Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
144
зерттеушілік қабілеттерін дамытуға әсер ететін жаңа дүниені дайындауға немесе жасап жүзеге асыруға
болады.
Түйін сөздер: элективтік курстар, зерттеушілік құзыреттілік, мұнай химиясы, физика-химиялық
талдау.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау
мен қайта даярлаудың негізгі бағдарын айта отырып, бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін
біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек
ұрпақтың функционалдық
сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», – деп атап көрсетті [1].
Осыған орай жоғары білім беру жүйесінің қазіргі кездегі дамуының басты басымдықтардың бірі
болып табылатын келесі тенденцияларды айқындайды:
Білім философиясының жаңаруы;
Жоғары білім берудің жаңа парадигмаларын енгізу;
Білім беру жүйесін басқарудың
ең тиімді тәсілдерін іздеу;
Ғылым мен білімді біріктіру;
Жоғары білім берудің мемлекеттік стандарттарын жетілдіру;
Білім беруді ақпараттандыру және жаңа адекватты оқыту технологияларын дайындау [2].
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің
жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үдеріс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие
жұмысында өзгерістер
енгізумен бірге, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды,
білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды, іс-әрекетті жаңаша ұйымдастыруды
талап етеді.
Еліміздің білім жүйесі бойынша мамандарды дайындауда жоғары оқу орындары жалпы әлемдік
стандартқа бағдарланады.
Қоғамдық, мәдени және әлеуметтік өзгеріс жас мамандардан кәсіби
құзыретті біліктілікті, өндірістік міндеттерді шешуде өзіндік және шығармашылық әдістемені,
тез бейімделуді және қазіргі тоқтаусыз тез өзгеретін жағдайда өз
бетінше ұйымдастыра алуды
талап етеді. Қазіргі маман тек орындаушы ғана болып қоймай, сонымен қатар өндірістің дамуын
қамтамасыз ететін жаңаны жасаушы болуы керек [3].
Кез-келген маман, оқытушы қоғам және қазіргі заманғы өмір ырғағының талаптарын орындай
білуі керек. Осыған байланысты соңғы кездері «құзыреттілік» ұғымы жиі қолданыла бастады.
«Құзыреттілік» түсінігі білім беру саласында 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиеттерінде, ал 1980
жылдардың соңында отандық әдебиеттерде кездесті. Жалпы, құзыреттілік – бұл жұмыс нәтижелерін
талдау мен сараптай білу, белгілі бір салаға қатысты заманауи ақпараттарды қолдана білу сияқты
тиімді кәсіби іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін маманға қажетті білім мен дағды жиынтығы [4].
Сондықтан білім берудің мазмұнын жетілдіре отырып, үздіксіз білім беру арқылы оларды кәсіби
тұрғыдан жан-жақты жетілдіру мәселесі бүгінде күн тәртібіне қойылып отырғанын көріп отырмыз.
Бүгінгі күні «құзыреттілік» ұғымы оқыту үдерісінде білімді қолданудың негізгі нәтижесі ретінде
қарастырылуда.«Құзыреттілік» ұғымы бүгінгі күні оқыту үдерісінде білімді қолданудың ақырғы
нәтижесі ретінде қарастырылуда. Оқыту үдерісінде «құзыреттілік» ұғымы білім алушылардың білімі
мен тәжірибесін, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені шешуде қолдануы болып табылады.
Химия – тәжірибеге бағдарланған пәндердің бірі. Химияны оқыту зерттеушілік құзыреттілікті
қалыптастыру үдерісімен тікелей байланысты, өйткені химия ғылымы негізделетін әдістер (талдау,
эксперимент, пішіндеу және т.б.) көбінесе зерттеушілік құзыреттіліктің негізгі компоненттерімен
сәйкес келеді [5].Көптеген зерттеушілер білім алушылардың зерттеушілік құзыреттіліктерін сауат-
ты жоспарланған зерттеушілік іс-әрекет нәтижелері ретінде қарастырады.
С.И.Осипова зерттеушілік құзыреттіліктің түрленгіш сипатына назар аударады және оны
интегралды тұлғалық қасиет ретінде көрсетеді. Ол төмендегі қабілеттерден көрінетін білім
алушының зерттеушілік құзыреттілігінің үш негізгі элементін бөлуді ұсынады:
Іс-әрекет
мақсатын көрсету;
Пән анықтамасы, іс-әрекет құралдары, жоспарланған іс-әрекетті өткізу;
Рефлексия, іс-әрекет нәтижелерін талдау.
Е.В.Феськова өзінің жұмысында көрсеткендей, білім алушылардың зерттеушілік құзыреттіліктері
өз күшімен жаңа білім жүйесін құруда және меңгеруде алға ұмтылысын, шығармашылық мазмұнды,
өзін-өзі дамытуын көрсетеді [6].