Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет544/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   540   541   542   543   544   545   546   547   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
452
ТМД елдерінің көпшілігі ХХІ ғасырға ұрпақ алмасымын қамтамасыз ете алмайтын туу 
көрсеткіштерінің төмен деңгейімен аяқ басқан. ТМД елдері халқының өсіп-өну базасы да қысқарып 
кеткен болатын. Барлық мемлекеттерде 90 жылдары 1000 адамға шаққанда некенің саны 1,5-3 
есе қысқарып кетті, некенің бұзылуы жоғары деңгейде қала берді. 1999 жылғы халық санағының 
мәліметтері бойынша Белоруссия мен Қазақстанда некеде тұрған 16 жас және одан жоғары жастағы 
азаматтардың саны санақ аралық уақытта (1989-1999 жылдар) 5,15 млннан 4,9 млнға немесе 256 
мың адамға азайып кетті (5%) және сәйкесінше 7 млннан 6,3 млнға немесе 0,7 млнға азайды (10%). 
Сонымен бірге, некеге тұрмаған адамдар саны артты Белоруссияда 1,3 млннан 1,5 млнға немесе 15 
пайызға, Қазақстанда 2,5 млннан 2,7 млнға артты [6, 1б]. Жесір қалғандардың, ажырасқандардың 
саны артты. Неке мен отбасы құндылығы төмендей берді. 
КСРО-ның өмір сүрген соңғы онжылдықтары өлім-жітімнің қолайсыз үрдістерімен ерекшеленеді. 
1980 жылдардың екінші жартысында біраз қысқартулар байқалғанмен, алайда содан кейін өлім-
жітім көрсеткіштері тағы да өсті, оның үстіне КСРО ыдырағаннан кейін құрылған тәуелсіз 
елдердің бәрінде осындай жағдай орын алды. ТМД елдері халқының денсаулық жағдайы мен өлім 
көрсеткіштерінің деңгейі айрықша назар аудартады. 90 жылдары өлім-жітімнің көбеюі нарықтық 
экономикаға көшуші елдердің көбінде басты демографиялық проблемалардың бірі болып табылды. 
Әсіріресе, Ресей, Беларусь, Украина сияқты достастық елдерінде неғұрлым күрт шиеленісті. 90 
жылдарда орташа өмір сүру ұзақтығы қысқарып кетті. Қазақстанның ерлерінде - 5 жылға (64-тен 
59-ға), Белоруссияда - 4 жылға (66-дан 62-ге), Ресейде - 4 жылға (64 тен 60-қа), Украинада - 3 жылға 
(66-дан 63-ке), сонымен бірге Қырғызстан, Тәжікстанда бұл көрсеткіш төмендей берді [7, 14б]. 
ТМД елдері мен басқа әлемнің дамыған елдері халқының өмір сүру ұзақтығы арасында 10-15 жыл 
айырмашылық бар. Мысалы, АҚШ-та, Батыс Еуропада, Австралияда орташа өмір сүру ұзақтығы 
76-78 жас, Канадада – 79 жас, Жапонияда - 80 жасты құрайды. Қарастырылған уақыт аралығында 
ТМД елдерінде әйелдердің өмір сүру ұзақтығы да 0,5-1,4 жасқа қысқарып кетті. Қазақстанда бұл 
көрсеткіш 73-тен 70 жасқа қысқарды. Ресейде 1994 жылы 71,2 жас, 1998 жылы 72,9 жас, 2000 жылы 
72,2 жасқа қысқарды [8,171б]. 
2000 жылы өлім көрсеткіштерінің өсімі өлім себептерінің барлық түрі бойынша жалғаса берді. 
ТМД елдерінің барлығында өлімнің негізгі себебі қан алмасым жүйесінің аурулары, адам өлімі, 
өз-өзіне қол жұмсаудың көбеюі. ТМД елдерінде өз-өзіне қол жұмсау саны әйелдерге қарағанда 
ерлердің арасында көп кездеседі. Белоруссия, Қазақстан, Ресей, Украинада ерлердің өз-өзіне қол 
жұмсауы әйелдерге қарағанда төрт-бес есе көп болып отыр. Сонымен бірге, жұқпалы аурулар, пара-
зитарлы және респираторлық аурулардан өлім көрсеткіші жоғары. Жұқпалы аурулардың арасында 
құрт аурулары, сифилис, педикулез, малярия сияқты аурулардың өлімі жоғары. ТМД елдері бойын-
ша жұқпалы аурулардың өлім көрсеткіші бойынша жартысын құрт ауруының өлімі құрайды. 1995 
жылмен салыстырғанда 1999 жылы тыныс алу органдарының құрт ауруынан өлім саны артқан.
ТМД елдерінде сәбилер өлімінің көрсеткіші жоғары деңгейде қала берді. Белоруссияда 2000 
жылы 1 жасқа дейінгі 1000 балаға 9,3 бала өлімі, 1999 жылы Түркіменстанда 1 жасқа дейінгі 1000 
балаға 25,4 бала өлімінен келді. ТМД бойынша орташа мәні 1999 жылы - 17,1 көрсеткішті құрайды. 
Әсіресе 1993 жылы ТМД-ның жеті елінде Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, 
Тәжікстан, Украинада балалар өлімі ең жоғары көрсеткіштік деңгейді құрады. Осыдан кейінгі 
жылдарда балалар өлімі қысқара бастады. Тәжікстанда – 47-ден 19,4-ке, Әзірбайжанда - 28,2-ден 
12,8-ге және Қазақстанда 2000 жылы 1 жасқа дейінгі балалар арасында өлім көрсеткіші 28,4-тен 
19,6-ға қысқарды. Осы жылдарда ТМД елдерінде балалар өлімі Франция мен Германиядан 4,4 есе, 
Швециядан 3,4 есеге жоғары болды. Балалар өлімінің негізгі себептері Тәжікстан, Түркіменстан, 
Өзбекстанда тыныс алу органдарының ауруы, Арменияда, Ресейде, Украинада перинаталды 
кезеңдегі аурумен байланысты болып табылады [9, 83-84бб].
Балалар шетінеуінің неғұрлым кең тараған себептерінің бірі тыныс жолдарының асқынбалы 
жұқпалы дерті. Ол денсаулық жағдайының және медициналық қызмет көрсету деңгейінің нашар 
екендігін көрсететін нышандардың бір болып табылады. 
ТМД елдеріне тән демографиялық проблемалардың бірі ерлер мен әйелдердің өлімі арасындағы 
көп айырмашылық халықтың жыныстық құрылымының бұзылуына әсер етті. Армения, Әзірбайжан, 
Грузияда әйелдерге қарағанда ерлердің саны 30-34 жас тобында, Ресейде 35-39 жас тобында басым. 
Мысалы, Әзірбайжанда әрбір 100 әйелге 89 ер азамат, Грузияда 91 ер азаматтардан келеді. ТМД 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   540   541   542   543   544   545   546   547   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет