№ 3 (106) 2015
379
Сондықтан,зерттеу барысында құқықтық тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін, жүзеге асыру
формалары мен құралдарын, бағалау өлшемдерін, жүзеге асыратын әдістерін төмендегідей
нақтылай түстік.
Құқықтық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері:
- тұлғаның өзін-өзі анықтауына әсер ету, оны іс жүзінде көрсетуге жағдай жасау;
- жеткіншектерде қоғам және ондағы адамның тұрмыс-тірішілігі туралы тұтас түсінікті қазіргі
ғылыми білім деңгейінде қалыптастыру;
- адамгершілік, құқықтық, саяси, экологиялық мәдениет негіздерін жасау, дүниетанымдық
тұрғылардың алуан түрлілігін ескере отырып, жеткіншектердің көзқарастары мен сенімдерін
еркін таңдау құқығын жүзеге асыруға көмектесу;
- ізгілікті және демократиялық құндылықтарға бағдарын қалыптастыру.
Құқықтық тәрбиені жүзегеасыру формалары мен құралдары:
- адамтану, қоғамтану, құқық сабақтары;
- мектепте және қоғамдық орындарда тәртіп сақтау ережелерін үйрену;
- «Заң және тәртіп» деп аталатын мектептік дәріс (құқық қорғау органдары, психологиялық
қызмет, заң өкілдерімен, медициналық қызметкерлермен кездесу);
- сот және прокуратор өкілдерімен кездесу;
- жалпы мектептік іс-шаралар;
- алдын алу Кеңестерінің жұмысы;
- мектеп Кеңесінің жұмысы.
Құқықтық тәрбиені бағалау өлшемдері:
- ұлттық санасының, патриоттық борышының, қоғам алдындағы жауапкершілігінің қалыптасуы.
Құқық бұзушылық мен қылмыстың болмауы. Қоғамдық орындарда өзін ұстай білуі.
Тәрбиеніңнегізі мектептегі оқыту үдерісі болса, жеткіншектерға құқықтық тәрбие берудегі оның
қызметі айрықша. Тәрбиенің мақсаты адамгершiлiк, өнегелiк және құқықтық қағидалар негiзiнде кез
келген жағдаятта мiнез-құлқын таңдау, жеке тәжiрбиесiн жинақтау арқылы құқықтық қатынастар
мәдениетiн қалыптастыру, ал мазмұны белсендi әлеуметтiк ұстанымнан, тұлғаның құқықтық
қатынастары мәдениетiнiң көрсеткiшi ретiнде жауапкершiлiктi, еңбекқорлықты, тәртiптiлiктi бiлуге
құштарлықты, жеке басының намыс сезiмiн, ұйымдастырушылықты тәрбиелеу болып табылады
Жеткіншектерға құқықтық тәрбие беруде оқу-тәрбие үдерісінде қолдануға тиімді ойындардың
ішінен іскерлік және рөлдік, сонымен бірге имитациялық ойындарды қарастыруды ұйғардық.
Рөлдік ойындар – тиімді интерактивті «дәстердің бірі. Педагогика ғылымында оқу мен оқытудың
ойын әдістерін кәсіби дамуды қамтамасызданыдырудың тиімді тәсілі ретінде қарастырады. Өйткені,
іс-әрекет арқылы үйрену және үйрету танымның ең тиімді тәсілі ретінде адам жадында өзінің
жасағаны мен бастан кешкен әсерлерін қалдыратыны белгілі.
Рөлдік ойындар жеткіншектердің өздерін басқа адамның орнына қойып, мәсеелні солардың
тұрғысынан қарастырып, шешімді «өз» қолдарымен жасауды меңзейді. Рөлдік ойындарда жеткіншек
өзінің теориялық білімдерін өмірде кездесетін жағдаяттарда қолданады. Ол мұндай ойындарда
мәселенің мазмұнын, шешу жолдарын қарастыру арқылы шығармашылық деңгейін дамытады.
Рөлдік ойындарды жүргізу алдында мұғалім алдын ала мыналарды талдап алуы қажет:
- ойынды өткізудің әдістемесін жасау;
- ойынның мүмкін нәтижелерін болжау;
- ойынның нәтижелерін қорытындылау. Рөлдік ойындарда жұмыстың жеке және топтық
формасын қолданудың тиімділігі міндетті жағдайлардың болуын керек етеді:
- мектептегі ойындық кешен бірлігі, ол бәріне түсінікті ойын ережесіне негізделген жүйелі
үлгімен басқарылады, мысалы, құқықтық мемлекет үлгісі, ойын ережесі - конституция және басқа
да құқықтық құжаттарды талдай білуі;
- нақты қызмет пен мақсат белгіленген рөлдердің берілуі, мысалы, президент, мектеп
парламентінің басшысы, бала құқығының инспекторы және т.б.
- ұжымдық нормативті құжаттар арқылы ойынға қатысушыларға түсінікті және қолжетерлік
рөлдердің қатынас кестесінің жасалуы;
- ойын ұжымның барлық қатысушыларына нақты дәстүрлі-құқықтық идеологиямен көрсетілу
негізінде жалпы мақсаттардың бөліп берілуі;
|