Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
154
Мектеп пен жанұяның жас ұрпақты тәрбиелеудегі ынтымақтастығы мынадай қоғамдық
ұйымдарға да байланысты болады: жастар ұйымы, құқық қорғау органдары, жастарға қарасты
мәдениет бөлімдері, т.б. Мектептің тәрбие жүйесі тек қана педагогикалық фактор есебінде емес,
ауыл жұртшылығы, жастар бірлігі, ақсақалдар кеңесі, кәсіпкерлер, мәдениет қызметкерлері, құқық
қорғау органдары мен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Осындай қоғамдық ұйымдармен бірлесе
отырып, тақырыптық кештер, қайырымдылық көмектер, мерекелік коцерттер, мамандармен кеңес,
конференциялар өткізіліп отырады.
Тәрбиелік жүйеде оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың
маңызы зор. Осы мақсатта ортақ іс-әрекет арқылы мұғалімдер ұжымы мен оқушылар ұйымының
бірігуі нәтижесінде балалардың бос уақытын тиімді пайдаланудың ұтымды нәтижелері жасалады.
Оқушылар кеңесі оқушыардың өзін-өзі басқару мектеп өмірін демократияландыру мектеп ісіне
қатысу, түрлі танымдық кештер іскерлік ойындар, көгалдандыру, бірігіп танымдық жорықтарға
шығу оқушылардың белсенділігін, еркін ұжымдық іс-әрекетін дамытуда үлкен рөл атқарады. Айына
бір рет кеңес отырысын өткізіп, алдағы атқарар істерін оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере
отырып шешеді.
Iс-әрекеттi ұйымдастыруда ең алдымен белгiлi мақсат көзделуi керек. Мақсат iс-әрекет арқылы
жүзеге асырылады. Мектептегi iс-әрекеттер сыртқы формасы жағынан оқу әрекетi, сыныптық және
мектептегi iс-шаралар, сыныптан тыс әрекеттер (үйiрме, клуб, секция жұмыстары) болып бөлiнедi.
Ал мазмұны, бағыты жағынан: ақыл-ой, дене-қимыл, эмоциялық ерiк, адамгершiлiк-моральдық,
қасиеттiк iс-әрекет болып бөлiнедi, сондай-ақ топ басқарушылық-ұйымдастырушылық iс-әрекет,
орындаушылық қарым-қатынастық iс-әрекеттерi бар.
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетiн, олардың қабiлетi мен iшкi
қажеттiлiгiн қамтамасыз ететiн iс-әрекеттердi ұйымдастыру көзделедi. Соған сай олардың қабiлетiн
ашуға мүмкiндiк туғызатын спорт, дене еңбегi, қолөнер, көркемөнер, техникалық шығармашылық
т.б. iс-әрекетке үйрету үйiрмелерi мен секциялар ұйымдастырылады. Әр оқушы кез келген үйiрмеге,
секцияға, клубқа өз жүрегiнiң қалауымен қатысып, өзiнiң жеке басына тән қасиетiн, яғни өзiндiк
«менiн» басқаларға танытуға мүмкiндiк алады. Мектепте ұйымдастырылатын iс-шаралардың әр
жасөспiрiмнiң дүниетанымын қалыптастыру, өмiр жайындағы түсiнiгiн кеңейтудi көздеп, жеке
басына тән қасиетi мен қабiлетiн ескере отырып жүргiзiлуi керек.
Қазiргi кезде тәрбие жүйесiнде мектептен тыс жұмыстар едәуiр орын алады. Бұлар мектептен
тыс мекемелер – балалар кiтапханалары, мұражайға саяхат, жасөспiрiмдер көрермендердiң
театрлары өткiзетiн тәрбие және бiлiм беру сабақтары, сонымен қатар мәдени ағарту шаралары.
Мұны, әдетте, мектептен тыс мекемелер, мектептер және кәсiпорындар мен мекемелер, оқу
ұйымдардың қоғамдық ұйымдары ұйымдастырады. Мектептен тыс жұмысқа белгiлi бiр мәнде
оқушылармен отбасында жүргiзiлетiн тәрбие жұмысын да жатқызуға болады. Демек, балалардың,
жасөспiрiмдердiң, бозбалалар мен қыздардың мектептен тыс өмiрi мен iс-әрекеттерi көп салада –
отбасында, мектепте, мектептен тыс тәрбие мекемелерiнде, көшелерде, әлеуметтiк қатынастың керi
өрiс алған әсерлерiнде өтiп жатады.
Отбасының алтын діңгегі, берік тұтқасы әке мен шеше десек, солардан өрбіген бала-шаға,
үрім-бұтақ жайқалып өскен мәуелі ағаштың бұтағы сияқты тал бесік, ұшқан ұяңды көркейтіп,
ерекше сән беріп тұрары сөзсіз. Өсіп-өнген үлгілі от басын көргенде әркім де ғибрат алып, көгеріп
көктегісі келеді, әркім-ақ қызығады. Мен де осылардай өсіп-өнсем деп армандаймын. Олай болса,
жас ұрпақтарды отаншыл, ұлтжанды етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен олардың ата-анасына деген
дұрыс көзқарастарды қалпына келтіруіміз керек сияқты. Қазақ отбасында өз әкесімен шешесін,
жасы үлкен ағасы мен апасын «сен» деуге тиым салып, «Сіз» деп айтуға қалыптастыру жөн. Халық
даналығында «Бала артта қалған із, мал – қолға ұстаған мұз, бақыт – ұзатылған қыз» деп бағалаған.
Сондықтан адам балалы болып ұрпақ қалдыруды мақсат тұтқан, сол арқылы аты аталып даңқы
шыққан, тарихта өшпеас есімге айналған [4, 94].
Достарыңызбен бөлісу: |