Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Кесте 2. ТМД елдеріндегі демографиялық алмасым кезеңдері



Pdf көрінісі
бет543/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   539   540   541   542   543   544   545   546   ...   615
3-106-2015-2-chast

Кесте 2. ТМД елдеріндегі демографиялық алмасым кезеңдері 
(2000 жылғы мәліметтер бойынша)
Демографиялық алмасым 
кезеңдері
Елдер
1000 тұрғынға табиғи қозғалыс
Балалар үлесі
(0-14 жас), %
Туу
Өлім 
Табиғи өсім 
(шығын
)
III кезең (туу көрсеткіштері 
жоғары, өлім көрсеткіштері 
төмен)
Өзбекстан
22,3
5,3
17,0
38
Қырғызстан
19,7
6,9
12,8
42
Тәжікстан
18,6
4,2
14,4
35
Түркіменстан
18,5
5,4
13,1
38
Әзірбайжан
14,8
5,9
8,9
32
III кезеңнен IV кезеңге өту
Қазақстан
14,7
10,1
4,6
29
Армения
9,0
6,3
2,7
24
Грузия
8,9
8,8
0,1
20
IV кезең - депопуляция
Молдавия
10,2
11,3
-1,1
24
Белоруссия
9,4
13,5
-4,1
19
Ресей
8,7
15,4
-6,7
18
Украина
7,9
15,3
-7,5
18
Орта Азия мемлекеттеріне тән үшінші кезең туу көрсеткіштерінің жоғары болуымен, өлім 
көрсеткіштерінің төмендеуімен сипатталады. Кейінгі жылдарда осы елдерде туу көрсеткіштері 
төмендеп, бір деңгейде тұрақталып келеді. 2000 жылы туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 
18-22 адамды құраған. Бұл Ресей, Белоруссия, Украинаға қарағанда 2-3 есе артық болатын. Соған 
байланысты халықтың құрылымының жасаруына байланысты, өлім көрсеткіштерінің жалпы 
коэффиценті ТМД бойынша ортадан төмен мәнге ие. Бұл көрсеткіш Тәжікстанда 1000 адамға 4,2, 
Қырғызстанда 1000 адамға 6,9 адам деңгейінде қалып отыр. Орта Азия елдерінде халықтың табиғи 
өсімінде оң өзгерістер байқалды. 
1999 жылдан бастап халық саны азайған елдердің қатарына Молдавия енді. XX ғасырдың 
аяғында демографиялық алмасымның төртінші, депопулизация кезеңіне Армения, Грузия, соны-
мен бірге Қазақстан да енді. Туудың жалпы коэффициенті бұл елдерде Закавказье, Орталық Азия 
аймағының басқа елдеріне қарағанда төмен (1000 адамға 8,9-14,7), өлім көрсеткіштері керсінше 
жоғары (6,3-10,1), ал табиғи өсім өзгеріссіз, нөлдік деңгейде қалып отыр. Сондықтан Грузия мен 
Армения табиғи өсімі кері мәнге ие елдердің қатарында қала береді. 
ТМД-ның барлық елдерінде туудың суммарлық көрсеткішті төмендеп кетті (бір әйелдің бар 
өмірінде дүниеге әкелген балаларының орташа саны). Көптеген елдерде оның мәні 2,15-тен төмен, 
бұл көрсеткіш халықтың өсіп-өнуін қамтамасыз ете алмайды. Ресей бұл көрсеткіш бойынша (1,2) 
Германия, Италия, Греция, Испания сияқты төмен туу көрсеткіші басым елдердің қатарында тұр. 
Аталмыш елдерде 1995-2000 жылдары әр әйелге 1,1-1,3 баладан келді. Осы топта Украина (1,1), 
Грузия (1,2), Армения (1,2), Белоруссия (1,3), Молдавия (1,4) да бар. Халықтың қарапайым өсіп-өнуі 
қамтамасыз етілмеген елдердің тобына Қазақстан (1,8) мен Әзірбайжан (2,0) енді. Түркіменстанда 
туудың суммарлы коэффициенті қарапайым өсіп-өну көрсеткішінен сәл жоғары (2,2). Тәжікстан, 
Өзбекстан мен Қырғызстан халықтың өсіп-өну көрсеткіштері бір деңгейде сақталып қалды [6, 1б]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   539   540   541   542   543   544   545   546   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет