Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет287/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
239
Дос іздеп шықтым. Менің қасыма қатар тұр, бірге серуендеп келейік, -дейді қызыл нүкте. 
Біраз уақыттан кейін қызыл нүкте мен жасыл нүктенің алдынан көк түсті нүкте шықты.Осылайша 
нүктелер саны күннен күнге көбейіп, дос болып кетеді. Көбейгендері сонша олар бір қатарға тұра 
қалып еді, түзу шыға келді. Осылайша түзу сызық пайда болады. Нүктелер түзу келе жатса түзу 
сызық шығады да, ал олар түзу жүрмесе кисық сызық шығады [3].
Ертегіні тыңдай отырып оқушылар түзу сызық пен қисық сызыкты сызып үйренеді.
Математикалық білім берудегі халық шығармашылығының аса қызықты бір саласы-қазақ 
халқының ауызша есептері.Қазақ халқының ауызша есептері өзінің білімділік сипатымен де 
қарапайымдылығы және логикалық шымырлығы, математиканың тәжірибелік мәнін түсінікті , әрі 
бейнелі тілмен ашып көрсетуі жағынан да ерекшеленетін халық даналығының өзгеше бір озық 
үлгісі болып табылады [4].
Сондықтан жоғарыда келтірілген ұлттық ойындарының бұл қасиеттерін халық ерте танып
өмірлік мәні зор ойындардың алуан түрлерін ойлап шығарған. Қазақ халқы – халық ойындарына 
өте бай және оның түрлері де алуан салалы болып келеді. Солардың бір парасы логикалық ойлау 
мен математикалық сызбаларға негізделсе, енді бір тобы тез ойлап, жедел шешуді талап ететін ау-
ызша есептер, сондай-ақ философиялық ой түйіндерін жасауға арналған ойындар болып келеді. 
Біздің пікірімізше, бұл ойындар күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Қайта жүйелі, тиімді 
пайдалана білсе, жастардың ой-өрісін дамытып, дүниені танып, білу қабілеттерін кеңейте берері 
сөзсіз.
Біздің ойымызша, математика сабағында шешілетін есептер мына бағытта болуы керек: 
математикадан сыныпта өтілетін, бірақ қиын шығарылатын есептер мен тапқырлықты талап ететін 
логикалық есептер астарласып келуі тиіс. Берілетін есептер оқушылардың жас шамасына шақталып, 
оқушыны жасытпай, қайта жігерлендіретін, математикалық инициативасын арттыратындай 
түсіндіруі жеңіл, тұжырымдалуы қысқа болғаны жөн. Есеп зерделікке, қиялдауға, логикалық 
ойлауға, тапқырлыққа, байқампаздыққа, есепті шешу тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейтіндей болуы 
керек. Сондай-ақ, есеп өмірден алынатындығын танытатындай болуы қажет.
Сонымен қатар халықтық педагогика элементтерін математиканы оқытуда келесі тұжырымдарды 
алуға жетелейді.
Халықтық педагогика элементтерін оқыту оқушыларды ұлтын,халқын, Отанын қастерлеп 
қалтқысыз еңбек етуге тәрбиелейді.
Халықтық педагогиканың құрамды бөліктері қазақтың ұлттық ойындары, мақал-мәтелдері, 
жұмбақтар, ертегі есептер, санамақтар т.б. ерте заманнан бастап, оқушылардың ой-өрісін, зеректігін 
дамыту, тапқырлығы мен шешендікке тәрбиелейді.
Математиканы оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың өз 
ұлтына тән салт-дәстүрлерін, ұлттық мәдениет пен математика тарихын жете меңгеру жолдарын 
қалыптастырады. Халықтық педагогикада ұлттық ойындардың қасиеттерін зерделеу және оны 
математика сабақтарында қолдану арқылы сабақтың мазмұнын терең ашады, зейіндерін кеңейте 
түседі, өмір тәжірибелерін толықтырады. Біздің пікірімізше ұлттық ойындар күні бүгінге дейін өз 
маңызын жойған жоқ. Қайта сабақ мерзімінде не сыныптан тыс жқмыстарда жүйелі, тиімді пайда-
лана білсе оқушылардығ ой-өрісін дамытып, дүниені танып білу қабілеттерін кеңейте берері сөзсіз. 
Сондықтан қазақ мектептерінде математиканы оқыту жөніндегі ғылыми ой-пікірлердің бастау-
бұлақтарының бірі болып табылатын халықтық педагогикасындағы әдістемелік –математикалық 
тенденцияларды зерттеп оған талдау жасаудың маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет