру», «АЖ деректер талдауы»
Оқыту мақсаты: Оңтайландырудың математикалық теориясының аспектілерін және оны қандай да бір әдіспен іске асыруды оқу. Классикалық вариациялық есептеу әдістерін және оңтайландырудың қазіргі әдістерін, автоматты басқарудың сызықты және сызықсыз жүйелерін зерттеу әдістерін, басқару теориясы мен оңтайлы басқару элементтерін оқу.
Қысқаша мазмұны: Оңтайландыру әдістері. Сызықты программалау есептерінің қойылымының мысалдары. Сызықты программалау есептерінің әртүрлі формасы. Сызықты программалау есептерін шешу әдістері. Сызықты программалаудың қосалқы есептері. Сызықсыз программалау есептері. Дөңес программалау. Шартсыз оңтайландыру әдістері. Динамикалық программалау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |