Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
378
тәжiрибесiнен көруге болады: ол педагогикалық басшылық етудi педагогикалық әсер ету
шараларымен баланың белсендiлiгi арасындағы байланыс ретiнде қарастырған.
Бiздiң педагогикалық тәжірибемізде оның қолданған жауапкершілікке тәуелдiлiк қатынастарын
дамыту әдiстемесi өте маңызды болды. Ол тұлғаның ұжымдағы өзара қарым-қатынастарының iскер
негiзiне көңiл бөлдi: олар жеке құштарлық және кепiлдiк айналымы негiзiнде емес, әлеуметтiк
маңызды мақсатқа жету үшiн қажеттi жауапты тәуелдiлiк негiзiнде құрылады. Ол балалардың iскер
қарым-қатынастарын орната отырып, қоғамдық қатынастарды көрсететiн және iскер қатынастар
орнағанға дейiн пайда болуы мүмкiн жеке мүдделерiн, сүйіспеншіліктерін ескеру қажет деп жазды.
А.С.Макаренконың еңбегіне назар аударар болсақ, ол құрастырған ұжымдық тәуелдiлiк жүйесi
тәрбиешілер мен тәрбиеленушiлердi бiр өкiлеттікті орындаудағы жауапкершiлiк шараларын өзара
бөлiсуi және ұжымдағы барлық өкiлеттіктердің өзара байланысы арқылы бiрiктiретiнiн көрсеттi.
“Әрбiр өкiлеттік,” – деп жазды ол екi оң жағы болады: оны тез шектеуге болады және ол құзырлы
тұлғаға iс-әрекет құқығын бередi” жауапкершiлiк шарасын бiр өкiлеттікте бөлудi, әр құзырлы
ұжымға әрекет құқығын беру үшiн қажет деп есептедi. Өкiлеттіктерді жекелеген құқықтарға бөлiп,
ұйымдастырушылық әрекеттi орындауды көздедi, және осының нәтижесiнде тәрбиеленушiлердi
ұжымның ұйымдастырушылық бiрлiгiнiң қамтамасыз етiлуiн қадағалады
Сонымен, педагогикалық тұрғыдан құқықтық білім мен мәдениетінің төмендігінен
жеткіншектердің өзара әрекеттестiгіне жасалған алгоритмге сәйкес олардың жауапкершілікке
тәуелдi қатынастар жүйесiндегi әрекеттерi көптеген жеткіншектердe құқықтық мiнез-құлық
мәдениетiнiң алғашқы тәжiрибесi және құқықтық қабiлетiнiң қалыптасуының басы ретiнде
көрсетеді деп қорытындылауға болады. Жеке байланыстар орнатудың алғашқы кезеңдерiнде
“оқытушы- жеткіншек ” әрекеттестiгi педагогикалық мақсатқа лайық, бiрақ “тұлғаның қоғамдық
қатынастар жүйесiне араласуы мүмкiн, құқықтар мен мiндеттер жүйесiнiң қолданылуы мен
сипаттауға болатынын” ұстана отырып, оны өзгерту перспективасы көзделедi және жалпы құндылық
бағдарланған нормативтi, коммуникативтi, қызметтi, тұлғалық деңгейлерде атқарылады.
Жалпы тест арқылы психологиялық жағдайды анықтап алғаннан кейін құқықтық тәрбие
бағыттындағы жұмыстарды жүргізу үшін жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне назар аударылды.
Осы кезеңде жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруде басшылыққа алынуы тиіс негізгі ақыл-
кеңестерге төмендегілерді жатқызамыз:
- Жеткіншектердің заң және соған сәйкес құқықтық нормалардың бар екенін білуіне шарт түзу;
- Мемлекет тарапынан қабылданған заңды бұзған адамның жауапқа тартылатынын білуі;
- Заң нормаларын орындау адамгершіліктің басты ережесін орындаумен бірдей екенін түсіндіру;
- Күнделікті өмірде өзін дұрыс ұстауға ұмтылу;
- Тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайды жою;
- Жеткіншектің өмір жағдайын, тәрбиесін, ортасын сауықтыру;
- Оқу, еңбек іс - әрекетін тиімді ұйымдастыру;
- Отан қорғау, туған елдің күш-қуатын молайту,
- Сөз, баспасөз бостандығы мәселелері жөнінде тәрбиелік іс – шараларды өткізу;
- Жеткіншектердің арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың
және қоғамға жат іс-әрекеттердің алдын алып, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен
жағдайларды анықтау және жою;
- Өмірде қиындыққа душар болған жеткіншекті әлеуметтік қорғау;
- Жеткіншектердің заңға мойын ұсынушылық мінез-құлқын қалыптастыру;
- Жеткіншектердің құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс - әрекеттер жасауға тарту
фактілерін анықтап, жолын кесу;
- Жеткіншектердің арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың
алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың қызметін
үйлестіру.
Педагогиканың жалпы теориясы бойынша, жеткіншектерға құқықтық білім беруде заңды саналы
түрде сыйлауды және өзінің өмірінде белсенді түрде пайдалана білуді қалыптастыруға байланысты
бұл мәселені жүйелі ұйымдастыру мақсатында тиімді формасы ретінде жеткіншектерге құқықтық
тәрбие берудің әдістемесін жасадық. Құқықтық тәрбие берудің әдістемесін жасауда, алдымен
әдістеменің құрамына не кіретінін, құрылымы қандай компоненттерден тұратынын анықтауға,
қалай жүргізудің қажеттілігіне көңіл аударылды.
|