Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет86/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
70
Баланың қазіргі басынан кешіп жатқан оқиғаларына көңіл аудару деңгейі;

баланы жан - жақты бақылап, тәрбиелей алу;

талап қойғыш, «салқын, жағымсыз»;

тиянақсыз көріну. 
Тәрбиешілердің балалармен эмоционалдық қарым-қатынасты тиянақсыз орнатуын 
тәрбиешілерге жүргізілген бақылаулардан көреміз. Жақсы тәрбиешінің балаға деген ықыласы, 
мейірімі жоғары болуы керек. Баланың жағымды және жағымсыз әрекеттеріне көрсететін 
тәрбиешінің әсеріне мысалдар келтірейік.
1 мысал. Математика пәнінен балаларға геометриялық фигуралардан композиция құру тап-
сырмасы беріледі. Еркін тапсырманы жылдам орындап бола салып, тексертуге дайындалып оты-
рады. Тәрбиеші өзге де оқушылардың жұмыстарын бақылай келе Еркінге жақындағанда бала 
көзін жоғары көтеріп, қалай екен? дегендей болады. Сонда тәрбиеші оған «жарайсың Еркін, сенің 
жұмысың өте жақсы жасалған» дейді. Бала риза болып, күлімдейді. Балаға кейде педагог немесе 
басқа да айналасындағы адамдар тарапынан мақтау қажет болады. Бұл жағдайларда балалардың 
өздері үлкендердің эмоционалдық қарым-қатынастарын оятады. 
2 мысал. Балаларға бос уақыт берілді. Ойын ойнау үшін бірнеше бала төртбұрышты 
ойыншықтардан кеме соғып жатыр. Тұрар өзіне жұмыс таппай бір топтан екінші топқа кезек-
кезек жүгіріп балаларды ызаландырып жүргенінде соғылып жатқан кемеге соғысып қалады да 
ойыншықтарды шашып тастайды. Бір кезде шу басталады. Мұны аңғарып қалған тәрбиеші қатаң да-
уыспен: «Тұрар бері жақында! Мен сені неге шақырғанымды білесің бе?», -дейді. Бала басын төмен 
салбыратып тәрбиешінің қасында үнсіз тұрады. Тәрбиеші ашулы дауыспен «Сен достарыңның ой-
ынын бұздың, маған сен үшін ұят! Мұны қалай түзетуге болатындығын жақсылап ойлан» дейді. 
Бала тәрбиешіге мұқият қарап тұрды да, кейін тұрған кітаптары бар үстелдің қасына барып тұра 
тұрды. Біраз уақыттан кейін балалардың қасына барып, бүлінген құрылысты түзете бастайды.
Берілген жағдайдан біз тәрбиешінің дұрыс емес жасалған қылыққа өзінің негативті қатынасын 
эмоционалды айқын көрсете алғандығын байқаймыз. Және баланың өз кінәсын сезініп, болашақта 
қайталамайтындығына қатты әсер еткендігі анықталынып отыр. Балалардың іс - әрекеттерінің 
нәтижесін бағалаумен қатар тәрбиеші оларға өз ойын айтып қана қоймай, бұл әрекеттерге позитивті 
әсер етіп, байланыстарды түзетуге көмектеседі. 
3 мысал. Тәрбиеші тынығу сағатынан кейін қағаздардан кептер жасауды ұсынады. Бұған көбісі 
келіседі. Кептерді Жанар да жасай бастайды (өте ұялшақ, беделі төмен қыз). Жұмыс кезеңдер бой-
ынша орындалады. Әр кезең сайын балалар тәрбиешіден «Былай ма? Былай ма?» деп сұрап отырды. 
Кептерді дұрыс жасағандар сирек болды. Тәрбиеші Жанардың жұмысы тез әрі ұқыпты жасалғанын 
байқады да «Балалар қараңдаршы Жанардың кептеріне, қалай ұқыпты әрі тез жасалған, Жанар 
өтінемін балаларға көмектесші» деп жылы шыраймен айтады. Қыз қуана отырып, басқаларға 
көмегін береді.
Педагогтар тарапынан болатын баламен тиянақсыз қарым-қатынастар жасау мына қасиеттермен: 
үлкендердің қалыпсыздығымен, тұрақсыз талап қоюларымен, өзі бұйырған тапсырмаға бақылау 
жүргізбеуімен, балалардың істеген қылықтарын аралас бағалауымен сипатталған. Осындай түрдегі 
эмоционалдық қарым-қатынастар «жылудан - суыққа» тез ауысып отырады. Сонымен қатар, екі 
тәрбиешінің әрекеттерінің балаға эмоционалдық қалай әсер ететіндіктерін салыстырып көрсек бо-
лады.
4 мысал. Түскі ұйқы уақыты. Барлық балалар ұйықтап жатыр, тек Бауыржан ғана көрпесімен 
ойнап, ары - бері аунап ұйықтай алмай жатады. Сонда тәрбиеші оның қасына жылдам жақындап 
келіп, көрпесін ашып, «Қашанғы шулайсың, ұялмайсың ба? Бәрі ұйықтап жатыр ғой» дейді және 
бір қырымен жатып тез ұйықтауды бұйырады». Бірнеше күннен кейін осындай жағдай туындайды. 
Енді тәрбиеші баланың жанына жақындап, отырады да, көрпесін жөндеп жатып жылы дауыспен 
жәй ғана: «Ұйықтай алмай жатырсың ба? Қырыңмен жатып, көзіңді жұм да өте қызықты ертегіні 
есіңе түсір, сонда ұйықтайсың», - деп, Бауыржанның басын сипайды. Қырымен жатқан бала бір 
күрсінеді де көздерін жұмып ұйықтап кетеді.
Әдетте психикалық дамуы кешеуілдеген балаларды оқытатын жерден тәрбиешілер балаға жұмсақ 
қатынасты көрсетсе, ал кәдімгі балабақшаның тәрбиешілерінің балаларға деген қатынастары ара-
лас (жағымды - жағымсыз) болады. Балалардың тәрбиешіге деген эмоционалдық реакциялары ба-
лалар өміріндегі мына сәттер арқылы бақылаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет