№ 3 (106) 2015
237
Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы ұғымды анықтау, әр
түрлі ғылыми - педагогиқалық көзқарастарды қалыптастыру проблемаларына көптеген ғалымдар,
педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айтты, өмірлік мұра қалдырды.
Халықтық педагогиканың мақсаты-жас ұрпақты ата-баба жолымен, олардың тәжірибесіндегі ең
жақсы мұраттарына тәрбиелеу. Мұның өзін жас ұрпақты ұлтшылдық бағытта емес, ұлттық негізде
тәрбиелеумен халқымыздың мол мұрасын олардың бойына сіңіре білуде және жас жеткіншектерге
өз ұлтының әдет-ғұрпының өзіндік ерекшелігін, шығу тарихын ашып көрсету арқылы жүзеге асы-
ру. Осылардың нәтижесінде қазақ жерін мекендейтін жеткіншектерді қазақ халық педагогикасы
негізінде ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, эстетикалық талғамы
жоғары, арлы, намысты, еңбекқор етіп тәрбиелеу, халқымыздың бай тарихи тәжірибесіне сүйене
отырып, келер ұрпақты бауырмалдыққа, еңбек сүйгіштікке, өнерге баулу, отбасы, ауыл-аймақ,
Отанының ар-намысын қорғай білетін, жаны жарқын, ар-ожданы биік азамат етіп тәрбиелеу. Осындай
ізгі мақсатты іске асыру жолында қаншама ғасырлар бойы отбасынан бастап, ауыл ақсақалдары,
билер мен көне көз қариялар, ақындар, жыршылар, әнші, күйші, термеші сияқты өнер адамдары және
қоғам бәрі белсене ат салысатын ұжымдық тәрбие ісін жүргізушілер болып келгені баршамызға аян
[2].
Білім беру заңында білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық
құндылықтар, елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстанды сүюге халық дәстүрлерін қастерлеуге
тәрбиелеу делінген. Сондықтан мұғалім жан - жақты жетілген, білімді, халықтық дәстүр, әдет -
ғұрып пен салт - сана ерекшеліктерінен сусындаған шәкірт тәрбиелеуі тиіс. Өйткені, білім мен
ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана экономикалық дамуда әлемдік дамудың алдыңғы
көшінде бола алады.
Қазақ халқы ерте замандарда ғылым мен білімге еркін қолы жетпесе де өмірлік тәжірибеден оқып
үйреніп талғай біліп, шеберліктің небір сан саласын асқан ұқыптылықпен сақтап, біздің дәуірімізге
жеткізе білген.Қазақ ағартушысы М. Жұмабаевтың «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз
ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелі қылуға
міндетті» деген ұлағатты сөзі қазіргі заманға сай еліміздегі ұлттық мектептің қалыптасуын меңзейді.
Елбасымыздың сөзімен айтқанда, «Қазақстан біреулердің қазақтарға тартуы емес, олардың тарихи
Отаны». Адам бойына біткен алуан қасиет, дарын туған топырақтан дариды. Туған жерге деген
сүйіспеншілік пен мейірім кейінгі ұрпаққа ана сүтімен, бесік жырымен сіңірілген.
Халықтық педагогика элементтерін қолданудың маңыздылығы – білімділік, дамытушылық,
тәрбиелілік мақсаттарын жүзеге асырып, оқушының өмірге өзіндік көзқарасын, өзін қоршаған
ортадағы әртүрлі қоғамдық ой - пікір, ұлттық құндылықтарды оқушы санасында байланыстыра
білу негізінде ұлттық мәдениет пен рухты сақтауға тәрбиелейді.
Қазақ халқы ежелгі замандардан-ақ жас ұрпақтың болашағын ойлап, оны ертеңгі тіршілік
дүниесіне дайындау мәселелеріне ерекше мән берген.Осының нәтижесінде жас ұрпаққа тәлім-
тәрбие мен білім беруде халқымыздың ұзақ ғасырлар бойғы өмір тәжірибесінен туған, өзіндік аса
бай толғаныстарының жүйесі қалыптасты.Қазақтың халық педагогикасында ақыл-ой тәрбиесі жан-
жақты қамтылған.Халқымыздың ақыл-ой тәрбиесіне байланысты ой-түйіндеулері мақал-мәтелдер
мен нақыл сөздерде, санамақтарда, жұмбақтарда, жаңылтпаштарда және т.б. көптеп кездеседі.
Сондай-ақ қазақ халық ауыз әдебиетіндегі мазмұнына терең үңіле қарасақ, халқымыз сонау
көне заманнан ақыл-ой тәрбиесіне жете мән беріп, қарапайым математикалық білім-түсініктерін
қалыптастыруға ерекше көңіл бөлгендігінің дәлелі болатындай белгілері айқын көрінеді [1].
Бабаларымыз өзінің асыл сөздерін, даналық ойларын кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған.Халық
педагогикасында математикалық білімнің қажеттігін насихаттау барсында «Саны бардың мәні
бар», «Есепсіз дүние жоқ», «Ескісіз жаңа болмайды, есепсіз дана болмайды» деген даналы сөздерін
халқымыз текке айтпаған.
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы, салт
- дәстүр, әдет - ғұрып, аңыз - ертегілері, жұмбақ, мақал - мәтелдері, өлең - жырлары, ұлттық
ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына.Мектепте бірқатар пәндерді оқытуға
байланысты бұл мәселе жан -жақты талданған. Кейбір пәндер - математика, әдебиет, биология,
еңбек сабақтарында халықтық педагогика: ұлттық әдет - ғұрып, салт - дәстүр тиімді пайдаланылуда.
Халықтық педагогика элементтерін сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда жүйелі түрде оқытудың
дәстүрлі емес жаңа әдіс - тәсілдерімен ұштастыра пайдалану математиканы оқытудың тиімділігін
|