Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет175/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
143
Қорытындылай айтқанда, Қазақстанда жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытында, кеңес 
дәуірінде біраз тәжірибе жиналды, бірақ олар көп жағдайда сол кездегі коммунистік партия 
орнықтырған идеологиямен тығыз байланыстығы болғаны белгілі. Қазақстан суретшілері кеңес 
кезеңінің өзінде ізденістерге барып, көрнекті де дара тарихи тұлғалардың образдарын өмірге әкелді, 
бірақ ол көркемдік дәстүр ретінде жалғаса бермеді. 
Тарихын білген халықтың болашағы жарқын. Қазіргі кезде қазақтың ежелгі тарихынан бастап, 
қазірге дейінгі тарихын бейнелеу өнері тілінде жазудың көркемдік дәстүрі мен шығармашылық 
үдерісі жалғасын табуда. Бұл шығармалар қазақ хандары мен ел қорғаған батырлары туралы көркем 
шежіресінің ерекше бір бөлігі іспетті, ел тарихының бір тұлғасының өмірі мен ерлік іс - әрекетінен 
сыр шертетін көркемдік танымдық мәнге ие рухани дүниелер. 
Қазіргі кезде қазақтың ежелгі тарихынан бастап бүгінге дейінгі тарихын портрет өнері 
арқылы жазу дәстүрі жалғасын табуда. Қазақ хандары туралы зерттеулер негізінде белгілі болған 
деректерді ескере отырып, суретшілер, мүсіншілер, қолөнер шеберлері, дизайнерлер қазақ 
хандары мен батырларының әр түрлі тақырыптық көріністегі шығармашылық портреттерін өмірге 
әкелді. Жиырмасыншы ғасырдың бейнелеу өнерінің шеберлері қазақ тарихының жаңа көркем 
бейнелерін жасауда, бейнелеу өнерінің барлық салалары бойынша тарихи тақырыптарға лайықты 
шығармашылық ізденістер өмірге келуде және осы мүмкіндікті қолдану арқылы таным мен 
тәрбие беру бағытындағы өміршең педагогикалық істер жалғасын табу үстінде.Өнер шеберлерінің 
егеменді ел кезеңіндегі жасаған қазақ хандары мен батырларының образы, халық өмірін кең 
қамтыған көркем туындылары, жас жеткіншектерге тарихи білім беріп, оларды отансүйгіштікке 
тәрбиелейтін, жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейтетін және оны әрі қарай дамытатын көрнекті 
нысан, мол мүмкіндік деп бағалау орынды. 
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Ералин Қ., Қазақстан бейнелеу өнері.Түркістан.А.Ясауи университеті.2009- 222 бет; 
2 Ералин Қ., Қазақстан бейнелеу өнері шеберлері. Алматы, Талант баспасы, 1999- 100 бет; 
3 Жолдасбекұлы М., Салғарұлы Қ., Сейдімбек А. Елтұтқа.Астана, 2004,-360 бет; 
4 Ш. Ибадатов Кетбұға Астана,2004,-230 бет; М.Ескендір-Әбдешев «Қазақ портреттерінің тарихы» Аста-
на, 2001,-245 бет.
В статье раскрывается, проблемы создание портреты казахских ханов и батыров. Определяется 
художественные особенности создания портретного образа исторической личностей в изобразительном 
искусстве Казахстана.
The article deals with the problems of creating portrais of kazakh khans and heroes. Clarifies art particularities 
of creating portrait figure of historical personalities in art in Republic of Kazakhstan. 
Редакцияға 15.03.2015 қабылданды.
ӘОЖ 37.016:001.89


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет