Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
266
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев
2011 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан
халқына жолдауында «Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес
табыстылығының міндетті шарты екендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын
тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін»- деген еді.Соны-
мен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі
ағылшын тілінде еркін сөйлеп,өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде
еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек [1]. Сол себепті 2013-2014 оқу жылынан бастап жалпы
білім беретін орта мектептерде 1 сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту енгізілді. Яғни бастауыш
сынып оқушылары ана тіліміз –қазақ
тілі мен бірге, халықаралық тіл ағылшын тілін меңгереді.
Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі. Оқушылардың ағылшын тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын,
ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді.
Бастауыш сынып білімнің негізі қалану баспалдығы. Бастауыш сынып оқушылары берілген
ақпаратты тез меңгеріп, санасына сіңіретін нағыз қабылдау жасында болғандықтан, ағылшын тілін
меңгеру қиындық тудырмайды [2.25].
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі,
білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың сөйлеу
белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес, белсенді түрін
және әдістерін
оқу процесіне енгізу бағытында құрылуы тиіс [2,10]. «Адамның адамшылдығы... жақсы
ұстаздан» деп ғұлама Абай айтқандай, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде мұғалімдер оқыту ба-
рысында қазіргі заманауи оқыту әдіс-тәсілдерін пайдалану қажет.
Тіл - адамдардың қарым-қатынас құралы, яғни ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады.
Сөйлеу тек адамға ғана тән. ХХ ғасырдан бастап тіл білімінде сөйлеу әрекеті жан-жақты ғылыми
тұрғыда зерттеле бастаған. Тіл білімінде сөйлеу әрекетін зерттеген швед лингвисті Фердинад
де Соссюр болатын. «Жалпы лингвистика курсы» атты еңбегінде сөйлеу әрекетін зерттеу үлкен
мәселелердің бірі екендігін көрсеткен.Бaлa тілін зepттeгeн ғaлымдap: A.Шaхнapoвич, Л.Щepбa,
E.Кyбpякoвa, C.Кaнцeльcoн, Т.Aяпoвa жәнe т.б. Лeв Щepбa: «Cөйлey әpeкeті дeгeніміз – үздікcіз
үpдіc жәнe oл cөйлey үpдіcі мeн тыңдayдaн тұpaды», – дeгeн [2, 78].
Сөйлеу әрекетінің негізгі монологтық және диалогтық екі түрі бар.
Ағылшын тілі сабағында
оқушылар төрт негізгі оқу,жазу, сөйлеу және тыңдап түсіну әрекеттерін жүзеге асырады. Оқушы
шет тілін еркін меңгеру үшін жоғарыда аталған төрт дағдының негізі берік қалануы керек. Баланың
жас ерекшелігіне байланысты ағылшын тілі сабағы барысында қалыптасады [3,58].
Шетел тілін үйрету қиын да,қызықты жұмыс.Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету
ауызша сөйлеу, сауатты жазу, қатесіз оқу маңызды болып табылады. Шет тілін оқытуда ауызша
сөйлеуге үйрету ең қиын аспекті.Л.Н Толстой:«Баланың үйренген сөзін қолдана білуіне жағдай
туғызу керек, үйренген сөзін ауызекі сөйлеу тілінде бір рет қолдана білсе, ол өзінің жеке меншігіне
айналады» деп жазған екен [5,56].
Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жаттығуларына диолог және монолог жатады. Диалог
тілінің икемділіктері мен дағдыларының қалыптасуы диологтік бірліктің әртүрлі
құрылымдық
түрінің негізінде жүзеге асырылады. Диалогтік бірлік негізінде сөйлеу дағдыны дамыту үшін
оқушылардың төмендегі икемділіктері мен дағдылары қалыптастырылды: 1) әр түрлі құрылымдық-
семантикалық түрдегі диалогтік бірлікті құрастыру; 2) хабарды сұрату және оған деген тілдік пікір
білдіру түріндегі диалогтік бірлікті құру; 3) деректеме хабарлама және
оған деген тілдік пікір
түріндегі диалогтік пікір құру; 4) сөйлеу әрекетіне шақыру және оған диолог құру; 5) әртүрлі
тақырыпты қолдана отырып,
тосыннан диалог құру; 6) белгілі тақырыптар төңірегінде диалог-
әңгіме жүргізе білу; 7) жеке көзқарастардың қалыптасуын болжамайтын пікір-сайыс диалогін
жүргізу [5,165].
Оқушылардың ағылшын тілі пәнінен білімін бағалау негізінен, екі түрлі шартқа байланысты.
Оның бірі – түсінгенін дұрыс айта білу, яғни сөйлемді дұрыс құрастыру, жеке дыбыстарды, сөз
тіркестерін дұрыс оқуы, яғни оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту.
Екіншісі, сөз тіркестерін
ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды меңгермейінше,
дұрыс сөйлеу, сауатты
жазу мүмкін емес [6,25].
Бастауыш сыныпта ағылшын тілі сабағында бастапқыда оқушылар өздерін ағылшын
тілінде таныстыруға, бірден онға дейін санауға, түстерді атауға, отбасы мүшелерінің, оқу құрал