Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет565/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   561   562   563   564   565   566   567   568   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
471
Зерттеудің теориялық жағдайларын негіздеу барысында біз бірқатар жұмыстық анықтамаларды 
тұжырымдадық. Жас ғалымның ғылыми потенциалынбіз интегративті кәсіби-тұлғалық білім 
ретінде алдық.Ол:а) ғалымның ғылымда мақсатты бағытталған дамуына мүмкіндік береді; б) 
инновациялық идеяларды шығармашылық, дербес түрде (немесе өзге ғалымдармен кооперациялай 
отырып) өндіруге, қоғамның дамуының өзекті қажеттіліктеріне жауап беретін инновациялық 
жобаларды жасауға жағдай жасайды; в) зерттелетін пәннің өзіндік тәсілдер зерттеу әдістерін, 
өз жобаларына қаржылық қолдау құралдары мен тиісті өнім нарығында оларды өткізу әдістерін 
іздеген кезде мобильділігінен, тапқырлығынан, бастамашылдығынан көрінеді. 
Ресей жоо зерттеушілері жүргізген социологиялық мониторинг нәтижелері көрсеткендей, бүгінгі 
күні субъектілердің еңбек қызметін жүзеге асырудың жетекші мотивтері ретінде материалдық 
ынта(ақшалай сыйақының тұрақтылығы және оны жоғарылату) болып табылады. Алайда, жоо 
оқытушылары үшін материалдық тиімділік кәсіби қызметпен айналысу барысында өте жоғары 
құндылық болып табылмайды [5]. И.П.Телегина, И.В.Краковецкая [6] сынды зерттеушілержоо 
оқытушыларының еңбек қызметтеріндегі жетекші мотивтердің ішінен келесілерді: - өзін-өзі іске 
жетілдіру–мамандықтың беделі, жоо-ның атағы мен беделі, мансабын жоғарылату мүмкіндігі; 
- танымдық үрдісі, ақиқатты іздеу, таңдалған мамандыққа деген қызығушылық, ғылыми-зерттеу 
жұмысын жүргізу, шығармашылық сипаты мен жұмыстың мазмұны; - әлеуметтік мотивтер–білімі 
мен тәжірибесін жас ұрпаққа беруге ұмтылу, тәрбиелік жұмысқа қызығушылығы, қоғамға пайда 
әкелуге тырысу; - материалдық ынталар–еңбекақының өсуі, қосымша табыс алу мүмкіндігі; - өзін-
өзі таныту және өзін дамыту–біліктілігін жоғарылату мүмкіндігі, ғылыми атақ пен лауазым түрінде 
танымал болу, зияткерлік потенциалын дамыту мүмкіндігі, - өзге мотивтер–ыңғайлы жұмыс істеу 
кестесі, жаз мезгілінде ұзақ демалыс, мемлекеттік мекемеде жұмыс жасау, жағымды интелектуалды 
және мәдени орта және т.б. ажыратып көрсетеді.Жас ғалымдардыңғылым мен кәсіби қызметке 
бейімделуі ғылыми-зерттеумен, танымдық қызметінің мотивтерін қанағаттандыруға тәуелді болып 
келеді.
Жас ғалымдарды (30 жасқа дейінгі) мотивациясын зерттеу мақсаты бойынша сауалнама 
әдісіменсоциологиялық зерттеу жүргізілді. Магистранттардың мақсаттары туралы қойылған 
сұраққа респонденттердің берген жауаптары көрсетіп отырғандай, тек қана ғылыммен айналысуға 
ниет етушілер жігіттерге қарағанда, қыздар арасында кең таралған. Соның ішінде, жігіттер 
арасында жоо-да сабақ беруге ұмтылыс кең тараған. Жалпылай алғанда, магистранттардың басым 
көпшілігі (42,6%) магистр деңгейіне сәйкес,бірақ жоо-да қатысы жоқ жердежұмыс істейтіндіктерін 
белгіледі, яғни магистранттардың көп бөлігі білім және ғылым стратегиясына бағытталмаған. 
Докторанттардың алдағы ниеттері жайындағы зерттеу нәтижелері көрсеткендей, тек ғылыми 
жұмыспен айналысуды қыздарға қарағанда, жігіттер жиі айтқан. Қыздар арасында жоо-да сабақ 
беру мен ғылыми жұмысты қатар алып жүру мақсаты кең қойылған. Осыған ұқсас стратегия жалпы, 
докторанттардың басым көпшілігіне тән, 27,3% докторант «Білім алу мен ғылыми жұмысты қатар 
алып жүремін» деп жауап берген. Жауаптар талдауы көрсетіп тұрғандай, кейбір докторанттар әлі 
де іздеу үстінде. Олар ғылыммен айналысуды немесе мүлдем айналғысы келмейтініне сенімсіздік 
білдірді. Диссертацияны қорғағаннан кейін олар басқа бағытта жұмыс істеп көргісі келеді. 
Жалпы, зерттеу аясында жоо жас ғалымдарының кәсіби ғылыми-білім беру қызметіне деген 
көзқарасы мен олардың ғылыммен айналысудағы мотивтері мен себептері арқылы анықталады. 
Мысалға, «Магистратураға және докторантураға түсудегі мақсатыңыз қандай?» деген сұраққа 
келесі жауаптар алынды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   561   562   563   564   565   566   567   568   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет