Түйін сөздер: білім, 12 жылдық білім беру, даму, стратегия, мақсат.
Әлем елдері тәжірибесінде әр елдің, әр мемлекеттің өзіне тән орта білім беру жүйесі мен мектеп
үлгісі, орта мектептердің, әр- қайсысының қалыптасқан өзіндік ішкі құрылымы бар. Бүгіндер ел
алдына және оқу-білім қызметкерлері алдына 12 жылдық оқуға тиімді көшу мәселесі қойылып
отыр. Аса дамыған елдерінде АҚШ-та, Англияда, Швейцарияда, Канада мен Германияда жалпы
білім беру ұзақтығы 12 не 13 жыл, ал Жапонияда, Швецияда, Францияда, Италияда 12 жыл екен.
Тек экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдерде ғана орта мектеп 10–11 жылдық [1].
Шет елдерде біздің орта білім туралы құжатымыз, аттестатымыз танылмай отыр. Шет ел
мектептерінде 12-13 жылда оқитын білімді біз 11 жыл ішіне сыиғызып оқимыз. Сондықтан қазір 11
жыл оқитын балаларға оқу жүктемесінің көп болуы содан. Ал енді шет елдердің жалпы орта білім
беру жүйесіне толығырақ жеке тоқталып өтейік.
Әлемнің ең қуатты елі Америка Құрама Штаттарының білім мекеме-лерінде ХХ ғасырдың
60 жылдарында прагматикалық көзқарасқа негізделген білім үлгісі енгізілген болатын. Нәтижесінде
«америкалық прагматикалық педагогика «экземплярлық», «кафетериялық» деп аталып кеткен білім
жүйелері орнығып, білімнің іргелілігін төмендетіп, орта мектеп оқушыларының білімінің таяз, үстірт
болып қалыптасуына әкеліп соқты. Осыған байланысты 1983 жылы АҚШ Үкіметінің «Ұлтымыз
қатерлі жағдайда, білім реформасы қажет» атты баяндамасы жарияланып, білім саласын қайта
қарауға орасан зор қаржы бөлінді, «2000 жылдың мақсаттары» атты федералдық бағдарлама және
«Әлемдік деңгейдегі білім» жобасы қабылданып, орта білім жүйесінің жүйелілігі және жеделдігі
артылып, математика, жаратылыстану сияқты іргелі білім түрлерін игеру сапасы бойынша әлемдегі
ең биік деңгейге көтерілу мақсаттары қойылды [2].
АҚШ-тағы білім беру келесідей сипатталады: бастауыш білім беру, толық емес орта білім
беру, толық орта білім, жоғары білім [3]. Соңғы уақытта АҚШ-та мектепке дейінгі, мектепалды
балаларды дайындауға көп назар аударылған. Әсіресе ауылды мектептерде 5 жасар балаларды
мектепке дайындауда жаппай жұмыс жасалып келеді. Бастауыш сынып-тарға 6 жастағы балаларды
қабылдаудан бастайды. Оның ұзақтығы, әрі қарай орта білімді жалғастыруымен 12 жылдық білімді
меңгеруі, әр штаттағы ерекшеліктерге сәйкес жүргізіледі. Мысалы: 5+3+4; 6+3+3; 6+2+4 сияқты
негіз-де болуы мүмкін. Жалпы орта білімнің құрылымы 6+3+3, оқу мерзімі 6 мен 18 жас аралығында,
мемлекеттік оқу орындарында тегін, жеке мектептерде ақылы болып келеді. 16 жасқа дейінгі білім
алу міндетті болып табылады. Аталмыш білім берудің арасында 6+3+3 жүйесін ең көп қолданады.
Бұл жағдайда 6 жас пен 12 жас аралығындағы балалар бастауыш сыныпта элементарлық мектепте
оқиды. Бастауыш сынып бағдарламасында ағылшын тілі, математика, жаратылыстану, азаматтану,
еңбекке баулу, эстетикалық білім беру циклі (музыка, сурте салу, ән айту), спорт және физикалық
даярлық пәндері жүргізіледі.
АҚШ-та орта мектеп 2 буыннан тұрады: кіші және жоғары мектеп. Кіші орта мектеп 7-9
сыныптарда жалпыға бірдей бағдарламамен, қалған сабақтары таңдау бойынша, элективті жоғары
|