Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет275/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
229
Х.Досмұхамедов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, М.Жұмабаев, М.Тынышпаев, 
С.Асфендияров, М-С.Мабажанов және басқаларының мол мұрасын құрайды.
Осынау ерекше құбылыстың азды-көпті зерттелуіне алаш арыстары да өз үлестерін қосты. 
Олардың қатарында XX-шы ғасырда жазықсыз жапа шеккен алаш арыстарының бірі, көрнекті 
мемлекет, қоғам қайраткері Халел Досмұхамедовтың батырлардың қазақ қоғамындағы, қазақ 
тарихындағы орнына қатысты мақалалары маңызды болып табылады. 
Оның қазақ батырларына арналған көлемді зерттеуі «Қазақ батырлары. Исатай, Махамбет» 
деп аталады, бұлардан басқа «Тайманұлы Исатайдың қозғалысы турасында қысқаша мағлұмат», 
«Махамбет батыр», «Исатай кім?», «Родославная Жалантус-батыра, (Ялантуш-бахадура), строителя 
медресе тилля-кары и шир-дор в городе Самарканде», «Жалаңтөс батыр» еңбектерін атуға болады.
Патша үкіметінің езгісіне қарсы Кіші жүзде өткен азаттық күресінің бірқатары жайында былай 
деп жазады: «Бұлардың зорлары мыналар: 1785-1800 жылдардың шамасында байұлы байбақты 
руынан шыққан Сырым батыр Датұлының көтерілісі. ...Екіншісі, 1830-1845 жылдардың шамасында 
байұлы беріш руынан шыққан Исатай батыр Тайманұлының һәм Махамбет батыр Өтемісұлының 
көтерілісі. Үшінші, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының шамасындағы шекті руынкан 
шыққан Есет батыр Көтібарұлының көтерілісі.» [8]. Осы зерттеуде жоғарыда аталған жалпы 
көтерілістерден басқа көптеген рулардың батырлары патша билігіне қарсы бастаған күрестері мол 
болғандығы аталады. Ондай күрес әсіресе, адай руының арасында жиі болғандығы да жазылып, 
Құдабай, Дәуімшар, Кебіс, Құлшар, Батырбек батырлардың аттары аталады. Сөз соңында олардың 
әлі де зерттелмей келе жатқандығына қынжылады, «тарихшы енді шықса керек» деп сенеді.
Х.Досмұхамедов «Тайманұлы Исатайдың қозғалысы турасында қысқаша мағлұмат» атты 
еңбегінде көтерілістің басталуымен қатар XVIII-ші ғасырдың 30-40-шы жылдары болған 
саяси ахуалға, Әбілқайыр хан және оны қолдаған қазақ батырлары жайында жазды. 1738 жылы 
Әбілқайырмен бірге ант беріп, қол қойған елу алты адам деп, әр рудан қол қойған 56 адамның 
санын келтіреді. Олардың қатарында Қошқарұлы Жәнібек пен Бөкенбай секілді батырларға назар 
аударады. Осы зерттеуде Х.Досмұхамедов Әбілқайырдың орыс патшасына ант беруіне өзінің 
көзқарасын Әбілқайырдың хан сайлануға ұмтылысы деп білдіреді. Осыған байланысты елдің 
билері екіге бөлініп кетті, бір бөлегі «арғын Жәнібек пен табын Бөкембай (Бөкенбай болса керек) 
болып соңына ерген елдерімен хан жағына шығып кетті» деп жазады [8, 50 б.]. 
Жәнібек пен Бөкенбайдың Әбілқайыр ханды қолдауын Х.Досмұхамедов арғын мен табын 
руларының Орта жүз бен Кіші жүздегі аса мәртебелі болмаған жағдайынан деп есептейді. Сол тұста 
арғынның да, Жетірудағы табынның да саяси биліктегі орны мен жайылымдық қоныстарында да 
тапшылығы болды. Осы мәселелерді оңтайлы шешіп алу үшін олар Әбілқайырды қолдап, хан 
жағына шықты деп тұжырымдайды.
Елдің саяси билігінен, бас еркінен айырылғанына қынжыла отырып 1731-1870-ші жылдар 
арасында қазақ қоғамында таптың күресі болғанын атап өткен Досмұхамедов 1731 жылдан бастап 
«кіші жүздің ханға болсын, сұлтандарға болсын, орысқа болсын көтерілістерінің бәрін патша 
үкіметіне қарсы көтерілістер деп атау керек» дейді. 
Қазақ-жоңғар соғыстарынан кейінгі тұста осы әлеуметтік топтың өкілдері қазақ халқының 
патшалық езгіге қарсы күресінің де көш басында тұрды. Бұл жерде батырлардың әуел бастан 
еркіндікті, бостандықты негізгі ұстанымы санайтын қасиеті алда тұрғанын көреміз. 
Х.Досмұхамедов батырлардың халықтың өз соңынан еруіне жағдай жасайтын мінезіне 
сипаттама жасайды: 1. Исатай – нағыз батыр, орынсыз мақтанның батыры емес, керек орнында 
батыр; 2. Исатай – би, оның ішінде көп сөйлемейтін сабырлы адам, керек жерінде сөзге шешен; 3. 
Исатай – тақуа адам, ол да көп алдында сыйларлық қасиет; 4. Исатай – алдау, арбауды білмейтін, 
әділ, турашыл адам; 5. Исатай – көпті ұйымдастыруға шебер адам. Сөйтіп, қазақ батыры Исатайдың 
Досмұхамедов атап өткен қасиеттерінен жалпы батырлардың бәріне ортақ белгілерді байқай аламыз. 
Ұлтының өмірімен біте қайнаған шығармашылық тұлғаның бірі Мағжан Жұмабаевтың 
шығармаларынан де батырлар тақырыбына қатысты бірқатар мәселелерді анықтай аламыз. 
Ақынның «Оқжетпес қиясында» деп аталатын поэмасында Кенесары хан мен Сыздық сұлтанның 
ерлік істері, азаттық көтерілісінің басшысы ретіндегі бейнесі бейнеленеді. Сонымен қатар «Ертегі» 
поэмасының да басты кейіпкері Сыздық сұлтан болып табылады. Қазақ мемлекеттілігін сақтап қалуға 
қызмет еткен династияның өкілі Сыздық сұлтан әкесі қайтқан жылы он жасар бала болған еді. Ер 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет