Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
142
Қазақ халқының алғашқы толқын суретшілерінің бастаған, қазақ хандары мен батырларының
портреттерін салу дәстүрі биылғы жылы Қазақ хандығының 550 жыл толу мерекесі құрметіне А.Ясауи
атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде жалғасын табуда. Оқу орнының мәдениет
орталығында хандар мен батырлар портреттерінің конкурсы өткізіліп, олармен оқу ғимараттары
безендіріліп, көрмелер ұйымдастырылуда, жаңа сурет туындысының презентациялары өткізіліп,
бейнелеу өнеріндегі хандар мен батырлар образы тақырыбына өнертанымдық зерттеулер жүргізу,
баяндамалар оқу іс шаралары жалғастырылуда. Осыған мерекеге байланысты университетте
соңғы кезде ұйымдастырылған танымдық, тәрбиелік, әдістемелік жұмыстарды айтып өту орынды
деп санаймыз:
1. Университетте ақпан айының 23-27 күндері Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Да-
рын -2015» фестивалі өткізілген болатын, фестивалға «Бейнелеу өнері және сызу», «Дизайн»
және «Сәндік өнер» мамандығында оқитын студенттер қатысып, «Қазақ хандары мен батырла-
ры» тақырыбына композиция жасаудан ұйымдастырылған конкурста Жанар Мамырайым, Қадыр
Надіров, Умида Әріпжановалар жеңімпаздар атанды.
2. Университеттің «Бейнелеу өнері және сызу», «Дизайн» және «Сәндік өнер» мамандығы
студенттері мерекелі күндер мен жеке топтардың шығармашылығына арналған шағын көрмелерді
ұйымдастыру дәстүрге айналды. Мұндай іс - шаралардың танымдық – тәрбиелік мүмкіндіктері мол
екендігін көрсетті. Сондықтан биылғы жылғы көрме тақырыптары «Қазақ елінің хандары», «Қазақ
елінің батырлары», «Жеңістің 70 жылдығы» мерекелеріне сай қарастырылды.
3. «Кескіндемеші Ағымсалы Дүзелхановтың ұлттық ақша, теңгедегі қазақ хандарының
портреттерінің композициясы», «Мүсінші Нұрлан Далбайдың монументтік ескерткіштері», «Қазақ
хандарының портреттері», «Қазақ батырларының портреттері», «Түркістандағы А.Ясауи кесенесі
алаңындағы қазақ хандары, билері мен батырларына арналған монументтік панноның көркемдік
композициясы мен идеясы», «Кілемге салынған тұлғалар бейнелері», «Тәуелсіздік монументі»
тақырыптарына бейнелеу өнері мамандықтарының студенттеріне арналған топ тәлімгерлерінің
тәрбие сағаттары өтілуде.
4. Студенттердің ғылыми ізденіс жұмыстарының жоспарына «Қазақ хандарының кескіндемелік
портреттері және оның тәрбиелік мәні», «Қазақ батырларының мүсіндік ескерткіштері және
олардың танымдық білімдік ерекшеліктері», «Қазақ хандарының киім үлгілері», «Қазақ хандарының
тұтынған бұйымдарының көркемдік өлшем бірліктері» тақырыптары ендіріліп, оларды зерттеуші
есімдері айқындалды. Бітіруші студенттердің дипломдық жұмыс жоспарына «Қазақ хандары мен
батырларының кескіндемелік шығармаларын талдаудың білімдік тәрбиелік мәні», «Қазақ ханда-
ры мен батырлар портреттері арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу» атты тақырыптар
енгізілді.
5. Суретші кескіндемеші Омар Бабажанов «Кенесары хан» мен «Керей ханның» портреттерін
тарихшылардың анықтаған деректері негізінде салды, магистр оқытушы Мұрат Шаханбаев «Орбұлақ
шайқасы» картинасында қазақ хандары мен батырларының ерлік көріністері шеберлікпен берілді.
Суретші Самат Алтышев «Хақназар хан» мен «Қасым ханның» портреттерін реалистік тұрғыда
жазды. Магистр оқытушы Ермек Мамбетаев «Абылай хан» және «Тәуке хан» портреттерін жасап,
оқытушы Әбілдаев Мұхит «Төле би», «Қазыбек би», «Әйтеке би» суреттерін салды. Бұл картина-
лармен А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің жаңадан салынған кітапхана
ғимаратының интерьері безендірілді.
6. Оқу үдерісінде академиялық сурет, академиялық кескіндеме, композиция, мүсін, қолданбалы
өнер, дизайн сабақтарында қазақ хандары мен батырларының портреттерінің көркемдік
ерекшеліктерімен, өлшемдерімен интербелсенді оқыту әдістерді қолдану арқылы студенттерді
таныстыру, оларды талдау жасау оқытушылардың тәжірибесіне ендірілуде.Тарихи бейнелерді
оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану үшін мынандай бағыттарға бөліп қарастыру ұтымды екенін
тәжірибе көрсетті: Қазақ хандары мен билеріның портреттері: Тұмар ханшайым, Мөде қаған, Еділ
(Атилла) қаған, Әбілхайыр хан, Абылай хан, Жәңгір хан, Кенесары хан, Шығайұлы Есімхан, Тәуке
хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би анықталды; Қазақтың батырларының бейнелері: Бейбарыс
сұлтан, Бөгенбай, Қобыланды, Қарасай, Есет, Хангелді, Сақырық Жәнібек, Өтеген, Қойкелді,
Байғазы, Райымбек, Олжабай, Сырым, Жауғаш, Бекет, Бөлтірік, Жанқожа, Сыпатай, Арынғазы,
Исатай, Ағыбай, Махамбет образдарын көрсететін портреттермен сипатталды. Жалпы бұл аталған
іс-шаралар мақсаты студент жастарға ұлттық рухты сіңіру, өз ұлтын мақтан тұтып құрметтеуге, өз
тілін, тарихын, мәдениетін силауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу болды.
|