Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет603/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   599   600   601   602   603   604   605   606   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
503
ті, олар тек дінбасылардың арасында ғана емес, тіпті зиялы қауымның арасынан да табылатын 
[20,7]. «Экинчи» газетінің бастапқы номерінің алғы сөзінде Гасан бек Зардаби «мұсылманнан 
шыққан алдыңғы қатарлы тұлғалардан халықтың осы газетті оқуына кедергі жасау тұрмақ, 
керісінше, оқырмандардың неғұрлым көбірек болуы үшін тырысуды» өтінді. Көзі ашық адамдардан 
өтінуіміздің себебі, біздің мұсылмандар әрқашан көзі ашық адамдарды құрмет тұтады және олардың 
айтқанына құлақ асады. Әрине, көзі ашық, алдыңғы қатарлы тұлғалардың өз халқының сенімін 
теріс пайдаланбағаны абзал, бірақ оны ояту жолында тырысып бағу оның жедел ілгерілеуіне ықпал 
ету үшін және келешекте олар үшін алдыңғы қатардағылардан болу үшін қажет [21, 10]. 
Гасан бек Зардаби түркі тілінің қолданылуын жақтады, және парсы стилінің, тілінің және 
жанрының публицистикада қолданылуына қарсылық білдірушілерді қолдады.
Сонымен бірге ол өзінің жарияланымдарында оқытудың алдыңғы қатарлы әдістемелерін 
насихаттады, оқыту мен тәрбиелеудің дәстүрлі емес әдістерін қолданатын мектептердің ашылуы 
үшін күресті. Сол кезеңде жәдитшілдік идеялары маңызға ие болып, Әзербайжан қалаларында 
жаңа әдістемелі мектептер ашыла бастаған болатын. 
Гасан бек Зардаби ілгерілеушілік көзқарастарға бай болатын. Алайда, кейбір мәселелер бойынша 
оның көзқарастары басқа ойшылдарға қарағанда өзгеше болды. Мәселен, ол араб графикасын 
алмастыру мәселесінде М.Ф.Ахундовпен келісе алмады. Гасан бек Зардаби білім мен ғылымның 
дамуын тежеп отырған араб қарпі емес деп санады. Ол өз ойларында Құран оқи алмайтындар 
кемде-кем, мұсылман мектебі білімнің алғашқы баспалдағы деп білді. 
Шынайы ағартушы ретінде Гасан бек Зардаби әділетсіздікпен, теңсіздікпен, зорлық-
зомбылықпен, таптаурындармен, көргенсіздікпен күресу құралы ретінде ғылымды жақтады. Оның 
өмірдегі басты мақсаты – адамның тыныс-тіршілігін сапалы тұрғыда жақсарту мақсатында табиғат 
пен қоғамдық құбылыстар туралы ғылыми білімдерді тану мен тарату болды. 
«Каспий» газетінде жарияланған мақалаларының бірінде, Гасан бек Зардаби халықтың қарсылық 
білдіруіне қарамастан, білім берудің кеңейтілген жүйесін енгізу қажеттігі туралы айтады: «Маған 
мұндай шаралар зорлық-зомбылыққа бастайды, егер қоғамның өзі мұндай мектепке қарсы екендігін
білдірген болса, ол туралы ойлаудың да қажеті жоқ деп уәж айтулары да мүмкін. Бірақ бұл әділ 
сөз емес. Менің ойымша, баласын шомылдыру кезінде ешбір саналы ана оның айқайына мән бере 
қоймасы анық. Баласы болса, шомылудың пайдасын түсінбестен айқайға салып, қырсығып бағады, 
бірақ бұл оны кір-қожалақ күйде ұстау керек, күштеп жуындырудың қажеті жоқ деген сөз емес. 
Біздің жергілікті қараңғы халық та дәл осы бала сияқты, ол барлығын өз ақылымен түсініп, білімнің 
пайдасын дұрыс бағалай қояды деп ойлауымыз көрсоқырлық болар еді» [22, 74].
«Каспий» газетіндегі тағы бір мақаласында Гасан бек Зардаби ақыл-ойды дамытуды еңбекке 
баулумен ұштастырудың аса пайдалы екендігін атап көрсетті. ХХ ғасырдың бас кезіндегі белгілі 
Бакулік журналист Г.Джиноридзенің сөзімен айтсақ, «Гасан бек... өз халқының бақытын барынша 
ояну мен надандық тұңғиығынан шығу деп білді. Ол өз халқы үшін азапқа түсті, қолынан келгеннің 
бәрін жасады» [23, 264].
Гасан бек Зардаби өзінің өмірлік мұраты туралы былай деді: «шақырсам – келмейді, көрсетсем 
– көрмейді, түсіндірсем – түсінбейді».1909 жылдың 4 желтоқсанында «Ниджат» қоғамы Гасан 
бек Зардабидің,оның бар шығармашылығы әзербайжан тілінің дамуына ықпал етті. Зардаби 
ағартушылық қозғалыстың қалыптасуының басы-қасында тұрды. Әзербайжаншылдықты 
насихаттаушы Гасан бек Зардаби орыс және Еуропа ағартушыларын ешқашан жоққа шығарған 
емес, бірақ ұлттық білімді, баспасөзді, ғылым мен мәдениетті дамыту қажеттігін баса айтты. Ол 
ғылыми білімдерді шаруалар арасында іс жүзінде қолдануды насихаттауға тырысты.
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы баспасөз тәуелсіз Әзербайжан Демократиялдық 
Республикасының құрылуына негіз болған әзербайжанның озық ойының күдігі мен үмітінің 
жаршысы болды, ал бұл кезде Әзербайжан сөзі ешқандай кедергіні білмейтін және өз халқының мұң-
мұқтажын батыл айта алатын. Гасан бек Зардабидің шығармашылығы мен идеялары әзербайжан 
ұлттық идеясының құрылысына іргетас болып қаланды. Ол озық та ұлттық идеяларды бойына 
сіңіріп алған тұтас бір зиялы элитаның қалыптасуының бастауы болды.
Қорыта айтқанда, ХХ ғасыр түркі тілдес халықтар ойшылдары халықты ағартушылық арқылы 
өркениетке жеткізуге, өздерінің тарихи сабақтастығын сақтауға болатындығына сенген және бұны 
жаһандану ғасырындағы аса қажет фактор деп санаған. ХХ ғасыр түркі дүниесі ойшылдарының 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   599   600   601   602   603   604   605   606   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет