№ 3 (106) 2015
381
- мектеп өмірінде қатынастардың бiрiккен құқықтық қызметiн қамтамасыз ету;
- жеткіншектердің тiршiлiк әрекетiн адамгершiлiк тұрғыдан практикалық ұйымдастыру. Бұған
қол жеткiзудiң басты көрсеткiштерi жеткіншекті тәрбиелеу үдерісінің объектiсi жағдайынан субъект
жағдайына өтуi, барлық субъектiлерiнiң белсендiлiгiн арттыру болып танылады.
Құқықтық тәрбие адамды азамат ретінде дамытудың маңызды факторы, құқықтық қоғамды құру
және реттеу құралы ретінде жалпы білім беретін мектепте жеткіншектердің құқықтық тәрбиесін
зерттеудің ерекше көкейкесті себептерін теориялық ғана емес, практикалық сипатта айқындауда
жалпы білім беретін мектеп жеткіншектеріне құқықтық тәрбиенің тиімді формасы ретінде
сыныптық тәрбие сағаттары, сауалнамалар, пікір-талас (дебат), олимпиада, кештер, сайыстар, тре-
нингтер, имитациялық және рөлдік ойындар, кездесулер, дөңгелек стол төмендегі тақырыптар бой-
ынша: «Қазақстан Республикасының рәміздері», «Мен - ғаламшардың екі полюсімін (жақсылық
-жамандық)», «Заң және құқық», «Өз құқығыңды білесің бе?», «Қылмыскер болу оңай»;««Қазақстан
Республикасының азаматтары міндеттері, еріктері және құқықтарының бірлігі», «Немқұрайлылық
және арамзалық қылық», «Заңды қорғау», «Отбасылық жағдай және жеткіншек», «Ата-ана мен
баланың құқықтық қатынасы», «Есірткінің көмегімен өміріңді қалай құртуға болады?»,«СПИД-тен
абай бол!», «Жеткіншектердің құқықтық тәрбиесі» сияқты тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Зерттеу барысында жеткіншектердің құқықтық тәрбиелік және білім деңгейін көрсетуін анықтау
мақсатында қазіргі кезеңдегі интерактивті әдістерге назар аударылды.
Имитациялық ойын дегеніміз адамдардың қалыптан тыс (экстремальды) жағдайларындағы
әрекетттерін анықтайтын өмір сүру ортасының үлгісін (моделін) құру. Мұндай жағдайлар қатарына
«Жанжал», «Әуе апаты», «Жер сілкінісі», «Кеме апаты», «Робинзон», «Жау тылында», «Тұтқында»,
«Сот ісі», « Нашақорлар соты» және т.б. оқиғаларды жатқызуға болады.
Имитациялық ойындарда жеткіншектер өмірде тууы мүмкін оқыс жағдайларды қайталап
(имитациялап), шаруашылық, басқару, әлеуметтік, психологиялық шешімдерді қабылдауды
үйренеді. Бұл ойындар қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдері арқылы жүзеге асырылады: пікірталас,
келіссөз жүргізу, презентациялау, бірлесе әрекеттесу.
Имитациялық ойындар жаңа ортаға бейімделу дағдыларын қалыптастыруға өз септігін тигізеді.
Мұндай ойындарда жеткіншектер үйреншікті қалыптан өзгеше жағдайларда (ситуацияларда)
өздерінің күнделікті мінез-құлықтары мен әрекеттеріне өзгерістер енгізіп, мәселелердің шешімін
табады.
Қорыта келгенде, жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруді диагностикалау нәтижесінде құқықтық
жұмыстарға қатысты әр тарапты жұмыстар да жүргізілуі тиіс деп қорытынды жасауымызға болады.
Сонымен,құқықтық тәрбие беру жүйесін анықтау сәті болашақ ұрпақты құқықты ағартудың мақсаты
болып табылады. Құқықтық білім беру мектептерінде сабақтар дәріс, семинар, тренингтер және
т.б. түрлері өткізіледі. Құқықтық тәрбиелеуді жүзеге асыру құқықтық білімді қалыптастырумен
ғана шектелмейді. Жалпы сипаттағы бағыт ретінде құқықтық тәрбиелеу этикалық, діни, мәдени,
психологиялық және өзге де дәстүрлі тәрбиелеумен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |