Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет271/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   615
3-106-2015-2-chast

Түйін сөздері: батырлар, батырлар институты, әлеуметтік категория, қазақ мемлекеті, азаттық 
күрес, мемлекеттілік.
Қазақ халқының XXI ғасырда ұлан-байтақ территорияны иеленіп, мемлекеттік шекарасын бекітіп, 
халықаралық деңгейде әлемді мойындатуы ең алдымен тәуелсіздігіміздің және ата-бабамыздың 
азаттық жолындағы қанды күресінің жемісі болып табылады. Бүгінге дейін тарихшылар қазақ 
халқының тарихында 300-ден астам рет ұлт-азаттық күреске шықкандығын анықтады. Олардың 
арасында Сырым Датұлының 178-1799, Исатай-Махамбеттің 1836-1838, Кенесарының 1837-1847 
жылдардағы, Жанқожаның, Есеттің т.б. күрестері қазіргі танда жаңаща зерделеніп, окырманға 
жетті. Еліміздің қазіргі жетістіктері де бұл күрестің зая кетпегендігінің дәлелі. Олардың мақсаты 
қазақтың ұлттығы, мемлекетті сактау екендігі, соның жолындағы қанды жанталас екендігі толық 
анықталды. Қазақ мемлекеттілігін сақтап қалу жолындағы іс-әрекеттердің, азаттық күресінің басым 
бөлігі батырлардың тікелей қатысуымен және қол басшылғымен жүзе асырылды.
2015 жылғы Қазақ хандығының 550 жылдыңын атап өту кезінде еліміздегі мемлекеттіліктің 
даму үдерісі, оның дамуы мен сақталуы жайындағы ойтолғаулар маңызды.
Қазақ қоғамындағы батырлар институының мемлекеттілікті сақтап қалуға ұмтылысы негізінен 
Ресей империясының отарлау кезеңінде жанданды. Қазақ даласының Ресей империясының 
құрамына қосылған кезінен бастап Орта және Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуына дейінгі 
аралық бодандықтың алғашқы кезеңі болып табылады. Бір жағынан бұған дейін қазақ даласын жан-
жақтан шабуылдап, бейбіт тұрғындардың мазасын алған қалмақтар мен башқұрттардың жорықтары 
тоқтады. Ел басына тыныштық орнағандай болды. Алайда бұл «медалдың бір ғана жағы» болатын, 
ал оның екінші жағында бұрынғы шапқыншылықтардан да зұлымдығы асып түскен отарлық езгі 
тарихы басталған еді. Осы кезде батырлардың ролінің төмендей бастағанын тарихшы М.Қозыбаев 
«патша өкіметі қазақтың сұлтандарына, билеріне, батырларына шен-шекпен үлестірді де, оларды 
өкімет пен халық арасындағы үстем тап етіп қалыптастырды. Сөйтіп оларды өзінің әкімшілдік-
отаршылдық жүйесінің құрамды бөлігіне айналдырды. Патшалық режиммен ауыз жаласқан 
хандық билік кеселге ұшырады да, ол халықты қанаушылармен, отаршылармен одақтасты да халық 
арасына сына қақты», - деп атап өтеді [1,104 б.].
Қазақ даласының Ресей империясының құрамына қосылып дәстүрлі қазақ қоғамының саяси 
атрибуттарынан айырыла бастаған тұста қазақ батырлары елдегі өзгере бастаған жағдайды тез 
байқап, тәуелсіздікті сақтап қалу үшін күреске шықты. Он сегізінші ғасырдың басындағы қиын-
қыстау заманда жоңғарлар тарапынан болған жойқын шабуылдарды қазақ батырларының көзсіз 
ерліктері тойтарса, енді империялық саясаттың отарлық езгісінен де құтқаруға қазақ батырлары 
алғашқылар болып атқа қонды. Халық азаттығы үшін күрделі күрес жолының көшбасында Сырым 
батыр және оның басшылығымен болған азаттық көтерілісі бар. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер 
мен батырлардың алған орнына байланысты кеңестік кезеңнің зерттеушілері Сырым батыр бастаған 
қозғалысына да реакциялық деген анықтама берді. 
Қазақ мемлекеттілігін сақтап қалуда тұтас әулеттер қатысқан мысалдар қазақ тарихында көп. 
Олардың ішінде табын Бөкенбай батыр әулетінің қазақ мемлекеттігін сақтап қалу мен дәстүрлі 
батырлар институтын дамытудағы үлесі Бөкенбай батыр өзі дүниеден өткеннен кейін оның 
ұрпақтарының ерлік істерімен жалғасын тапты. Олардың қатарында батырдың ұлы Тіленші батыр 
да бар еді. Тіленші батырға қатысты мәліметтер орыс әкімшілігінің қазақ-орыс қатынасына қатысты 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет