Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет70/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
57
Әлеуметтік педагогика өз қызметінде отбасылық, ұлттық, діни ерекшелік терді және қоғамдық 
тәрбиені есепке алады. Бұл ерекшеліктерді білу – әрбір әлеуметтік қызметкердің міндеті.
Әлеуметтік педагогика болашақ мамандар мен педагогтардың алдына мынадай мақсаттарды 
қояды:
1.Таңдап алған кәсібі бойынша теориялық және практикалық білімді меңгеру;
2. Әлеуметтік тәрбиенің меселелерін көре білу, сезіну, түйсіну және шешу жолдарын қарастыру;
3. Баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау және кедергілерді жоя білуге баулу;
4. Баланың ізгілікті сезімдерін ояту, бауырмалдык, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін ка-
лыптастыру;
5. Тосын жағдайлардан өз алдына шығуға ұмтылуға, тура шешімін табуға, тартынбай іс-қимылға 
кірісуге үйрету;
6. Адамдармен қарым-қатынас, байланыс орнатып, мәміле түзе білуге, топта, не болмаса ірі 
ұжымда өзін-өзі басқаруға үйрету;
7. Қоршаған ортаның әсерін талдай білу және әлеуметтендіру «құрбандығы», шығындары тура-
лы түсінік беру және көмектесе білуге үйрету.
Осы мақсаттарды орындау барысында Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы 
бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің саласы - жалпы білім беретін ұйымдарда, арнайы 
(түзетуші) білім ұйымдарында, пеницитарлық типтегі мекемелерде, сауықтыру орталықтарында 
балалар мен оқушы жастарды әлеуметтендіру және тұлғалық дамыту процесі болып табылады. 
Ал әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби 
қызмет нысаны: мемлекеттік құрылымдар (ҚР БҒМ балалар құқығын қорғау Комитеті), әлеуметтік 
бағыттағы мекемелер (әлеуметтік қамтамасыздандыру, жұмыссыздарға, жағдайы төмендерге, 
еңбекке жарамсыздарға, еңбек ету мүмкіндігі шектеулілерге, қарттарға қолдау көрсету мен көмектесу 
ұйымдары); мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелері (мектепке дейінгі білім беру 
ұйымдары, мектептер, балалар үйі, интернаттар, арнайы білім беру мекемелері); қоғамдық ортада 
өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен дамыту проблемаларымен айналысатын мекемелер (түземе және 
ақтау орталықтары, арнайы мектептер, колониялар); балалардың бос уақыттарын ұйымдастырумен 
және балалар шығармашылығын қолдаумен, өскелең ұрпақтың толыққанды әлеуметтенуімен 
және тұлғалық дамуымен айналысатын мекемелер (қоғамдық ұйымдар, балалар клубы, студиялар, 
сауықтыру лагері) болып табылады.
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби 
қызметінің мазмұны: балалардың, жеткіншектер мен жастардың толыққанды әлеуметтенуі 
мен тұлғалық дамуына бағытталған әр түрлі типтегі білім беру-тәрбиелеу мекемелеріндегі 
әлеуметтік-педагогикалық қызмет; қоғамда әлеуметтік жауапкершілік және халыққа қызмет ету 
құндылықтарының қалыптасуына септігін тигізу [1].
Балалар, жасөспірімдер, олардың тәрбиешілері өмірінің қиын кезеңінде әлеуметтік педагогтан 
көмек сұрайды. Өмірден түңілген, үмітін жоғалтқан, қиындықты басынан кешірген және проблеманы 
өздігінен шеше алмаған олар түсіністікті, тілектестікті, адамгершілік қолдауды және нақты көмекті 
күтеді. Оларға сөзбен және іспен көмектесу, олардың өзіне сенуіне, өзінің құндылықтарын қайта 
қарауына және кемелденуіне ықпал ету – әлеуметтік педагогтың басты міндеті. Балалар мен 
жасөспірімдердің жанын түсіну және аялау – әлеуметтік педагогтың негізгі миссиясы.
Дүние жүзіндегі өркениетті мемлекеттерде тәрбиенің теориясы мен практикасындағы жетекші 
тенденция - әлеуметтік педагогика рөлінің артып отыратындығын көрсетіп отыр. Қоғамдық өмірдің 
жан-жақты демократиялан дырылуы мен гуманизациялау процесінде, сонымен қатар, Қазақстан Ре-
спубли касының білім жүйесінде адами-тұлғалық қатынастың атмосферасын объективті тұрғыдан 
жасалуын талап етеді. Бұл өз кезегінде кәсіби мемлекеттік-қоғамдық тәрбиелеу құрылымдарының 
өмірден, отбасынан, әлеуметтік-мәдени ортадан алшақтауын жою арқылы балалар мен жастарды 
әлеуметтік тәрбиелеу жүйесін өзгерту жолдарын іздестіруді қажет етеді.
1991 жылы біздің елімізде әлеуметтік педагог қызметі енгізілді. Елімізде әлеуметтік жұмыстың 
кәсіптік деңгейге көтерілуі – маңызды мәселе. Білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагог 
мамандығының енгізілуі, бүгінгі таңдағы оқушылардың қоғамда әлеуметтік ортаға бейімделуі, 
әлеуметтенуіндегі қиыншылықтар, оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге, зерттеу нәтижесінде 
түзету жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал етуге қажеттіліктерінен 
туындап отыр. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет