Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет545/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   541   542   543   544   545   546   547   548   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
453
елдерінің халқы жас құрылымы бойынша үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа Белруссия, Грузия, 
Ресей, Украина енеді. Аталмыш елдерге 65 және одан жоғары жастағы халық тобы, қартайған халқы 
басым елдер енеді. Екінші топқа Орта Азия елдері мен Әзірбайжан енді. Ең жас халық құрылымы 
бар бұл елдерде жасы 65 жастан асқан халықтың үлесі небәрі 3,9-5,5 пайызды құрайды. Үшінші 
топтағы елдерді Армения, Қазақстан, Молдавия құрайды. Онда жас құрылымы аралық сипатта. 
Яғни, балалардың үлес салмағы 24,29 пайыз, 65 жастан асқан тұрғындардың үлес салмағы 7-9 
пайызды құрайды [1, 19б].
ТМД елдерінің барлығына тән жағдай жасы ұлғайған адамдардың үлесі артып, балалардың 
үлесінің төмендей беруі болып отыр. 2000 жылы Белоруссияда 65 жастан асқан адамдардың саны 
13,3 пайызды құрады. 1991 жылы бұл көрсеткіш 11 пайызда болатын. Нәтижесінде еңбекке қабілетті 
жастағы 15 пен 65 жастағы еңбекке қабілетті жастағы халықтың демографиялық жүктемесі 1990 
жылмен салыстырғанда 20-30 пайызға артты. Бұл көрсеткіштер ТМД халқының қартаю процесіне 
бағытталғандығын дәлелдейді. БҰҰ сарапшыларының есептеуінше 65 жастан асқан халықтың 
жалпы саны 2050 жылға таман екі еселенуі мүмкін. Мысалы, Белоруссияда 14 пайыздан 25 пайызға 
артады, Ресейде 13 пайыздан 25 пайызға артады. Халықтың қартаю процесі дамыған еуропалық 
елдерге де тән. Австрия, Швейцарияда 15 пайыздан 30 пайызға Бельгияда 17 пайыздан 28 пайызға, 
Германияда 16 пайыздан 28 пайызға, Испанияда 17 пайыздан 37 пайызға артуы мүмкін.
Бүгінгі таңда ТМД елдеріндегі демографиялық проблемаларда туу көрсеткіштерінің төмендеуі, 
өлім-жітімнің жоғарылауы, халықтың ұдайы өсіп-өнуінің кері сипаты алуы немесе отбасының 
жасақталуындағы кемшіліктердің барлығы да бар. Достастықтың әр мемлекетінде болып жатқан 
демографиялық проблемалар жоғары деңгейдегі индустрияландыру мен қалаға шоғырланудың 
әсерімен болып жатқан адамдардың тұрмыс жағдайындағы тарихи өзгерістерге де байланысты. 
Бірақ ТМД-ның әр елінде өзіндік айырмашылықтар бар, ол осы проблемаларды үлкен топтарға 
бөлуді талап етеді. 
Достастық елдерінің көпшілігіне ортақ проблемалар келешекте туу көрсеткіштерінің төмендей 
беруі, некенің баянсыздығы, өлім-жітімнің жоғарылауы, табиғи өсіп-өнудің баяулауы. Бұл 
проблемалар әлемдік қауымдастықты да көптен бері алаңдатып отыр. Бұл проблемалардың бәрін 
ортақ бір белгі біріктіреді. ТМД елдеріндегі проблемалардың тағы бір тобына әлемнің көптеген 
елдері еңсере алған проблемалар жатады. Ол өлім-жітімнің жоғарылауы, індетті кеселге шалдығу, 
әйелдер мен отбасылардың өсіп-өну құқықтарының жеткілікті дәрежеде қамтылмауы, дүниеге ұрпақ 
әкелу жасындағы денсаулық жағдайының нашарлауы, отбасыны жоспарлау әдістерінің дамымауы, 
ана өлімінің жоғары деңгейде болуымен ерекшеленіп отыр. Дамыған елдердің тәжірибесі саяси ерік-
жігер мен тиісті ресурстар болған жағдайда мұндай проблемалардың бүгінгі таңда шешімін табуға 
болатындығын көрсетіп отыр. Бұл проблемаларды ТМД елдерінде де шешуге болады. Қоғам мен 
мемлекеттің басым бағыттағы стратегиялық күш-жігері нақ осы проблемалардың шешімін табуға 
бағдарлануы керек. Азаматтардың өсіп-өну құқықтарын қорғаудың заңнамалық негізін нығайту
оларды іске асыру үшін қажетті материалдық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне көңіл бөліну 
тиіс. Ең алдымен жұқпалы кеселдер және олардан болатын өлім-жітім, әсіресе балғын жастағы 
өлім-жітімнің саны өсуіне айрықша назар аудару керек.
Тәуелсіздік жылдары ТМД елдеріндегі экономиканы сапалық жаңа деңгейге көтеру қоғамды 
жаңғыртудың сәтті жолын салды, қарқынды ілгеру қарай жылжуды қамтамасыз етті. ТМД елдері 
халқының өмірінде орын алған қиын үрдістердің аясында оң өзгерістер барған сайын айқын көрініс 
таба берді. Соған сәйкес демографиялық саладағы келеңсіздіктер де көпшілік елдерде барған сайын 
еңсеріле берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   541   542   543   544   545   546   547   548   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет