Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


ТМД ЕЛДЕРІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР (1991-2000жж)



Pdf көрінісі
бет541/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   537   538   539   540   541   542   543   544   ...   615
3-106-2015-2-chast

ТМД ЕЛДЕРІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР (1991-2000жж)
М
ақалада ТМД елдеріндегі әлеуметтік-демографиялық даму жағдайына талдау жасалады. Тәуелсіздік 
жылдарындағы егемен мемлекеттердің әлеуметтік-демографиялық мәселелерін сараптау, демографиялық 
құрылымының сипатын анықтау тарихи демография ғылымындағы өзекті мәселе болып табылады.
Түйін сөздер: Демография, интеграция, депопуляция коэффиценті, демографиялық алмасым, туу 
көрсеткіштері
КСРО-ның ыдырауы бұрынғы одақтас республикалардың алдына ұлан-байтақ Еуразия 
кеңістігінде саяси және экономикалық қатынастарды түбегейлі қайта құру міндетін қойды. Тәуелсіз 
Мемлекеттер Достастығының дүниеге келуі тарихтың осы талабына жауап болды. 
Тәуелсіздік жағдайында мемлекеттердің экономикалық және саяси өміріндегі түбегейлі 
өзгерістер демографиялық ахуалға әсерін тигізбей қоймады. Олар көбінесе келеңсіз үрдістердің де, 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
450
оң үрдістердің де жиынтығы мен қарама-қайшылығын салдары болды. Мұның өзі халықтың саны 
жағынан да, сапалық жағынан да сипаттамаларының өзгеруінен, аймақта орналасуынан, көші-қон 
үрдістерінен көрініс тапты. 
Жаңадан тәуелсіз елге айналған бұрынғы барлық одақтас республикалар экономиканың 
реформалануы жылдарында қордаланған ортақ мақсат-мүдде, әлеуметтік-демографиялық және 
еңбек саласындағы мәселелер бойынша тығыз байланыста болды. ТМД елдерінде еңбектің ұлттық 
нарығының жағдайы келеңсіз құбылыстармен сипатталды. Ол жұмыссыздық деңгейінің өсімі
қылмыс мен нашақорлықтың көбеюі, демографиялық жағдайдың ушығуы сынды проблемалар 
болды. 
90 жылдарда адамзат потенциалының даму индексі жаһандық көрсеткіші бойынша ТМД 
елдеріндегі көрсеткіш қысқара бастады. 1997 жылы аталмыш индексті БҰҰ әлемнің 177 елі бой-
ынша айқындаған. Тізімде Достастық елдері бойынша Белоруссия 60-орында, Ресей 71-орын-
да, Қазақстан 76-орында, Грузия 85, Армения 87, Украина 91, Өзбекстан 92, Түркіменстан 96, 
Қырғызстан 97, Әзірбайжан 103, Молдова 104, Тәжікстан 108 орында болды [1, 8б]. ТМД елдерінің 
көпшілігінде рейтингтің төмендеуінің басты себебі халықтың табысының төмендеуі, өмір сүру 
ұзақтығының қысқаруы мен білім сапасының нашарлауы болып табылды. 
ХХ ғасырдың 90 жылдары 
ТМД елдеріндегі халық саны өсімінің қарқыны төмендеген кезеңі болып саналады. Достастық 
елдері халқының жалпы саны 2001 жылдың басында 280,7 млн адамды құрады. Бұл 1991 жылдың 
басымен салыстырғанда 1,6 млн адамға, немесе 0,6%-ға аз болатын [2, 29б]. 
ТМД халқы санының 73 пайызын құрайтын Белоруссия, Ресей, Украинада 90 жылдардың 
басынан депопуляция белдеуі басталып, ол барған сайын күшейе түсті. Депопуляция коэффициенті 
(туылғандардың санына өлгендер санының қатысы) 1992-1993 жылдары Белоруссияда 1,1, Ресейде 
- 1,14, Украинада - 1,18, ал 2000 жылы 1,44; 1,77 және 1,96 болып өсе түсті [3, 112б]. 
1994 жылы Белоруссия халқының саны 10,4 млн адамды құраса, 2001 жылы 4,1 пайызға азайып, 
9,9 млн адамды құрады. Ресейде 1992 жылы халық саны 148,7 млн адамды құраса, 2001 жылы 3,9 
млн адамға, немесе 2,6 пайызға азайып, 144,8 млн адамды құрап отыр. Украинада 1993 жылы халық 
саны 52,2 млн адам болса, 2001 жылы 3,2 млн адамға, немесе 6,1 пайызға кеміп, 49 млн адам болды. 
Аталмыш жылдар аралығында бұл үш мемлекеттің халқының суммарлық шығыны 7,5 млн адамды 
құрап отыр (1-кесте) [4,2б]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   537   538   539   540   541   542   543   544   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет