Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет272/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
226
ақпараттарымен қатар ауыз әдебиетінің аса көрнекті сласы – батырлар жырында да сақталды. 
Тіленші батырға байланысты батырлар жырындағы деректер негізінен Тіленші батырмен бірге 
Сырым батыр бастаған күреске бірге қатысқан батыр, яғни «Асау Барақ» жырында мол кездеседі. 
Бұл жырдың бірнеше нұсқасы сақталған. Олардың қатарында Мүстежап Ахметов жинаған «Барақ 
батырдың жыры», Ерғожа Құлпыбаевтан алынған «Барақ батыр туралы» жыр, Жұбаныш Аралбаев 
тапсырған нұсқалары мен жыраулар Наурызбек Раманқұловтан, Қайролла Иманғалиевтан жазып 
алынған нұсқалары бар. «Барақ батыр жырының» да басқа батырлар жыры секілді негізгі мазмұны 
батырдың ел қорғаудағы, жаулармен күрестегі ерлік, батырлық істерін мадақтау болып табылады
Қазақ халқы азаттық жолында өмірін паш еткен ардақты ұлдарын әрдайым ұлығылап, олардың 
өнегесінің ұрпақтан-ұрпаққа жетуіне мән беріп келген. Сондықтан қазақтың батырлар жырлары 
жас ұрпақты ерлік жолында тәрбиелеудің аса тиімді құралдарының бірі болатын. Әрбір қазақ 
баласы жастайынан «Алпамыс батыр» пен «Қобыланды батыр» жырларын немесе «Ер Төстік» 
ертегісін тыңдап өсетін. 
Жоғарыда атап өткеніміздей, батырлардың өмір жолы мен қызметін зерттеу тек қана жас ұрпақты 
тәрбиелеуде ғана емес, дәстүрлі қазақ қоғамының ерекшеліктерін зерттеу үшін де маңызды болып 
табылады. «Батыр» атауы көптеген еуразиялық көшпелі халықтарда кездеседі. Терминнің алғаш 
пайда болуын зерттеушілер ерте орта ғасырларда пайда болды деп есептейді. Бұл кезеңде «батыр» 
термині әлеуметтік мәнге ие болмағанмен, жеке тұлғалық ерекшеліктерді сипаттайтын термин 
ретінде қоғамда қолданылды. Батырлар башқұрттар, қырғыздар мен монғолдар сияқты еуразиялық 
көшпелі халықтар арасында кездесе отырып, тек қазақ қоғамында ғана ерекше әлеуметтік мәнге 
ие болды. Оған Қазақстан территориясының Еуропа мен Азияның, яғни батыс пен шығыстың 
(отырықшы және көшпелі өркениеттер арасындағы) ортасындағы геосаяси орналасуы да әсер етсе 
керек. Түркі халықтары арқылы «батыр» атауы славян халықтарына тараған деп есептеуге болады. 
Оған дәлел шығыс славяндардағы (орыс, белорусь, украин) «богатырь» (багатур) сөзі. XVI ғасырда 
Московия жеріне елшілікке келген австриялық дипломат, тарихшы, барон Сигизмунд (Зигмунд) 
фон Герберштейн «батыр» сөзінің ержүрек адам ретіндегі сипаттамасын алғаш орыстардан естіп, 
біледі. 
Башқұрт халқындағы батырлар институты мен батырлардың қоғамдағы орнына қатысты 
зерттеулерде батырларды үш топқа бөліп қарастырады: мифтік-аңыздық, жауынгер-батыр және 
ел ішіндегі әлеуметтік шиеленістік жағдайларда халық қамы үшін қол бастаған, азаттық үшін 
күрескен батырлар. Батырларды осындай категорияларға бөлу қазақ тарихына да сәйкес келеді. Бұл 
жерде эпостық жырлардың кейіпкерлері Алпамыс, Қобыланды батырлар, жекелеген шайқастарда, 
азаттық соғыстарында әскери жасақтар құрамында ерлігімен көзге түскен батырлар Малайсары, 
Саурық, және қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістерінің басшылары Сырым, Махамбет, Исатай, 
Жоламан, Есет батырларды атауға болады.
Батырлықты тек жеке адамның қасиеті деп қарастырмай, оны қазақ мемлекеттілігінің 
қалыптасуына ықпал еткен саяси-әлеуметтік құбылыс деп қарастыруымыз қажет. Ол жөнінде 
көптеген зерттеушілер өз ізденістерінде әр түрлі анықтамалар береді. Кеңестік заманның 
идеологиясына сай батырлар институтын қазақ қоғамындағы алауыздықты тудырушы еш пайдасы 
жоқ, тек қана өз пайдасы үшін өзгенің мал-мүлкін талан-таражға салушылар деп баға беру де орын 
алды.
Қазақ халқының тарихын зерттеуші М.П.Вяткиннің еңбектерінде батырлар тобы туралы 
пайымдар мол кездеседі. Әсіресе, XVIII ғасырдан бастап батырлар тобының көптеп таралып, ру 
басыларының көпшілігінің осы топтан шыға бастағандығын атап өтеді. Оның себептерінің бірі 
қазақ тарихындағы аса күрделі кезең жоңғарлар шапқыншылығымен байланысты еді. «Батыр» 
термині қазақ фольклорінде және тұрмыс салтында көп тараған. Қазақтың қаһармандық эпосының 
бәрі атақты ертегі немесе тарихи батырлар туралы айтылған ертегі болып келеді»,- деп жазады 
[2,117б.].
Қай заманда да қазақ халқының батыр деген құрметті атақты өз қаһармандарына бергені мәлім. 
Сондықтан батырлардың әлеуметтік негізін анықтау қиындық келтіреді. Батырлардың ауқатты 
топтардан да, ақсүйектер арасынан да, қарапайым халықтың арасынан да шығуы кеңестік жүйе 
кезінде бірқатар тарихшыларды тығырыққа тіреген сияқты. Мысалы, кейбір зерттеулерде батырлар 
тобына шынайы анықтамалар берілсе, енді бір зерттеушілер мәселені таптық тұрғыдан сипаттау 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет