Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет274/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
228
...батырлардың қоғамдық жаратылысын айыра білу қиын болатын себебі де міне осы» деген пікірі 
сөзімізді дәлелдейді. [2,118б.].
Батырлар институты өзінің дамуында өзгерістерге ұшырап отырды. Ерте орта ғасырлардағы, 
орта және кейінгі орта ғасырлардағы батырлар жайындағы эволюциялық дамуды анық байқауға 
болады. Ерте орта ғасырларда көбінесе ертегі мен жырлардағы батырлар тұлғасын көрсек, кейінгі 
орта ғасырларда, әсіресе, XVIII ғасырда біз нақты тарихи тұлғаларды көріп, олардың нақты тарихи 
істеріне куә боламыз. Батырлар институты елдегі тарихи жағдайларға байланысты қазақ дәстүрлі 
қоғамында аса маңызды қызмет атқара бастайды. Елдің саяси құрылымын, ел азаттығын сақтап 
қалу мүддесі батырларды бір мақсатқа жұмылдырды. 
Шығу тегіне қарамастан батырлар бірте-бірте ру басыларына айналып отырды. Белгілі бір ірі-
ірі шайқастарда, жекпе-жек ұрыстарда көзсіз ерлік көрсетіп, елді жаудан қорғаған жеке адамдарға 
тегі ақ сүйектер не қарасүйек болсын халық батыр атағын берді. Сондықтан атақты қазақ хандары 
Қасым, Тәуекел, Жәңгір, Әбілқайыр мен Абылай, Кенесары бәрі де батыр атақтарын алды. Ру 
басы, би, шешендердің арасында да Сырым, Бөкенбай секілді батырлар көп болды. Әсіресе, қазақ-
қалмақ соғыстарында батырлығымен көзге түскендер тарихтан белгілі. 1730 жылғы қазақтар мен 
жоңғарлар арасындағы ірі шайқастағы ерліктерімен ерекшеленген Әбілхайыр ханды, Бөкенбай 
мен Есетті халық батыр атады. Осыған орай батыр атағына негізінен сыртқы жаулардан қорғану 
кезіндегі ірі шайқастарда ерен ерлігімен көзге түскендердің ие болғанын атап өту қажет. Ал олардың 
ерлігін халық ауыз әдебиеті ғасырлар бойы сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізді, ерлік мектебі ретінде 
дәріптеді. Және халықты азаттық пен тәуелсіздік жолындағы күресте рухани қаруландырды.
«Батыр» атағы әкеден балаға беріліп отыратындай мұрагерлікке негізделмеді. Ол жоғарыда айтып 
өткеніміздей жеке адамның тек жеке ерлігі мен батырлық қасиеттеріне байланысты ғана берілетін 
еді. Алайда тарихта бір әулеттің ұрпақтарының осындай атаққа ие болғандары кездеседі. Бірақ 
бұл жерде батыр атағы оларға атадан қалған мұра ретінде емес, керісінше олардың әрқайсысының 
ерлігіне байланысты берілген құрметті атақтар болып табылады. Осындай әулеттік негізде 
қалыптасқан батырларды Кіші жүздің табын руынан шыққан Бөкенбай Қараұлының тарихынан 
көре аламыз. Оның ұлы Тіленші Бөкенбайұлы мен немересі Жоламан Тіленшіұлы бәрі де батыр 
атағына ие болғандар. Әрқайсысының қазақ тарихындағы өзіндік орны бар тұлғалар екені даусыз.
Қазақ тарихындағы батырлар мәселесімен бірге «барымта» тақырыбы да көтеріледі. Бұл жерде 
барымтаның табиғатына қатысты зерттеушілердің пікірлері әрқилы. Мысалы, көрнекті қазақ 
тарихшысы Е.Бекмаханов кейінгі кезеңде ру аралық күресте, барымтада және басқаларында көзге 
түскендердің кез келгені батыр деп атала бастады деген көзқарасын білдіреді [7, 99 б.]. Қазақ 
байлары өзара рулық тартыстарына қатысып, ерлігі, күштілігі, батылдығы үшін өз жасағындағы 
жауынгерін батыр атай бастайды. Бұл жерде олар батыр-жауынгер категориясына жата алады. 
Батыр атағына кедейлер арасынан шыққан ержүрек адамдар да ие болды. Сондықтан да батырлар 
тобы қазақ қоғамының таптық, мүліктік-меншіктік саралау негізіне жатқызылмайды. Бекмахановтың 
пікірінше, батырлар алғашында ру-тайпалардың әскери басшылары болған. Кейіннен феодалдық 
қатынастардың орнығуы барысында олардың әскербасылар ретіндегі қызметі өзгереді. Шығу тегіне 
қарамастан олар қоғамдық өмірде маңызды рөл атқара бастайды. Батырлардың қоғамдағы орнының 
даму эволюциясын көптеген тарихи тұлғалар мен тарихи фактілерден көре аламыз. Сырым, 
Есет батырлар руларының толық басшылары болумен қатар, өз руларының атынан басқа қазақ 
руларымен келіссөз жүргізуге, салықтар жинауға, биліктер айтуға құқылы болды. Қазақ қоғамында 
батырлардың ықпалының өсуіне XVIII-XIX ғасырлардағы ішкі-сыртқы саяси жағдайлар әсер етті. 
Жоңғарлар шапқыншылығы, қазақ-жоңғар соғыстары мен Орта Азиялық хандықтар тарапынан 
болған шапқыншылықтар кезінде батырлардың қоғамдағы қызметінің рөлі артты. Осы тұста қазақ 
хан, сұлтандарының көпшілігі батыр атақтарына да ие болған еді. Батырлардың қоғамдағы орнының 
жоғары болғандығын Ш.Уәлиханов «батыр – қырғыздар (қазақтар) арасындағы рубасы сұлтаннан 
кейінгі ең маңызды және белгілі тұлға... Ол ақыл-кеңесі халық арасында бағаланып отырған ең 
беделді адам» деп тұжырымдайды. 
Алаш арыстарының шығармалары XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның қоғамдық 
саяси өмірінің құрамдас бөлігі және ұлт азаттық қозғалыс пен демократиялық идеяның дереккөздері 
ретінде маңызды рөл атқарады. Қазақ халқының саяси әлеуметтік өмірі, тұрмыс-салты мен 
әдет-ғұрпы, шаруашылығы мен мәдениеті жайында аса құнды зерттеулер алаш қайраткерлері 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет