Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
54
• дене мәдениетімен шұғылдану сабақтары барысында дене жүктемелерінің студенттерге әсер
етуінің сәйкестігін талдау және сабақ өтілетін орынның санитарлық-гигиеналық жағдайы;
• дене мәдениетіне оқытып, үйрету үдерісінде студенттердің дене және адамгершілік, өнегелілік-
психологиялық даярлығы деңгейін тексеру.
Бақылаудың негізгі мәні оқу бағдарламасын, әдістемелік және нормативтік құжаттар талаптарын
шүбәсіз орындау болып табылады.
Жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие үдерістерін басқару міндеттері мына үш деңгейде
шешіледі: мемлекеттік, аймақтық және жергілікті (ЖОО).
Бақылаудың мемлекеттік деңгейіне мыналар жатады, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР дене
мәдениеті және спорт министрлігі, ҚР ұлттық олимпиадалық комитеті.
Аймақтық басқару деңгейіне заң шығару және нормативтік құжаттарға сәйкес құқығы мен
міндеттері айқындалған республиканың тиісті салалық әкімгершілік құрылымдары жатады.
ЖОО (жергілікті) басқару деңгейіне оқыту және тәрбиелеу, білікті мамандар дайындау
мәселелерін шешетін білім беру мекемелерінің әкімгершілік органдары жатады.
Қазіргі өскелең өмір талабы жағдайында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мәселелеріне ерек-
ше маңыз беріледі. ЖОО - ның ең маңызды әдістерінің бірі студенттерге құқықтық тәрбие беру
болып табылады. Оның мақсаты дене мәдениеті мен спорттағы құқықтық қатынас аясында туын-
дайтын проблемалық мәселелерді шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін дене мәдениетін қоғамдық
қатынасқа кіргізумен қорытындыланады.
Қазіргі заманда құқықтық тәрбие Қазақстанның Егемендік алынып, құқықтық мемлекет болу-
ына байланысты заң практикасының ерекше әртүрлілігі ретінде қарастырылады. Ол студенттердің
жалпы құқықтық мәдениетін қалыптастырады. Құқықтық мәдениетті мыналар құрайды: құқықтық
сауаттылық, құқықтық ойлау және құқықтық біліктілік.
Құқықтық сауаттылық студенттерді құқықтық ұғымдар мен (заң, конституция, заң шығару,
нормативтік актылар, құқық нормалары, құқық), халықаралық, республикалық, аймақтық деңгейдегі
дене мәдениеті мен спорт бойынша заң шығару құжаттарымен таныстырудан тұрады.
Дене мәдениеті мен спорттың құқықтық негіздері курсын ЖОО студенттеріне оқыту
барысындағы құқықтық тәрбиенің нәтижесі дене мәдениеті мен спорттан құқықтық минимумды,
«ЕТS №135 допингті қолдануға қарсы конвенциясы» сияқты ҚР контитуциясы, «Білім туралы», «ҚР
дене мәдениеті мен спорт туралы» заңдарын білу болып табылады. Құқықтық тәрбие жүйесін іске
асырудағы басты принциптер адамгершілік, шыншылдық және заңдылық принциптері болып та-
былады. Адамгершілік, шыншылдық принципі адамды жоғары құндылық ретінде мойындау, оның
мәртебесін және азаматтық құқығын қорғау, жеке тұлғаның қабілеттерін еркін және жан-жақты
көрсетуіне жағдай жасауды алдын ала қарастырады.
Заңдылық принципі барлық мемлекеттік органдардың, қызметтегі жеке тұлғалардың, қоғамдық
ұйымдардың және азаматтардың заңдар мен негізгі құқықтық актыларды қатаң орындауын
қарастырады. Құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаты дене мәдениеті мен спорт саласында мемлекеттік
саясатты жүзеге асыруға қызмет етуден тұрады.
Құқықтық тәрбиені жүзеге асыру және құқықтық мәдениетті дамыту дене мәдениеті мен спорт
саласындағы мамандарды кәсіби даярлаудың құрамдас бөлігі болып табылады
[4].
Сонымен, дене мәдениеті білім беру саласының бөлінбейтін бөлігі, яғни ең маңыздысы, оны
ұйымдастырудың құралдары, әдістері мен үлгерімінің білімді табысты меңгеруге мүмкіндік
туғызатыны болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |